Есеп және аудит мамандығы бойынша сырттай білім алатын студенттерге арналған


Инвестиция терминімен байланысты көрсеткіштер



жүктеу 1,18 Mb.
бет6/8
Дата14.11.2017
өлшемі1,18 Mb.
#260
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Инвестиция терминімен байланысты көрсеткіштер

Таза келтірілген пайда (NPV) – инвестицияның бастапқы шығымын алғандағы келешектегі ақша кірісінің бағасы.

Шығындардың келтірілген индексі (PVI) – ақша ағымының пайдалы уақытының есептей отырғандағы «пайда-инвестицияның» арақатынасы.

Ішкі пайданың ставкасы - (IRR)- дисконтирліктің коэфициенті, ондағы NPV тең 0-ге.

Келешектегі инвестиция салымдарының пайда бағасы келесі формула арқылы есептелінеді:

FV =(1+i)n* PV

FV - келешектегі инвестиция салымдарының пайдасының бағасы;

PV – келтірілген баға;

і – банк пайызының сатысы;

n – инвестицияның келетін пайданың келешектегі кезеңдері.

Бұдан: келтірілген баға мына фомуламен анықталады:

PV= FV/(1+i)n

Пайыздық және есептік ставка келесі формула арқылы анықталады:

rt=(FV-PV)/FV

rt – пайыздық ставка.

dt=(FV-RV)/FV

dt – есептік ставка.

Таза келтірілген баға есептеледі:

NPV=(SFV/(1+i)nі)

FV – 1-ші жылдағы жобаға түскен қаражат;

Сі – инвестицияның алғашқы шығындары.
Пайда ішкі ставкасы (IRR) инвестицияның тиімділігін бағалау үшін қолданылады:

IRR= і, мұндағы NPV=¦(і)=0



  1. Егер IRR>СС, онда жоба қабылданады;

  2. Егер IRR <СС, онда жоба қабылданбайды;

  3. Егер IRR=СС, онда кез-келген шешім қабылданады.

СС – капитал бағасы немесе сәйкес қаржы көзі.

Инвестицияның тиімділігін бағалау үшін келтірілген шығым индексі және қайтарылу мерзімі қолданылады:

PVI=(SРV/(1+i)nі)

PVI – келтірілген шығым индексі.

ТО= Сі/(SFV/(1+i)n3

ТО – инвестицияның қайтарылу мерзімі.


3. Әлеуметтік сақтандыру

«Әлеуметтік сақтаныруға бөлінетін қаржы»—белгіленген нормалар бойынша еңбекке ақы төлеу шығындарынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға бөлінетін, өнімнің, жұмыс пен қызметтін өзіндік құнына енгізілетін қаржылар.

«Негізгі қорлардың амортизациялық қаржылары»—өндірістік негізгі құралдар бойынша, олардың бастапқы құнын негіэге ала отырып, белгіленген нормалармен есептеп шығарылатын амортизациялық қаржылар.

«Басқа да шығындар»— қызметкерлердің іссапарына және орын ауыстыруына жұмсалатын шығындар, жалдау ақысы, сақтандыру төлемдері, салықтар мен алымдар, байланыс, есептеу орталықтары қызметіне төленетін ақы және басқалар.

Негізгі салалар өнімінің өзіндік құнын есептеу алдындағы дайындық жұмыстары. Өнімнің өзіндік құнын анықтай бастағанға дейін тасымал-дайындау шығындарының сомасын немесе өндіріске жұмсалған товарлы-материалдық бағалы заттардың нақты өзіндік құнының есептегі баға бойынша алынған құнынан ауытқуын ( + , —) тиісті счеттарға шығару қажет. Сонан соң 8110-счеттың 1-субсчетына ашылған жекелеген талдау счеттарында ескерілген, суландыру, құрғату және егістікті қорғайтын өсімдіктерді күту жөніндегі шығындар белгіленген тәртіппен есептен шығарылады. Суландыру жөніндегі шығындар — тиісті дақылдар бойынша есептелген суармалы гектарлар санына пропорциялы түрде жекелеген баптар бойынша тиісті шартты және тұрақты суландырылатын дақылдарға; құрғату жөніндегі шығындар— шығындардың жекелеген баптары бойынша оларды егіс көлеміне пропорциялы түрде бөлу жолымен тиісті дақылдарға; алынған өнім құнын шегеріп тастағандағы егістік қорғайтын өсімдіктерді күту жөніндегі шығындар — осы өсімдіктер ықпал ететін жер алаптарына пропорциялы түрде дакылдар мен аяқталмаған өндіріске жатқызылады. Омарта шаруашылығының дақылдарды тозаңдандыру жағына жатқызылады. Омарта шаруашылығының шығындары дақылдарды тозаңдандыру жағына жататын бөлігінің шығындары, сондай-ақ тұзды топыраққа белгіленген мөлшерде әк және гипс беру жөніндегі шығындар тиісті дақылдар счеттарына аударылады.

Есеп беріліп отырған жылдың өндірісіне қатысты шығындар 31-счеттың есебінен шығарылуға тиіс. Сонан соң 8410 және 8400-операциялық счеттар жабылады, оларда есептелген сомалар белгіленген тәртіппен (8110-счеттың дебеті) дақылдарға, жануарлардың түліктері мен топтарына (жалгерлік ұжымдар) ауыстырылады. 8310-счет бойынша шығындар негізгі тұтынушылар үшін орындалған жұмыс көлемін негізге ала отырып есептен шығарылады {8110, 8310-счеттардың дебеті).



Дақылдар қуаңшылықтан, жылудың жеткіліксіздігінен, ылғалдың көптігінен және басқа да дүлей апаттардан құрып кетіп немесе зақымданып, шаруашылыққа нұқсан келтірілген ретте ол 8110-счеттан 5410-счеттың дебетіне аударылады. Өнімге және аяқталмаған өндіріске жатқыэылатын өндіріс шығындары анықталып, аяқталмаған өндіріс түгендеу тіэімімен қуатталуға тиіс. Негізгі өнімнің жалпы түсімінің өзіндік құны оны өндіруге жұмсалған шығын сомасымен анықталады. Өсімдік шаруашылығы өнімін сорттау мен кептіруге жасалған актілер негізінде өңдеу кезіндегі ысыраптың мөлшері мен құны («өлі» қалдықтар, кеуіп қалғанда) анықталады, олар 1310 және 1320-счетттардың дебеті, 8110-счеттағы 1-субсчеттың кредиті бойынша «қызыл сторно» әдісімен жазылады. Өнімнің салмағы ұқсатылғаннан кейін оның өзіндік құнын есептеп шығару үшін пайдаланады. Жалгерлік жағдайында мұндай жазулар қажет болмайды, өйткені, жалгерлер шаруашылыққа өнімді ұқсатылғаннан кейінгі салмағымен сатады.
4 Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы сақтандыру

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары «Өнім шығару (жұмыс, қызмет) деген 37-счетты пайдалана алатынын ескеру керек. Бұл счетты қолдану есеп беріліп отырған кезең ішінде өндірілген өнім, істелген жұмыс және көрсетілген қызмет туралы екі бағамен: жоспарлы (нормативтік) және нақты өзіндік құны бойынша қорытылған ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл счет қажет болған жағдайда қолданылады. 37-счеттың дебеті бойынша өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтің нақты өндірістік өзіндік құны көрсетіліп, ол 8110, 8310 -счеттардың есебінен шығарылады. 37-счеттың кредиті бойынша өндірілген өнімінің, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтің жоспарлы (нормативтік) өзіндік құны бейнеленіп, 1310, 2520, 1320, 7110 және басқа счеттардың дебеті бойынша жазылады.



Кредит және дебет айналымдарын 37-счет бойынша салыстыра келіп, есеп беріліп отырған кезенде (айда, жылда) өндірілген өнім, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызмет нәтижелерін сипаттайтын айырманы алуға болады. Үнем (37-счет бойынша кредит айналымы дебет айналымынан көбірек) 37-счеттың кредиті және 7110-счеттың дебеті бойынша «қызыл сторно» әдісімен жазылады.

Артық жасалған шығын (37-счет бойынша дебет айналымы кредит айналымынан көбірек) 37-счеттың кредиті және 7110-счеттың дебеті бойынша қосымша (дағдылы) жазумен жазылады.

37-счетты қолдану өндірістік өзіндік құн есебін тәртіпке келтіреді, шығындардың қалыптасуына бақылау жасауды күшейтуге мүмкіндік береді, шығындарға оперативті талдау жасау жақсарады. Өндіріс есебін осы әдіспен ұйымдастыру оны бүкіл өркениетті дүниеде қолданылатын «стандарткост» өндірістік есебі жүйесіне жақындата түседі.


Әдебиет: 7,12 және 13.
Бақылау сұрақтары:

  1. Инвестиция дегеніміз не?

2. Инвестициямен байланысты көрсеткіштерге не жатады?

3. Инвестиция көлемін анықтау үшін қандай формула қолданылады?



  1. Сақтандыру дегеніміз не?

  2. Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы сақтандырудың ерекшелгі қандай?

  3. Ауылшаруашылық кәсіпорындағы сақтандырумен байланысты жазбалар.


5 ТАҚЫРЫП

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ШЫҒЫНДАРЫ

МЕН ШЫҒЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

Мақсаты: ауылшаруашылық өндірісіндегі ерекшеліктерімен танысу, білу.

Жоспар:

  1. Өсімдік шаруашылығы

  2. Жалгерлік қатынастар

  3. Есеп объектілері жөніндегі шығындардың талдау есебі

  4. Басқа да шығындар

1. Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы — ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі салаларының бірі, ол егін шаруашылығын, көкөніс шаруашылығын, жеміс шаруашылығын, жүзім шаруашылығын, гүл шаруашылығын, жайылым шаруашылығын, орман шаруашылығын қамтиды.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығындары мен шығымдары өндіріс салалары, есеп объектілері және шығын баптары бойынша 8100«Негізгі өндіріс» деген 8110 счеттың «Өсімдік шаруашылығы» деген субсчетында; шаруашылықаралық өндіріс өнімінің шығындары мен шығымдары өз өндірісінен бөлек 8110 счетта есептеледі.

Талдау жасалатын есепте өнімнің шығындары мен шығымдары әрбір дақыл (дақылдар тобы), жұмыс және аяқталмаған өндіріс бойынша мынадай номенклатурамен көрсетіледі:

1. Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдар:

күздік дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, арпа);

жаздық бидай (қатты, жүмсақ, күшті және басқалары);

дәндік жүгері; басқа да жаздық масақты дәнді дақылдар (арпа, сұлы, қара бидай, қос дәнекті бидай және басқалары); жарма дақылдары (тары, күріш, қарақұмық, қонақ жүгері, қонақ тары); дәнді-бұршақ дақылдары (ас бұршақ, үрме бұршақ, жемдік бұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа және басқалар).

2. Техникалық дақылдар: майлы дақылдар (күнбағыс, бұйразығыр, қыша, майкене, соя және басқалар); жіп дақылдары (мақта, талшықты зығыр, қарасора, кенеп, кендір және басқалар); қант қызылшасы (фабрикалық қант қызылшасы, аналық қант қызылшасы, қант қызылшасының тұқымдық көшеттері); жабайы темекі;

цикорий және басқалар).


  1. Эфирлі-майлы дақылдар (кориандр, анис, зире және басқалар).

  1. Тамыртүйнекті дақылдар: картоп; ашық топыраққа егілетін көкөніс дақылдары (капуста және басқалар); қорғалған топыраққа егілетін көкөніс шаруашылығы (сабағы алынатын жуа, қияр
    және басқалары).

  1. Тамыртүйнекті және бақша дақылдары:

Жемдік тамыртүйнекті дақылдар: жемдік сәбіз, тарна және басқалар; жемдік бақша дақылдары (қарбыз, аскабак, қабақ) және басқалар.

  1. Жемге арналған тамыртүйнекті және бақшалық дақылдардың өркендері мен тұкымдары (дақылдар бойынша).

  1. Гүл шаруашылығы (ашық топырақта, жабық топырақта) — дақылдар бойынша.

  1. Гүл дақылдарының (бір жылдық, екі жылдық, көп жылдык) тұқьм шаруашылығы.

  2. Питомниктер және егілетін көшеттер (жеміс дақылдары мен көп жылдық өсімдіктер, жеміс дақылдарының тұқым питомниктері және басқалары).

10. Өсімдік шаруашылығы бойынша аяқталмаған өндіріс (болашақтағы жылдардың өнімдеріне арналған шығындар)—аяқталмаған өндіріс түрлері бойынша.
2. Жалгерлік қатынастар

Жалгерлік қатынастар жағдайында өнімнің шығындары мен шығымдары есеп объектілері болып табылатын жалгерлік ұжымдар тұрғысынан ұйымдастырылады («қазандық» есеп әдісі).

8110 cчеттың субсчетына жекелеген объектілердің есебі үшін бірқатар талдау счеттары ашылады:

«Суландыру жөніндегі бөлінуге тиісті шығындар»—суармалы жерде өсірілетін дақылдарға тікелей жатқызуға болмайтын суландыру жөніндегі шығындарды есепке алуға арналған;

«Құрғату жөніндегі бөлінуге тиісті шығындар»—құрғатылған жерлерде өсірілетін тиісті дақылдарға жатқызуға болмайтын шығындар есебіне арналған;

«Сүрлем»—көк балаусаны сүрлемге салу жөніндегі шығындардың есебіне арналған;

«Пішендеме дайындау»—пішендеме дайындау жөніндегі шығындар есебіне арналған;

«Витаминді-шөп ұнын дайындау»—ұнның шығыны мен оның өзіндік құнын анықтау есебіне арналған;

«Жерге алғашқы егін салу жөніндегі шығындар»— жерге алғашқы егін салу және басқалар жөніндегі шығындардың есебіне арналған.

Топыраққа әк және гипс себу, шым-тезекті өндіру, тасымалдау және пайдалану, жерді ағаштан, бұтадан, түбіртектерден, тастардан тазарту және өз қаржысы есебінен жүргізілетін баска да шаралар жөніндегі шығындар аяқталмаған өндіріс сияқты жекелеген счеттарда есепке алынып, 5—7 жыл ішіндегі тиісті дақылдарга жазылады.


3. Есеп объектілері жөніндегі шығындардың талдау есебі

Есеп объектілері жөніндегі шығындардың талдау есебі егін шаруашылығында шығындардың мынадай баптары бойынша жүргізіледі.

  1. «Енбек ақы төлеуге арналған шығындар»—жұмысшылардың (колхозшылардың), соның ішінде тікелей өндірістің технологиялық процесінде істеуге тартылған (колхоздарда — жалданған) адамдардың еңбегіне төленген ақы. Егер еңбек ақы төлеудің жекелеген түрлері өндірісте жұмыс істелмеген. уақыт үшін колданылып жүрген заңдарға сәйкес есептелген төлемдерді есеп объектісіне тікелей жатқызу мүмкін болмаса, аталған ақы есеп объектісіне тікелей еңбек ақы төлеуге пропорциялы түрде бөлінеді.

  1. «Әлеуметтік қауіпсіздендіру бойіынша ссеп айырысу»—өсімдік шаруашылығында жүмыс істейтін кызметкерлердің еңбегіне акы телеуге арналған шығындардан нормативтер бойынша анықталатын әлеуметтік сақтандыру жарнасы. Әлеуметтік кауіпсіздендіруге арналған каржыны есептегенде 8110 счеттың 1-субсчеты дебеттеліп, 3210 счет кредиттеледі.

3. «Тұқым және отырғызылатын материал»—өзі өндірген және сатып алынып, егуге пайдаланылатын (күрделі каржы есебінен отырғызылатын көпжылдык. жас көшеттерден басқасы) тұкым мен егілетін материалға жұмсалатын шығындар. Тұкымдарды егуге әзірлеу, оларды егілетін жерге тасып жеткізу жөніндегі шығындар тұқым кұнына косылмайды, қайта шығындардың баптарына сәйкес дақылдар бойынша есептелетін шығындарға жатқызылады.

4. «Тыңайтқыштар»— өнеркәсіпте өндірілетің микро және бактериялық тыңайтқыштарды қоса, минералдық тыңайтқыштарды, сондай-ақ органикалық (көң, шымтезек, компост т.б.) тыңайтқыштарды топыраққа енгізуге жұмсалатын шығындар. Минералдық және органикалық тыңайтқыштар шығынын бөлек жоспарлын, есепке алады.

5. «Өсімдіктерді қорғау құралдары»—пестицидтер, уландырғыштар, гербицидтер, дефолианттар және арамшөптерге, зиянкестерге, ауыл шаруашылық дақылдарының кеселдеріне қарсы күресу үшін пайдаланылатын басқа да химиялык, сондай-ақ биологиялық құралдарды сатып алу мен сақтауға арналған шығындар.

6. «Жұмыстар мен қызметтер»—өздеріндегі қосалкы өндірістердің жұмысы мен қызметіне, бөгде кәсіпорындардың кызметіне (шығындары басқа шығын баптарына енетін жұмыстар мен кызметтерден басқасына) арналған шығындар.

7. «Негізгі құралдарды ұстауға жұмсалатын шығындар»—тікелей өсімдік шаруашылығында (күтіп ұстау мен пайдалануға, амортизация мен жөндеуге) пайдаланылатын негізгі құралдарды ұстауға арналған шығындар. Арзан бағалы және тез тозатын заттар мен кұрылғылардың тозуы мен оларды қалпына келтіруге арналған шығындар нақ осы бап бойынша есептеледі.

Негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығындарға мыналар жатады: негізгі кұралдарды жөндеу жұмыстарын орындайтын жұмысшыларды әлеуметтік кауіпсіздендіруге бөлінетін қаржыларға қоса еңбекке ақы төлеу; қосалқы бөлшектердің, жөндеу-құрылыс материалдарының құны, соның ішіңде техникалық қызмет көрсету пункттерін, шеберханаларды (оның ішінде өнеркәсіп орындарының құрамына бөлінгендерін), жөндеу-құрылыс цехтарын, сондай-ақ басқа ұйымдарды жөндеуге пайдаланылатын мұнай өнімдерінің құны жатады.

8. «Өндірісті ұйымдастыру және басқару жөніндегі шығындар»— кәсіпорынның бригадаларында, цехтарында және өзге де өндірістік бөлімшелерінде өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі және кәсіпорынды басқару мен жалпы өндірісті ұйымдастыру жөніндегі шығындар, яғни бригадалық, цехтық және жалпы шаруашылық шығындары.

Бригадалық және цехтық шығындар жыл бойында 8400 счеттың 1-субсчетында есепке алынады. Бұл счетта есептелген шығындар жыл аяғына тұқымға жұмсалған шығындарды қоспағанда, жалпы шығьндар сомасына (өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі шығындар қосылмайды) есеп объектілері арасында пропорциялы түрде бөлінеді. Бөлінген шығындар сомасына 8110 счеттың 1-субсчеты дебеттеліп, 8410счеттың 1-субсчеты кредиттеледі.

9. «Банкілердің кысқа мерзімді несиелері бойынша проценттер төлеу»—Мемлекеттік банк белгіленген тәртіп пен ставкалар бойынша төленген банкілердің қысқа мерзімді кредиттері жөніндегі проценттер.



  1. «Өндірістік емес шығындар» (есептегі)—кем шыққан ма.териалдық қазыналар, өнімнің сақтау кезіндегі ысырабы.


4. Басқа да шығындар

«Басқа да шығындар»— өнім өндіруге тікелей байланысты, жоғарыда аталған баптардың ешқайсысына жатпайтын шығындар; пайдалануға берілген қуаты зор жаңа өндіріс объектілерін (парник — жылыжай комбинаттарын және басқаларын) игеруге байланысты іске қосып, жолға қою жұмыстарына жұмсалатын шығындар.

Кітапта ай сайын жалгерлік ұжымның шаруашылық есептегі табысы анықталып отырады.

Бухгалтерияда өсімдік шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымы чек-накладнойлар негізінде жалгердің жеке счетында жүргізіліп, оның деректері ай сайын жалгердің кірістері мен шығыстарының Есеп кітабымен салыстырылып отырады.


Әдебиет: 5 60-71 бет, 6 156-173 бет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдік шаруашылығы дегеніміз не?

  2. Жалгерлік қатынастарға қандай қатынастар жатады?

  3. Есеп объектілері жөніндегі шығындардың талдау есебі қалай жасалады?

  4. Басқа да шығындарға не жатады?



6 ТАҚЫРЫП

ҚОСАЛҚЫ ӨНДІРІСТЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЕСЕБІ

Мақсаты: қосалқы өндірістердің шығындары мен қызметтерінің есебін оқып білу.

Жоспар:

  1. Қосалқы өндірістер негізгі салалардағы рөлі

  2. Жөндеу өндірісі

  3. Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындардың есебі

  4. Болашақ кезеңдер шығындарының және алдағы шығындар мен төлемдер резервінің есебі

1. Қосалқы өндірістер негізгі салалардағы рөлі

Қосалқы өндірістер негізгі салалар өнімін өндіруге тікелей қатыспайды, бірақ оларды және бүкіл шаруашылықты өз қызметімен қамтамасыз етеді; олардың бір бөлігі сыртқа өткізілуі мүм-кін.

Қосалқы өндіріс шығындарының есебі шығын баптарының бірыңғай номенклатурасы бойынша жүргізіледі:


  1. «Еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар»—тікелей технологиялық процестерде істейтін жұмысшылардың еңбегіне төленетін ақы; ол тиісті өндірістердің, олар өндіретін өнімнің, жұмыспен қызметтің шығындарына тікелей енгізіледі.

  2. «Әлеуметтік қауіпсіздендіруге бөлінетін қаржы»— көмекші өндірісте істейтін қызметкердің еңбегінен төленетін сомадан бөлінетін қаржы. Бұл қаржының сомасына 8310-счет дебеттеліп, 3210-счет кредиттеледі.

  3. «Жемшөп» (көлік-арба тасымалы есебімен). Өзі өндірген және сатып алынған жемшөпке жұмсалатын шығын, сондай-ақ жемшөп кухняларында жемшөп дайындау жөніндегі шығындар, олар дайындалған жемшөп салмағына пропорциялы бөлінеді.

«Шығын және қызмет». Өзінің көмекші өндірісі, сондай-ақ басқа кәсіпорындар атқарған жұмыс пен көрсеткен қызметтің құны.

5. «Негізгі құралдарды ұстауға арналған шығындар»— негізгі құралдарды ұстауға (негізі құралдарды күту, олардың амортизациясы және оларды жөндеу, арзан бағалы және тез тозатын заттардың тозуы) арналған шығындар.

6. «Өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі шығындар».
Ұйымдастыру мен басқару жөніндегі шығындар, сондай-ақ сырттан орындалған жұмыс пен қызметтің құнына қатысты жалпы шаруашылық шығындары жатады.

7. «Банкілердің қысқа мерзімді несиелері үшін проценттер төлеу»—көмекші өндірістердің қызметіне қатысты қысқа мерзімді несиелер бойынша процент төлеу жатады.



  1. «Өндірістік емес шығындар»— шаруашылық есебіне алынған материалдық казыналардың кем шығуы, ысырабы мен бүлінуі және басқа да өндірістік емес шығындар есептеледі.

  2. «Басқа да шығындар»— жоғарыда аталған шығындардың ешқайсысына жатқызылмайтын, өнім өндірумен, жұмыс істеп, қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығындар жатады.


2. Жөндеу өндірісі

Жөндеу өндірісі (1-субсчет). Кәсіпорынның машиналар мен жабдықтарды күрделі және жеңіл жөндеуден өткізетін тұрақты кәсіпорындары және техникаға жеңіл жөндеу жүргізіп, техникалық күтім жасайтын жылжымалы шеберханалары болады.



«Машина-трактор паркін ұстау мен пайдалану» деген 1-счетта машина-трактор паркін пайдалану жөніндегі шығындар есепке алынады.

«Жалақы»— атқарылған тасымал жұмыстары (өсімдік шаруашылығындағы осы жұмыстардан басқасы) үшін тракторшы машинистердің, тіркемешілердің еңбегіне төленетін ақы

«Мұнай өнімдері»— тасымал жұмыстарында тракторлардың жұмыс істеуіне жұмсалған отын мен жағар материалдардың құны.

«Негізгі құралдардың амортизациясы»— машина-трактор паркінің тракторлары, комбайндары және басқа да негізгі құралдары, өндіріс жабдықтары бойынша есептелетін амортизациялық сомалар. Оларды есептеп шығарған кезде 8310-счет дебеттеліп және 1310-счет кредиттеледі.

«Негізгі құралдарды жөндеу»— машина-трактор паркінің негізгі құралдарын және өндіріс жабдықтарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу мен техникалық күтім жасауға жұмсалатын шығындар. Жөндеу жөніндегі шығындар 8310-счеттың дебеті және 2410, 8310, 3210, 3350 және басқа счеттардың кредиті бойынша жазылады.

«Басқа да шығындар»— көмекші өндірістер, шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындар көрсететін қызмет, еңбекті қорғау мен оның хауіпсіздік техникасы бойынша шығындар, материалдар және жоғарыда аталған баптарда көзделмеген басқа шығындар.

«Өздігінен жүретін машиналарды ұстау және пайдалану» деген 2-талдау счетында астық жинайтын, картоп жинайтын, қызылша жинайтын, мақта жинайтын және басқа машиналарды, сондай-ақ гараждарды, жаппаларды, осы машиналардың ұсталуы мен пайдаланылуына байланысты басқа да негізгі құралдарды ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындар есепке алынады.

Энергетикалық өндіріс (4-субсчет). Бұл субсчетта өндірістік мақсаттар, жылыту, жарық беру және шаруашылық мұқтаждары үшін знергияның әр алуан түрлерін өндіретін энергетика өндірістеріне (шаруашылықтарына) кеткен шығындар мен олар (электр станииялары, қазандықтар, салқын ауа шығаруға арналған компрессорлық қондырғылар және басқалар) көрсеткен қызмет есепке алынады.

Сумен жабдықтау (5-субсчет). Сумен жабдықтауда шығындар су айдайтын орындар, су құбырлары желілерін, ішкі желілерді күтіп ұстау және сумен жабдықтайтын ұйымдардан су алу бойынша, көмекші өндірістер үшін белгіленген шығын баптарының номенклатурасы бойынша есепке алынады. Көлік-арба тасымалы (6-субсчет). Негізгі жұмыстарда тракторларды, автомашиналарды және басқа да техниканы пайдаланудан басқа жекелеген жұмыстарда көлік малдарын (атты, өгізді, туйені, есекті, қашырды) қолдануға да болады.

Ыдыс және ыдыстарды жөндеу өндірісі (7-субсчет)— дайын өнімді салуға арналған ыдыстарды (ағаш, картоп және басқа буып-қаптайтын материалдар) дайындау мен жөндеуге арналады (бір жолғы және көп рет пайдаланылатын ыдыстар).

Басқа да өндірістер (8-субсчет). Бүл субсчетта басқа өндірістер мен шаруашылыктардың: картонаждық өндірістің (қораптар, этикеткалар, сауыттар және т. б. дайындау), фотолабораториялардың және т. б. шығындары, жұмыстары мен қызметтері есепке алынады.

3. Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындардың есебі

Жалпы өндірістік шығындардың есебі. Жалпы өндірістік шығындар дегеніміз шаруашылықтың жекелеген салаларындағы қызмет көрсетуге және өндірісті ұйымдастыруға байланысты шығындар. Бұл шығындардың есебі шығындар баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша «Жалпы өндірістік шығындар» деген 8410-счетта жүргізіледі, бұл счеттың мынадай төрт субсчеты бар: 1. «Өсімдік шаруашылығының жалпы өндірістік (цехтық) шығындары, 2. «Мал шаруашылығының жалпы өндірістік (цехтық) шығындары», 3. «Өнеркәсіп өндірісінің жалпы өндірістік (цехтық) шығындары» және 4. «Басқа өндірістердің жалпы өндірістік (цехтық) шығындары».

Жалпы шаруашылық шығындарының есебі. Жалпы шаруашылық шығындары дегеніміз жалпы кәсіпорынды басқару және оған қызмет көрсету жөніндегі шығындар. Олар «Жалпы шаруашылық шығындар» деген 8400-счетта есепке алынады; талдау есебі баптардың төмендегі номенклатурасы бойынша жүргізіледі.

1. Әлеуметтік қауіпсіздендіруге бөлінетін қаржыны қоса алғанда, басқару аппараты қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу — совхоз директорының, бас бухгалтердің және басқа да есеп-қисап қызметкерлерінің, бөлімше (ферма) басқарушылары мен әкімшілік-басқару қызметіндегі баска да адамдардың әлеуметтік және


медициналық сақтандыруға бөлінетін қаржыны қоса алғандағы
жалақысы.

  1. Іссапар мен қызмет бабындағы жүріс-тұрыс шығындары —жол жүру құны, орын жалдау үшін төленетін ақы, тәуліктік ақы, соңдай-ақ қызметкерлердің орын ауыстыру жөніндегі шығындарын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеу.

  2. Контор, баспахана, почта-телеграф және телефон

1. Үйлердің, ғимараттардың және жалпы шаруашылык мақсатындағы аспаптардың амортизациясы, оларды күтіп ұстау мен жөндеу

2. Кадрлар даярлауға, кәсіпорынды күзетуге жұмсалған шығындар және жалпы шаруашылык сипатындағы баска да шығындар, сондай-ақ шаруашылық есептегі баскару органдарын ұстауға бөлінетін қаржылар

1. Шаруашылықтардың счетына қабылданған шикізаттың. материалдар мен өнімдердің кем шығуы — шаруашылықтың счетына қабылданған шикізаттың, материалдар мен өнімдердің аныкталған жеткіліксіз сомасы (кінәлі адамдар жоқ болып, белгіленген тәртіппен есептен шығаруға рүқсат етілген кем шықан бағалы заттар және басқалар).

2. Ауылшаруашылық өнімдерінің бүлінуі —сақтау процесінде бүлінген және шаруашылықтың пайдалануына жарамсыз ауылшаруашылық өнімінің құны.



3. Басқа да өнімсіз шығындар — қателесіп жіберілген жүк жөніндегі шығындар, сот шығындарын, төрелік алымдарды төлеу және басқа шығындар.
4. Болашақ кезеңдер шығындарының және алдағы шығындар мен төлемдер резервінің есебі

Болашақ кезеңдер щығындарының есебі. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының шаруашылық қызметі процесінде кейінгі есеп берілетін кезеңдер өндірісінің шығындарына енгізілуге тиісті шығындар; өндіріс мұктаждарына арналған күрделі емес ғимараттар мен уақытша қондырғылар (мал мен қүс үшін жазғы қосындар мен қоршаулар, сүрлем орларын), өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын және өнімнің өзіндік қүнына бірқатар жылдар бойы енгізілетін жерді жақсарту жөніндегі шығындар) салу жөніндегі шығындар, алдын-ала төленіп қойылған жалгерлік және абономенттік акы, газеттер мен журналдарға жаэылу шығындары туып отырады.
Әдебиет: 5 24-45 бет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қосалқы өндірістер негізгі салалардағы рөлі қандай?

  2. Жөндеу өндірісі дегеніміз не?

  3. Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындардың есебі қалай ұйымдастырылады?

  4. Болашақ кезеңдер шығындарының және алдағы шығындар мен төлемдер резервінің есебі қандай жолмен жүзеге асырылады?



7 ТАҚЫРЫП

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНА

КАЛЬКУЛЯЦИЯ ЖАСАУ.

Мақсаты: өсімдік шаруашылығы өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасауды игеру.

Жоспар:

  1. Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау

  2. Жемшөптік дақылдар өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау

  3. Жемшөп өлшемінің өзіндік құнын есептеп шығару

1. Дәнді және дәнді- бұршақ дақылдары өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау

Дәнді және дәнді- бұршақ дақылдары өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау. Астық бойынша өзіндік құн франк-егістік (қырман немесе алғашқы ұқсатылатын орын, оның ішінде дайындау шығындары), сабан бойынша-франк-шөмеле сақтайтын орны арқылы анықталады. Астық мөлшері көбінесе өңделгеннен кейін қабылданады. Дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақ дақылдарының ( жүргеріден басқасы) өзіндік құнын есептеу объектісі астық және астықтың қалдықтары болып табылады. Сабанның ( топанның) өзіндік құны жинауға, престеуге, тасымалдауға, маялауға және басқа жұмыстарға жұмсалған шығындар негізінде белгіленген нормативтер бойынша соларға жатқызылған шығындарға сүйене отырып анықталады. Есеп деректері бойынша өткен жылдан көшетін аяқталмай қалған өндіріс қалдықтары мен жыл ішіндегі өнім шығымын қосқандағы жалпы сомасы айқындалады. Сабан құнын алып тастағандағы өсіру мен жинау шығындары астықтың және астық қалдықтарының өзіндік құнын құрайды. Лабораториялық талдау деректері бойынша астық қалдықтары осы процент бойынша толымды дәнге шағылады да, оның жалпы мөлшері айқындалады. Астық қалдықтары оның құрамындағы толымды дәннің өзіндік құны бойынша кіріске алынады.

Жалгерлік қатынастар жағдайында сабанды, астық қалдықтарын және толымды астықты жалға беруші шаруашылық жалгерлерден қатаң түрде есеп айырысу бағасымен сатып алады. Жыл аяғында толымды астықтың құны жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындардың, сондай-ақ тасымал-дайындау шығындарының (есеп айырысу бағасына енгізілмеген) сомасына көбейтіледі және оның нақты өзіндік құны анықталады. Сабан мен астық қалдықтары нақты өзіндік құнына жеткізілмейді.

Тұқым шаруашылықтарында тұқымдық дән суперэлитаға, элитағажәне бірінші репродукцияға бөлініп кіріске алынады.
2. Жемшөптік дақылдар өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау

Пішеннің өзіндік құны – франк-шөмеле немесе басқа бір сақтау орны; сүрмелеге салынатын көкбалауса – сүрлем салу франк орны; тамыр жемістілер мен дақылдары – сақталатын франк-орны; сүрлем – көк балаусаның құны мен сүрлем салу шығындарын қоса алғанда, франк – сүрлем құрылысы; көк жемшөп – тұтынылшатын франк – орны; шөп тұқымы – франк-қойма арқылы есептеп шығарылады.

Жемшөпке арналған тамыр-жемістілердің, қант қызылшасының және жемшөпке арналған бақша дақылдарының өзіндік құны мынандай тәртіппен есептеледі. Өнімнің әр алуан түрлерін алатын шөптер мен алқаптардың пайдалану мерзіміне қарамастан, егілген көпжылдық шөптер бойынша оның 1 центнерінің өзіндік құны мынандай коэффициенттермен: Бір жылдық шөптер – пішен 1 ц – 1, тұқым 1 ц – 9, сабан 1 ц – 0,1, көк балауса 1 ц – 0,25, көпжылдық шөптер – пішен 1 ц – 1, тұқым 1 ц – 75, сабан 1 ц – 0,1, көк балауса 1 ц – 0,3 коэффициентерінің көмегімен анықталады.

Көпжылдық шөптерн жөніндегі шығындар жыл басындағы аяқталмаған өндіріс пен ағымдағы жылдың шығындарынан тұрады. Көпжылдық шөптердің егісі жөніндегі шығындар олардың пайдаланылғанжылдары бойынша бөлінеді. Егер дақыл екі жылдың ішінде пайдаланылса, әр жылда әдетте шығынның 50 процентінен; үш жыл пайдаланылған жағдайда-тиісінше 33, 34 және 33 процентінен келеді.

Сүрлемдік жүгері мен сүрлемдік дақылдардың өзіндік құны былайша анықталады:1 центнер көк балаусаның өзіндік құны дақыл жөніндегі шығындары көк балаусаның жалпы шығымына бөлу арқылы анықталады.

Пішен және сүрлем мен пішендеме үшін пайдаланылған көк балауса жыл бойы нақты салмағы есебімен жоспарлы өзіндік құны бойынша 8110-счеттағы 1-субсчеттың кредитінен 1310-счеттың дебетімен кіріске алынып, ол жылдың аяғында нақты өзіндік құнына жеткізіліп түзетіледі.


3. Жемшөп өлшемінің өзіндік құнын есептеп шығару

Жемшөп өлшемінің өзіндік құнын есептеп шығару. Жемшөп өлшемі – жемшөптің жалпы жұғымдылығын өлшеу мен салыстыру өлшемі. Әртүрлі дақылдардың 1 гектардан алынған жемшөп өлшемімен көрсетілетін өнімділігі мен олардың өзіндік құныны салыстыра келіп, белгілі бір жемшөп түрін өндіріудің тиімділігі айқындалады.

Жеміс, жидек және басқа да көмжылдық өсімдіктер өнімінің өзіндік құнын есептеу мынандай әдістеме бойынша жүргізіледі. Жеміс-жидек өсімдіктердің өнімі жеміс, жидек, жүзім болып табылады; шыбықтар, қылқандар, өрендер, бұтақтар жанама өнім болып табылады және олар сату бағасы бойынша бағаланып, жалпы шығындар сомасы шығарылып тасталады.

Жеміс-жидектің өзіндік құны шығындардың жалпы сомасын стандартты және стандартқа сай емес деп айыра отырып, осы өнімге оның сату бағасы бойынша бағалануға пропорциялы бөлу жлымен анықталады. Стандартқа сай емес және бүлінген, мал азығына пайдаланылған жеміс-жидек, сондай-ақ қалдықтар мал азығына арналған тамыржемістілердің немесе көк балаусаның орташа өзіндік құны бойынша, осы өнімнің сапасы ескере отырып бағаланады.



Питомниктер өнімінің өзіндік құнын есептеп шығару. Питомниктер отырғызылатын материалды, жеміс-жидек дақылдарын, сондай-ақ ағаш пен бұта тұқымдарын өсіруге арналған. Питомниктер бойынша өнімнің шығыны мен шығымы: «Жеміс-жидек дақылдары питомниктері», «Хош иісті лавт питомниктері», «Эфир алынатын дақылдар питомниктері», «Сәнді дақылдар питомниктері», денег талдау счеттарында жүргізіледі.

Орман шарушылығы шығындарының есебі 8110-счеттың 1-субсчетында «Орман шаруашылығы» деген талдау счетымен жүргізіледі. Осы талдау счетын дамыта отырып, үшінші реттегі: «Ағашты күту», «Орманды қорғау», «Ағаштың аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес», «Өртке қарсы шаралар» деген счеттар ашылады.

Қорғаныш өсімдіктер өнімінің шығыны мен шығымының есебі 8110-счеттың 1-субсчетына байланысты қосымша «Егіс қорғау алаптары» деген талдау счетында жүргізіледі. Толық өсіп жетілген қорғаныш өсімдіктерінен алынған басқа өнімдісатылуы мүмкін баға бойынша бағалап, күту жөніндегі шығындарды кемітуге, ал шығындардың қалған сомасын егіс көлеиіне пропорциялы түрде олардың ықпалы тиген ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің өзіндік құнына жатқызады.

Өсімдік шарушылық өнімінің нақты және жоспарлы өзіндік құны арасындағы калькулациялық айырманы есептеп шығару. Өнім түсіне қарай жоспарлы баға бойынша кіріске алынады. Жыл аяғында оның нақты өзіндік құны анықталады. Өнімнің әрбір түрінің нақты және жоспарлы өзіндік құны арасындағы айырмасын тиісті счетқа аудару жолымен өнімнің жоспарлы өзіндік құнын нақты өзіндік құнына жеткізу қажет болады. Өсімдік шаруашылығы өнімі бойынша калькулациялық айырма 8110-счеттың кредитінен: жыл аяғында қоймаларда қалған өнім бойынша – 1310,1320 счеттардың; күздік дақылдар егуге жұмсалған тұқымдар бойынша 8110-счеттағы 1-субсчеттың; көп жылдық өсімдіктерді егуге жұмсалған тұқым мен отырғызылатын материал бойынша, сондай-ақ құрылыс мұқтаждарына жұмсалған сабан мен басқа да өнім бойынша – 2410; сатылған, сондай-ақ ұқсатуға берілген өнім бойынша – 7110; кем шыққан, ұрланған, толық немесе ішінара бүлінген өнім бойынша – 2940-счеттың дебетіне жазылады.

Жемшөпке жұмсалған шығындардың айырмасының есебін жеңілдету мақсатында оны 8310 счеттың «Мал көлігі» атты 6-субсчетына жатқызбайтыны есте болу керек.


Әдебиет: 4 244-269 бет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау неге негізделеді?

  2. Жемшөптік дақылдар өнімінің өзіндік құнына калькуляция жасау не үшін қажет?

  3. Жемшөп өлшемінің өзіндік құнын есептеп шығару неге байланысты болады?


8 ТАҚЫРЫП

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ШЫҒЫНЫ МЕН

ШЫҒЫМЫНЫҢ ЕСЕБІ

Мақсаты: мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының есебін талқылау, оқып тану.

Жоспар:

  1. Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының есебі

  2. Түрлі шаруашылықтардың жіктелуі

  3. Мал шаруашылығы салалары жөніндегі шығындар

1. Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының есебі

Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының есебі 8110-счеттың «Мал шаруашылығы» деген 2--субсчетында жүргізіледі. Бұл счет бойынша жыл басындағы қалдық бірқатар салаларда (түйе шаруашылығында, қой шаруашылығында, балық шаруашылығында, омарта шаркашылығнда) кездесетін аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын көрсетеді. Жыл ішінде счеттың дебетінде малды бағу жөніндегі шығын, ал несие бойынша – жоспарлы өзіндік құнымен бағаланған мал шаруашылығы өнімінің шығымы жазылады. Жыл аяғында өнімнің нақты өзіндік құнына калькуляция жасалғаннан кейін жыл ішінде кіріске алынған жоспарлы өзіндік құны калькуляциялық айырмаларды тиісті счеттарға жатқызу жолымен нақты өзіндік құнына дейін жеткізіледі. Соның нәтижесінде өнім шығымы мен соған қатысты шығындар жыл аяғында, түгендеу жазбаларымен бекітілген аяқталмаған өндіріске жататын шығындарды қоспағанда, түгелімен -8110 счеттан шығарылады. Шаруашылықаралық өндіріс өнімінің шығыны мен шығымы өз өндірісінен бөлек есептеледі. Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының талдау есебі малдың мынадай түліктері мен топтары бойынша жүргізіледі:


2. Түрлі шаруашылықтардың жіктелуі

Ірі қара шаруашылығы. Сүтті ірі қара: 1. Сауын малының негізгі табыны (сиырлар мен бұқалар); 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған мал (қашарлар мен барлық жастағы өгізшелер, негізгі табыннан ақауға шығарылған сиырлар, бұқалар мен өгіздер, бұзауы еметін сиырлар). Етті ірі қара: 1. Етті малдың негізгі табыны (сиырлар, бұқалар және 8 ай толмаған бұзаулар); 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған мал (8 айдан асқан барлық жастағы қашарлар мен өгізшелер, негізгі табыннан ақауға шығарылған сиырлар, бұқалар мен өгіздер). Буйволдар (Енеке), яктар (оның ішінде сарлықтар): 1. Буйволдардың негізгі табыны (ұрғашы буйволдар, бұқа буйволдар). 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған мал.

Шошқа шаруашылығы: 1. Шошқалардың негізгі табыны (негізгі мегежіндер, қабандар, енесінен айырылмаған торайлар); 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған шошқалар.

Қой шаруашылығы (ешкі шаруашылығы) – жүніне қарай: биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай жүндес, қылшық жүндес. 1. Негізгі қой отары (айырылмаған қозыларымен қоса саулықтар, қошқарлар, сынықтағы қошқарлар); 2. Өсіруге және бордақылауға қойылған қой.

Қаракөлге және елтіріге арналған қой шаруашылығы: 1. Негізгі отар (айырылмаған қозыларымен саулықтар, қошқарлар, сынақтағы қошқарлар); 2. Өсіруге (айырғаннан кейін) және бордақылауға қойылған қой.

Құс шаруашылығы: 1. Ересек үйір; 2. Өсірілуге қойылған балапандар; 3. Инкубация – жұмыртқаны инкубациялау.

Жылқы шаруашылығы: 1. Негізгі үйір; 2. Өсіруге қалдырылған жас жылқы.

Есектер, қашырлар (піштірілген қоса), пони: есектерді, қашырларды, пониді өсіру (мәшілер, айғыр есектер, піштірілген есектер, барлық жастағы жас есектер, көлік қашырлар, барлық жастағы қашырлар, понилер).

Бұғы шаруашылығы мен түйе шаруашылығы: негізгі келе, жас төлді өсіру мен ересек малды бордақылау.

Үй қояндарын өсіру және қымбат терілі аң шаруашылығы: барлық жастағы негізгі үйір.

Балық шаруашылығы (жалпы сала бойынша).

Омарта шаруашылығы (өсіру, бал алу, тозандатып бал алу, тозаңдату).

Жібек шаруашылығы (жалпы сала бойынша).

Тұқым алу (мал түліктері бойынша). Асыл тұқымды өнім берушілер.
3. Мал шаруашылығы салалары жөніндегі шығындар

Мал шаруашылығы салалары жөніндегі шығындар мына баптар бойынша есептеледі:

1. «Еңбекақы төлеу шығындары» - өндірістік бөлімшелердің тікелей технологиялық процесте істейтін жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу. Аталған жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу тікелей тиісті мал түліктерінің (топтарының) шығындарына енгізіледі.

2. «Әлеуметтік қауіпсіздендіруге бөлінген қаржы» - қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға арналған қаржылар; олар мал шаруашылығында істелетін еңбекке ақы төлеу шығындарынан норматив бойынша анықталады. Әлеуметтік қауіпсіздендіруге арналған қаржылар 8110-счеттағы 2-субсчеттың дебеті мен 3210-счеттың кредиті бойынша көрсетіледі.

3. «Өсімдіктер мен жануарларды қорғау құралдары» - пайданылатын биопрепараттардың, дәрі-дәрмектердің және дезинфекциялаушы құралдардың құны, шаруашылыққа осы мақсат үшін бөлінген қаржы есебінен сатып алынған болса, бұл бапқа жатқызылмайды. Құралдар шығыны 8110-счеттағы 2-субсчеттың дебеті және 1310-счеттағы «Өсімдіктерді, жануарларды қорғау құралдары және дәрі-дәрмектер» деген 10 -субсчеттың кредиті бойынша көрсетіледі. Басқа ұйымдардың малды сақтауға байланысты қызметі 8110 -счеттағы 2-субсчеттың дебеті және 3540-счеттардың кредиті бойынша көрсетіледі.

4. «Жемшөп» - өзі өндірген және сатып алынған, малды, құсты және басқа жануарларды азықтандыруға пайдаланылатын жемшөпке жұмсалатын шығындар.

Жемшөп кухняларында жемшөп дайындауға жұмсалатын шығындар да осы бапқа жатқызылады. Олардың әрбір атауы бойынша жұмсалатын жемшөптің есебі жемшөп шығынын жазатын Есеп журналында (Ф. № 35) жүргізіледі.

5. «Жұмыстар мен қызметтер» - қосалқы және қызмет көрсетуші өндірістер, сондай-ақ басқа кәсіпорындар атқаратын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге арналған шығындар.

6. «Негізгі құралдарды ұстауға арналған шығындар» - тікелей мал шаруашылығында пайдаланылатын негізгіқұралдарды ұстаумен байланысты шығындар; қызмет көрсету және пайдалану, амортизация және жөндеу, арзан бағалы және тез тозатын заттар мен құрылғылардың тозуы және жөндеу, арзан бағалы және тез тозатын заттар мен құрылғылардың тозуы және оларды қалпына келтіруге жұмсалған шығындар.

7. «Өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі шығындар» - бригадаларда, фермаларда, цехтарда және өндірістік бөлімшелерде өндірісті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі және жалпы басқару жөніндегі шығындар, яғни бригадалық (фермерлік), цехтық және жалпышаруашылықтағы шығындар. Бұл шығындар жыл бойында -8410счетының дебетіне көшіріледі.

8. «Банкілердің қысқа мерзімді несиелері бойынша проценттер төлеу» - Мемлекеттік банк белгілеген тәртіпке сәйкес және ставкалары бойынша төленген қысқа мерзімді банк несиесі жөніндегі проценттер.

9. «Өнімсіз шығындар (есептегі)» - кем шыққан материалдық қазыналар, сақтау кезінде өнімнің бүлінуінен болған ысыраптар, бордақылауда тұрған малдың, құстың, аңның, үй қояндарының, сондай-ақ ара ұяларының өлім-жітімінен болған шығындар жатады.

10. «Басқа да шығындар» - тікелей өнім өндірумен байланысты, жоғарыда көрсетілген баптардың ешқайсысына жатпайтын шығындар. Бұл бап бойынша мыналар жоспарланып, есепке алынады: фермаларды қоршау шығындары.
Әдебиет: 4 2 78-313 бет.
Бақылау сұрақтары:


  1. Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығымының есебі не үшін керек?

  2. Түрлі шаруашылықтардың жіктелуі неге байланысты болады?

  3. Мал шаруашылығы салалары жөніндегі шығындар қашан пайда болады?


9 ТАҚЫРЫП

МАЛ ТӨЛІНІҢ, ҚҰСТЫҢ ЖӘНЕ БОРДАҚЫЛАУДАҒЫ

МАЛДЫҢ ЕСЕБІ

Мақсаты: мал төлінің, құстың және бордақылаудағы малдың есебімен танысу, зерттеу.

Жоспар:

  1. Марқайтылып және бордақыланып жатқан мал есебінің ерекшеліктері, оларды бағалау

  2. Марқайтылатын және бордақыланатын малды есепке алу құжаттары

  3. Өндірістік бөлімшелердегі марқайтылатын және бордақыланатын малдың есебі

  4. Өсім малдары мен бордақыдағы малдың бухгалтерлік есебі


1. Марқайтылып және бордақыланып жатқан мал есебінің ерекшеліктері, оларды бағалау

Мал — еңбек құралы да, еңбек заты да бола алады. Тірі кезінде өнім алынатын мал: сауын сиырлар табыны, күш-көлікке арналған жылқы, түйе, қой және басқалар еңбек құралы ретінде пайдаланылады. Бұл жануарлардың есебі 2410-счетта жүргізіледі. Негізінен өнім сойылғаннан кейін алынатын мал (бордақыланған жас мал және негізгі табыннан жарамсыз деп шығарылған мал), сондай-ақ негізгі табынға көшірілгенге дейінгі төл еңбек заты ретінде болады. Бұл мал «өсім малдары мен бордақыдағы малдар» деген 2520-счетта есепке алынады. Құс, аң, үй қояны және аралар ұясы да осы счетта есепке алынады.

Бордақылаудағы төл мен мал есебінің өз ерекшеліктері бар, өйткені марқайту және бордақылау процесінде мал саны өзгермейді, тек қана олардың салмағы артып, қоңдылығы жақсарады, яғни марқайтылып жатқан төл мен бордақылауға қойылған малдың құны артады. Шынына келгенде, мал төлі мал шаруашылығының тиісті салалары бойынша аяқталмаған өндіріс болып табылады, алайда ол 2520-счетта өндірістік қорлар құрамында есепке алынады. Марқайту мен бордақылауға байланысты шығындар 8110-счеттың «Мал шаруашылығы» деген 2-субсчетында есепке алынады.

Тірілей салмақтың өсімі ет алу үшін бағылатын малдың түрлері бойынша екі әдіспен: өлшеу жолымен (ірі қараны, шошқаны) және есептеу жолымен (қой, ешкі, қүс, үй қояны) анықталады. Бірінші әдіс бойынша — тірілей салмақтың өсімін малдың екі өлшенуі (әдетте, айдың басы мен аяғында) аралығындағы салмағын салыстыра отырып; екінші әдіс бойынша сол мал түліктерінін жас топтарына қарай іріктеп алып анықталатын тірідей салмағын негізге ала отырып табады (белгілі бір топқа ортақ мал мен құстың кемінде 5 процентін өлшейді).

Тірілей салмағының өсімі есепке алынбайтын мал бойынша (қүлын, бота, күре, жас аң) өсім қүны нақты азықтандырылатын күн саны мен азықтандырылатын 1 күн ішінде өсірудің жоспарлы өзіндік қүны бойынша есептеледі. Қалған қашарлар, буаз кезінде тексерілетін тұмса мегежіндер, буаз тұсақтар және басқалары бойынша буаздықтың белгілі бір кезеңіндегі тірілей салмағынын есімі мал өсімінің құнын есептеу жолымен анықталады. Бұл бойынша тірілей салмағына соңғы өлшенуі кабылданады, ал онын өсімі бұзаулаған, торайлаған немесе төлдеген соң ғана өлшеу жолымен анықталады.
2. Марқайтылатын және бордақыланатын малды есепке алу құжаттары

Марқайтылатын және бордақыланатын малдың есебін материалдық жауапты адамдар (жалгерлер) жүргізеді. Мал өзгерістері мынадай құжаттармен рәсімделеді.

Бұзау, торай, қозы (қаракөлге сойылатынын қоспағанда), құлын, бал арасының жаңа ұясын алып, топтастырған кезде төл алынған күні мал төлін кіріске алу жөнінде екі дана етіп Акт (Ф. № 95) жасалады.

Кейіннен мемлекетке сату үшін халықтан мал кабылдау және сатылған малы үшін халықпен есеп айырысу колхоздың (совхоздың) кейіннен мемлекетке сату үшін халықтан қабылдаған малына Қабылдау-есеп айырысу ведомостымен (Ф. № 95а) рәсімделеді, ол екі дана етіп жасалады.

Дайындау ұйымдарынын, қабылдаған малының, құсы мен үй қояндарының есебі әкімшілік аудандар және шаруашылықтардың категориялары бойынша мал мен құсты дайындау есебі жө-ніндегі Жинақтау ведомостында (Ф. № 96а) жүргізіледі; қабылдау түбірінің көшірмелері негізінде ведомосқа күн сайын жазба жүргізіліп отырады. Оның деректері мал, құс және үй қояндарын дайындау туралы есеп жазу үшін пайдаланылады.



Малды бір топтан екінші топқа немесе негізгі табынға көшіру малды топтан топқа кешіруге арналған Актімен (Ф. № 97) рәсімделеді. Торайлардың туғанына екі ай толғанда оларды енесінен айырған кезде, тауық балапандары «1—150 күн толған балапандар» тобынан «Ересектер тобына» немесе «Өнеркәсіптік топқа» (жұмыртқа алынатын бағыттағы) көшірген кезде, малды негізгі табынға ауыстырған кезде және басқалар кезінде акт жазылады. Кешендегі шошқалар мен жемнің есебі түлік өзгерісі мен жем-шөп шығынының есеп парағында (Ф. № 97а) жүргізіледі. Бухгалтерия жұмыс күнінің аяғында есеп парақтарының бірінші даналарын алып отырады; екінші даналары учаскенің (бригаданың) істерінде қалады.

3. Өндірістік бөлімшелердегі марқайтылатын және бордақыланатын малдың есебі

Марқайтылатын және бордақыланатын малдың есебін өндірістік бөлімшелердің (фермалардың, бөлімшелердің, бригадалардың) материалдық жауапты адамдары мен (жалгерлер) бухгалтерлері жүргізеді.



Шаруашылық колхозшыларға, жұмысшыларға, қызметшілер мен зейнеткерлерге өсіру үшін шарт бойынша берген мал мен құстың есебі мал мен күсты кабылдап алған әрбір адам жөнінде азаматтарға өсіру үшін шарт бойынша берілген мал мен қүстың өзгерісінін Есеп журналында (Ф. № 34) жүргізіліп, онда малдың саны, тірілей салмағы және құны көрсетіледі.

Әрбір ферма (жалгерлік үжым) ай сайын немесе басқа да белгіленген мерзімдерде шаруашылыктың бухгалтериясына фермадағы мал мен қүстың өзгерісі туралы Есеп (Ф. № 102) табыс етіп отырады, ол түліктер мен есептегі топтар бойынша мал мен күс өзгерісі жөніндегі қүжаттар мен кітаптағы жазбалар негізінде екі дана етіп жасалады.


4. Өсім малдары мен бордақыдағы малдың бухгалтерлік есебі

Шаруашылықтың бухгалтериясында мал төлі мен бордақылауға қойылған малдың есебі «Өсім малдары мен бордақыдағы мал» деген 2520-счет бойынша жүргізіледі, оның сегіз субсчеты болады.

«Мал төлі» деген 1-субсчетта ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы, бұғы, марал және күш көлігінің басқа да мал турлерінің төлдері есепке алынады. Төлдеу есебі мынадай өндірістік және жас топтары бойынша жургізіледі:

ірі қара: 2 жастан асқан қашарлар, 2 жаска дейінгі қашарлар (туған жылдары бойынша) тайыншалар (туған жылдары бойынша), эмбриондар беретін мал, тұмса бұзаулап, сатуға арналған сиырлар;

шошқа: тексерілетін мегежіндер —2 айға толмаған торайлар, 2 айдан 4 айға дейінгі торайлар, төлдейтін жас шошқа, бордақылауға қойылған жас шошқа;

кой мен ешкі: өткен жылы туған тоқты мен тұсақтар (негізгі отарға ауыстырғанға дейін), есеп беріліп отырған жылы туған қозылар мен лақтар (айырғаннан кейін). Әрбір топ бойынша жүніне қарай: биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай жүндес, жүндес қойлар деген есеп жүргізіледі;

бұғылар мен маралдар (туған жылдары бойынша): ұрғашы бұғы, ұрғашы марал, еркек бұғы, марал;

жылқы және күш көлігінің басқа да түрлері {туған жылдары және жынысы бойынша): құлын, бота, күре. Барлық түліктің асыл тұқымдыларының төлі, бұларға қоса, тұқымы бойынша есептеледі.
Әдебиет: 11 31 бет, 6 16 бет.
Бақылау сұрақтары:


  1. Марқайтылып және бордақыланып жатқан мал есебінің ерекшеліктері, оларды бағалау қалай болады?

  2. Марқайтылатын және бордақыланатын малды есепке алу құжаттары қалай толтырылады?

  3. Өндірістік бөлімшелердегі марқайтылатын және бордақыланатын малдың есебі қалай жүргізіледі?

  4. Өсім малдары мен бордақыдағы малдың бухгалтерлік есебі не үшін қажет?


Практикалық сабаұтардың жоспары
1 Тақырып: Ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктері

Негізгі құралдарды есептеу

Мақсаты: Ауыл шаруашылығындағы бастапқы есепті ұйымдастыруды

білу. Негізгі құралдарды есептеу жолдарымен танысу.



Жоспар:

    1. Жалпы ережелер

    2. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру

3.Негізгі құралдар, оларды жіктеу, бағалау және есептеудің міндеттері

4.Жерді жалға беру шарттарын анықтау ережелері

5.Негізгі құралдардың амортизациялық құнын есептеу жолдарын

анықтау.


6.Амортизациялық құнын есептеу формуласы,есептер.
Әдебиет: О-3, 8-11 бет, 2, 2-12 бет

Бақылауға сұрақтар:

1.«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан

Республикасының Заңы

2.Жалпы ережелер

3.Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік қызметтің жұмысын

ұйымдастыру



жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау