4
Түйіндеме
біргеістесуі жеткіліксіз жəне елде біргеістесудің тетіктері жоқ. Ересектерді ресми жəне
бейресми сипатта сауаттандыруға жауапты белгілі бір мемлекеттік органкөзге көінбейді.
Халықаралық біргеістестік пен міндеттемелер
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласындағы көптарапты 24 келісімге қосылған
,
солардың 12-сі қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-əрекеттерді алғаш Шолу
дайындалғалы бері ратификациядан өткен. Экономикасы қарқынды дамыған жағдайда, бұл ел
өзін аймақтық жəне ғаламдық деңгейде ірі серіктес етіп көрсеткісі келеді. Қазақстан
Республикасының саяси мақсаттарының бірі – ұлттық табиғат қорғау заңдарын халықаралық,
əсіресе Еуропалық Одақта қабылданған нормалар мен стандарттарға сай ету болып табылады.
Елде ратификацияланған конвенциялардың талаптарын орындауға бағытталған саясат пен іс-
қимыл жоспарлары пысықталып жатады жəне осы тұста Қазақстан көп ретте шетелдік көмекке
жүгінеді.
Алайда, осы халықаралық экологиялық келісімдерді жүзеге асырудың тиімділігін
күшейтуге болады.
Кейбір
МЭС жəне қоршаған ортаны қорғаудың кейбір мəселелері
бойынша бірнеше министрліктер мен агенттіктер тікелей жауап береді немесе соларды жүзеге
асыруға қатысады, жəне ҚОҚМ сондай басты орган болып табылады. Халықаралық
біргеістестік пен жобалардың табысты болуы ҚОҚМ жəне өзге де министрліктердің тиісінше
біргеістесуіне жəне іс-қимылды үйлестіре алуына байланысты, бұл болса Қазақстанда тиісті
деңгейде дамымаған. Көп ретте істі тиімді жүзеге асыруға мүмкіншіліктер мен бөлінген
қаражат жетпей жатады. Мемлекет жаңағы МЭС-ды іске асыруға мүмкіндік беретін
протоколдарды ратификациялауды кідіртіп отыр, мысалы, БҰҰ-ның климаттың өзгеруі
жөніндегі Рамкалы конвенциясына қатысты Киото протоколын жəне БҰҰ –ның Еуропалық
Экологиялық Комиссиясының экологиялық конвенцияларына қатысты протоколдарын айтуға
болады. Киото протоколының ратификацияланғаны ерекше маңызға ие, өйткені бұл
Қазақстанға өз өндірістік құрал-жабдығын жаңартудың икемді тетіктерін қолдануға, бұған қоса
жылыжайлық газдардың атмосфераға бөлінуін қысқартуға мүмкіншілік береді.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЛАР ЖҰМЫЛДЫРУ
Ауа мен суды ластауыштарға жəне қоқыстың түр-түріне салынатын
айыппұлдар
экономикалық құралдарды қолдану əдістері арасында басым келеді.
Экологиялық зиян
өнімдерге салынатын салықтардың ойнайтын ролі мардымсыз. Өзге тетіктерді енгіздіру
ережелері (мысалы, неғұрлым таза технологияларды субсидиялау, реабилитациялық қорлар
жəне қоқыстарды саудаға салу мен қоршаған ортаға тигізілген зиян үшін өтемақы төлеудің
нарықтық тəртібін енгізу) 2007-жылдың Экологиялық кодексінде көрсетілген, алайда, соларды
жүзеге асырудың егжейөтегжейі жазылмаған. Қоршаған ортаны ластау үшін төлем төлеткізу
рұқсат ету жүйесімен байланысқан. Əкімшілік тұрғыдан алып қарағанда, мұндай жүйе біршама
күрделі əрі ауыр келеді. Төлемдердің есептелуі ашық емес. Елеулі өзгеріс деп 2008-жылы
қоршаған ортаны ластау үшін төлемдер құрылымына кіретін ластауыштар санының
қысқартылуын айтуға болады (дегенмен олардың саны ЭБДҰ елдеріндегіден əжептəуір
жоғары)
2
Үкімет қоршаған ортаны ластау үшін төленетін айыппұлдар есебінен елеулі табыцс
көруін одан əрі жалғастырды.
Экологиялық айыппұлдармен қоса санағанда бұл табыс 2006-
жылы ІЖӨ көлемінің 0.3% -ын құрады: барлық келіп түскен төлемдердің 73% -ы ауаның
ластанғаны, 25%-ы қоқыс жəне 2% -ы судың ластанғаны үшін төленді. 2002-жылдан бастап
бұл төлемдер экологиялық мақсат қойылмастан жергілікті бюджеттерге аударылып отырды.
Бұл төлемдердің кəсіпорындар ластауды қысқартып, ластауды бақылап отыру ісіне инвестиция
бөлуге талпынатындай аса бір үлкен ықпалы жоқ секілді.
2
Экономикалық біргеістестік пен даму ұйымы
Түйіндеме
5
2001-2006 жылдар аралығында қоршаған ортаны қорағауға бөлінген қаражат ІЖӨ
көлемінің 1.2 -1.3% -ын құрады; жұмсалған қаржының жартысына жуығын
инвестициялар құрады
.
2006-жылы қоршаған ортаны қорғау саласына жұмсалған
инвестициялардың 87 пайызын кəсіпорындардың бөлген қаржысы құрады, 7.5 пайызын
шетелдік көмек түрінде бөлінген қаражат құрады жəне тек 5.5 пайызы ғана мемлекеттік
бюджетен бөлінді. Кəсіпорындар бөлген экологиялық инвестицияларының 75 пайызын ауа
сапасын қорғауға бағыттады, ал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы негізінен су қорларын
қорғауға жəне жерді қалпына келтіруге жұмсалды. Қалдықтарды жарату ісіне өте аз қаражат
бөлінді. 2000-жылдан бері байқалып отырған қарқынды экономикалық өсім қаржылық кіріс
көлемінің күрт ұлғаюына жəне жұмсалатын мемлекеттік қаржының
айтарлықтай өсуіне
əкелді. Дегенмен, мемлекеттік бюджет жоспарларында қоршаған ортаны қорғау ісіне
жеткілікті басымдық берілмей келеді. Тиісінше, қалдықтарды жарату мен сарқынды суларды
тазарту ісіндегі ілгері басушылық жеткіліксіз деңгейде қалып отыр.
Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласына жұмсалатын шығын көлемі тиісті
деңгейдегі экологиялық қызметтерді қамтамасыз етуге жеткіліксіз
.
Орталық бюджеттен
бөлінетін қаражат тым шектеулі, ал жергілікті билік орындарына отандық, не шетелдік
банктермен, не көптарапты қаржылық институттармен тікелей келісім жасауға рұқсат
етілмейді.
Бұл
табиғатты
қорғау
инфрақұрылымындағы
қажетті
жақсартуларды
қаржыландыруға бөгет болып отыр. Орталық бюджеттен, жергілікті қаржы нарықтарынан
жəне көптарапты қаржылық институттардан бұрыңғысынан көбірек қаржы тарту үшін мақсат
пен уақыт кестесі айқын, қаржылық шығындарды (инвестициялық шығындар, пайдалану мен
техникалық қызмет көрсетуге кететін қаржы) бағалауы жəне тұрақты қаржылық стратегиясы
негізделген экологиялық жобаларды пысықтауға жарайтын институциональді мүмкіншіліктер
керек. Жергілікті деңгейде мұндай əлеует жоқ.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕКТОРЛАРҒА КІРІГУІ
ЖƏНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ АЛҒА БАСТЫРУ
Энергетика жəне қоршаған орта
Кейбір ілгері басушылыққа қарамастан, Қазақстанның энергетикалық сыйымдылығы
əлемдегі ең жоғарғылардың бірі
.
Қарқынды экономикалық өсім салдарынан энергияға деген
сұраныс айтарлықтай өсе түсті. Көбінше табиғи көмірді жағу есебінен жүзеге асқан ішкі
энергия өндірісі таза əрі неғурлым тиімдірек келетін технологияларды енгізумен қатар жүрген
жоқ. Қоршаған ортаға осыған байланысты тиген əсер өте ауыр болды, əсіресе бұл төменгі
сапалы көмір жағу нəтижесінде ауаның ластануынан көрініс тапты. Төменгі деңгейді қалып
отырған энергетикалық тиімділікті, мысалы, энергия үнемдеу жəне энергия шығынын
қысқарту арқылы айтарлықтай көтеруге болады, бұл шаралар бір уақытта энергетика
саласының экологиялық ықпалын азайтар еді.
Елдің энегрияның бастапқы көздері тұрғысындағы əлеуеті мол,
атап айтқанда, көмір, газ
жəне мұнай, сондай-ақ, орны толатын су, жел жəне күн энергиясының көздері. Ішкі
сұраныстың 51 пайызы көмір есебінен, 25 пайызы – газ, ал 23 пайызы – шикі мұнай есебінен
қанағаттандырылады. Орны толатын энергияның көздері (ірі гидроэлектростанциялардан
басқа) қолдау болар заңдардың, стратегиялардың жəне ынталандырушы тетіктердің болмауы
себепті толыққанды қолданылмай келеді. Сондықтан таза энергияға негізделген технологиялар
елдің зор көлемдегі арзан көмірімен бəсекелесе алмайды.
Қазақстан
энергетика
саласында
неғұрлым
тұрақты
практиканы
енгізуге
ұмтылады…
Соңғы он жылда мемлекет орны толатын энергия көздері, энерготиімділік пен
энергия өндірісінің экологиялық əсері мен энергияны пайдалану жөнінде стратегиялық
құжаттар мен заңдарды айқындады. Тұрақты даму аясыында энергияны тиімді пайдалану мен
балама көздерді дамыту жөніндегі 2024-жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегия мекемеаралық
кеңесулер деңгейінде қарастырылып жатыр. Бұл орны толатын энергия көздерін қолдануды
Достарыңызбен бөлісу: |