153
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қақтығысты реттеуі, тəн болып келеді. Қақтығыстың көпқырлы сипатына
байланысты оқиғаға ықпал етуге мүмкіндік беретін реттеудің құқықтық жо-
лынан бастап əлеуметтік-психологиялық жолына дейінгі түрлі тəсілдер қол-
дану қажет болады. Алайда ең маңызды нəрсе қақтығыстың алдын алу, оның
тұтануына, жасырын түрден ашық түрге ауысуына жол бермеу. Бұған қара-
мастан қақтығыс басталып кетсе, оны кең ауқымды сипат алып кетпей тұрған
бастапқы кезінде өшіру оңай екенін дəйім есте ұстаған жөн. Егер қақтығыс-
тың өршуіне жол берілсе, ол ұзақ кезеңге созылады да, шешім табу қиынға
соғады, оңалмас салдарға тап қылады. Əлеуметтік-экономикалық кемелдік-
тің кез келген сатысында тұрған ел Э.қ. душар болуы мүмкін. Бұған Кана-
да, Испания, Югославия, Ауғанстан, Шри Ланка, Руанда, Уганда жəне басқа
елдердегі оқиғалар мысал бола алады. Сарапшылардың бірнеше рет жасаған
болжамдары бойынша, Э.қ. бұдан ары да əлемдік тəртіп пен халықаралық
қатынастарға ықпалы арта түспек. Этнологтардың мағлұматтары бойынша,
дүние жүзінде өздерін өздері билеу мен өз мемлекеттерін құруды алға тартуы
мүмкін 5 мыңнан астам этностық топ бар. Мұндай қозғалыстардың көбі жа-
сырын түрде немесе зорлықпен жүріп жатыр. Ал 260 ұлттық азшылық бел-
сенді түрде БҰҰ-дан тəуелсіздікті немесе бөлініп танылуды талап етіп отыр.
Бұл ұлттық қақтығыстардың 70-90-дайы күш жұмсауға соқтырған. Мысалы,
1994 жылдан 1996 жылға шейін БҰҰ бітімгер əскерлері 17 ірі қақтығысқа
қатысты.
Əлемдік тəртіпті зерттеушілердің мəліметтері бойынша, ХІХ ғасырдың ор-
тасына дейінгі 286 соғыстың 8-і ғана, ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін-
гі 150 қарулы қақтығыстың 127-сі этностық себептен болған. 1990 жылдан
бері қақтығыстардың, бəрінің десе болады, ұлттық сипаты бар.
XXI ғасырда
этносаралық қатынастарды тиімді басқара алатын, мекен ететін түрлі этнос-
тардың келісімі мен бейбітшілігін қамтамасыз еткен мемлекет қана табысқа
жете алады (қар.
Кемсіту /Дискриминация/, Жихад, Этносішілік жəне эт-
носаралық шоғырлану /консолидация/, Лаңкестік, Көпмəдениеттілік /Муль-
тикуртурализм/, Ұлттық өзімшілдік, Радикализм, Нəсілшілдік, Саясатты
этностандыру).
ЭТНОСТЫҚ МƏДЕНИЕТ: ДƏСТҮРЛЕР МЕН ƏДЕТ-ҒҰРЫПТАР
(ор.
этническая культура: традиции и обычаи, ағыл.
ethnic culture: traditions
and customs)– этностық арнайы ерекшеліктері бар, ажыратушылық қызмет
атқаратын құрылымдардың мəдени элементтерінің жиынтығы. Этностық мə-
дениет адамзат мəдениетінің алуан түрлілігінің негізгі формасы болып табы-
лады, тірліктің биологиялық формадан тыс алуан түрін, адамның қоршаған
ортаға бейімделуге бағытталған қарекетін бейнелейді. Э.м. – этнос мəдение-
тінің ең маңызды сипаты, сол этносқа жекелеген өкілдері арқылы, орнықты
топтары арқылы тəн болып келетін мəдени игіліктің жиынтығы. Мұнда осы
игіліктің құрылымының түрлі элементтерінің арнайы, этностық бояуы бар ма