Кіріспе.
Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.
Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивлир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді.
Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған.
Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады.
Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады. Қалаларды пландауда, темір жолдар салуда, су жүретін трубаларды жүргізуде де ниверлеудің маңызы өте күшті. Ниверлеу көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыс, сол себепті бұл жұмыс автоматтандырылды.
Рейкалар бір жақты немесе екі жақты да болуы мүмкін. Екі жақты рейкалардағы бір сантиметрлік бөліктер бір жағында қара, ал екінші жағында қызыл түспен белгіленген. Рейканың қара жағында есептеу нөлден басталады да, ол негізгі жағы болып есептелінеді. Рейканың қызыл жағын тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы, 4687 не 4787 мм-ден басталады. Егерде нивелирлеу кезінде рейканың бір жағынан есептер алынса, онда қызыл жағынан алынған есептен қара алынған есепті шегергенде, әрқашан 4687 4787 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан есеп алудың дәлдігін де, дұрыстығын да көрсетеді.
Жұмыс жүргізер алдында ниверлік рейкалар тексерілуге тиіс.
Далалық нивелирлеу жұмысы басталар алдында аспапты ең алдымен толық сыртқа өткізеді, нивелир бөліктерінің жиынтығына, винттерінің жиынтығына, винттердің түзулігіне көз жеткізеді.
Нивелирге қойылатын басты талап деңгейлік ось пен нысаналау сәулесі бағытының өзара параллель болуы. Жұмыс жүргізер алдында нивелир жан-жақты тексеріліп, биіктік өсімшесін дәл анықтауға әсер ететін кемшіліктер түзетілуге тиісті. Нивелирдің осьтері арасындағы геометриялық байланыстарды тексеру былайша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |