Еуразия гуманитарлық институты
.
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ КОДЕКСІ
АСТАНА
2
1. Жалпы ережелер
1.
Еуразия гуманитарлық институтында білім алушылардың, ПОҚ пен
қызметкерлердің академиялық адалдықты сақтау кодексі (әрі қарай – ЕАГИ, Кодекс), 2018
ж. 30 қазандағы № 595 Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына, ЕАГИ-дің даму стратегиясына, ЕАГИ-дің
Жағысына сәйкес әзірленді, ол білім беру процесінде академиялық адалдық қағидаттарын,
институт қауымдастығы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді, академиялық
адалдықтың бұзылу түрлерін және олар болған жағдайда шаралар қолдану тәртібін
айқындайды.
2. Осы Кодекстің мақсаты - институттағы білім алушыларда, ПОҚ пен
қызметкерлерде білім беру процесінде академиялық адалдықты іске асыру қағидаттары
туралы түсінік қалыптастыру. Академиялық адалдық ЕАГИ-дің білім беру процесіндегі
негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.
3. Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) академиялық адалдық - оқыту және бағалаудағы жеке адалдықты дамытатын
құндылықтар мен қағидаттар жиынтығы, сондай-ақ жазбаша бақылау жұмыстарын,
емтихан, эссе, зерттеулер мен презентацияларды орындау кезінде лайықты мінез-құлық;
2) бағаланатын жұмыс:
білім алушының белгілі бір оқу кезеңіндегі (ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, эссе,
лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыс, өзіндік жұмыс, зерттеу жұмысы,
жоба және т.б.) оқу жетістіктерін анықтау үшін оның ағымдағы бағалауды
жүргізу кезінде орындайтын жұмыс немесе тапсырма;
білім алушының семестрдегі оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін
қорытынды бағалауды жүргізу кезінде білім алушы орындайтын жұмыс
(бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілер, сынақтар, зерттеу жұмысы, жоба,
дипломдық жұмыс және т.б.);
4. ЕАГИ әкімшілігі, эдвайзерлері мен кураторлары осы Кодекспен білім
алушыларды таныстыруға міндетті.
5. Осы Кодекс институт қауымдастығының барлық мүшелерінің - ЕАГИ әкімшілігі,
ПОҚ, қызметкерлер, білім алушылардың, олардың заңды өкілдерінің орындауы үшін
міндетті.
2. Академиялық адалдық қағидаттары
Академиялық адалдық қағидаттары мыналар болып табылады:
1) адалдық – бұл білім алушылардың оқу жұмысының бағаланатын және
бағаланбайтын түрлерін адал орындауы;
2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге
асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану
және қорғау арқылы өзге біреудің сөзін, ойын және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат
көздерін көрсетуін дұрыс беру;
3) жариялылық – ашықтық, өзара сенім, білім алушы мен оқытушы арасында
ақпаратпен және идеямен ашық алмасу;
4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын - ой-пікірлер мен идеялар
еркін білдіру құқығын құрметтеу;
5) теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелердің сақталуын және
оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.
3. Студенттік қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
1. Студенттер құқылы:
- осы Кодекстің мәтінімен танысуға;
- оқыту процесінде өз пікірін еркін білдіруге;
- осы Кодексті бұзды деп негізсіз айыптаудан қорғануға және дәлелдер беруге.
4. Білім беру процесіне қатысушылардың міндеттері
Білім алушылардың міндеттері:
3
Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау үшін білім алушылар міндетті:
- бөтен зияткерлік меншікті пайдалануға қатысты негізгі қағидаттарды құрметтеуге
және сақтау;
- этикалық стандарттарды қабылдауға және оларды қатаң сақтауға. Кез келген
жұмыс істеу түрінде, ауызша және жазбаша түрде, ағымдағы және қорытынды
бағалауда барлық қағидаттарды сақтау;
- ұсынылатын жұмыстар білім беру жобасына қатысушының жеке жұмысы болып
табылатынын есте ұстау;
- бөтен шығармалардан үзінділер пайдалану кезінде өзгенің сөзін цитата ретінде
беру тәсілін қолдану;
- зерттеу жұмысын, эссе, жазбаша өтініштерді жазу кезінде сілтемелерді
пайдалануға, онда автор мен шығарма, белгілі бір ой қайдан алынғаны
көрсетіледі. Жұмыстың соңында барлық ақпараттық ресурстар көрсетілген
библиография міндетті түрде болуы тиіс. Сондай-ақ, ақпараттық көздерде
ұсынылған қосымшалар да берілуі мүмкін;
- өз материалын, жеке басының мақсатына пайдалану үшін орындалған
жұмыстарын өзінің курстастарына беруге жол бермеу;
- академиялық әділетсіздік көрінісі үшін жауапкершілік туралы білуге және осы
саясат шеңберінде студентке санкциялар қолданылатынына дайын болу.
Институт оқытушылары мен қызметкерлерінің міндеттері:
- академиялық адалдық қағидаттарын өз жұмыс тәжірибесіне енгізуге жәрдемдесу;
- академиялық әділетсіздік жағдайларының алдын алу;
- студенттердің этикасы мен тұрақты дамуына негізделген интеллектуалдық және
адамгершілік оқытуға жағдай жасау;
- Қазақстан Республикасының аумағында да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықта
қолданыстағы авторлық құқықтарды қорғау туралы нормативтік құжаттарды
зерделеу;
- академиялық адалдық саясатын түсіндіру бойынша ата-аналар қауымдастығы
арасында ақпараттық жұмыстар жүргізу;
- сабақты, кездесулерді өткізу барысында бөтен сөздер мен ойларды ресімдеу
тәсілдеріне көңіл бөлу;
- орын алған академиялық адалдықты бұзушылық көріністерінің әрбір жағдайына
қатаң есеп жүргізу. Осыған ұқсас жағдайлар туралы деканатты хабардар ету.
Қажет болған жағдайда, ЖОО әкімшілігінің көмегіне жүгіну;
- академиялық адалдықты қолдауға қатысты мәселелер бойынша семинарлар мен
практикалық сабақтарға бару.
5. Институт әкімшілігі міндеттенеді:
- институт ПОҚ-ы мен қызметкерлерін білім алушылардың осы Кодексін түсіндіру
бойынша жұмыспен қамтамасыз етуге;
- білім алушылар Кодексі бұзылған кезде осы Кодексте көзделген шараларды
қабылдау бойынша жұмысты үйлестіруге;
- білім алушылардың академиялық адалдығының іске асырылуына бақылау және
мониторинг жүргізіп отыруға.
6. Бұзушылық түрлері
Осы Кодексте институт білім алушылары мен оқытушыларының және
қызметкерлерінің академиялық адалдықты бұзуының мынадай түрлері көзделеді,:
1) плагиат:
- авторлығын растамай немесе дереккөзді көрсетпестен басқа көздердің материалдарын
беру, ішінара немесе толық иелену;
4
Плагиат түрлі нысанда көрінуі мүмкін:
- тиісті пунктуацияны (тырнақша) пайдаланбай, және/немесе көзін көрсетпей,
дереккөзден дәйексөз келтіру;
- дереккөзін көрсетпей оны перифразалау;
- авторға сілтеме жасамастан біреудің идеяларын немесе дәлелдерін пайдалану;
- досы немесе басқа студентке толық немесе ішінара жазған жазбаша жұмысты
ұсыну;
- Интернеттен алынған курстық / дипломдық жұмыстарды ұсыну;
- басқа курс үшін тапсырма ретінде орындалған курстық жұмысты ұсыну.
2) сөз байласу:
- басқа оқушының кез келген бағаланатын жұмысын орындау;
3) алдау:
- басқа да білім алушылардың бағаланатын жұмыстарынан көшіру;
- бағаланып қойған жұмыстарды қайта ұсыну, тапсыру;
- ұсыну орындамаған, бағаланатын жұмыстарды уақтылы орындамаған жағдайда
жалған сылтаулар айту;
- топтық жұмыс болып саналмайтын бағаланатын жұмысты екі немесе одан да көп
оқушылардың орындауы;
- басқа оқушыларға саналы түрде көмек көрсету: оған өзінің бағаланатын
жұмысынан көшірту, кеңес беру, шпаргалка, оқулықтарды және т.б. пайдалану;
- бөтен біреудің бағаланатын жұмысын өзінікі етіп ұсыну.
4) бағалауды, бағаланатын жұмыс деректерін бұрмалау:
- бағалауды, тапсырмаға берілген жауаптарды бағалау нәтижелерін қолдан жасау;
- деректерді (үстіне қосып жазу, көшіру, түзету), яғни өлшемдер мен сұрау,
сауалнаманы қадағалау нәтижелерін, зерттеу жүргізу кезіндегі басқа да әдістерді
қолдан жасау;
- жазбаша бақылау жұмыстарын шамадан тыс бағалау;
- әдейі қолдан өзгерту немесе басқа білім алушының бағаланатын жұмысын
бүлдіру.
5) бағаланатын жұмыстардың жауаптардын әділетсіз жолмен сатып алу:
- бағаланатын жұмыстардың жауаптарын оны орындау кезінде беру;
- басқа оқушының, педагогикалық қызметкердің немесе қызметкердің (жауаптары
бар тест тапсырмаларының, емтихандық билеттер мен тапсырмалар, жазбаша
емтихан тапсырмалары) көмегімен бағаланатын жұмыстар жүргізілгенге дейін
материалды ішінара немесе толық алу;
- өзінікі етіп беру үшін (курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.) бағаланатын
жұмыстарды сатып алу немесе өзге де алу жолдары;
- дайын бағаланатын жұмыстарды(курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.) сату
немесе сатып алу және/немесе сатуға көмек көрсетудің басқа жолдары.
6) ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану:
- бағаланатын бақылау жұмыстарын орындау, тестілеу уақытында электронды,
сандық, қағаз нұсқасындағы ақпаратты, техникалық құрылғыларды пайдалану;
- бағаланатын жұмыстардың кез келген жауаптарын, оған қоса электрондық
пошта, компьютер және т.б. жүктеу арқылы, кез келген жолмен алу;
- педагогикалық қызметкердің электронды, қағаз нұсқасындағы бағаланатын
жұмыстарға қатысты материалдарды кабинеттен шығаруы және/немесе
компьютерден көшіруі .
7. Жауапкершілік және жаза
- білім беру үдерісінің қатысушылары академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны
үшін моральдық жауапкершілікке тартылатынын есте сақтауы тиіс;
- курстық, дипломдық жұмыстар бойынша плагиат, сатып алу және сату қарапайым
ережелердің бұзу шегінен шығу ретінде қарастырылады және қоғамдастыққа
5
қатысты елеулі бұзушылық ретінде қабылданады және бөтен материалдарды
пайдаланғаны үшін жазаға әкеп соғады;
- әр бұзушылық жағдайын оқытушылар тіркейді және студенттің ағымдағы немесе
қорытынды жұмысы бағалау рәсіміне жіберілмейді. Студентке сөгіс
жарияланады, оқудан да шығарылады;
- оқытушылар студенттер жұмысында плагиат бар-жоғы тексерілетіні туралы
студенттерді ақпараттандыруға кепілдік береді.
Академиялық адалдық осы бұзушылықтар түрлерінің тізбесі толық болып
табылмайды және қажетінше толықтырылуы мүмкін.
8. Кодекс бұзылған жағдайда шара қолдану тәртібі:
1. Академиялық адалдықты бұзушылық:
- ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде;
- қорытынды бағалауды жүргізу кезінде анықталуы мүмкін.
2. Оқушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде плагиат, сөз
байласу анықталған жағдайда:
- оқытушы ереженің бұзылғаны туралы осы Кодекстің қосымшасына сәйкес акті
жасайды, білім алушымен әңгімелесу өткізеді. Кодекстің бұзылғаны туралы акт
тиісті заттай дәлелдемелермен және оқушылар жұмыстарының көшірмелерімен
бірге деканға беріледі;
- жүйелі түрде бұзушылық болған кезде (үш және одан да көп рет) оқытушы
Кодекстің бұзылғаны туралы белгіленген үлгі бойынша (2-қосымша) акт
жасайды. Кодекстің бұзылғаны туралы акт тиісті заттай дәлелдемелермен және
оқушылар жұмыстарының көшірмелерімен бірге деканға беріледі, ол барлық
құжаттарды Тәртіптік комиссияға тапсырады. Тәртіптік комиссияның қызметі мен
міндеттері ЕАГИ-де әзірленген және бекітілген Еуразия гуманитарлық
институтының Тәртіптік комиссиясы туралы ережеге сәйкес регламенттеледі.
3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде алдау
анықталған жағдайда:
- оқытушы куратордың көзінше белгіленген нысан бойынша ереженің бұзылғаны
туралы акт жасайды, білім алушылармен әңгімелесу өткізеді. Кодекстің
бұзылғаны туралы акт тиісті заттай дәлелдемелермен және оқушылар
жұмыстарының көшірмелерімен бірге деканға беріледі;
- жүйелі түрде бұзушылық болған кезде (үш және одан да көп рет) оқытушы
Кодекстің бұзылғаны туралы белгіленген үлгі бойынша акт жасайды. Кодекстің
бұзылғаны туралы акт тиісті заттай дәлелдемелермен және оқушылар
жұмыстарының көшірмелерімен бірге деканға беріледі, ол барлық құжаттарды
Тәртіптік комиссияға тапсырады.
4. Оқушылардың оқу жетістіктерін ағымдағы бағалауды өткізу кезінде бағаларды,
бағаланатын жұмыс деректерін бұрмалау, бағаланатын жұмыстардың жауаптардын
әділетсіз жолмен сатып алу, ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану
анықталған жағдайда:
- оқытушы академиялық адалдық ережелерін бұзу туралы актіні жасайды,
куратордың көзінше білім алушыларға әңгіме өткізеді. Кодекстің бұзылғаны
туралы акт тиісті заттай дәлелдемелермен және оқушылар жұмыстарының
көшірмелерімен бірге деканға беріледі, ол барлық құжаттарды Тәртіптік
комиссияға тапсырады.
5. Плагиат, сөз байласу, алдау, бағаланатын жұмыс деректерін бағалауды бұрмалау,
студенттің бағаланатын жұмыстардың жауаптарын әділетсіз жолмен сатып алуы, сондай-
ақ қорытынды оқу жетістіктерін бағалауды өткізу кезінде ақпаратты немесе
құрылғыларды заңсыз пайдалану анықталған жағдайда:
- оқытушы немесе емтихандарға қатысуға уәкілетті тұлға белгіленген нысан
бойынша ереженің бұзылғаны туралы акт жасайды. Кодекстің бұзылғаны туралы
6
акт
тиісті
заттай
дәлелдемелермен
және
оқушылар
жұмыстарының
көшірмелерімен бірге деканға беріледі, ол барлық құжаттарды Тәртіптік
комиссияға тапсырады. Ережені бұзған білім алушыға тәртіптік жаза
қолданылады.
6. Білім алушылардың бағаланатын жұмыстарды орындауы кезінде парақорлық,
алдау, деректерді бұрмалау, курстық, дипломдық жұмыстарды сату анықталған жағдайда,
оқытушы / институт қызметкері босатуға дейін тәртіптік жазаға ұшырайды.
Осы Ереже бекітілген күннен бастап күшіне енеді және өзгерістер мен
толықтырулар енгізілгенге дейін қолданылады.
7
1-қосымша
Академиялық адалдықты кодексінің бұзылуы туралы
АКТ
Пән:
Оқу қызметінің түрі:
Оқытушының аты-жөні
Студенттің аты-жөні:
_____________________________________
______________________________________
___________ курс № ___________ топ
Күні:
Аудитория:
Уақыты:
Бұзушылық сипаттамасы:
Оқытушының немесе емтихандарға қатысуға уәкілетті тұлғаның қолы:
__________________________________________________201__ж.
_____________________________________________________________________________
Білім алушының қолы: _______________________________________________201__ ж.
_____________________________________________________________________________
Актімен таныстым:
Институт деканы: ______________________________________________201___ ж.
Топ кураторы: ______________________________________________ 201___ ж.
8
2-қосымша
Білім алушылардың компьютерлік тестілеу әдісімен өткізілетін емтихандағы
мінез-құлық ережелері
1. Студенттер компьютерлік тестілеу әдісімен өткізілетін емтиханды тапсыруға жеке
басын куәландыратын құжат болғанда ғана жіберіледі.
2. Емтихан кезінде ұялы телефондарды, құлаққаптарды, флэш-дискілерді және
ақпарат берудің басқа құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Егер көрсетілген заттар
табылса, алып қою актісі жасалады, студент емтиханнан шығарылады. Бұл емтиханды
қайта тапсыру жазғы семестрде ақылы түрде жүзеге асырылады.
3. Шпаргалка пайдалануға тыйым салынады. Шпаргалка табылған жағдайда, алып
қою актісі жасалады, студент емтиханнан шығарылады. Қайта тапсыру жазғы семестрде
ақылы түрде жүзеге асырылады.
4. Емтиханға эстетикалық талапқа сай емес студенттер (шорт, футболка, шифер,
курткалар, бейсбол қалпақтары, қалпақшалар және т.б.) жіберілмейді.
5. Компьютерлік сыныпқа спорттық сөмкелер, рюкзактар, сөмкелер, сыртқы
киімдер, кітаптар, ноутбуктар, анықтамалықтар, сөздіктермен және т.б. кіруге рұқсат
етілмейді.
6. Емтихан кезінде сағыз шайнауға, жеуге, ішуге, сөйлесуге, айтуға, орын
ауыстыруға, қажетсіз аудиторияда жүруге, аудиториядан шығып кетуге тыйым салынады.
Бұл талап бұзылған жағдайда акт жасалады, студент емтиханнан шығарылады. Бұл
емтиханды қайта тапсыру жазғы семестрде ақылы түрде жүзеге асырылады.
7. Студенттің әдепке сай емес мінез-құлқы (ұрыс-керіс, дөрекілік, ескертулерге
жауап бермеу, мінез-құлық ережелерінің талаптарына бағынбау және т.б.) болған
жағдайда тиісті акт жасалады, әкімшілік жаза шара қолдану үшін ректордың атына
шағымхат жазылады.
8. Студент мынадай техникалық себептерге байланысты келесі күннен кешіктірмей
шағымдануға құқылы:
- дұрыс жауаптың болмауы;
- жауаптардың болмауы;
- екі бірдей дұрыс жауаптың болуы;
- тапсырманың болмауы;
- тапсырманың оқылмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |