Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет37/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   180

80
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
республикасын (1992 ж.), Оүтүстік Осетия республикасын (2008 ж.), Қырым 
республикасын (2014 ж.) т.б. жатқызуға болады. 
Қазіргі  конституциялық  құқық,  əдеттегідей,  шартпен  келісу  арқылы  бол-
маса,  федерация  субъектілерінің  сецессиясын  танымайды,  мұны  консти-
туциялық бақылау органдары да теріске шығарады. Көптеген жағдайда сецес-
сияның салдарлары ауыр болып келеді: тарихи сабақтастық үзіледі, жаппай 
құрбандықтар көп болады (қар. Мемлекеттілік, ҚР Конституциясы).
МЕМЛЕКЕТТІК РƏМІЗДЕР (ƏНҰРАН, ЕЛТАҢБА, ТУ) (ор. Символи-
ка государства (гимн, герб, флаг), ағыл. state symbols (anthem, emblem, fl ag)) 
–мемлекет егемендігінің атрибуттары, шабытты да асқақ түрде мемлекет не-
гізіне  салынған  қасиетті  маңыздылықтар  туралы  түсінік  беретін  мемлекет-
тік нышандар. М.Р. осымен байланысты қадірлеу қажет. Жалпы көпшіліктің 
мойындауынша, М.Р. мемлекеттік əнұран, елтаңба мен ту жатқызылады, олар 
туралы  қағидалық  ережелер  конституциялардың  мəтініне  енгізіледі,  олар 
мемлекеттің егеменді өкілеттігімен белгіленеді.
ҚР  Конституциясының 9-бабында  «Қазақстан  Республикасының  Туы, 
Елтаңбасы мен Гимні бар. Олардың сипаттамасы жəне ресми пайдаланылу 
тəртібі конституциялық заңмен белгіленетіндігі» бекітілген. Мұндай консти-
туциялық заң – 2007 жылы 4 маусымда қабылданған №258 «Қазақстан Респу-
бликасының мемлекеттік рəміздері туралы» ҚР Заңы. 
ҚР Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап 
ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының 
тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыла-
сы,  қыран  жəне  ұлттық  өрнек  бейнесі  алтын  түстес.  Тудың  ені  мен  ұзын-
дығының  арақатынасы – 1:2. ҚР  Мемлекеттік  елтаңбасы  шеңбер  пішіндес, 
ортаңғы  бөлігінде – көгілдір  түс  аясындағы  шаңырақ  (киіз  үйдің  жоғарғы 
күмбез тəрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сəулесі секілді тараған 
уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қа-
натты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес
бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыз-
дың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, 
сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. 
ҚР Мемлекеттік əнұраны – музыкалық-поэзиялық туынды.
ҚР Мемлекеттік туының, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының бейнелері, сон-
дай-ақ  ҚР  Мемлекеттік  əнұранының  музыкалық  редакциясы  мен  мəтіні 
(музыкасының  авторы:  Шəмші  Қалдаяқов,  мəтінінің  авторлары:  Жұмекен 
Нəжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев) аталмыш Конституциялық заңның 3-ба-
бымен бекітіліп, заңның қосымшасында ресімделген.
 ҚР Мемлекеттік туы мен ҚР Мемлекеттік елтаңбасының эталоны ҚР Пре-
зидентінің Резиденциясында сақталады.


81
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
  Бұл  Конституциялық  заңда  ҚР  Мемлекеттік  рəміздеріне  деген  құрметті 
қалыптастыру  жөніндегі  мемлекеттік  органдардың  құзыреті,  т.б.  шаралар 
белгіленген. 
Қазақстандықтар,  сондай-ақ  Республика  аумағында  болғандар  ҚР  М.Р. 
құрметтеуге міндетті (ҚР Конституциясы, 34-бап, 2-тармақ). 
 Азаматкерлік пен патриотизмге, Отанға, Қазақстан Республикасына, де-
ген  сүйіспеншілікке  тəрбиелеу,  ҚР  М.Р.  деген  құрметті  қалыптастыру,  М.Р. 
мəн-мағынасын  түсінідіру  үшін  білім  беру  ұйымдарының  жалпы  білім  бе-
ретін  негізгі  бағдарламаларына  М.Р.  оқытып-үйрету  енгізілген.  Білім  беру 
ұйымдарында арнайы бөлінген орынға Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба 
я оның кескіні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Əнұранының мемлекеттік 
тілдегі мəтіні орналастырылады. 
  М.Р. тиісті лицензиялар арқылы ғана дайындалып шығарылады, ал олар-
ды дайындап шығару мен пайдалану заңнамасын бұзу заңдық жауапкершілік-
ке тартылады.
Біртұтас мемлекет ретіндегі Қазақстанда əкімшілік-аумақтық құрылымдар-
дың  да  өз  нышандары  болуы  мүмкін,  бірақ  олар  жалпыұлттық,  мемлекет-
тік қызметтерді атқара алмайды. Этностық, азаматтық, əкімшілік-аумақтық 
қоғамдастықтардың өз сəйкестендіру рөлін өзіндік этностық жəне жергілікті 
С. атқарады (қар. Мемлекет, Титулды этнос).
МЕМЛЕКЕТТІК  СƏЙКЕСТІЛІК  (лат.  Identicus – тең,  ор. – Государ-
ственная идентичность, ағыл. – identity) – жеке адамның бір мемлекетке, эт-
носқа, тілге, мəдениетке, дінге, əлеуметке, жынысқа, жас ерекшелігіне, кəсіп-
ке, тапқа т.с.с. өзін-өзі бірдейлестіруі, теңестіруі, сəйкестендіруі, өзін соған 
тəн  етуі,  соны  санамен  ұғынуы) – азаматтардың  мемлекетпен  арақатысты-
лығы. 
 Бірдейлесу динамикалық өзгермелі сипатта болады: адам мұны анықтауға 
əрқашан қабілетті бола бермейді («маргиналдық сəйкестілік» болуы мүмкін); 
бір сəйкестілік екінші сəйкестілікпен ауысып жатады (ССРО азаматы болды
–  Қазақстан  азаматы  болып  шықты;  христианин  болды – мұсылман  болып 
шықты); оның үстіне, саяси жəне басқа мақсаттар үшін сəйкестілікпен (мыс., 
этностық жұмылғыштық кезінде, азаматтық қоғамның бірігуі кезінде) айла-
шарғы жасауға, жаңа сəйкестіліктер жасауға, тіпті, «сатуға» да т.с.с. болады. 
Сəйкестілік – жиынтық ұғым, сəйкестіліктің бəрі адам санасында жиын-
тық сəйкестіліктердің мынадай жиынтығын түзеді (мұны сəйкестілік матри-
цасы деп те атайды): азаматтық сəйкестілік, мемлекеттік сəйкестілік, этнос-
тық сəйкестілік, тілдік сəйкестілік т.б.
Жиынтық  сəйкестілік  құрылымында  тірек  болар  жетекші  сəйкестіліктер 
болады (бұған көбінесе тілдік, этностық, жыныстық, отбасылық, жас ерек-
шелігіне байланысты, əлеуметтік, кəсіби, азаматтық сəйкестіліктер жатқызы-


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау