6
Түйіндеме
арттырудың шаралары мен мақсаттарын қамтиды. Бұған қоса, экологиялық заңнамаларды
біртіңдеп жақсарту жұмысы да жүріп жатыр. 2007-жылғы Экологиялық кодекс энергетика
саласында қоршаған ортаны қорғау шараларын ілгері бастыруды қарастырады. Соған
қарамастан, стратегиялар мен заңдар жүзеге асырудың тиісті шаралары арқылы нақты
қолданысқа ие болу жолдарын табуы керек.
...дегенмен, энергия бағаларын əлі де мемлекет реттеп, субсидия түрінде
қаржылдандырып отыр
.
Тарифтер тым төмен болғандықтан шығындардың толық өтелуі
ілгері баспай отыр. Бұл энерготиімділік шараларын жүзеге асыруға жəне энергияны үнемдеу
бағытында инвестицияларды тартуға басты бөгет болып отыр, соның салдарынан (өзгелері
арасында) комбинацияланған циклі бар электрстансалары секілді қолда бар əдістерге
негізделген неғұрлым таза əрі тиімді технологияларды енгізу, сондай-ақ, тарату жəне үлестіру
желілеріннің тиімділігін арттыру мүмкіншілігі жоққа шығады. Қазақстанның өкімет
орындары да, энергооператорлары да, инвесторларды тарту үшін жəне нау-хау мен
технологияларды ұсыну арқылы мүмкіншіліктерді дамытып, қабілетті жетілдіру үшін
тарифтерді көтеру қажеттілігін мойындап отыр.
Жер асты байлықтарын басқару жəне қоршаған орта
Қазақстанның минералды байлықтары мол.
Елдің өндірістік саласы көп жағдайда табиғи
байлықтарды өндіріп-өңдеуге негізделген. 2004-жылы жалпы өндірістік өнім шығарудың
жартысына жуығы жəне еңбекпен қамтудың 20 пайызы тау-кен саласының үлесіне тиді.
Елдегі елеулі экономикалық өсім , бірінші кезекте, мұнайгаз саласының жоғары қарқынмен
дамығанымен байланысты, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға айтарлықтай қысым түсіріп отыр.
Мұнай мен газ өндірілетін аймақтардағы экологиялық проблемалардың өткірлігі қоршаған
ортаны қорғау шараларын қарастырған 2000-шы жылғы алғашқы Шолудан бері арта
берді.
Құрлықтағы жəне теңіздегі кен орындарын игеру, сондай-ақ, құбыржолдардың,
автокөлік пен темір жолдарының, мұнай мен газды өңдеу кəсіпорындарының салынуы
табиғаттың ластануының артуымен жəне су, ауа, топырақ, флора мен фаунаға тиетін ұзақ
мерзімді əсермен байланысты. Мұнайгаз жəне тау-кен өндірісінің қоршаған ортаға тигізген
əсерінің зиянды салдарын түсінушілік жетіспейді. Сол салдар тиісінше бағаланбаған жəне
ластауды азайту шаралары арқылы шешілмеген. Солардың тұтас əсері, əсіресе экологиялық
тұрғыдан сезімтал келетін Каспий теңізі мен оның жаңалауы аймағында мейілінше еленбей
келеді.
Тау-кен саласында тұрақтылық принциптері сақталмайды
.
Мысалы, көмір шахталары
ауаға зор көлемде метан бөледі. Метан адам өлімі мен жарақаттарға апаратын жарылыстарға
себепкер бола алатынына қарамастан, метанды қалпына келтіру –қауіпсіздікті арттырудың,
экологиялық ластануды азайтудың жəне табыс табудың əдісі болып табылады. Көмір метаны
жөніндегі бірлескен жобалардың бірқатары осы уақытта Киото протоколының
ратификациясын күтіп отыр. Тау-кен жəне металлургия салалары жылыжайлық газдардың
бөлінуі мен қалдықтардың зор көлемде пайда болуына мұрындық болатындықтан бұл салалар
адам денсаулығы тұрғысынан зор алаңдаушылық туғызып отыр. Қазақстанда тұрақтылық
мəселелерін шикізат өндіру саласына кіріктірудің арнайы стратегиясы ойластырылмаған,
сондай-ақ, тау-кен саласы жұмысшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігі жөнінде заң жоқ.
Тұрақты даму үшін су қорларын басқару
Қазақстан су қорларын ықпалдасып басқару негізінде су шаруашылығы саясатын
жаңартуға кірісті
.
2003-жылы Су кодексі қабылданды. Қазақстан өз территориясында өзен
бассейіндерінің сегізін айқындап, солардың əрқайсысының жанынан өзен бассейіндері
ұйымдарын (ӨБҰ) құрып, трансшекаралық өзен бассейіндері жөнінде бірқатар халықаралық
келісімдерге қол қойды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су қорлары жөніндегі комитеті
Түйіндеме
7
(СҚК) су қорларын басқарудың ұлтық органы болып табылады. СҚК суды ықпалдаса
пайдаланудың мастер-жоспарын пысықтауға жəне жоспарлар негізінде сегіз бассейіннің
əрқайсысын қорғауға жауапты. Бүгінгі күні аталған жоспарлар өне қоймаған күй кешуде жəне
іс-қимыл бағдарламалары мен қаржылық тетіктерді ойластырмаған.
Одан əрі ілгері бастыруға деген саяси қауқар əлсіз, ал қажетті институциональді
өзгерістер баяу жүреді.
Су саласын реформалау əкімшілік басқаруды күшейтумен қатар жүріп
отырмаған. Осы уақытта су қорларын басқарудың белгілі бір қырларына (мысалы, қоршаған
ортаны қорғау, ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдалану, жер асты суларын өндіру жəне су
сапасының мониторингі)
жауап беретін сан-алуан институттар өз жұмыстарын тиісінше
үйлестіре алмай отыр. Су қорлары жөніндегі комитеттің ондай үйлестіруді қолға алу үшін
жеткілікті құзыреті жоқ.
Қазақстанда су қорларын ықпалдаса басқару бойынша шешім қабылдау бастапқы деңгейде
қалып отыр, өйткені қажетті сапалы техникалық жəне қаржылық ақпарат жоқ болып
тұр.
Сегіз ӨБҰ пайдаланылған су мөлшері жайындағы ақпаратты, бұрыңғысынша, Су қорлары
жөніндегі комитетке жолдайды. Алайда, ол су сапасы жайлы жəне қолға алынған түзету
шаралары жөніндегі ақпаратты тым шектеулі көлемде береді. Су қорларын басқарудың ұлттық
органдары тиісті ұлттық бағдарламаны жасап шығаруға керекті егжей-тегжейлі ақпаратқа ие
болмай отыр. Бұған қоса, мұндай тың мəселелерді шешетіндей Су қорлары комитетінің жəне
ӨБҰ-ның мүмкіншіліктері əлі де мардымсыз. Халықаралық ұйымдардың көмегімен аталған
бағытта күш салу үрдісі басталып та кеткен. Осы уақытта ақпараттық жəне коммуникациялық
технологиялар (АКТ) қазақстандық мамандар арасында дағды жəне тəжірибемен алмасу үшін
жеткілікті түрде қолданбай келеді.
Бүкіл су шаруашылығы инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету саласына
бағытталуы тиіс инвестициялардың 90-жылдардан бері көрініс тапқан орасан зор
тапшылығы алаңдаушылықты күшейтіп отыр.
Ірі қалалардың
бірқатарында
инфрақұрылымның сексен пайызы тозған, ал аймақтардың біразында облысаралық тарату
желісі қираған. 2002 жəне 2003-жылы тиісінше Ауыз су бағдарламасы мен Ауылдық жерлердің
дамуы бағдарламасы қабылданғалы бері мемлекет ауыз су инфрақұрылымын қалпына
келтіруге көбірек қаржы бөле бастады (бұл қаржы 2000-жылғы 5 миллион АҚШ долларынан
2007-жылғы 200 миллион АҚШ долларына дейін өсті). Бірқатар облыстарда сумен қамтамасыз
ететін кəсіпорындар қалпына келтіріліп, ендігі техникалық қызмет көрсету жауапкершілігін өз
мойындарына алған облыстық əкімшілік меншігіне берілді. Дегенмен шешімін күткен
мəселелер əлі де бар: көп жағдайда облыстық басқару органдары өздеріне жүктелген
тапсырмаларды тиісінше орындай алмайды. Судың арзан болғаны сумен қамтамасыз ету
саласында сапалы қызмет көрсетуге бөгет болып тұр. Сумен қамтамасыз ету
кəсіпорындарының тиімділігі мониторингтен өтпейді, ал сумен қамтамасыз ету саласындағы
мамандардың кəсіби біліктілігін арттыру қажет болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |