Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет80/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   180

169
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Венгр тілі – Венгрия Республикасының ресми тілі; Еуропалық Одақтағы 
25  ресми  тілдердің  бірі;  Қазақстан  венгрлері  этностық  тобының  экзогенді 
тілі. 
Венгр тілі оралдық тілдер семьясының угор тармағының фин-угор тобына 
жатады.
Діни сенімі бойынша венгрлер – католиктер, про стестанттар мен право-
славиеліктердің саны да едəуір.
Кейбір облыстарда (Алматы облысы) венгр ұлттық-мəдени орталықтары 
бар.
ВЕПСТЕР, өз атауы – вепса, бепса, лудиникад, тягалажет.
Қазақстандағы вепстердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 30 адам, 
2009 жылғы мəлімет бойынша 1 адам.
Вепс тілі – Қазақстан вепстері этностық тобының эндогенді тілі. Вепс тілі 
фин-угор тілдері семьясының фин-балтық тармағының солтүстік тобына жа-
тады. 
Дінге сенетін вепстер 12 ғасырдан бері православиені ұстанады.
ГАГАУЗДАР, өз атауы – гагауз.
Қазақстандағы  гагауздардың  саны: 1999 жылғы  мəлімет  бойынша 678 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 490 адам.
Гагауз тілі – Гагаузияның мемлекеттік тілі (молдаван жəне орыс тілдерімен 
қатар); Қазақстан гагауздары этностық тобының экзогенді тілі.
Гагауз тілі алтай тілдері семьясының түрік тобының оңтүстік батыс ішкі 
тобына (оғыз ішкі тобына) кіреді.
Дінге сенетін гагауздардың көбі – православиеліктер.
ГРЕКТЕР, өз атауы – эллин.
Қазақстан гректерінің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 12703 адам, 
2013 жылғы мəлімет бойынша 8819 адам. Қазақстандағы грек тобы Красно-
дар аймағынан (1942 ж.), Қырымнан (1944 ж.), Грузиядан (1949 ж.) зорлықпен 
жер аударылған гректерден құралады, өздерін тек Түркияның солтүстік баты-
сындағы понтийлік гректермен ғана емес, сонымен қатар Балқан гректерімен 
де теңестіреді. 
Грек тілі – Грекияның ресми тілі; Кипр Республикасының (түрік тілімен 
қатар) ресми тілі; Еуропалық Одақтың 25 ресми тілінің бірі. Қазақстан грек-
терінің  экзогенді  тілі.  Грек  тілі  үндіеуропалық  тілдер  семьясының  оқшау-
ланған тілі болып есептеледі.
Соңғы жүзжылдықта понтийлік гректердің көбі шашырау мен күштеп жер 
аудару  барысында  ескі  грек  тілінің  диалектісі  ретіндегі  понтий  тілінен  ай-
рылды. Қазақстан гректерінің бір бөлігі қазіргі грек тілін меңгерген, алайда 
көбі орыс тілінде сөйлеуге көшкен.


170
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Қазіргі гректердің бəрі – христиандар, басым көбі православиені, кейбірі 
католиктікті  ұстанады.  Осман  басқыншылығы  кезеңінде  исламды  қабыл-
даған мұсылмандары да бар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша этностық топтың шоғырланып ықшам 
қоныстануы  Қарағанды  облысында (1819 адам),  Жамбыл  облысында (1035 
адам), Оңтүстік Қазақстан облысында (1033 адам) байқалады.
Қазақстанның  ірі  қалаларының  бəрінде  гректердің  мəдени  орталықтары 
бар.
ГРУЗИНДЕР, өз атауы – картвел.
Қазақстандағы грузиндердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 5361 
адам, 2013 жылғы мəліметтер бойынша 5358 адам. 
Грузин тілі – Грузияның мемлекеттік тілі; Қазақстан грузиндері этностық 
тобының экзогенді тілі. 
Грузин тілі иберий-кавказ тілдері семьясының картвелтобына жатады.
Дінге сенетін грузиндердің көбі – Грузин Апостолдық автокефалды (дер-
бес)  православие  шіркеуіне  біріктірілген  православиеліктер.  Грузиндердің 
ішінде саны жағынан мұсылман қауымдастығы (Аджария) екінші орын ала-
ды (400 мың адам). Грузияда католиктер көп емес (100 мың адам).
Кейбір облыстарда (Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында) грузин 
этномəдени орталықтары бар.
ГРУЗИЯЛЫҚ  ЕВРЕЙЛЕР,  өз  атауы – картвел  эбраел  (қазақ  тіліндегі 
сөзбе-сөз  аудармасы  «грузиялық  еврейлер») – бабалары  біздің  дəуірімізге 
дейінгі заманда Грузия жеріне келген, осы күнге дейін еврейлердің иудаизм 
дінін ұстайтын этноконфессиялық топ.
Грузиялық  еврейлердің  Қазақстандағы  саны: 1999 жылғы  мəліметтер
бойынша 18 адам, 2009 жылғы мəліметтер бойынша 23 адам.
Қазіргі грузиялық еврейлер грузин тілін ана тілім деп санайды да, осы тіл-
де сөйлейді.
Грузин тілі – Грузияның мемлекеттік тілі; Қазақстан грузиндері этностық 
тобының  экзогенді  тілі,  иберий-кавказ  тілдері  семьясының  картвелтобына 
жатады.
Грузиялық еврейлер жазуда да грузин əліпбиін қолданады. Иврит элемент-
терінен кейде іскери тілдесімде, саудада киврули жаргоны пайдаланылады, 
бұл жаргонды пайдалануды отбасылық дəстүрмен кейбір əлеуметтік-кəсіби 
топтар жалғастырып отыр.
Өзін-өзі діни сəйкестендіру грузиялық еврейлердің санасынан нық орын 
алған.  Иудаизм  бір  құдайға  сенетін  ибрахимдік  деп  аталатын  үш  діннің 
ішіндегі  ең  көнесі  болып  саналады,  ибрахимдік  діндерден,  христиандық, 
буддашылдық пен ислам сияқты əлемдік діндерден өзгешелігі – бірұлттық 
(еврейлік) дін ретінде бағаланады.


171
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ДАРҒЫНДАР, өз атауы – дарғын, дарганти.
Қазақстан  дарғындарының  саны: 1999 жылғы  мəліметтер  бойынша 879 
адам, 2013 жылғы мəліметтер бойынша 826 адам. 
Дарғын тілі – Дағыстанның мемлекеттік тілдерінің бірі; Қазақстан дарғын-
дары этностық тобының экзогенді тілі.
Дарғын тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағының 
лак-дарғын ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін дарғындар сүнниттік исламның шафиқ мазхабын ұстанады.
ДОЛҒАНДАР, өз атауы – долған (дулған), тыа-кихи, саха, ертеректе дон-
гот, адян (эдигэн), карын-туо ру-тайпа аттарымен белгілі болған.
Қазақстандағы  долғандар  саны: 1999 ж.  мəліметтер  бойынша 25 адам, 
2009 жылғы мəліметтер бойынша 3 адам.
Долған тілі – Саха (Якутия) Республикасының жергілікті ресми тілдерінің 
бірі; Қазақстан долғандары этностық тобының экзогенді тілі.
Долған тілі алтай тілдері семьясының түркі тіліне жатады.
Дінге сенетін долғандар православиені ұстанады.
ДҮНГЕНДЕР, өз атауы – лохуэй, хуэй, хуэйцзу.
Қазақстан  дүнгендерінің  саны: 1999 жылғы  мəліметтер  бойынша 
36945адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 59898 адам. 
Дүнген тілі –Қазақстан дүнгендері этностық тобының экзогенді тілі. 
Хуэйлар, яғни дүнгендер – ханафи мазхабындағы сүннит мұсылмандар.
2013 жылғы мəлімет бойынша халықтың шоғырланып ықшам қоныстануы 
Жамбыл облысында (82,81%), Алматы облысында (2,98%), Алматы қаласын-
да (12,10%) байқалады. Қазақстанның ірі қалаларының бəрінде дүнгендердің 
ұлттық-мəдени орталықтары бар.
ЕВРЕЙЛЕР, өз атауы – иегудим; айд, айид.
Қазақстандағы еврейлердің саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша 6745 
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 3262 адам. 
Көне  тіл  иврит  семит-хамит  тілдері  семьясының  семит  тобына  жатады. 
Қайта  қалпына  келтіріліп  қазір  қолданылып  жүрген  иврит  тілі  Израильдің 
(араб тілімен қатар) ресми тілі; Қазақстан еврейлерінің экзогенді тілі. 
Еврейлердің тағы бір тілі – идиш – үндіеуропалық тілдер семьясының гер-
ман тобының басты германдық ішкі тобына жатады, мұны ашкеназдық еврей-
лер қолдайды. Идиш тілі Қазақстандағы еврей диаспорасының эндогенді тілі.
Еврейлердің  дəстүрлі  діні – иудаизм.  Дүние  жүзіне  кең  тараған  еврей-
лердің көбі діни ортодокстар болып саналмайды, алайда кейбір рəсім-салттар 
мен ұсынылған өмір ережелерін ұлттық дəстүр ретінде сақтайды.
Қазақстанның аумағында еврей этномəдени облыстық бірлестіктері, ал қа-
лалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді. 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау