145
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
табиғи ассимиляция этностық дəстүрлердің бірігуіне алып келеді) немесе
абстрактілі түрде «адамның жаңа типін» немесе «жаңа адамдар қауымдас-
тығын» жасау қажеттілігін талап ететін кейбір идеологиялық немесе фило-
софиялық тұжырымдаманы жүзеге асыру əрекеттерінің нəтижесі болуы мүм-
кін. Бірқатар жағдайларда дисфункциялы Д. үдерісі мен этностық дəстүр-
лерді модернизациялау үдерісін ажырата қараған жөн.
Бұл термин П.М.Корявцевтің «Антижүйелер философиясы» кітабы жарық
көргеннен кейін (1994 ж.) кең таралды.
ЭТНОСТЫҚ АНКЛАВ (франц. enklave лат. inklavare – құлыптау, ор.
анклав этнический, ағыл. ethnic(al) enclave)– басқа ұлт ортасында этностық
топтың ықшам бөлігі мекен ететін территория. Э.а. визуалды жəне əлеумет-
тік-экономикалық сипаты жағынан қаладағы көршілес аудандардан өзгеше
болады. Э.а. жұртына осы ауданның ерекшелігін айқындайтын қандай да
бір этностың басым өкілі болуы (30%-дан кем емес) тəн. Э.а.-қа тəн си-
паттар – тұйықтық, ішкі экономикасының болуы, этностық көсемдердің
бақылау жасауы, өз этномəдени ерекшеліктерін жаңғыртуға талпынысы.
Э.а. бірқатар себептерге байланысты пайда болады. Мұндай құрылымдар
тұтас этностық қауымдастықтың Миграциясы, этностық топтың бөтен ор-
тада ықшам қоныс тебуге ұмтылысы, белгілі бір халықтың мəжбүрлі түрде
бір аумаққа шоғырландырылуы салдарынан пайда болады. Э.а. өздерінің
дəстүрлі мəдени ортасына тəн əлеуметтік жүйесін жаңғыртатын «буферлік
ортаны» жасауға итермелейді. Бұл - дəстүрлері, мəдениеті, қалыптасқан мі-
нез-құлық нормалары жергілікті халықтікінен айтарлықтай өзгеше этнос-
тық Мигранттар осындай қадамдарға жиі барады. Анклавтың ниеті, Ми-
гранттар өзгеруге тиіс емес деп санайтын негізгі ұстанымдары өздерінің
дəстүрлі мəдени құндылықтарына бағдарланса, іске асырыла бастайды.
Мұндай жағдайда анклавты қабылдайтын орта көбінесе анклавтың мəдени
дəстүрінің жайлы дамуының əлеуметтік-экономикалық ресурсы ретінде қа-
растырылады.
ЭТНОСТЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ (грек. anthropos – адам + logos –
ұғым, ілім, ор. антропология этническая, ағыл. Ethnic anthropology) – адам
мен оның нəсілінің физикалық бітімінің пайда болуы мен эволюциясы ту-
ралы ғылым. Этнография (этнология) мен антропологияның түйісіндегі
пəн, негізінен, этностың пайда болу проблемасын нəсіл генезисі үдерісімен
септестіре зерттеумен, нəсілдік белгілердің уақытқа байланысты өзгеруін,
дүние жүзінің əр түрлі өңірлеріндегі алмасу - нəсіларалық метисацияны
(будандасуды) зерттеумен айналысады. Этностық антропология (мұнан бы-
лай – Э.А.) сондай-ақ нəсілдік ырымдардың пайда болуы мен көріністерін
нəсіларалық жəне этносаралық түйістердегі арнаулы құбылыстар ретінде
де қарастырады.
146
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Дербес ғылым ретінде ХІХ ғ. орта шенінде қалыптасып шықты. Антро-
пологияның негізгі бөлімдері – антропогенез, адам морфологиясы (өсу заң-
дылықтары жəне дене құрылысының адамзат атаулыға ортақ өзгермелері
туралы ілім), Э.А., сонымен қатар нəсілтану. АҚШ пен Ұлыбританияда ан-
тропология кеңірек ұғымда қаралады: физикалық ұғыммен қоса пəні мен
мазмұны жағынан этнологиямен теңесетін əлеуметтік жəне мəдени қырлары
да қамтылады.
Антропологиялық белгілердің этностық межелерді ажыратуға белгілі бір
ықпалы бар. Егер негізгі нəсілдерді айқындауда пайдаланылатын маңыз-
ды антропологиялық ерекшеліктерге сүйенсек, əлем халықтарының басым
көпшілігінің өзі нəсілдік жағынан салыстырмалы түрде алғанда біртектес бо-
лып келеді. Үндіеуропа халықтарына жататын адамдардың 90%-дайы, Орал
тілдік тобына жататын тілдерде сөйлейтіндердің 95%-ы еуропалық нəсілге
тəн сипатта, қытай-тибет тілдерінде сөйлейтіндердің 100%-ы моңғолдық
нəсілге жатады. Негізгі нəсілдік типтердің əртүрлілігі африкалық немесе се-
мит-хамит тілдерінде сөйлейтіндерден (70%-ы – еуропоидтер, 20%-ы моңғо-
лоидтар, қалғандары – аралас нəсілдер) байқалады, алайда тілдердің бұл екі
тобы жиынтығында адамзаттың 4%-ын ғана құрайды. Сондай-ақ дүние жүзі
жұртының 30%-ы нəсілдік жағынан аралас жəне аралық топтарға жататынын
да ескерген жөн. Мұның бəрі, əдетте, антропологиялық (нəсілдік) көрсет-
кіштерді бір этносты келесі бір этностан айрықшалайтын белгілер ретінде
пайдалануға қиындық келтіреді. Этностардың елеулі бөлігі əр түрлі негіз-
гі (үлкен) нəсілдерге тиесілі адамдардан тұратынын да ескермей болмайды
(мысалы, латынамерикалық халықтардың көбі осындай). Сондықтан нəсіл-
дік бірлік кез келген этностық қауымдастықтың, кез келген халықтың міндет-
ті белгісі деп пайымдау тіптен дұрыс емес.
Ірі этностар, əдетте, түрлі антропологиялық типтердің немесе кіші нəсіл-
дер деп аталатын типтердің өкілдерін қамтиды (мысалы, Италияның күнгейі
мен теріскейі тұрғындарының арасында түрлі антропологиялық типтер ба-
сым). Бұл – адамзаттың нəсілге жəне этносқа қарай бөлінуінің сəйкеспей-
тінін растай түседі. Жоғарыда айтылғандарға орай, адамдарды тек сыртқы
антропологиялық көрсеткіштеріне сүйеніп этносқа тиесілілігін анықтауға
талпыныстардың күнделікті тəжірибесінің шындығынан гөрі оған жуықтап
шамалауы тым көп. Бұл, əсіресе, көршілері басқа нəсілге жататын этностарға
тəн. Бұл сияқты типтік жайттардан алшақ жататын жағдай үлкен нəсілдердің
негізгі ареалдарының шегараларында қалыпты жайт болып саналады. Мұнан
да аз кездесетін жағдайлар, оқшауланудың нəтижесінде этнос түгелдей басқа
нəсілдік типтегі халықтардың қоршауында қалғанда болады. Нəсілдік айыр-
машылықтар қашан да тұқым қуалайды: бірнеше ұрпақ жалғастығына со-
зылып ата-анадан балаларға беріліп отырады.
Осы айырмашылықтарды зерттеуде тек туралы ғылым генетиканың, ең ал-
дымен, адам генетикасы немесе атропогенетика мағлұматтарының маңызы
Достарыңызбен бөлісу: |