Эссе Тақырыбы: Дүниетану туралы жалпы түсінік Орындаған : Ерлан Мадина Тексерген


Дүниетану теориясы мен әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері



жүктеу 70,96 Kb.
бет2/3
Дата02.03.2023
өлшемі70,96 Kb.
#41567
1   2   3
1-сөж 2 курс

Дүниетану теориясы мен әдістемесі пәнінің ғылыми негіздері

Дүниетануды оқытудың әдістемелік негіздеріне дүниетануды оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері (сөздік, практикалық, көрнекілік т.б.) оқыту нысандары (дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ түрлері, танымжорықтар, т.б.) сабақтан және сыныптан тыс жұмыстар жатады.
Дүниетануды оқып үйренудің мақсаты –адам, қоғам, табиғат яғни реалды дүниенің ірі құрамдас бөлігі туралы балаларға біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу болып табылады. Дүниетануды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің пән мақсатына оқытылатын материалдың көлеміне және балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қалай жүзеге асыруды білу қажет. Болашақ тәрбиешілер, мұғалімдер ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын олардың идеялары мен құрылу принциптерін басшылыққа алуы тиіс.

  1. Дүниетану теориясы мен әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы

«Дүниетану», «Қоршаған орта» пәндері «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш ірі бөліктен (блок) құралады. Бұл айналадағы дүние туралы балада біртұтас көзқарас қалыптастыру және онда адамның орны мен ролін түсінуге көмектеседі. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады, оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек.
Әр блоктың мазмұны сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп үздіксіз оқытылады. Әр блок мазмұнының өзара байланысы адамның еңбек әрекеті және бөлінбес бөлігі ретіндегі табиғатпен, негізгі мүшесі ретінде қоғаммен әрекеттестік қарым-қатынасы туралы білім мазмұны арқылы жүзеге асады.
Пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әртүрлі салаларынан (қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер, т.б.) хабардар ету негізінде дүниені, әлемді, қоршаған ортасын танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе, экспери -мент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Адами құндылықтар бала бойына іс - әрекет барысында беріледі. Өйткені өзгенің басындағыны өз басында өткізгендей етіп қабылдауы баланың болашағын аңғаруына, айналасындағылардың іс - әрекетін түсінуге, ой елегінен өткізіп, сезінуіне ықпал етеді. Тәрбие дегеніміздің өзі де ең алдымен баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу- яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық ететін құлық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз.


Дүниетану сабағында диалектикалық көзқарас қалыптастыру үнемі бірізділікпен, яғни табиғат элементтерінің бір-біріне байланысты құбылыстар сырына үңілу. Дүниетанымдық көзқарас балаларға бірден беріле қоймайды, ол ұзақ, үздіксіз берілетін оқу - тәрбие негізінің жемісі. Мұғалім ең алдымен органикалық дүниені, яғни әлем немесе табиғатты құраушы элемент атауларын, қасиеттерін, ерекшеліктерін және оның орны, пайдасы мен зияндылығы жайлы мағлұмат беруі, олардың байланысы мен болмысы, тіршілік жағдайы, ортасы, өзгерісі, жойылуы немесе басқа түрге өтуі т.б. тіршілік түрлерінен түсінік беру нәтижесінде әлемде, яғни табиғатта үздіксіз, тығыз байланысты құбылыстардың болуы, олардың әсері, осыдан барып органикалық дүниенің эволюциялық даму тарихы шығатынын түсіндіру нәтижесі балада дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуына әкеледі (жай-күрделі, төменнен жоғарыға қарай заңдылығы түсіндіріледі).

жүктеу 70,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау