Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет100/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115

207 
 
 
 
 
 
6 Тарау: 
Радиоактивті зақымдануға ұшыраған аумақтардың менеджменті  
 
6.1 ұсыныс: 
Ресей  басқару  органдарынан,  мұрағаттардан  (əскери,  экологиялық,  санитарлы-
эпидемиологиялық  станциялар),  сондай-ақ,  басқа  да  ақпарат  көздерінен,  соның  ішінде 
халықаралық деңгейде, уранды өндіру шахталарындағы қалдықтардың төгілуі туралы (төгу 
орындары  жəне  тағы  басқа),  қауіпсіздік  зоналары,  ядролық  жарылыстар,  радиоактивті 
материалдардың  сақталуы,  қоршаған  ортаға  мониторингтің  жасалуы  жəне  радиациялық 
сəуле  шығаратын  орындарды  табу  жұмыстары  туралы  барлық  құжаттар  мен 
мəліметтерді  анықтау  керек.  Осы  мəліметтің  бəрі  іріктеліп,  бағаланып,  толық  түрінде 
(географиялық  мəліметпен  қоса)  ұлттық,  аймақтық  жəне  жергілікті  басқару  орындарына 
ақырғы өңдеуге жіберілуі тиіс.  
 
«Волковгеология»  институты республика  бойынша  ескі  уран  өндірісінен  қалған  радиоактивті 
материалдар  салдарынан  зақымданған  жерлерді  аудандастырып,  залалды  аумақтарды 
анықтаумен  айналысады.  Институт  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  санитарлық  жəне 
гигиеналық  қызметімен  бірлесіп,  осындай  зақымданған  аудандардың  радиоактивті  жəне 
гигиеналық  паспорттарын  даярлайды.  Бұл  шара 2004-жылы  жарық  көрген  «Қазақстан 
Республикасының  радиоактивті  қауіпсіздігі»  атты  мемлекеттік  бағдарламасын  орындау 
шеңберінде қолға алынған. Ұлттық ядролық орталық бұрын ядролық сынақ орны болған Семей 
полигоны  территориясында  радиологиялық  жəне  экологиялық  сараптама  жасап  жатыр.  Бұған 
дейін  қауіпсіз  деп  саналған  аудандардың  кейбірінде  радиоактивті  сəуле  шығару  фактісі 
анықталды.   
 
6.2 ұсыныс: 
Гидрометтің  радиометрикалық  жүйесі  қайта  жаңғыртылып,  қазіргі  заманғы  өлшеу  жəне 
талдау техникалары меңгерілуі тиіс. Стандарттандырылған өлшеу, бағалау жəне есеп беру 
процедуралары  енгізілуі  қажет.  Табиғи  жəне  антропогендік  факторлардың  себебінен  пайда 
болған  жоғары  радиоактивті  аудандарға    жіті  назар  аударылуы  керек.  Сондай-ақ,  радон 
деңгейлеріне  мониторинг  жасау  мақсатында  өлшеу  шаралары  қолға  алынуы  қажет. 14.4 
ұсынысты қараңыз. 
 
«Қазгидромет»  атмосфераның  зақымдану  деңгейін  гамма-радиацияны  жəне  қалалардағы 
радиациялық атмосфералық қалдықтар мөлшерін күнделікті өлшеу арқылы бақылап отырады.  
 
6.3 ұсыныс: 
Радиацияның  зиянсыз  дозасы  деңгейіне  негізделіп,  зақымданған  жер  мен  материалдарды 
болашақта  пайдаланудың  стандарттары  мен  нұсқаулары  даярлануы  керек.  Осындай 
зақымданған  материалдарды  пайдалану  туралы  шешімдер  мемлекеттік  немесе  жергілікті 
деңгейде қабылдануы тиіс. Бұл үшін екі түрлі жолдың барлық оң жəне теріс жақтары жете 
зерттелуі  қажет:  зақымданған  жерді  материалдардан  тазалау  немесе  радиациясы  бар 
жерді  қоршап  алып,  оны  əрі  қарай  пайдаланудың  жолын  табу.  Осы  тектес  шешімдерді 
қабылдауға  жергілікті  халықты  тарту  керек.  Бұл  ақпаратты  тарату  бағдарламасын 
орындауға үлес қосар еді.  
 
2004-жылы  қабылданған  «Қазақстан  Республикасының  радиациялық  қауіпсіздігі»  туралы 
мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  «Волковгеология»  институты  ескі  уран  кен  орындары 
аумақтарында  радиацияға  душар  болған  жерлерді  іздеп,  соларға  тұрақты  радиологиялық 
мониторинг жүргізумен айналысады.  
 
6.4 ұсыныс: 


208 
 
 
Уран  жəне  басқа  да  табиғи  ресурстарды  өндіру  жəне  байыту,  əскери  жəне  бейбіт 
мақсаттағы  жарылыстарды  жасау,  радиоактивті  көздерді  өндіріс  мақсатында  пайдалану 
жəне ядролық реакторды жұмыс істету сияқты іс- əрекеттер нəтижесінде пайда болатын 
радиоактивті  қалдықтарды  сақтаудың  жан-жақты  тұжырымдамасы  жасалуы  керек.  Бұл 
тұжырымдама  əрбір  объектінің  өзіндік  параметрлерін  есепке  алып, «мейлінше  аз» (ALARA) 
принципінің негізінде ғана дамытылуы қажет. 9.4 ұсынысты қараңыз. 
 
Экологиялық  кодексте  радиоактивті  материалдар  мен  ядролық  энергияны  пайдаланудың, 
радиоактивті  заттар  жəне  қалдықтармен  жұмыс  істегенде  радиоактивті  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  етудің  талаптары  берілген.  Кодексте,  сондай-ақ,  радиоактивті  қалдықтар  төгіліп, 
сақталып  жатқан  объектілерге  де  талаптар  қойылады. 2001-жылы  Уран  өндірісі 
кəсіпорындарын  консервациялау  жəне  уран  депозиттерін  өндірудің  салдарын  жою  туралы 
2001-2010ж.ж. арналған бағдарлама қабылданып, ол қазір іске асырылып жатыр (8 Тараудағы 
8.3 қосымшасын қараңыз).  
  
6.5 ұсыныс: 
Зақымдалған  аумақтарды  басқару,  реттеу  жəне  радиациядан  қорғау  саласында 
жауапкершілікті  бөлу  процесі  жетілдірілуы  керек.  Саясат  басымдықтарын  ерекше  бөліп 
шығару  мақсатында  Атом  энергиясы  комитеті  Табиғи  ресурстар  жəне  қоршғана  ортаны 
қорғау министрлігінің басқарылуына берілуі қажет. 1.3 ұсынысты қараңыз. 
  
Зақымдалған аумақтарды басқару мен реттеу жəне радиоактивті қорғау міндеттері Энергетика 
жəне  минералды  ресурстар  министрлігіне  жүктелді.  Атомдық  энергия  комитеті  осы 
министрліктің  құрамына  кіреді.  Комитет  зақымдалған  аумақтар  мен  радиациядан  қорғау 
мəселелері бойынша Қоршаған орта министрлігімен бірлесіп жұмыс істейді.  
 
6.6 ұсыныс: 
Семей  ядролық  полигонына  қатысты  дайындалған  қалпына  келтіру  жəне  реабилитациялау 
шаралары  мен  жобалары,  соған  жағдайы  ұқсас  басқа  да  залалды  аумақтарға  бейімделуі 
керек.  Семей  ядролық  полигонына  қатысты  жиналған  тəжірибе  пайдаланылып,  өмірге 
енгізілуі тиіс.     
 
Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтайтын объектілердің үстінен бақылау жүргізу 
жəне  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  шаралары  жасалып  жатыр. 2001-жылы  Уран  өндірісі 
кəсіпорындарын  консервациялау  жəне  уран  депозиттерін  өндірудің  салдарын  жою  туралы 
2001-2010ж.ж.  арналған  бағдарлама  қабылданып,  орындалып  келеді.  Семей  ядролық 
полигонының  тарихы  ерекше  болғандықтан,  онда  жиналған  тəжірибе  іс  жүзінде  жиі 
қолданылмайды.  
 
7 Тарау: 
Су ресурстарының менеджменті мен сапасы  
 
7.1 ұсыныс: 
Су  кодексі  тезірек  қайта  қаралуы  тиіс.  Жаңа  заң  суды  тиімді  пайдалану  жəне  судың 
ластануын  азайту  мəселелеріне  басты  көңіл  бөлуі  керек.  Бұл  құжатта  су  сапасының 
нормалары, қалдық  суларын  төгу  стандарттары  жəне  алға  қойылған мақсаттарға  жетуге 
жол  ашатын  экономикалық  жəне  басқару  құралдары  анықталуы  қажет. 1.1 жəне 14.1 
ұсныстарды қараңыз. 
 
Жаңа  Су  кодексі 2003-жылы  қабылданды.  Кодекс  су  ресурстарын  басқару  саласында  қазіргі 
заманғы  тəсілдерге  көшуге  негіз  береді.  Су  бұрынғысынша  мемлекеттің  меншігі  болып,  түрлі 
үкіметтік  органдардың  жауапкершіліктері  шамалы  бірін-бірі  қайталап  жатқанымен,  жалпы 
алғанда,  үкіметтің  ролі  бұрынғымен  салыстырғанда  біршама  анығырақ  айқындалып, 
экономикалық  өзге  тараптардан  бөлек  сипат  алды. Cу  ресурстарының  бірлескен  менеджменті 
принципі заңнамаға кіргізілсе де, соған қажетті экономикалық құралдар мен мемлекеттік қаржы 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау