82
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
лады). Бұлар өзін «басқалармен» салыстыру межелерін белгілеуге тірек бола-
ды. Қандай да бір сəйкестіліктің жиынтық сəйкестілік құрылымындағы орны
жағдайға қарай өзгеріп тұрады, сондықтан негізгі тірек бірде бір сəйкестілік,
екіншіде басқа сəйкестілік болуы мүмкін. Сəйкестілік пен өзін бірдейлестіру
арасында үйлеспеушілік бола береді. Мұндайда қалыптасып шыққан сəй-
кестіліктер бір-бірімен қарама-қайшы жəне тұрақсыз болады. Бұрынырақта
сəйкестілік тілден тыс мəлімет ретіндегі жəне тілден тысқары тіркелетін
ретіндегі санат деп қарастырылатын, ал қазір сəйкестілік тіл практикасы ба-
рысында, дискурста кейпін өзгертеді жəне құралады деп түсіндіріледі. Қазір-
гі уақытта əлеуметтік топ (тап, ұжым, тұтастай қоғам т.б.) ішінде қатынастар
тұрақталған сайын, оның мүшелерінің сəйкестілігі дербессіздене (деперсо-
низация) береді, дара қасиеттердің ортақ топтық белгілерден гөрі маңызы
арта түседі.
Мемлекеттік сəйкестілік ұлт құраудың іргелі негіздері ретінде саяси
тұрғыдан, мəселен Қазақстанда, мынадай көптеген қарекеттерден құралады:
этномəдени плюрализмнің ұлттық идеологиясы мен тиімді саясатының өзе-
гін іздеу; «алуан түрліліктегі бірлік» қағидатын одан ары институционалдау;
шиеленіс-қақтығыстарды мəмілелестіру; қазақстандық патриотизмге тəр-
биелеу; мəдениетаралық үнқатыс пен этносаралық қатынастың толерантты
мəдениетін қалыптастыру; біріктіруші фактор болып табылатын мемлекет-
тік тілді елдің азаматтарының бəрінің міндетті түрде меңгеруі; этностардың
дамуының тарихи ерекшеліктерін білу жəне ескеру; қоғамдық келісім мен
бірігудің қағидаттарын жасап шығару; ынтымақ пен жауапкершілік қағидат-
тарын қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу.
Сонымен қатар мемлекеттілік дегеніміз мемлекетті құру, дамыту мен қорғау
жолындағы теориялық жəне практикалық қарекетті көздейтін ерекше саяси
құндылық пен идеологияны, қоғамдық жəне мəдени бағдарды да білдіреді.
«Ұлттық мемлекеттілік» терминінің құрамында (мемлекеттік биліктің ұлт
егемендігін белгілі бір формада іске асыру мен қорғау қабілеті мағынасында)
қолданылып, этностың шоғырлануының жəне көпұлтты қоғамдағы бірлікті
нығайтудың факторы ретінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев 2012 жылдың
желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекет-
тің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Интеллигенция менің пайымда-
уымдағы Қазақстан-2050 Жаңа саяси бағыты негізінде ел болашағының мен-
тальді, дүниетанымдық үлгісін жобалауда негізгі рөлді қолға ала алады жəне
алуға тиіс. Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғасты-
руымыз керек. Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи са-
насының өзегіне айналуға тиіс» екендігін айрықша атап көрсеткен болатын
(қар. Мемлекет, Мемлекеттілік).
83
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ (ор. Государственный язык, ағыл. offi cial, state
language) – 1. Конституцияда, Тіл туралы Заңда бекітілген ең жоғары сая-
си-құқықтық (заңды) мəртебесі бар Тіл, оны тарату мен қолдау мемлекеттің
міндеті болып саналады («Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл жəне
барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар
бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды». «Қазақ-
стан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 23-бабынан). 2. Мемлекеттілік-
тің Ту, Елтаңба, Əнұранмен бірдей рəмізі əрі мемлекетпен бірдейлестіктің
рəмізі болып саналатын тіл. 3. Қоғамның саяси, экономикалық, əлеуметтік,
мəдени өмірінде біріктірушілік қызмет атқаратын тіл. 4. «Мемлекеттік жəне
қоғамдық өмірде анағұрлым маңызды қызмет» атқаратын, қоғамға – мемле-
кеттік басқаруға, заң шығаруға, сот ісін жүргізуге жəне дипломатиялық өкіл-
дікке (мемлекеттің аумағында жəне одан тыс жерде) барынша қызмет ететін
тіл («Қазақстан Республикасының тіл саясаты Тұжырымдамасы»); мемлекет
ішіндегі əкімшілік-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық əрекеттестіктің тілі;
мемлекеттің этностық құрамының қандай екеніне қарамай оқытудың барлық
сатысында білім беру тілі; бұқаралық ақпараттар құралының жəне жаңа ақпа-
раттық технологиялардың тілі.
Ұғымдық ауқымы жағынан М.т. Ресми тілмен бірдей, бірақ құқықтық
жағдайы жағынан кейбір елдерде бұларды ажырата қарайды.
Қазақстанда М.т. – қазақ тілі. Оның мəртебесі бірқатар құжаттармен: Қа-
зақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сəйкес; 1989 жылдың 22
қыркүйегіндегі «Қазақ КСО тілдер туралы» заңымен; Қазақстан Республи-
касының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл тура-
лы» Заңымен; 1996 жылдың 4 қарашасындағы «Тіл саясаты Тұжырымдама-
сымен» анықталып, бекітілген. Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолданылуы
мен таралуы 1998-2000; 2001-2010; 2011-2020 жылдарға арналған «Қа-
зақстан Республикасындағы тілдердің қолданылуы мен дамуының мемле-
кеттік бағдарламаларымен» реттеледі. Бұл бағдарламаларда тұжырымдалған
басым бағыт – қазақ тілінің қоғамдық маңызды салаларда М.т. мəртебесіне
орай ұйғарылған қызметтерін атқаруы үшін оған саналы да мақсатты түрде
қолайлы жағдай жасау. Мəртебесіне сəйкес қазақ тілі – мемлекеттiң бүкiл ау-
мағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемле-
кеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу жəне iс қағаздарын жүргiзу тiлi,
сондықтан «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып
табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының əрбiр
азаматының парызы». (1997 жылғы «Қазақстан Республикасының Тіл тура-
лы» Заңының 4-бабы). Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, федера-
тивтік мемлекеттерде екі не одан да көп М.т. (немесе ресми тілдер) болуы
мүмкін, мысалы: Швейцарияда – төрт М.т. (неміс, француз, итальян, рето-
роман); Бельгияда – екі (француз жəне фламанд) т.б. Ресей Федерациясында
Достарыңызбен бөлісу: |