5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша курстық
жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулық
Кіріспе
Курстық жұмыс студенттердің өздік жұмысы болып есептеледі.
Курстық жұмысы негізгі пәндері өтіп болған соң жазылады.
Курс
жұмысы
студенттерді
өз
бетімен
жұмыс
жасауға
дағдыландырады.
Курс жұмысының міндеті:
- белгілі бір пәннен алған студенттердің теориялық білімдерін
тереңдетіп, бекіту;
- таңдаған мамандық бойынша белгілі бір мәселені шешуге алған
білімін қолдану;
- анықтамалық-нормативтік әдебиетпен, нормативтік құжаттармен,
типтік жобамен, ведомство аралық нормативпен жұмыс істеуге
дағдыланады;
- мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналасуға
дағдыланады.
Курстық жұмыстың көлемі қолмен жазғанда 40-45 бет, компьютермен
басқанда 25 бет болады.
Курс жұмысында мыналар қамтылуы керек:
- жоспар;
- тақырып өзектілігін көрсететін кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды бөлім;
- әдебиеттер тізімі.
Курс жұмысына қойылатын талап:
1. Курс жұмысының тақырыбы
- Курс жұмысының тақырыбы типтік және оқу-жұмыс жоспарына сай келуі
тиіс;
- Курс жұмысы тақырыбы мағыналарға негізделуі тиіс;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз боларлық іргелі бөлімдерге бағытталуы
керек;
- кафедра мүшелерінің терең ғылыми еңбектеріне сілтеме жасау.
Курс жұмысын ұйымдастыру
Курс жұмысын ұйымдастыруға мыналар кіреді:
- Курс жұмысына тапсырма мен әдістемелік талдауды беру;
- Курс жұмысына кеңес беруді ұйымдастыру;
- Курс жұмысының рәсімделуі мен қорғау.
Курс жұмысына тапсырма семестрдің бірінші аптасында беріледі. КЖ-қа
берілетін тапсырма арнайы бланкқа жазылып, оған студент пен жетекшінің
қолдары қойылады, кафедра меңгерушісі бекітеді.
Курс жұмысына жетекшілік ету жоғары білікті, ғылыми дәрежесі бар
оқытушыға жүктеледі.
Курс жұмысын жазу барысында жеке, топтық кеңес беріледі. Кеңес беру
сабақтан тыс уақытта өтуі тиіс, үзіліс кезінде кеңес берілмейді.
Кеңес беру уақыты кафедрада тұруы керек және студентке де беріледі.
Курс жұмысының орындалуын қадағалау
Курс жұмысы жетекшісі кеңес беру кезінде жазылған жұмысты тексеріп,
қателері көрсетіліп, түсінік беріледі.
Жұмыстың бір бөлігі тексерілген соң, оқытушы келісімімен студент келесі
бөлімге өтеді.
Курс жұмысының орындалу нәтижесі кафедра мәжілісінде қарастырылып
отырады.
Курс жұмысы кестесінен қалып қойған студенттер кафедра мәжілісіне
шақырылады.
Курс жұмысының ресімделуі және қорғалуы
Курс жұмысы компьютермен орындалады.
Рәсімделіп, студенттің қолы қойылған курс жұмысы жетекшінің қолы
қойылу үшін тапсырылады.
Егер курс жұмысы мерзіміде тапсырылса, жетекші беттерге қолын қойып,
пікірін жазып, қорғауға жібереді.
Мерзімімен кеш тапсырған студент кафедра меңгерушісінің рұқсатымен
қорғауға жіберіледі.
Курс жұмысын қорғау сессияға 1-2 апта қалғанда бекітілген кесте бойынша
өткізіледі.
Курс жұмысын қорғау кафедра мәжілісінде бекітілген 3 адамдық комиссия
отырысында өткізіледі. Курс жұмысының жетекшілері міндетті түрде
қатысуы тиіс.
Курс жұмысын қорғауда студент 3-5 минут көлемінде қысқаша баяндама
жасайды. Комиссия мүшелерінің сұрағына жауап береді.
Курс жұмысын орындалу сапасы мен қорғалуы 100 ұпайлық шкаламен және
дәстүрлі бағамен бағаланады.
Баға қойғанда мыналар ескеріледі:
- қорғау кезіндегі баяндама сапасы;
- сұраққа қайтарылған жауаптың анық, дұрыс болуы;
- студенттің теориялық, ғылыми, практикалық дайындығының
деңгейі;
- Курс жұмысының рәсімделуі;
- жетекші пікірі.
Бағаны түзету үшін курс жұмысы қайта қорғауға жіберілмейді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмыстар
Оқу пәні: Қазiргi қазақ әдебиеті
Әзірлеген: ф.ғ.к., доцент Байтанасова Қ.М.
1.Көркем туындының тілдік айшықтары
2. Пәнаралық байланыс, әдіс-тәсілдері
3. Пәнаралық ықпалдастықтың оңтайлы жолдары
4.Әдеби бейненің жасалуы.
5.Әдеби бейне және авторлық ұстаным
6.Өлеңнің теориялық анықтамасы
7.Өлеңнің түрлері
8.Өлеңнің құрылысы
9.Жазба жұмысының түрлері
10.Мазмұндама және шығарма жазу әдістер
11.Оқулық . Оқулықтың құрылысы
12. Сюжет пен фабула.Cюжеттің түрлері
13.Туындының композициялық құрылымы
14.Тіл ұстарту жұмыстарының түрлері .
15.Драмалық жанрды оқыту
16.Кейіпкерге мінездеме беру жолдары
17. Сабақтың түрлері
18. Әдебиетті оқытудағы инновациялық әдістер
19. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін артыру әдістері
20. Сабақты ұыймдастыру әдіс-тәсілдері