Еуразия гуманитарлық институты қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



жүктеу 215,97 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.11.2018
өлшемі215,97 Kb.
#18811


                                                                                                                    

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша курстық 

жұмысқа  арналған әдістемелік нұсқаулық 

     

 

Кіріспе 

 

          Курстық  жұмыс  студенттердің  өздік  жұмысы  болып  есептеледі. 



Курстық жұмысы  негізгі пәндері өтіп болған соң жазылады. 

Курс 


жұмысы 

студенттерді 

өз 

бетімен 


жұмыс 

жасауға 


дағдыландырады. 

Курс жұмысының міндеті: 

-  белгілі  бір  пәннен  алған  студенттердің  теориялық  білімдерін 

тереңдетіп, бекіту; 

-  таңдаған  мамандық  бойынша  белгілі  бір  мәселені  шешуге  алған 

білімін қолдану; 

-  анықтамалық-нормативтік  әдебиетпен,  нормативтік  құжаттармен, 

типтік  жобамен,  ведомство  аралық  нормативпен  жұмыс  істеуге 

дағдыланады; 

-  мамандығы  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмысымен  айналасуға 

дағдыланады. 

Курстық жұмыстың көлемі қолмен жазғанда 40-45 бет, компьютермен 

басқанда 25 бет болады. 

Курс жұмысында мыналар қамтылуы керек: 

-  жоспар; 

-  тақырып өзектілігін көрсететін кіріспе; 

-  негізгі бөлім; 

-  қорытынды бөлім; 

-  әдебиеттер тізімі. 

 

 

Курс жұмысына қойылатын талап: 

 

1. Курс жұмысының тақырыбы 

-  Курс  жұмысының  тақырыбы  типтік  және  оқу-жұмыс  жоспарына  сай  келуі 

тиіс; 


- Курс жұмысы тақырыбы мағыналарға негізделуі тиіс; 

- ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз боларлық іргелі бөлімдерге бағытталуы 

керек; 

- кафедра мүшелерінің терең ғылыми еңбектеріне сілтеме жасау. 



 

 

 



 

 

 




Курс жұмысын ұйымдастыру 

 

Курс жұмысын ұйымдастыруға мыналар кіреді: 

- Курс жұмысына тапсырма мен әдістемелік талдауды беру; 

- Курс жұмысына кеңес беруді ұйымдастыру; 

- Курс жұмысының рәсімделуі мен қорғау. 

Курс  жұмысына  тапсырма  семестрдің  бірінші  аптасында  беріледі.  КЖ-қа 

берілетін  тапсырма  арнайы  бланкқа  жазылып,  оған  студент  пен  жетекшінің 

қолдары қойылады, кафедра меңгерушісі бекітеді. 

Курс  жұмысына  жетекшілік  ету  жоғары  білікті,  ғылыми  дәрежесі  бар 

оқытушыға жүктеледі. 

Курс  жұмысын  жазу  барысында  жеке,  топтық  кеңес  беріледі.  Кеңес  беру 

сабақтан тыс уақытта өтуі тиіс, үзіліс кезінде кеңес берілмейді. 

Кеңес беру уақыты кафедрада тұруы керек және студентке де беріледі. 

 

Курс жұмысының орындалуын қадағалау 



 

Курс  жұмысы  жетекшісі  кеңес  беру  кезінде  жазылған  жұмысты  тексеріп, 

қателері көрсетіліп, түсінік беріледі. 

Жұмыстың  бір  бөлігі  тексерілген  соң,  оқытушы  келісімімен  студент  келесі 

бөлімге өтеді. 

Курс  жұмысының  орындалу  нәтижесі  кафедра  мәжілісінде  қарастырылып 

отырады. 

Курс  жұмысы  кестесінен  қалып  қойған  студенттер  кафедра  мәжілісіне 

шақырылады. 

 

Курс жұмысының ресімделуі және қорғалуы 

 

Курс жұмысы компьютермен орындалады. 

Рәсімделіп,  студенттің  қолы  қойылған  курс  жұмысы  жетекшінің  қолы 

қойылу үшін тапсырылады. 

Егер  курс  жұмысы  мерзіміде  тапсырылса,  жетекші  беттерге  қолын  қойып, 

пікірін жазып, қорғауға жібереді. 

Мерзімімен  кеш  тапсырған  студент  кафедра  меңгерушісінің  рұқсатымен 

қорғауға жіберіледі. 

Курс жұмысын қорғау сессияға 1-2 апта қалғанда бекітілген кесте бойынша 

өткізіледі. 

Курс  жұмысын  қорғау  кафедра  мәжілісінде  бекітілген  3  адамдық  комиссия 

отырысында  өткізіледі.  Курс  жұмысының  жетекшілері  міндетті  түрде 

қатысуы тиіс. 

Курс  жұмысын  қорғауда  студент  3-5  минут  көлемінде  қысқаша  баяндама 

жасайды. Комиссия мүшелерінің сұрағына жауап береді. 

Курс жұмысын орындалу сапасы мен қорғалуы 100 ұпайлық шкаламен және 

дәстүрлі бағамен бағаланады. 

Баға қойғанда мыналар ескеріледі: 




-  қорғау кезіндегі баяндама сапасы; 

-  сұраққа қайтарылған жауаптың анық, дұрыс болуы; 

-  студенттің  теориялық,  ғылыми,  практикалық  дайындығының 

деңгейі; 

-  Курс жұмысының рәсімделуі; 

-  жетекші пікірі. 

Бағаны түзету үшін курс жұмысы қайта қорғауға жіберілмейді. 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмыстар 

 

 

Оқу пәні:  Қазiргi қазақ әдебиеті  

  Әзірлеген: ф.ғ.к., доцент Байтанасова Қ.М.  

 

1.Көркем туындының тілдік айшықтары 



2. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері 

3. Пәнаралық ықпалдастықтың оңтайлы жолдары 

4.Әдеби бейненің жасалуы. 

5.Әдеби бейне және авторлық ұстаным 

6.Өлеңнің теориялық анықтамасы 

7.Өлеңнің түрлері 

8.Өлеңнің  құрылысы 

9.Жазба жұмысының түрлері 

10.Мазмұндама және шығарма жазу әдістер 

11.Оқулық . Оқулықтың құрылысы 

12. Сюжет пен фабула.Cюжеттің түрлері 

13.Туындының композициялық құрылымы 

14.Тіл ұстарту жұмыстарының түрлері . 

15.Драмалық жанрды оқыту 

16.Кейіпкерге мінездеме беру жолдары 

17. Сабақтың түрлері 

18. Әдебиетті оқытудағы инновациялық әдістер 

19. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін артыру әдістері 

20. Сабақты ұыймдастыру әдіс-тәсілдері  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



      

 

 



 

 

жүктеу 215,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау