500 м.
547.Екі дененің ара қашықтығы 60 м –ге кемігенде тартылыс күші 69% -ке артады. Денелер арасындағы бастапқы ара қашықтықтың мәні
260 м.
548.Белгілі бір ара қашықтықта массалары бірдей денелер өз-ара тартылады. Егер бір дененің массасын 200 кг-ға артырсақ, олардың тартылыс күші 3 есе артады (сол ара қашықтықта). Бастапқы массасының мәні.
100 кг.
549.Белгілі бір ара қашықтықта массалары бірдей денелер өз-ара тартылады. Егер бір дененің массасын 300 кг-ға кемітсек, олардың тартылыс күші 15%-ке кемиді (сол ара қашықтықта). Бастапқы массасының мәні.
2000 кг.
550.100 м ара қашықтағы екі дененің тартылыс күші . Егер ара қашықтықты 50 м-ге арттырсақ, онда тартылыс күшінің мәні
.
551.Екі дене 400 м қашықтықта өз-ара тартылады. Егер қашықтықты 100 м-ге артырсақ, онда оның тартылыс күші
36%-кемиді.
552.Массалары 400 кг екі дене өз-ара тартылады. Егер біреуінің массасын 100 кг-ға арттырса, сол қашықтықтағы олардың тартылыс күші
1,25 есе артады.
553.Массалары 2500кг екі дене өз-ара тартылады. Егер біреуінің массасын 500 кг-ға кемітсе, сол қашықтықтағы олардың тартылыс күші
20%-ке кемиді.
554.Массасы 50 кг жүкті 2 с-та арқанның көмегімен 10 м биіктікке вертикаль жоғары тең үдемелі көтереді. Арқанның тартылу күші (g = 10 м/с2)
750 Н.
555.Массалары 150 кг жолаушылардың лифт еденіне түсіретін қысым күші. Лифт 0,6 м/с2 үдеумен төмен түсіп келеді. (g = 10 м/с2)
1410 Н.
556.Массалары 150 кг жолаушылардың лифт еденіне түсіретін қысым күші.
Лифт 0,6 м/с2 үдеумен жоғары көтеріліп барады.
1590 Н.
557.Массалары 150 кг жолаушылардың лифт еденіне түсіретін қысым күші.
Лифт бір қалыпты қозғалады. (g = 10 м/с2)
1500 Н.
558.Ұшақ радиусы R=255 м «өлі тұзақ» жасап жүр. Ұшқыш креслосына бекітілген белдігіне асылып қалмас үшін,тұзақтың ең жоғарғы нүктесінде ұшақтың ие болатын ең аз жылдамдығы
≈ 50 м/с.
559.Жаңбыр тамшысын Жерге құлататын күш
ауырлық күші.
560.Егер Айдағы еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2 болса, ал Айдың радиусы 1700 км болса, онда Айдағы бірінші ғарыштық жылдамдық
1,65 км/с.
561.Садақтан вертикаль жоғары атылған жебе 5,6 с кейін кері қайтып оралды. Садақ жебесінің көтерілу биіктігі және атылған жылдамдығы (g = 9,8 м/с2)
38,4 м, 27,4 м/с.
562.Биіктігі 6 м ағаштан алма құлап түсті. Оның құлау уақыты және жерге түсу жылдамдығы (Ауа кедергісін ескермеңдер) (g = 10 м/с2)
1,1 с, 11 м/с.
563.Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш
1 Н.
564.F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы
50 Н/м.
565.Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Осындай деформацияға ұшыратқан жүктің массасы (g = 10)
1,5 кг.
566.Горизонталь жолда бір қалыпты қозғалған тепловоздың тартылыс күшін анықта, үйкеліс коэффициенті 0,003. Тепловоздың рельске түсіретін қысым күші 25·106 Н.
75 кН.
567.Массасы 0,1 кг білеушені динамометрдің көмегімен столдың горизонталь бетінде бір қалыпты тартамыз. Динамометрдің көрсетуі 0,4 Н. Сырғанаудың үйкеліс коэффициенті (g = 10 м/с2)
0,4.
568.Автомобиль горизонталь жолмен қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,2. Двигательді өшіргеннен кейін 4 с өткен соң, оның жылдамдығы екі есе кемиді. Автомобильдің бастапқы жылдамдығы.
16 м/с.
569.Қатандығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Сымның созылуы
()
9 см.
Достарыңызбен бөлісу: |