Есептік сайлау конференциясы өткізілді. Кезектен тыс есептік



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата21.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#15521
1   2   3   4   5   6   7   8

Май  аграрлық-техникалық  колледжі

білім  беру  қызметі  2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік білім беруді дамыту

бағдаралмасында  қойылған  мақсат-

міндеттерді  жетілдіруге  бағытталған.

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру

жүйесіндегі  оқу  мекемесі  қызметінің

негізгі  бағыты    ауылшаруашылық

саласындағы білікті мамандарды даярлау.

Басты  назар  оқу  орнының  әлеуметтік

серіктестіктер  мен  жұмыс  берушілеріне

аударылған.

Кез  келген  ұлттың  байлығы,

негізінен,  адам    ресурстарының

дамуына  байланысты  болады.  Өз

адамдарының  іскерлігін,  дағдысын

және  білімін  дамыта  алмаған  ел,  өз

экономикасын  да  дамыта  алмайды.

Шындығында,  жастарға  білім  беру,

дәлірек айтқанда, кәсіби білім беру -

экономикалық  гүлденуге  апаратын

жол,  озық  технологиялық  жүйенің

кілті,  жұмыссыздықпен  күресу

құралы,  әлеуметтік  теңдіктің  негізі

болып табылады.

Колледждің 

әлеуметтік

серіктестіктері  қызметінің  негізгі

бағыттары  өндірістік  тәжірибені

әлеуметтік 

серіктестіктер

кәсіпорындарында  өту,  түлектердің

келешек жұмысқа орналасулары үшін

әлеуметтік 

серіктестіктердің

қатысуымен  дөңгелек  үстелдер,

конференциялар  өткізу,  кәсіптік

қызығушылыққа  дағдыландыру

мақсатында 

тәжірибені

қызметкерлермен, 

әлеуметтік

серіктестіктермен  кездесулер өткізу,

қорытынды 

аттестациялық

комиссияның төрағасы  ретінде  колледж

оқушыларының 

қорытынды

аттестациясына  қатыстыру  болып

табылады.

Май аграрлық-техникалық колледжінің

студенттері  оқу  процесінде  жергілікті

шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмыс

орындарына  экскурсия  жасайды.  Атап

айтқанда,  ЖШС  «Ақжар-Өндіріс»

агрофирмасының  «Консерві  цехына»,

«Дарабаев»  ЖК-нің  техникалық  қызмет

көрсету орталығының және  «Баймұрынов

А» 

ЖК-нің 


жаңадан 

ашылған


наубайханасының  тыныс-тіршілігімен

танысып,  өндіріс  басшылары  мен

мамандары атқарылып жатқан істері мен

қол  жеткізген  жетістіктері  жайлы  және

мемлекеттік  сертификациядан  өтілген

өнімдеріне Республика бойынша сұраныс

барын айтып,  өз ойларын ортаға салды.

Қазақстан 

Республикасының

Президенті,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өз

жолдауында:  «Ауылшаруашылығын,

әсіресе,  ауылшаруашылық  өніміне  өсіп

отырған жаһандық сұраныс жағдайында

ауқымды  жаңғырту  қажет.  Отандық

кәсіпкерлік жаңа  экономикалық бағыттың

қозғаушы  күші  болып  табылады.

Сондықтан да, шағын және орта бизнестің

экономикадағы  үлесі  2030  жылға  қарай

ең  аз  дегенде  2  есе  өсуге  тиіс»,  -  деген

болатын.  Осы  орайда  соңғы  жылдары

аудан кәсіпкерлеріне ерекше көңіл бөлініп,

агроөнеркәсіп  кешенінде  ілгерілеушілік

байқалуда. Бұл ретте колледж студентері

экскурсия  барысында  жоғарыда аталған

өндірістердің  де  жаңаша  серпінмен

іскерлік  танытып  жатқандарына  куә

болды.

Қазіргі таңда білімді, жаңаша ойлайтын,



жаңа  технологияларды  меңгерген  жас

жұмысшы  кадрлардың  керек  екендігіне

барлық кәсіпорын басшылары үлкен көңіл

аударып  отыр.    Бұндай  жағдайларда

кәсіптік мектеп, жұмыс берушілер және

еңбекпен қамтамасыз ету  орындарының

арасындағы  қатынастардың  жаңа

жүйелерінің қалыптасу мәселесі маңызды

болуда. Өйткені еңбек нарығы мен білім

беру қызметі нарығы өзара байланысты.

Кәсіптік  білім  беру  осы  саладағы

әлеуметтік    серіктестіктермен  тығыз

қарым –қатынас нәтижесінде ғана болашақ

мамандардың 

жұмыспен 

толық


қамтылуына ықпал ете алады. Әлеуметтік

серіктестіктермен  ең  алғашқы  диалог

оқушылардың кәсіптік практикадан өтуі

кезеңінен басталады. Кәсіби даярлық білім

алушының  мамандығының    бейініне

сәйкес 


келетін 

ұйымдарда

(кәсіпорындарда,  мекемелерде)  өткізіледі,

осы кезеңде жұмыс беруші ұйымдармен

әлеуметтік  серіктестік  туралы  келісім-

шарттар  жасалады.  Заман  талабына  сай

маман дайындауда әлеуметтік әріптестік

пен  жұмыс  берушілердің  өзара  тығыз

байланысы өте маңызды. Саналы ұрпаққа

сапалы білім беру - әр ұстаздың көзделген

мақсаты дейтін болсақ, оны іске асыруға

кәсіптік  білім  берудің  орны  ерекше.

Теориялық 

білімді 


тәжірибемен

ұштастырудың рөлі де зор,  бұл бағытта

жүргізген  жұмыстарымыздың  нәтижесі

қазір анық көрініп отыр.

Өндірістік практиканы жоғары деңгейде

өткізу  үшін  біздің  колледж    аудандағы

мекеме басшыларымен, яғни   «Ағайын»

ШҚ, «Ақылбек» ШҚ, «Со-Пут» ШҚ, ЖК

«Нуров»,    «Қаныш»  ШҚ,  ЖШС

Агрофирма  «Ақжар  өндіріс»,  МРЭС,

ДЭУ-85, КМҚК «Майсервис», «Қарабай»

ШҚ,  «Дорди»  ШҚ  сияқты  т.б

мекемелермен тығыз байланыста жұмыс

істеп  жүр.  Соның  дәлелі  –  оқу  бітірген

жас мамандардың жұмыссыз жатқаны жоқ,

айта кетсек, кәсіби практиканы өтіп жүрген

уақыттарында өз білімдерімен, жақсы бір

тәртіптерімен көзге түсіп, алғыс хатқа ие

болып жүрген оқушылар саны да жылда -

жылда кездесіп отырады. Соңғы кезде бұл

өзара 

әрекеттестіктің 



сапалық

бағыттылығы бар, әрі колледж ұжымы да

бұған бар күш-жігерін салып жатыр.

Колледж  және  аудандық  кәсіпкерлер

палатасы 

арасында 

«Өзара

ынтымақтастық»  туралы  келісім-шарт



жасалып, өзара біріге іс-әрекет атқаруда.

Атап  айтқанда,  кәсіпкерлер  палатасы

колледж  бен  аудан  кәсіпкерлері

арасындағы 

байланысшы 

болып,


студенттерімен  кездесулер  өткізіп,

колледждің  үгіт-насихат  жұмыстарына

белсене араласуда.

Жылдан-жылға мектептің материалдық-

техникалық базасы жаңартылып нығаюда.

Жоғарыда  көрсетілген  мамандықтарды

оқытуда  материалдық  техникалық

базасында  екі қабатты бір оқу корпусы,

оның ішінде 9 пән бөлмелері, екі тәжірибе

лабораториясы,  3  шеберхана,  кітапхана,

280 кв.м спорт залы, 150 орынды асханасы

жұмыс істейді.

Колледж  студенттері  бір  мезгіл  тегін

түскі аспен қамтылып, жақсы және үздік

студенттер  13406  теңге  көлемінде

шәкіртақы  алады.    Еліміздің  өз  алдына

Тәуелсіз мемлекет болуымен, осы заманғы

білім беру және білікті кадрлар  даярлау

жүйесін  дамыту  бағытында    жылдан  –

жылға  мектептің  материалдық  –

техникалық  базасына  көп  көңіл  бөлініп

отыр.


2013  жылы  11  млн.  теңгеге  заман

талабына сай пластикалық есік-терезелер

орнатылды. Осы жылы 6,600 теңгеге бу

қазандықтары жаңадан ауыстырылды.

2014  жылы  1  млн  теңгеге  колледж

ауласы  маңына  брусчатка  кірпіші

төселініп, әрленді.

Ауданның  беделді  жеке  кәсіпкері,

аудандық    мәслихат  депутаты  Ж.Нуров

колледж  студенттерінің  оқу-тәжірибе

жұмыстарының    оқу  бағдарламасына

сәйкес  толыққанды  өту  мақсатында

колледжге  ақысыз, тегін ДТ -75  маркалы

шынжыр-табанды  тракторын  сыйға

тартты.

2015  жылы  жертөленің  үй-жайының



күрделі  жөндеуден  өтуіне  облыстық

бюджеттен  3  млн  теңге  мөлшерінде

қаражат бөлінді.

Ағымдағы жылы көмек ретінде ауылдық

жерден келіп оқитын колледж студенттері

20  орынды  жатақханамен  қамтамасыз

етілді. Аталған жатақхананы жабдықтау

үшін және ағымдағы жөндеу жұмыстарына

Павлодар 

облысы 


білім 

беру


басқармасының қолдауымен 2 млн теңге

көлемінде  қаражат бөлінді.

Колледждің материалдық-техникалық

базасы нормативтік-құқықтық талаптарға

сәйкес келіп, сабақты жүргізуге мүмкіндік

береді.


Оқыту  қазақ  тілінде  жүргізіледі.

Сабақтан  бос  уақытта  оқушылар

шығармашылық 

әуесқойлық

үйірмелерінде,  спорттық  секцияларда,

қызығушылықтары  бойынша  түрлі

клубтарда өз бетінше айналысады. Жаңа

жұмыс  талаптарына  сай  оқытушы  мен

өндірістік  оқыту  шеберлерінің  рөлі

өзгерген, 

білімді 

таратушы,

тасымалдаушының  орнына,  ол  жоғары

құзыреттілікті  кеңесшіге,  оқушының

көмекшісіне айналған, ал оқушылар оқу

үрдісінің басты тұлғасы болып табылады.

Білім  беру  11  штаттық  оқытушылар

арқылы жүргізіледі. Олардың 3 –уі жоғары

және  5-уі  бірінші  санатты  мамандар.

Білімді  реформалау  талаптарына  сәйкес

оқытушылардың  біліктерін  арттыру

мәселесіне 

көп  көңіл 

бөлінеді.

Оқытушылар Павлодар қаласы білім беру

жүйесіндегі  кадрлардың  біліктілігін

арттыру  «Өрлеу» АҚ және қайта даярлау

Институтының ұйымдастыруымен өтетін

біліктілікті  арттыру  курстарынан  ұдайы

Өзіндік тарихы мен дәстүрі

қалыптасқан  колледж

Соңғы он жылдан астам уақыт ішінде

Қазақстан Республикасында  сақтандыру

қызмет  нарығының  қалыптасуына  көп

жұмыс  атқарылды.    Жеделдетілген

қарқынмен  ұлттық сақтандыру  нарықтың

заманауи 

инфақұрылымдары

ұйымдастырылды  -  нарықтық  төлемнің

кепілді  қоры      құрылып,  міндетті

сақтандыру тізімі кеңейтілді,  экспортты

сақтандыру  жөнінде  мемлекеттік  одақ

құрылды.

Қаржы нарықтық қызметінің қарқынды

дамуы    қатысушылардың    мүліктік

мүдделерін  қамтамасыз ететін  азаматтық

айналымда қолданысты қамтамасыз етеді.

Бұл  қамтамасыз  ету    зиян    келген

тұлғаларға,    сонымен  қатар      зиянды

орнын толтыратындарға да  өзекті болып

табылады,  өйткені  ол  зиянды  қайта

толтыру қызметін атқару кезінде мүліктік

шығынға  тап  болады.  Әсіресе    соңғы

жылдары  бұл    байланыстағы,  осындай

қамтамасыз  ету  механизміне,  яғни

жауапкершілікті  сақтандыруға  жоғары

назар аудартылды.

Сот  қорғанысы  зиянды  қайта

қалыптастыру 

құқығын


кепілдеуге,сақтандырылғанның өміріне, не

болмаса денсаулығына   тигізген зиянғаең

тиімді 

болғандықтан, 



құқықтық

мұрагерлік тәжірибе сотта біркелкі және

заңнаманың  барлық  талаптарына  сай

болуы қажет.

Сот тәжірибесіне бағыттайтын сондай

бір  тұспалдың  бірі,  ҚР  Жоғарғы  Сот

қаулысының  норма түсінігі «Соттардың

моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы

қолдануы 

туралы»,«Соттардың

денсаулыққа  келтірілген  зиянды  өтеу

жөніндегі 

Республика 

заңдарын


қолданудың кейбір мәселелері туралы».

Берілген  қаулыны  дайындау  кезінде

зерттеуге,  анализге  және  соттардың  іс

қарастыру, азамат денсаулығына немесе

өміріне  тиген  зиянды  қайта  толтыру

пікіріне  байланысты    тәжірибесіне,

сонымен  қатар  сотта  пайда  болған

мәселелер  мен  сұрақтарды  заңнамада

қолдану  нормасына  байланысты    үлкен

жұмыс  атқарылды.  2005жылғы  7

ақпандағы  «Еңбек (қызмет) міндеттерiн

атқару  кезiнде  қызметкердің  өмiрi  мен

денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс

берушінің  жауапкершілiгiн  міндеттi

сақтандыру 

туралы» 


Қазақстан

Республикасы 

Заңының 

жобасы


туралызаңнамасының 

негізінде

міндеттерiн атқару кезiнде қызметкердің

өмiрi мен  денсаулығына зиян  келтiргенi

үшін жұмыс берушінің жауапкершілiгiн

міндеттi  түрде  сақтандыруы  қажет.  ҚР

еңбек  кодексінің  164б.  сәйкес,    жұмыс

беруші қызмет міндеттерiн атқару кезiнде

қызметкердің өмiрi мен денсаулығына зиян

келтiргенi үшін зиянды сол көлемінде қайта

орнын  толтыруы  міндет.  ҚР  еңбек

кодексінің  1  бөлімінің  164  б.  сай,

жұмыскерде сақтандыру төлемі болмаған

жағдайда,зиян 

толық 

мөлшерде


толтырылады,  ал  сақтандыру  төлемі

болған  жағдайда,  жұмыс  беруші

жұмыскердің  сақтандыру  соммасы мен

зиян  мөлшеріндегі  айырмашылығын

төлейді.

ҚР АК 820 б. сай сақтандыру төлемі -

сақтандырушымен  сақтандырушыға

сақтандыру    жағдайы  түскенде  немесе

мерзімі  жеткенде  сақтандыру  соммасы

төленетін ақша соммасы болып табылады.

Бұл  келсімдегі  жинақтау  сақтандыруды

айқындайды.  Белгіленген    дәрежені

қарастыру  тәжірибесін    зерттеу,  өмірге

Сақтандыру мәселелері

жөніндегі заңнаманы соттар

тәжірибесінде қолдану

Заңнама  нормалары  мен  еңбек

туралы  заңнамамен  ұқсастығы

зиян келгенде, қызметкердің жұмыс міндеті

бойынша тиген зиян кезінде көрсетіледі.

Егер сақтандырушы Келісім талаптарын

орындаған  жағдайда,  осындай  пікірлер

шеттен  тыс  шығарылуы  әбден  мүмкін

болушы еді. Осыған сай  сақтандырушы

міндетті түрде сақтандыру жайттарының

Өкілетті  өкілдерімен  бірге  зерттеумен

қамтамасыз етуі қажет. Осы талап ҚР еңбек

кодексінің  5  б.  324  б.  мазмұндалған,

осыған сай жұмыскермен сәйкес келісім

қатынастарына  ие  болушы  сақтандыру

мекемесінің басшысы комиссия жұмысы

құқығына қатыса алады.

Сақтандыру 

кәсіпорындарымен

келісімге отырған соң,  жұмыс берушілер

байқаусыз  кезеңдерді  зерттеу  кезінде

өндірісте сақтандыру кәсіпорындарының

басшыларын қатыстырмайды.

ҚР  Р  «Еңбек  (қызмет)  міндеттерiн

атқару  кезiнде  қызметкердің  өмiрi  мен

денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс

берушінің  жауапкершілiгiн  міндеттi

сақтандыру  туралы»  1п.1б.  9  с.  сай

сақтандырушы сақтандыру оқиғаларынын

зерттеуіне қатыса алатын құқығы бар.

Заңнаманың 

5б.2 


б.8б, 

сай


сақтандырушының міндетіне сақтанушы

Өкілетті өкілдердің қатысуымен кезеңдер

уақытын зерттеуді қамтамасыз ету кіреді.

Сақтандыруды 

Қазақстанның

экономикалық  стратегиялық  секторы

ретінде  қарастыру  қажет,    нарықтың

өзгеруі  процессі  мен    рөлі  әрдайым

күшейіп  отырады.  Нарықтық  адами

шаруашыл тәуелсіз экономиканың дамуы,

экономикалық  қатынаста  қолданысты

қажет етеді.

Өз кезеңіндегі нарық  қалпы болашақта

дамытуды  және  сақтандыру  ісінің

модернизациясын, 

оның 


әлемдік

көзқарасқа икемделуін талап етеді.Бұл ең

алдымен  заңнамалық  және  ақпараттық

негіздің  жетілмегендігіне,  сақтандыру

қатысты  саласындағы  методологиялық

жетілдіруге,  сонымен  қатар  сақтандыру

қорғанысына,  нарықтық  экономиканың

парапар талаптарына қатысты.

Еңбек  (қызмет)  міндеттерiн  атқару

кезiнде  қызметкердің  өмiрi  мен

денсаулығына зиян келтiргенi үшін жұмыс

берушінің  жауапкершілiгiн  міндеттi

сақтандыру 

туралы 


келісімін

қорытындылап, 

Сақтандыру

кәсіпорындары  жұмыскердің  жұмыс

орнын  тексеруге,    қауіптің  дәрежесін

дұрыс  анықтауға,  сәйкессіздікті  байқап,

сақтандыру соммасының мөлшерінің қауіп

шамасы  асу  қатері,  кәсіптегі  жағымсыз

оқиғадан    көптеген      сыйлар  сақтау

құзыреттілігі болушы еді, өйткені  жұмыс

беруші жайтты жоюға іс-шара жасайды.

Сақтандыру  кәсіпорындары  қауіптің

дәрежесін анықтау,  сақтандыру кезіндегі

кәсіпорынға тиетін зиянды қалыптастыру

жөнінде  түсіндіру  жұмыстарымен

айналыспайды.

Еңбек  (қызмет)  міндеттерiн  атқару

кезiнде  қызметкердің  өмiрi  мен

денсаулығына  зиянды  қалыптастыру

жөніндегі пікірлерді қарастыру кезінде,  сот

аз уақыт ішінде барлық заңнамаға сәйкес

іс-  шараларды  іске  асыруға  ұмтылады.

Еңбек (қызмет) міндеттерiн атқару кезiнде

қызметкердің  өмiрi  мен  денсаулығына

зиянды  қалыптастыру  құқығын  бұзу

кезінде, сот жеке анықтама шығару ісімен

айналысады.

Е.Қ.Құсайынов,

Павлодар  қалалық

сотының  судьясы.

өтіп тұрады.

Оқу 

 

үрдісінде 



жаңа 

оқу


технологияларын тиімді пайдалана алатын

мультимедиялық техника және тағы басқа

да  әдіс-тәсілдер  қолданылады.  Сабақта

оқытушылар  оқушының өз  бетінше  оқу

дағдысын  қалыптастыруға  бейімделген,

дәстүрлі 

оқыту 

әдістерімен



ұштастырылған 

модульдік

технологияларды,  дамыту  ойындарын,

сын тұрғысынан ойлау технологияларын

қолданады.

Егеменді еліміздің тірегі – білімді

ұрпақ  болғандықтан,    Тәуелсіз

Қазақстанды  әлемдегі  алдыңғы

қатарлы елдермен терезесі тең іргелі

мемлекетке  айналдыру,  әлемдік

дәрежеге  көтеру  бүгінгі  оқу

орындарындағы тәрбиеленіп жүрген

жастардың үлесіне тиетіні анық дей

келе, біздің мектеп оқушыларының

табыстарын  айта  кетсек;  «Фермер

шаруашылығы»    мамандығы

бойынша  Ф-31  тобының  оқушысы

Мухатаев  Азамат    (өндірістік  оқу

шебері  Ахмедиев  Ж.И.)  облыстық

«Үздік  маман»  байқауында  III

орынға,  Павлодар облысы әкімінің

қолдауымен  өткізілген  жастар

арасындағы  байқауда  «Әлеуметтік

маңызы  бар  қоғамдық  жұмыстар»

номинациясы  бойынша І  –ші  орын

үшін  диплом  мен    бағалы  сыйлық

ноутбукті иеленді.

Ұлы  Отан  соғысы  Жеңісінің  70

жылдығына орай Павлодар облысы

ауылдық  колледждер  арасында

әскери-қолданбалы спорт түрлерінен

өткен жарыста колледж командасы ІІІ

–ші  орынға  ие  болды  (Қуанышев  С.Т.).

Аудандық білім беру бөлімі тарапынан

өткізілген  «Жас  батыр»  әскери-

қолданбалы  жарысында  колледж

командасы  ІІ-ші  орынға  ие  болды

(Ахметжанов  Б.Қ.).

«Инфоурок»  жобасымен  физика  пәні

бойынша  халықаралық  қашықтықтан

оқыту  олимпиадасында  І-ші  және  ІІ-ші

орынды 


иеленгендер: 

Тлеубеков

Батырбек, Тұрархан  Бақытгүл, Груздова

Татьяна,  Газизов  Диас,  Жеңісхан

Нұрболат, Тлеубеков Абай, Адай Дәулет,

Яценко Айдын.

«Инфоурок»  жобасымен  математика

пәні бойынша халықаралық қашықтықтан

оқыту  олимпиадасында  І-ші  және  ІІ-ші

орынды  иеленгендер:  Газизов  Диас,

Тұрархан Бақытгүл, Жеңісхан Нұрболат,

Мұқашев  Нығмет,  Шакиров  Қазбек,

Саденов  Қайсар,  Яценко  Айдын,  Адай

Дәулет.


Салауатты  өмір  салты  төңірегінде

өткізіліп  отыратын  шараларда  КМ

оқушыларының  үлесі  зор  деп  айтуға

болады.  Мухаметжан Айболат Ұлы Отан

Жеңістің  70  жылдығына  арналған

президенттік  көпсайыс  және  қысқы

көпжарыстан аудан және облыс көлемінде

І-ші орын иегері.

Аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің

«Армандастар»  жастар  орталығының

мұрындық болуымен «Көңілді мәре» атты

спорттық  сайысында  колледждің

«Сұңқар»  тобы  3  орынды  иеленді.

Колледж  студенті  үстіміздегі  жылда

Қазақстан  халықтар  Ассамблеясына  20

жыл  толуына  арналған  аудандық  жеңіл

атлетикадан жеңімпаз атанды.

Елімізді көгалдандырудың «Жасыл ел »

бағдарламасы 

бойынша 


колледж

оқушыларының  құрамынан 8 студенттен

құрылған, экологиялық отряд сап түзеп,

аудан 


бойынша 

бағдарламаның

орындалуына  атсалысты.  Аудандағы

Қаныш Сатпаев атындағы скверде колледж

студенттері  уақытында  барып  тазалық

жұмыстарын атқарып тұрады. Бұл да бір

патриоттық тәрбиенің негізі.

Студенттердің  ой  -  өрісін,  дүние

танымын кеңейту, сөздік қорын молайту

мақсатында жүргізілетін «Ана тілі – Арың

бұл» 

атты 


үйірме 

жұмысының

қорытындылары  көз  алдымызда.  Ол

аудандағы Мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің  ұйымдастыруымен  өтіп

отыратын «Мемлекеттік тіл – менің тілім»

атты басқа ұлт балалары арасында өтетін

байқауларда  мектеп  оқушылары  жақсы

білімдерін  көрсетіп  жүр:  Жанат  Ерке,

Жеңісхан  Нұрболат,  Мұхаметжан

Айболат, Мухатаев Азамат.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап

10 

айлық 


мерзім 

уақытында

«Ауылшаруашылығы 

өндірісінің

тракторист-машинисі» 

мамандығы

бойынша  аудандық  жұмыспен  қамту

орталығымен келісім-шартқа отырып, 10

адам диплом алып шықты.

Аудандық әлеуметтік және жұмыспен

қамтамасыз ету бөлімімен берлесе отыра

жұмыссыздардың жаңа мамандық алуына

байланысты  көптеген    мамандықтар

бойынша  әр түрлі курстарда  2015 жылы

«ВС» 

категориялы 



автомобиль

жүргізушісі мамандығы бойынша 10 адам

қайта даярлаудан өтіп, куәлікке ие болды.

Жаңа оқу жылында колледж алдында

қойылған 

мақсаттар 

ойдағыдай

орындалатынына сенімдіміз.



Қ.Кәрімов,

Май  аграрлық-техникалық

колледжінің  басшысы,  аудандық

мәслихат  депутаты.

Май  аудандық  сотына  сотталған

азаматша  Б.,14.01.2014  ж.  Екібастұз

қалалық  сотының    үкімімен  ҚР  ҚК-ң

24  бабы  3  бөлігі-178  бабы  2  бөлігі

«а,в»  тармағы  бойынша  үш  жыл  бас

бостандығынан  шектеу  жазасын

өтеуден  мерзімінен  бұрын  босату

туралы  ұсыныспен  жүгінген,  оны

келесідей  негіздеген  ол  жалпы  жаза

мерзімінің  ?  бөлігін  өтеген,  сондықтан

да  бұл  жазаны  өтеуден  мерзімінен

бұрын босатуға негіз болып табылады.

Павлодар  облысы  бойынша  ҚАИ

комитет басқармасының Май аудандық

қылмыстық-атқару  инспекциясының

инспекторы  С.Г.Бейсембаев  азаматша

Сотталғанның  тағайындалған

жазаны өтеуден мерзімінен

бұрын босату туралы

ұсынысы қанағаттандырылды

Б.-ң  ұсынысын  қолдап  және  оны

қанағаттандыруды  сұраған.

Сот  іске  қатысушылардың  пікірін

тыңдап,  сонымен  қатар  прокурордың

ұсынысты  қанағаттандыруды  қажет

деген қорытындыларын тыңдап, себебі

ол  түзелу  жолына  тұрған,  үш

жасөспірім бала тәрбиелейді, жағымды

мінезделеді.

Сот  қаулысымен  азаматша  Б.-ның

бас  бостандығынан  шектеу  жазасын

өтеуден  мерзімінен  бұрын  босату

туралы 


 

ұсынысы 


толық

қанағаттандырылды.



Аудандық  соттың

баспасөз  қызметі.

PDF created with pdfFactory Pro trial version 

www.pdffactory.com



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау