90
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
4.2
Басымдықтар, тəсілдер жəне саясат
Қағидаттар мен басымдықтар
Экологиялық кодексте (2007 ж.) Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жəне табиғатты
қолдану саласындағы халықаралық ынтымақтастығы туралы тарау берілген. Кодексте
халықаралық ынтымақтастықтың басымдылығы мен қағидалары баяндалған (4.1 ендірмені
қараңыз), сондай-ақ оның экономикалық негіздері анықталып, механизмі сипатталған,
Қазақстан осы аталған мəселелер бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа қатыса алады жəне өз міндеттемелерін КТҚК аясында орындайды.
Халықаралық ынтымақтастықтың қағидаларында халықаралық деңгейде танылған қағидалар
қамтылған, атап айтсақ, халықаралық міндеттемені орындау, басқа елдердің табиғатына залал
келтірмеудің алдын алу шараларын орындаудағы жауапкершілік, сақтық қағидасы,
трансшекаралық қоршаған ортаға елеулі де маңызды ықпал ететін əрекеттер туралы мəлімдеу,
сондай-ақ ластауға қатысты материалдық жауапкершілік қағидасы. Осылайша, берілген Кодекс
халықаралық ынтымақтастықтың жалпы белгілерін сипаттай отырып, оның құқықтық
шеңберін қалыптастырады.
4.1 Ендірме: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану
саласындағы халықаралық ынтымақтастығындағы басымдықтар
Адамзаттың өмірі мен денсаулығына жағымды қоршаған ортаны қорғау
Тұрақты дамудың жетістіктері
Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғатты қолдану саласындағы ұлттық мүддені сақтау
Трансшекаралық ластанудың алдын алу, төмендету жəне бақылау
Экологиялық стандарт пен талаптарды сақтаудың негізінде еркін халықаралық сауда мен
инвестицияны дамыту жəне қолдау
Төтенше экологиялық жағдай туындағанда халықаралық көмек көрсету
Трансшекаралық жəне аймақтық экологиялық мəселелерді шешу барысында халықаралық құқық
нормалары мен қағидаларын қолдану
Қоршаған ортаны қорғау жəне тұрақты дамыту жөніндегі халықаралық бастамаларға қатысу
ТДАТ (2006 ж.) елдің тұрақты дамуға көшуді жеңілдетуі мен оның халықаралық
қауымдастықтағы жалпы мəртебесін арттыруға көзделген міндеттерінің тізімінен тұрады.
Жекелеген іс-шаралар бойынша Қазақстанда «тұрақты дамудың халықаралық аймағын» құру,
осы елде бас офисі бар халықаралық экологиялық мекеме орнату,
ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге
жəне ірі халықаралық экологиялық кездесулер мен форумдарға қатысу туралы мəселелер
қамтылған. Аталған мақсаттардың ішінде бірқатары орындалды (4.1 тарауын қараңыз).
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы (2003 ж.) халықаралық ынтымақтастықтың негізгі
бағыттарын сипаттайды жəне ол тиімді ұлттық экологиялық саясаттың тірек белгісі болып
саналады. Бұл бағытқа мына мəселелер жатады: халықаралық келісімнің талаптарын іске
асыру; қоршаған орта жағдайын бағалау жəне бақылаудың жалпы тəсілдері мен əдістемесін
жасау; халықаралық тəжірибені қолдану; ұлттық экологиялық бағдарлама жəне жобаларды іске
асыруда, қаржыландыруды қосқанда, халықаралық мекемелерді аса белсенді қатыстыру. Саяси
құжатта Қазақстанның басты экологиялық мəселелеріне жəне олардың шешілуі тиіс деңгейіне
(жаһандық, ұлттық немесе жергілікті) алғаш рет талдау жүргізілді жəне олардың
классификациясы берілді.
Қоршаған
ортаны
қорғау
бағдарламасы
(2004
ж.)
Экологиялық
қауіпсіздік
тұжырымдамасының негізінде
халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі
тəжірибелік іс-шараларды жасауға жəне оларды жүзеге асыруға байланысты бағытталып
жасалынды. Бұл іс-шаралар қатарына ұлттық табиғатты қорғау туралы заңнаманы талдау,
ұлттық заңнаманың ЕО заңнамаға жуықтауын қамтамасыз ету, КТҚК орындау үшін, КТҚК
жүзеге асыру жөніндегі жағдайын бағалау жəне есеп беруді дайындау мəселелері жатады. Осы
міндетті орындау барысында қоршаған ортаны қорғау туралы жаңа бағдарлама жасалынды
(2008–2010 ж).