Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету. Байланысты тараптарды анықтау. Байланысты тараптармен байланысты операциялар мен қатынастарды идентификациялау. Ұйым мен байланысты тараптар арасындағы өзара есеп айырысуларда өтелмеген сальдоларды сәйкестендіру
«БАСҚАРУ ЕСЕБІ» ПӘНІ
Тақырып 1. Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Басқару есебінің мәнін анықтау. Басқару есебінің функциялары. Басқару және қаржылық есеп жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы. Басқару есебінің ақпаратын қолданушылар. Өндірістік есеп және оның басқарудағы рөлі. Басқару есебінің өндірістік есеппен байланысы.
Тақырып 2. Шығындардың жіктелуі.
Қорларды бағалау үшін шығындардың жіктелуі: өнімдерге жұмсалатын шығын және кезең шығындары, тура және жанама шығындар, өндірілген және сатылған өнімнің өзіндік құны туралы есеп.
Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: шығындардың тәртібі, айнымалы және тұрақты шығындар, жартылай тұрақты және жартылай айнымалы шығындар, жиынтық шығындар және ең аз және ең көп мәндер әдісі, шоттар әдісі, инженерлік әдіс және регрессионды талдау; релевантты және релевантты емес шығындар, қайтарылмайтын шығындар, альтернативті (уақытша) шығындар, инкрементті (өспелі) және маржиналды шығындар.
Жоспарлау мен бақылауға арналған шығындар: нормативті (стандартты) шығындардың нақты шығындармен салыстырмасы, бақыланатын және бақыланбайтын шығындар. Ең аз және ең көп мәндер әдісі, шоттар талдауы, инженерлік әдіс және регрессионды талдау.
Тақырып 3. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру.
Шығындарды топтау және бөлу. Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері. Негізгі өндіріс есебі. Көмекші өндіріс есебі. Меншікті өндіріс шалафабрикаттарының есебі. Өндірісті шығындар есебі, материалдар есебі. Материалдарды бақылау циклі. Қорлардың өзіндік құнын бағалау (қорларды басқарудың альтернативті жүйелері мен модельдері, «дәл уақытында» өндірісі (JIT).
Өндірістік шығындар есебі: еңбек есебі. Еңбекті төлеу әдістері, еңбек тиімділігін есепеу. Еңбекті төлек бойынша шығындардың көрсінісі. Еңбек күшінің ағымдылық және өнімділік коэффициенті. Үстеме шығындар есебі.
Өндірістік емес жауапкершілік орталықтарының шығындарын өндірістік бөлімшелер арасында қайта бөлу. Қайта бөлу базасын және әдістемесін таңдау. Тікелей, қадамдық шығындарды бөлу әдістерінің қолдану аясы және мәні, қайта бөлу әдісі және теңдеулер жүйесі. Артық және бөлінбей қалған өндірістік үстеме шығындарды есептеу әдістері.
Тақырып 4. Өндірісте шығындар есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы. Попроцесті калькуляция.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны – кәсіпорын қызметінің сапалық көрсеткіші. Өзіндік құнның құрамы және түрлері. Басқару есебіндегі өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамы. Калькуляция баптары бойынша өндіріске жұмсалатын шығындар есебі. Өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын калькуляциялаудың попроцесті әдісі: оның ерекшеліктері және қолдану аясы. Эквивалентті бірлік түсінігі. Материалдық және қосылған шығындардың эквиваленттік бірлігі. ФИФО әдісі және орташа құн әдісі арқылы шығыдардың калькуляциясы. Попроцесті калькуляциялау деңгейлері: өндірістің шартты көлемін есептеу; өнім бірлігінің өзіндік құнын талдау; қорытынды өзіндік құнды есептеу.
Тақырып 5. Тапсырыстық калькуляция.
Шығындар есебінің тапсырыстық әдісі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы. Есептің тапсырыстық әдісі: оның ерекшеліктері және қолдану аясы. Тікелей шығындар есебі (материалдық және еңбек шығындары) және олардың тапсырыстық шығындар жүйесінде есептен шығарылуы. Өндірістік үстеме шығындар есебі. Орындалған тапсырыстар және сатылған өнімнің есебі. Тапсырыс, шарт бойынша өзіндік құнды калькуляциялау. Қалдықтар және ақауларды түзету шығындарының есебі. Аяқталған шарттар бойынша пайданы есептеу. Аяқталмаған өндірісті және тапсырыс бойынша қайтарылатын соммаларды бағалау.
Тақырып 6. Функционалды калькуляция
Шығындарды үлестірудің функционалды жүйесі. Шығын сақтаушылары, шығын топтары, қызмет түрлері бойынша шығындардың орталары. Шығынның мақсаттық калькуляциясы. Шығын калькуляциясының басқа да түрлері.
Тақырып 7. Нормативтік калькуляция.
Шығындарды есептеу жеделділігі мен оларды бақылау бақылау бойынша оған тәуелді калькуляциялаудың әдістері: нақтылы және нормативтік шығындарды есептеу. Нақтылы өзіндік құнның калькуляциясы мен өндірістегі нақтылы шығындарды есептеу қағидалары.
Тақырып 8. Ауытқулардың шығындар бойынша есебі және талдау
«Ауытқу» түсінігі, ауытқудың пайда болу себептері. Жағымды және жағымсыз ауытқулар. Негізгі құралдар (құралдарды қолдану мен құны бойынша ауытқулар); негізгі еңбек бойынша ауытқу (төлем мөлшерлемесі мен тиімділігі бойынша ауытқу); тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқулар (өндірістің көлемі мен сметасы бойынша ауытқу); Жалпы ауытқулар.
Бір өнімге нормативтік шығындар элементтері: тура құралдардың нормативтік құны, тура құралдардың нормативтік саны, нормативтік жұмыс уақыты (тура еңбек шығындары бойынша); тура еңбекті төлеудің нормативтік мөлшерлемесі; тура және ауыспалы үстеме шығындардың нормативтік коэффиценті. Үстеме шығындарды, тура еңбекті, тура құралдар шығындарын нормативтік есептеу реті. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда нормативтік шығындарды қолдану. Шығындардың нормалар және нормалардан ауытқуы бойынша есебі.
Тақырып 9. Стандартты калькуляция
Шығындар мен калькуляциялауды нормативтік есептеу әдісінің жалғасы ретінде «стандарт –кост» жүйесі. («стандарт –кост» жүйесі бойынша нормативтік есептеу әдісінің ерекше ерекшеліктері). Өзіндік құнның стандартты алгоритмы. Шығындарды бақылау қаражаты ретінде ауытқуды талдау. Ауытқуларды есептеу және оларды талдау. Ауытқулардың түрлері: тура құралдар шығындарының ауытқуы; тура еңбек шығындарының ауытқуы; үстеме шығындарының ауытқуы. Бақыланатын және бақыланбайтын ауытқу. Себептерді анықтау, ауытқулардың пайда болуы.Жағымсыз ауытқулардың пайда болу себептерін тез арада жою. Ауытқуларды есептеу сатылары және оларды бухгалтерлік есеп шоттарда жазу. Ақаулардың құнын анықтау. Шынымен бар үстеме шығындарды стандарттармен сәйкестендіру.
Тақырып 10. Өзіндік құнның толық шығындарды (абзорншн-костинг) үлестіру мен шығындардың ауытқуы бойынша калькуляциясы
Өзіндік құнның шығындарды (абзорпшн-костинг) толық үлестіру мен шығындардың ауытқуы бойынша калькуляциясы. Толық шығындарды үлестірумен шығындардың калькуляциясы: өнімнің (жұмыс, қызмет көрсету) өзіндік құнының құрамында тура және жанама шығындардың есебі. Ауытқулы шығындар бойынша өзіндік құн калькуляциясы. Шығындар есебі әдісінің өзіндік құнға, өндіріс қорының бағалануы мен табысына әсері. Түсініктеме «маржиналды табыс». Табыстың көлеміне клькуляциялаудың екі әдісінің әсер етуін салыстырмалы талдау.
Тақырып 11. Шығынсыздықты талдау
Шығынсыздықты талдау: оның мақсаты мен тәсілдері. Шығынсыздық нүктесі мен мақсаттық табыс. Талдау әдістері табыстың кірістерге және шығыстарға байланысты: теңдеу әдісі, жалпы пайданың әдісі (маржиналды табыс), графикалық әдіс. Кәсіпорынның шығынсыздық графигін қалыптастыру реті мен кризистік нүктені анықтау.(Бірқалыптылық нүктесі). Қауіпсіздік маржасы(кромка). Операциялық рычаг. Талдау кезінде қабылданған «шығын- өнімнің көлемі-табыс».
Тақырып 12. Кешенді өндірістің шығындарын үлестіру әдістері мен шығындар есебі. Қосымша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Бірге өндірілетін және қосымша өнімдер түсінігі. Технологиялық процессте бөлімнің нүктесі мен бөлек шығындар. Бірге өндірілетін өнімдер арасындағы кешенді шығындарды үлестіру әдісі: табиғи бірліктер әдісі, сатылым құнының әдісі, тартудың таза құны әдісі, жалпы пайданың тұрақты үлесі әдісі. Шешім қабылдаған кезде кешенді шығындарды үлестіру жүйесінің кемшіліктері. Жанама өнімнің есебі.
Тақырып 13. Бюджеттендіру, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
Бюджеттендірудің мақсаты мен есебі. Ұйым бюджетінің функциялары. Бюджеттендіру процессінің кезеңдері. Сатудан түскен түсімге кәсіпорынның бақыланбайтын факторларының әсері (бәсекелестердің қызметі, жеткізушілердің тұрақтылығы, жарнаманың қорытындылығы және т.б.). Негізгі бюджет үшін функционалды сметаларды құрастыру мысалы. Бюджет түрлері: шығыс нүктесі ретінде сатылым бюджеті: негізгі бюджетті құрастыру. Өндіріс бюджеті. Матениалдар бюджеті. Еңбек бюджеті. Өндірістік жанама шығындар бюджеті. Өндірістік өзіндік құнның бюджеті. Коммерциялық және административтік шығындар бюджеті. Табыс және шығыс бюджетін құрастырудың реті мен мазмұны, ақша қаражаттарының бюджеті,бюджеттік бухгалтерлік баланс. Кәсіпорынның жоспарлы жұмысы кезінде осы құжаттардың маңызы. Сметалық бақылау жүйесіне кіріспе. Иілгіш сметаны құрастыру.
Тақырып 14. Басқарушылық шешімдерді қабылдау
Шешім қабылдау кезінде есептік ақпарат. «Релевант ақпараты» түсінігі. Алдағы кезеңде рлевантты шығындарды және кірісті анықтау. Қысқа мерзімді басқарушылық шешімдерді қабылдау. Құнды шешімдерді қабылдау.Баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдауға әсер ететін негізгі факторлар. Баға қалыптастыру шығындары – қосу. Қосылымның пайызын анықтау. Мақсатты баға қалыптастыру. Арнайы тапсырысқа баға қалыптастыру. Қысқа мерзімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін толық және ауыспалы шығындар әдісін қолдану. Өзіндік құннан төмен баға бойынша арнайы тапсырыстың орындалуы жөнінде шешім қабылдау үшін релевантты ақпарат. Қосымша өнімді өндіруге мүмкін құнды анықтау. Өндірістің көлемін ұлғайту кезінде бағалардың төмендеуі жөнінде шешім қабылдау. Лимиттік факторды есепке ала отырып, өнімді өндіру құрлымын анықтау.
Тақырып 15. Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау
Капитал жұмсалымы сметасын құрастыру мақсаты мен кезеңдері.Инвестицияларды бағалаудың дисконттық емес әдісі: өтелімдіктің әдісі мен өтелімділіктің жұп коэффиценті. Инвестицияларды бағалаудың дисконтты әдісі: Дисконтты ақша ағымы, таза келтірілген құн (NPV), табыстылықтың ішкі көрсеткіші (IRR). Таза келтірілген құн мен табыстылықтың ішкі көрсеткіштерін салыстыру.
«АУДИТ» ПӘНІ
Тақырып 1. Аудиттің мәні, маңызы және түрлері
Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы. Аудиттің пайда болуы және дамуы. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы және дамуы. Аудиттң пәні, объектілері және функциялары.
Аудит түрлері және олардың сипаттамасы. Аудитке ілеспе қызметтер сипаттамасы.
Тақырып 2. Аудиторлық қызмет және оны нормативтік – құқықтық реттеу
ҚР аудит жүргізуді нормативтік реттеу жүйесі. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы және ҚР аудиторлық қызметті реттеуші басқа да нормативтік – құқықтық актілердің сипаттамасы. Аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік орган және оның негізгі функциялары. Кәсіби ұйымдардың құқықтары мен міндеттері және оларды аккредиттеу тәртібі. Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру тәртібі. Аудиторларды аттестаттау. Аудиторлық қызметті лицензиялау.
Тақырып 3. Аудиттің стандарттары мен аудиторлардың мамандық этикасы
Аудиттің халықаралық стандарттары мен олардың сипаттамасы. Аудиторларының Әдеп кодексі. Фирмашілік аудит стандарттары және олардың мазмұны. Аудит субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Аудиторлардың құқықтары, міндеттері және жауакершілігі.
Аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі. Аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері және жауакершілігі.
Тақырып 4. Қателер мен алаяқтық, олардың елеулілігін бағалау
Қателік пен алаяқтық жөніндегі түсінік, олардың жіктелуі. Бұрмалауды кездестіргендегі аудитордың әрекеттері. Елеулілік деңгейі және оны анықтау әдістемесі. Елеулілік қағидаттарын аудиторлық процедуралар орындау барысында қолдану. Елеулілік қағидаттарын аудит қортындысын талдауда қолдану.
Тақырып 5. Аудиторлық тәуекелділік
Аудиторлық тәуекелділік және оның құрамы. Ажырамас тәуекелділік және оны бағалау. Бақылау тәуекелділігі. Таба алмау тәуекелділігі. Елеулілік және аудиторлық тәуекелділіктің арасындағы байланыс. Аудиторлардың жауапкершілігін сақтандыру.
Тақырып 6. Аудиторлық дәлелдеулер
Аудиторлық дәлелдер және оның түрлері. Аудиторлық дәлелдер алудың акпарат көздері. Аудиторлық дәлелдер алудың әдістері. Дәлелдер алу барысында субъект басшылары беретін түсініктер. Аудиторлық дәлелдер алу барысында эксперттер қызметін пайдалану.
Тақырып 7. Аудитордың жұмысының сапасын бақылау
Аудиторлар жұмысының сапасын бақылау түрлері. Жұмыс сапасын бақылаудағы аудиторлық ұйым басшысының, аудиторлық тексеріс жетекшісінің, аға аудитордың, аудиторлық тесксерістің қатардағы қатысушыларының функциялары мен жауапкершілігі. Фирма ішінде жұмыс сапасын бақылау. Аудиторлық тексеріс сапасын бақылау. Аудитордың жұмыс құжаттары.
Тақырып 8. Клиенттің ішкі бақылау жүйесі
Ішкі бақылау жүйесі және оның құрамы. Бақылау ортасы туралы түсінік және оның құрамы. Бақылау ортасын бағалау. Бақылау тәсілдері және олардың көптүрлілігі. Бақылау жүйесінің сенімділігін бағалау әдістері. Бақылау тәсілдерін тестілеу.
Тақырып 9. Сұрыптауды пайдалану
Сұрыптаудың аудиттегі негізгі қағидаттары. Сұрыптап тексерудің статистикалық әдістері. Сұрыптап тексерудің статистикалық емес әдістері.
Сұрыптап тексеруді жүргізудің кезендері. Сұрыптап тексеру тәуекелділігінің бірінші және екінші түрлерінің сипаттамасы.
Тақырып 10. Аудиторлық тексеруді жоспарлау
Жоспарлаудың қағидаттары мен кезендері. Аудитордың клиентпен алдынала танысуы. Фирма ішіндегі бастапқы жоспарлау стандарты және оның негізгі бөлімдерінің сипаттамасы: шаруашылық субъекті және оның басшылығы жайлы мәлімет шаруашылық субъекті жалпы ақпарат, негізгі есептілік көрсеткіштер, ішкі бақылаудың және есеп жүйесін жазу, аудитордың пікірі.
Міндеттеме хат және аудитті жүргізу жөніндегі келісім шарт. Аудиттің жалпы жоспарын дайындау. Аудит бағдарламасын дайындау. Бақылау тәсілдерінің тестісін және аудит бағдарламасының тәсілдерін маңыздылық тарапынан қалыптастыру.
Тақырып 11. Аудиторлық есеп (қорытынды): жасау, тапсыру тәртібі
Аудиторлық есеп қортынды): құрылымы, түрлері және мазмұны. Аудиторлық есептің (қорытындының) негізгі элементтері.
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ» ПӘНІ
Тақырып 1. Экономикалық талдаудың мазмұны, объектісі, пәні және міндеттері
Экономикалық талдаудың мәні. Индукция және дедукция әдістері. Шаруашылық процестерінің себептік байланысы. Экономикалық талдаудың объектісі мен пәні. Экономикалық талдаудың мақсаттары мен пайдаланушылары. Экономикалық талдаудың міндеттері. Экономикалық талдау және шектес ғылымдар.
Тақырып 2. Экономкалық талдаудың әдістері, тәсілдері, амалдары
Экономикалық талдаудың әдісі түсінігі. Экономикалық талдау әдістеріне тән ерекшеліктер. Экономикалық талдаудың тәсілдері мен амалдары: дәстүрлі (абсолютті және қатысты айырмашылықтар тәсілі, орташа шамалар тәсілі, салыстыру тәсілі, топтау тәсілі, индекстік әдіс, баланстық әдіс) және математикалық (математикалық статистика әдісі, эконометрикалық әдістер, корреляциялық-регрессиялық талдау әдісі).
Тақырып 3. Факторлық талдау
Детерминирленген және стохастикалық талдауда факторларды жүйелеудің негізгі әдістері. Факторлық детерминирленген үлгілердің негізгі типтері. Факторлық үлгілерді өзгерту әдістері.Үлгілеу ережелері.
Тақырып 4. Қаржылық коэффициенттер әдісі
Қаржылық коэффициенттер. Табыстылық және рентабельділік коэффициенттері. Қорларды қолдану тиімділігінің көрсеткіштері. Нарықтық белсенділік көрсеткіштері. Біріктірілген көрсеткіштер.
Тақырып 5. Басқарушылық талдау негіздері
Басқарушылық талдау мақсаттары мен міндеттері. Басқарушылық талдау рөлі мен маңызы. Қаржылық және басқарушылық талдаудың өзара байланысы. Басқарушылық талдаудың ақпарат көздері. Басқарушылық талдаудың мазмұны,негізгі кезеңдері және ерекшеліктері.
Тақырып 6. Компанияның маркетингтік қызметін талдау
Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеттері. Өнімге сұранысты талдау және тапсырыстар портфелін қалыптастыру. Сұраныс жоқ өнім тәуекелін бағалау. Өнімді өткізу нарықтарын талдау. Бағалық саясатты талдау. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.
Тақырып 7. Өнімді өндіру мен өткізуді талдау
Өндірістік нәтижелерді талдау міндеттері мен көздері.Өнім өндіру мен өткізу қарқынын бағалау. Өнім көлеміне әр түрлі факторлардың әсер етуін талдау. Өнім көлеміне құрылымдық өзгерістердің әсерін талдау. Жұмыс ырғақтылығын талдау. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және талдау.
Тақырып 8. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілгендікті талдау. Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау. Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек ресурстарын қолданудың тиімділігін талдау. Өндірістің негізгі құралдармен қамтамасыз етілгендігін талдау. Негізгі құралдарды қолданудың интенсивтілігі мен тиімділігін талдау. Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілгендігін талдау. Материалдық ресурстарды қолдану тиімділігін талдау.
Тақырып 9. Өнімнің өзіндік құнын талдау
Өнімнің өзіндік құнын талдаудың мәні, міндеттері және көздері. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен құрамы. Экономикалық элементтер бойынша өнімді өндіру және өткізу шығындарын талдау. Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша өнімнің өзіндік құнын талдау. Жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын талдау.
Тақырып 10. Қаржылық талдау негіздері
Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеттері. Басқарушылық шешім қабылдау кезіндегі қаржылық талдаудың рөлі. Қаржылық талдау әдістері.
Тақырып 11. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау
Талдамалық процедуралар сипаттамасы. Кәсіпорынның активтері мен пассивтерін құрылымдық талдау: пассивтер құрылымын талдау, активтер құрылымын талдау. Балансты көлденең және тікелей талдау. Салыстырмалы талдамалық баланс.
Тақырып 12. Баланс өтімділігін талдау
Төлем қабілеттілік және өтімділік ұғымдарының экономикалық мазмұны. Төлем қабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері. Ағымдағы төлем қабілеттілік. Перспективті төлем қабілеттілік. Өтімділіктің негізгі көрсеткіштерінің қарқынын экономикалық тұрғыдан түсіндіру. Аралық көрсеткіштер қарқынын есептеу және талдау.
Тақырып 13. Қаржылық тұрақтылықты талдау
Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылықтың үш факторлы үлгісі. Қаржылық тұрақтылықтың қатысты көрсеткіштері және оларды талдау. Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін түсіндірудің ерекшеліктері. Қомпанияның дәрменсіздігі және абсолютті төлем қабілетсіздігі түсініктері. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін талдау.
Тақырып 14. Ақша ағындарын талдау
Ақша қаражаттары және оның эквиваленттерінің түсінігі. Ұйымның ақша қаражаттарын талдау мақсаты. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, оның талдамалық құндылығы. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті қалыптастырудың тікелей және жанама әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің құрылымы: компанияның операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметінен түсетін ақша ағындары.
Тақырып 15. Ұйымның табыстылығын талдау
Ұйымның табыстары мен шығыстарын талдау. Таза пайданың (залалдың) қалыптасуының жалпы сызбасы және факторларды бағалау. Сатудан түсетін пайда факторларын талдау. Сатудың залалсыздығы шарттарын анықтау әдістері. Операциялық шығыстар мен табыстарды талдау. Төтенше шығыстар мен табыстарды талдау. Рентабельділікті факторлық талдау. Дюпон моделі.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007-жылғы 28-4-ақпандағы №234-ІIІ заңы (өзгертулер және толықтырулармен)
Қaзaқcтaн Pecпубликacының «Аудиторлық қызмет» туралы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-І Зaңы (өзгертулер және толықтырулармен)
Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1172 қаулысымен бекітілген
Аудиттің халықаралық стандарттары - http://www.minfin.gov.kz
Ұлттық қаржылық есептілік стандарты -http://www.minfin.gov.kz
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары-http://www.minfin.gov.kz
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары. Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 2007-жылғы 23-мамырдағы №185 бұйрығымен бекітілген.
Бастапқы есеп құжаттарының нысандары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 Бұйрығымен бекітілген.
Жұматов М.К. Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: оқу құралы / М.К. Жұматов.- Астана, 2011.- 119б.
Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: оқу құралы / А.С.Садиева, М.К.Жуматов, Б.Ж.Акимова, Э.М.Тлеуова.- Астана, 2011.- 393б.
Алибекова Б.А. Бухгалтерлік есеп қағидалары: оқулық - Астана: Сарыарка, 2012.- 264 б.
Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің принциптері. - Алматы: 2006.
Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері.- Алматы: Экономикс 2003.
Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп; теориясы және негіздері. -Алматы: 2006.
Кеулімжаев Қ.К. Шоттар корреспонденциясы. Алматы: БИКО 2006.
Назарова В.Л. Бухгалтерлік іскерлік корреспонденция. Оку куралы. - Алматы: Экономика, 2002.
Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. - Алматы: Экономика, 2004.
Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп. - Алматы. 2002.
Ряжнова О.В. Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности. – М:, 2002.
Дюсембаев К.Ш. Теория и эволюция аудита. - Алматы:Экономика, 2012г. – 252 с.
Абленов Д.О. Қаржылық аудит және талдау: Теория, әдіснама, практика: Оқу құралы. / Д.О. Абленов.- Алматы: Экономика, 2010.- 528 б.;
Абленов Д.О. Аудит негіздері - Алматы: Экономика, 2005 – 450c.
Ажибаева З.Н. және т.б. Аудит: Оқулық – Алматы: Экономика, 2006 – 530 c.
.Қаржылық талдау : оқу құралы /В.З.Черняк, Ү.Ж.Шалболова.- Астана:Фолиант, 2013. - 160 б.
Қаржылық талдау: оқулық / Т. Ж. Демесінов. - Алматы : Дәуір - 2011. - 320 б.
Қаржылық талдау : оқулық / Б. С. Өтебаев. - Астана : ҚазЭҚХСУ, 2008. - 220 б
Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. – М.:, Инфра-М, 2006.
Артеменко В.Г. Анализ финансовой отчетности: Учеб.пособие. / В.Г.Артеменко, В.В.- Москва: Омега-Л, 2006.- 270 с.;
Фирманың бәсекеге қабілеттілігі: оқу құралы / Е. Әмірбекұлы.- Алматы: Эверо, 2012.- 116 б.
Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық / А.Д. Үмбетәлиев.- Алматы: Экономика, 2009.- 462 б
Достарыңызбен бөлісу: |