163
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОСТАРЫ
(қысқаша анықтамалық мəліметтер)
(Сүлейменова Э.Д., Садуақасова А.К.,
Шаймерденова Н.Ж., Калмыков С.К.,)
АБАЗИНДЕР, өз атауы – абаза.
Қазақстандағы абазиндер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 64 адам,
2009 жылғы мəліметтер бойынша 27 адам.
Абазин тілі – Қарашай-Черкес Республикасының мемлекеттік тілі; Қа-
зақстан абазиндері этностық тобының экзогенді тілі.
Абазин тілі иберий-кавказ тілдері семьясының абхаз-адыг (батыс кавказ-
дық) тобының абхаз-абазин ішкі тобына жатады.
Дінге сенетіндері – сүннит мұсылмандар.
АБХАЗДАР, өз атауы – апсуа.
Қазақстандағы абхаздар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 185 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 76 адам.
Абхаз тілі – Абхазия Республикасының мемлекеттік тілі, Қазақстан абхаз-
дары этностық тобының экзогенді тілі.
Абхаз тілі иберий-кавказ тілдері семьясының абхаз-адыг (батыс кавказ-
дық) тобына жатады.
Абхаз топтарының діни санасында христиандықтың, исламның жəне жер-
гілікті дəстүрдегі көне нанымның сипаттары бар, елеулі бөлігі дінге бейтарап
қарайды.
АВАРЛАР, өз атауы – маарулал.
Қазақстандағы аварлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1407 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 1228 адам.
Авар тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан авар-
лары этностық тобының экзогенді тілі.
Авар тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағының
авар-цез тобының авар-анд ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін аварлардың басым көпшілігі – шафиқ мазхабындағы сүннит
мұсылмандар.
АВСТРИЯЛЫҚТАР: өз атауы – остеррайхер.
Қазақстандағы австриялықтар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 45
адам, 2009 жылғы мəлімет бойынша 61 адам.
164
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Неміс тілі (неміс тілінің жоғарғы неміс жəне төменгі неміс диалектілері) –
Қазақстан австриялықтары этностық тобының экзогенді тілі.
Неміс тілі – Германияның ресми тілі, Австрияның, Швейцария конфеде-
рациясының, Люксембург ұлы княздігінің, Бельгия Корольдігінің, Бельгия
князьдігінің, Лихтенштейін князьдігінің ресми тілдері; Еуропалық Одақ-
тың 25 ресми тілінің бірі; əлемдік тілдердің қатарына кіреді жəне БҰҰ рес-
ми жұмыс тілінің бірі; туған тілі əр түрлі адамдардың тілдесуі үшін lingua
franca.
Неміс тілі үндіеуропа тілдік семьясы герман тобының батыс германдық
ішкі тобына жатады.
Діни санасы жағынан австриялықтар, Қазақстанның немістері сияқты, ка-
толик, лютеран, қазіргі протестанттық жəне басқа бағыттарды ұстанады.
АҒҰЛДАР, өз атауы– агъул шуй, агъул.
Қазақстандағы ағұлдар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 126 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 94 адам.
Ағұл тілі – Дағыстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ағұл-
дары этностық тобының экзогенді тілі.
Ағұл тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағының
лезгин ішкі тобына жатады.
Дінге сенетін ағұлдар – шафих мазхабындағы сүннит мұсылмандар.
АДЫГЕЙЛІКЕР, өз атауы – адыге.
Қазақстандағы адыгейлер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 130 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 87 адам.
Адыгей тілі – Адыгей Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан ады-
гейлері этностық тобының экзогенді тілі.
Адыгей (кях) тілі иберий-кавказ тілдері семьясының абхаз-адыг (батыс
кавказдық) тобына жатады.
Қазіргі адыгейліктердің көбі, тарап кеткен басқа да адыгтар сияқты, өз-
дерін мұсылманға жатқызады.
ƏЗІРБАЙЖАНДАР, өз атауы – азербайджанлы, азери.
Қазақстандағы əзірбайжандар саны: 1999 жылғы мəліметтер бойынша
78 295 адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 96 179 адам.
Əзірбайжан тілі – Əзірбайжан Республикасының мемлекеттік тілі; Дағыс-
тан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан əзірбайжандары этностық
тобының экзогенді тілі.
Əзірбайжан тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының оңтүстік-батыс
оғыз тармағына кіреді.
Этностық топтың шағын қоныстануы Оңтүстік Қазақстанда 33,04%, Ал-
маты облысында 17,42%, Жамбыл облысында 12,1%. Қазақстан аумағында
165
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
əзірбайжан ұлттық-мəдени бірлестіктері жəне олардың бөлімшелері қалалар
мен аудандарда жұмыс істейді.
Барлық əзірбайжанның тоқсан пайыздайы шейіт мұсылмандарға жатады,
ал сүннит мұсылмандығындағы аздаған əзірбайжандар ханафи мазхабын
ұстанады.
АЛБАНДАР, өз атауы – шкиптар.
Қазақстандағы албандардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 46 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 459 адам. Соңғы жылдары құрылыс жұмыс-
шылары мен олардың отбасыларының есебінен он есе көбейді.
Албан тілі – Албан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан албан-
дары этностық тобының экзогенді тілі.
Албан тілі үндіеуропа тілдері семьясының оқшауланған тіліне жатады.
Діни сенімі жағынан алғанда, Албаниядан келген албандықтар христиан-
дықты (православие, католик) ұстанады, едəуір бөлігі – мұсылмандар. Сер-
бияның Косово автономиясынан шыққан албандықтардың басым көпшілігі
– сүннит мұсылмандар.
АЛЕУТТЕР, өз атауы – алеут.
Қазақстандағы алеуттердің саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 8 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 4 адам.
Алеут тілі – Қазақстан алеуттерінің эндогенді тілі.
Алеут тілі палеоазиаттық тілдері семьясының эскимос-алеут тобына жа-
тады.
Дінге сенетін алеуттер православиені ұстанады.
АЛТАЙЛЫҚТАР, өз атауы – алтай кижи, еск. ойрот.
Қазақстандағы алтайлықтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 462
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 210 адам.
Алтай тілі – Алтай Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан алтай-
лықтары этностық тобының экзогенді тілі.
Алтай тілі – алтай тілдері семьясының түркі тобы шығыс-ғұн тармағының
қырғыз-қыпшақ тобына жатады.
Алтайлықтардың дəстүрлі діні – шамандықты. ХІХ ғасырдың соңында
Алтайға православие миссионерлері келді. ХХ ғасырда алтайлықтардың ара-
сында ламаизмнің бір түрі ретінде бұрқандық кең тарайды. Солай бола тұра
шамандық жолын ұстануға ден қойылады.
АРАБТАР, өз атауы – əл-араб.
Қазақстандағы арабтардың саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 533 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 717 адам.
Достарыңызбен бөлісу: |