Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет77/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   180

161
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
сатысы екенін тауып типологиялық сипаттама беру қиындық келтіруі мүмкін 
(қар. Аккультурация, Ассимиляция, Этнос).
ЭТНОТІЛТАНУ  /ЭТНОЛИНГВИСТИКА/  (грек.  ethnos  халық,  тайпа 
linguistique < lingua тіл, ор. этнолигвистика, ағыл. ethnolinguistics) - ұлт-
тық  Мəдениеттің,  Ділдің  жəне  халық  психологиясын  бейнелеудің  тілдік 
пішіндері мен тəсілдерін зерттейтін тілтанулық бағыт. Э. үшін тіл – ұлттық 
Əлемнің тілдік бейнесін, Тіл мен мəдениеттің қатынасын, сондай-ақ Тілдің 
дамуы мен қолданылуындағы лингвистикалық жəне этностық факторлардың 
ықпалдастығын көрнектеуші құрал. Э. «мəдени антропологиядан» (ХΙХ-ХХ 
ғасырлар, АҚШ) келіп шығады, сондықтан: а) Э-ны кейде Антропологиялық 
лингвистика  немесе  Лингвистикалық  антропология  деп  те  атайды;  ə)  Э. 
бастапқыда  Еуропа  халқынан  айрықша  халықтардың  тілі  мен  мəдениетін 
зерттеуге  бағдарланды;  б)  Тілдік  қабілетке  деген  қызығушылық  Э.  байла-
нысты; в)  Э. проблемалары мен Сепир-Уорф гипотезасының, Неогумбольдт-
шілдіктің  араларында  тығыз  байланыс  бар;  г)  Э.  түрлі  Эксперименттерге, 
Ақпарат  берушілермен  жұмысқа,  сан-мөлшерлік  талдауға  сүйеніп  Түздік 
зерттеулер жүргізіледі (қар. Этностық топ, Этнология, Этнография, Сөй-
леу этнографиясы, Этносоциология, Тілді жоспарлау, Тілдік ахуал).
ЭТНОҰЛТТЫҚ САЯСАТ (ЭТНОСАЯСАТ) (ор. этнонациональная по-
литика (этнополитика), ағыл. ethnic-national politics (ethnopolitics)) – мемле-
кеттің ұлттық саясатының этносаралық қатынастарды реттеуге, үйлестіруге 
ұйғарылған бөлігі. Қоғамдық ғылымдар лексикасында «этносаясат» (мұнан 
ары – Э.) термині шектеулі аяда ғана қолданылады. Мысалы, Ресей Федера-
циясында мұның орнына «ұлттық саясат» ұғымы қолданылады да, мынадай 
мағыналарды қамтиды: ұжымдық жəне дара деңгейлердегі этностық əртүр-
лілікке байланысты істі басқарудың мемлекеттік саясаты, этностық қауымдас-
тықтар  арасындағы  қатынастарды  реттеу  саясаты,  ел  аумағында  я  елдің 
жекелеген өңірінде қоныстанған өкілдері бар мəдениет пен тілдерді қолдау 
мен дамыту саясаты. Ресейдегі Э.с. қозғалыстарының саясаткерлері мен бел-
сенділерінің арасында «ұлттық саясатты» этностық азшылыққа мемлекеттің 
қамқорлық  жасауы  деп  түсінетіндер  аз  кездеспейді.  Мұның  дұрыс  түсінік 
емес екенін «ұлттық саясат» терминінің мəн-мағыналық мазмұны жағынан 
«мемлекеттік  саясат»  терминімен  мəндес  екендігінен-ақ  байқауға  болады. 
Сондықтан  ұлттық  саясат  дегенде  мұны  мемлекеттің  ұлттық,  яғни,  мемле-
кеттік мүдделерді іске асыруға арналған сыртқы жəне ішкі саясаты деп ұға-
мыз. Міне, осы себептен де мемлекеттің ішкі саясатының этностық қауымдас-
тықтарының араларындағы, олар мен мемлекеттің арасындағы қатынастар-
ды  реттейтін  саласын  анықтауға  «этносаясат»  немесе  «этноұлттық  саясат» 
термині анағұрлым дəл келеді. Бұл аталым қазіргі қоғамдық ғылымдарда да 
кеңінен қолданыла бастады.


162
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
  Этноұлттық  саясат  (этносаясат) – ғылымдағы  жаңа  ұғым,  бір  жағынан, 
қазіргі этностарды ішкі саясатқа жəне халықаралық үдерістерге тартуды біл-
дірсе, екінші жағынан, мемлекет, саяси институттар мен партиялар өздерінің 
жұмыстарында  этностық  ерекшеліктердің  факторын  ескеру,  пайдаланудың 
тəсілі əрі қажеттілік болып табылады.
  Этносаясат – этностар,  этностық  топтар  арасындағы  қарым-қатынасты 
реттеу жолындағы қарекет. Бұл саясат тиісті саяси құжаттармен жəне мемле-
кеттің құқықтық кесімдерімен бекітіледі.
Қазақстандық ғалымдар мен сарапшылардың пікірінше, бұл саясат мем-
лекет пен басқа да саяси институттардың этносаралық қатынастарды реттей-
тін  жəне  соған  байланысты  шешімдер  қабылдайтын,  этностық  үдерістерді 
басқаратын  жұмыс  екенін  көрсетіп  отыр.  Осыған  орай,  біріншіден,  ұлттық 
саясаттың  жүзеге  асуын  қамтамасыз  ететін  субъектілердің  құрамы  кеңей-
тілген:  бұған  мемлекет  қана  емес,  басқа  да  саяси  институттар  (партиялар, 
мемлекеттік емес ұйымдар, жергілікіті басқару орындары, діни бірлестіктер 
т.с.с.) тартылған. Екіншіден, этносаясаттың функционалдық (қолданылатын) 
аспектілері нақты айқындалып қойған. Сөйтсе де, қоғамтанушы бірқатар ға-
лымдар, əсіресе этнологтар, этносаясатты мемлекеттің, оның барлық азама-
тының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ететін саясат, сол мемлекеттің ішінде 
де,  халықаралық  деңгейде  де  іске  асырылатын  саясат  деп  есептейді.  Яғни, 
бұл  тұста  ғалымдар  екі  ұғымды – «мемлекет»  пен  «ұлт»  ұғымдарын – са-
бақтастырады. Ғалымдар осыған орай «ұлттық» деген терминдік анықтауыш 
пен оған анықталғыш болатын құбылыстарды мемлекеттің этносаралық қа-
тынастар саласындағы саясатын белгілеуге лайықсыз термин деп түсінеді. 
 Мемлекеттіліктің тиімді жұмсалымы үшін этносаясат адамзат қоғамында
шығып қалатын қақтығыстардың шешімін табудың жолы мен тəсілін анықтау-
дың  стратегиясы  ретіндегі  саясатты  белгілеуге,  қоғамдастықтың  барлық 
мүшелерінің  арасында  қақтығысқан  тараптарды  бітімдестіру  мүмкіндігін 
табуға септесуге тиіс. Өйткені этносаясат – мемлекеттің бүтін саясатының, 
саяси  партиялардың,  ұйымдар  мен  бірлестіктердің  саясатының  бөлігі.  Осы 
саясат этностық (ұлттық) мəселенің, этносаралық қатынастардың дамуының, 
этностардың (яғни, мемлекеттің барлық ұлтының) тілі мен мəдениетінің да-
муының  стратегиялық  бағытын  көрсетеді.  Бұл  бағыттың  арнаулы  ұлттық 
бағдарламалармен  жəне  мемлекет  конституциясының  тиісті  тарауларымен 
бекітілуі бұлжымас қағидаға айналған.
Егер саясат дегеніміз мемлекет істеріне қатысу, саяси қарекеттің түрлерін, 
міндеттерін, типтері мен бағыттарын, сондай-ақ жүзеге асыруға септесетін 
амалдар мен əдістерді, технологиялар мен тетіктерді анықтау дейтін болсақ, 
онда этносаясат – этностар мен этностық топтардың мемлекет істеріне қаты-
суы, соған орай, мемлекеттің этностардың ісіне қатысуы, этностардың тірлі-
гінің тұрақтылығы мен табысты дамуына, олардың мүдделері мен құқықта-
рының  сақталуына  мемлекеттік  кепілдік  беруге  жағдай  жасау  (қар.  Мемле-
кет, Сəйкестілік, Демократия, Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық 
келісімінің қазақстандық үлгісі).


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау