Информация ғылым шеңберінде дәл анықталмайтын негізгі ұғым болып табылады. Информация ұғымынан информацияның материалдық тасығышы, информация көзі, информация қабылдағышы және көзі мен қабылдағышы арасындағы байланыс каналы бар екенін ұйғарымдай аламыз.
«Информация» сөзімен қолданылатын кең тараған етістіктер «қабылдау», «тарату», «жинақтау», сол сияқты «сатып лау» немесе «сату» болып келеді, осыған байланысты біздің санамызда информацияның қандай да бір өлшемі бар сияқты болып көрінеді. Осы жерде, бір қызығы, информация мөлшері туралы ұдайы сөз ете тұрып (көп информация, аз информация) біз оның өлшем бірлігін көрсете алмаймыз. Сол сияқты «жаңа информация» деген сөз дұрыс па деген сұраққа нақты жауап бере алмаймыз. Информация «ескі» бола ма?
Алынған информацияның көлемі қанша немесе саны қанша деген сұрақты қарастырайық. Компьютерде өрнектелу тұрғысынан жауап оңай: бәлен бит немесе байт, килобайт, мегабайт, гегобайт, 1 бит, 1 немесе 0, сигнал бар не жоқ, 1 байт=8 бит, (1 килобайт=1024, байт, 1 мегабайт=1024 килобайт, 1 гегобайт=1024 мегабайт).
Ал Сіз компьютер емессіз, Сіз үшін алынған информация көлемі «күтпегендік коэффициентіне» байланысты, ол ең алдымаен сіздің бұрынғы біліміңізге тәуелді болады.
Адам информацияны кем дегенде үш деңгейде өңдейді: физиологиялық (сезім мүшелері арқылы), рационалдық (сана) және ішкі сезім (подсознание) деңгейінде қарастырады. Информацияны өңдеу процесі өте күрделі, ол адамның өмірлік тәжірибесіне, білімділігіне, мамандығына, информацияға қызығушылығына, информацияның қажеттілігне, тіпті адамгершілігіне және мінезіне де байланысты болады.
Компьютерлік технологияларды оқып отыра, біз информацияны қоршаған орта жөніндегі табиғат пен қоғамда айналысқа түсетін пайдалы мәліметтердің жиынтығы ретінде қарастырамыз.
5.2 Бірінші абзацты белгілеңіз және ол абзацтың шекарасын –2-10 см., ал абзацтың алғашқы жолының шегінісін –3 см етіп тағайындаңыз.
5.3 Екінші абзацты белгілеңіз және ол абзацтың шекарасын 3-11 см., ал шегінісін –4 см етіп тағайындаңыз.
5.4 Үшінші абзацты белгілеңіз және ол абзацтың шекарасын 1-11 см., ал шегінісін –2 см. етіп белгілеңіз.
5.5 Төртінші абзацты белгілеңіз және ол абзацтың шекарасын 4-14 см., шегінісін –6 см. етіп белгілеңіз.
5.6 Бесінші абзацты белгілеңіз және ол абзацтың шекарасын 0-15 см., ал шегінісін – 2 см етіп белгілеңіз.
5.7 Курсивпен жазылған сөздерді белгілеңіз, қаріпін асты сызылған жартылай қалың курсиве ауытырыңыз.
5.8 Барлық мәтінді белгілеңіз, барлық мәтін шекарасын 1-13 см., ал шегінісін – 3см етіп тағайындаңыз.
№6 Зертханалық жұмыс
6.1 Келесі мәтінді қаріппен безендіре отырып (Кегль-14 бөлік) және абзацқа бөліп теріңіз:
Қазақстан ғылым және білім министрлігі
Алматы Мемлекеттік университеті
Физика-математика факультеті
Анықтама
Берілді_______________, ол __________________курста, __________
топта,__________________бөлімінде нақты
оқитынын растайды.
6.2 Мәтінді мекеме атауының жол аралығын 8 бөлікке тең етіп тағайындаңыз.
6.3 Мекеме атауында әріптер аралығын 5 бөлік етіп тағайындаңыз.
6.4 «Анықтама» мәтінінің алдындағы бос орында 24 бөлік етіп тағайындаңыз.
6.5 Мекеме атауын көк түске бояңыз.
6.6 Анықтама мәтінін жасыл түсті жиекке алыңыз.
3 Мәтінді түзету
Мәтінді түзету амалдары электрондық құжаттың бөліктерін өшіру, орын ауыстыру, қосу, бірнеше құжатты біріктіру немесе бір құжатты бірнеше құжаттарға бөлу арқылы өзгертуге мүмкіндік береді.
Символдар мен абзацтарды пішімдеу-түзетудің жеке жағдайлары.
Жалпы жағдайда түзету амалдары мәтіннің мазмұнын өзгертеді.
Тұтас жолды түзету
Бос жол қосу:
Курсорды жолдың соңғы символының аяғына қойыңыз.
Enter пернесін басыңыз.
Бір жолды екі жолға бөлу:
Курсорды жаңа жол басталатын символдың алдына қойыңыз.
Enter пернесін басыңыз.
Екі жолды қосу:
Курсорды қосылатын жолдардың бірінші жолының аяғына қойыңыз (соңғы символынан кейін).
Delete пернесін басыңыз.
Фрагментті белгілеңіз.
Delete пернесін басыңыз.
Құжаттың фрагментін өшіру
Символды өшіру
Backspase пернесін басу арқылы курсордың сол жағындағы символ өшіріледі.
Delete пернесін басу арқылы курсордың оң жағындағы символ өшіріледі.
Құжат фрагменттерін (бөліктерін) өшіру
1-тәсіл:
Фрагментті белгілеңіз.
Delete пернесін басыңыз.
2-тәсіл:
Фрагментті белгілеңіз.
Түзету (Правка-Edit), Қию (Вырезать-Сut) командаларын орындаңыз-сонда фрагмент алмасу буферіне орналасады және керек жерінде оны қолдануға болады;
Егер өшіруді қайта қалпына келтіру керек болса, онда Түзету (Правка), Қайтару (отменить) командаларын орындаңыз немесе «Стандартты» саймандар тақтасында суретшесін шертіңіз.
Ескерту
Бұл команда тек қана өшіруді ғана емес, кез келген соңғы орындалған амалды қайтарады.
Мәтін фрагментін жылжыту және өшіру
Жылжыту деп мәтін фрагментін құжаттан өшіріп, алмасу буферіне орналастыруды айтамыз. Көшіру деп алмасу буферіне фрагменттің көшірмесін орналастыруды айтады, яғни фрагмент құжатта сақталады.
1-тәсіл:
Мәтін фрагментін белгілеңіз.
Тышқан көрсеткішін белгіленген фрагментке қойыңыз;
Тышқанның сол жақ пернесін басып тұрып, жібермефрагментті жаңа орынға жылжытыңыз.
Егер жылжытқанда Ctrl перснесін басып тұрса, онда фрагмент көшіріледі.
Тышқанның сол жақ пернесін жіберіңіз.
2-тәсіл:
Мәтін фрагментін белгілеңіз.
Тышқан көрсеткішін фрагментті қоятын жерге апарыңыз.
Жылжыту үшін: Ctrl пернесін басып, жібермей, тышқанның оң жақ пернесін басыңыз.
Көшіру үшін: Ctrl пернесін басып, жібермей, тышқанның оң жақ пернесін басыңыз.
Көшіру үшін: Ctrl+Shift пернелерін қатар басып, жібермей тұрып, тышқанның оң жақ пернесін басыңыз.
3-тәсіл:
Мәтін фрагментін белгілеңіз.
Жылжыту үшін: Shift+Delete пернелерін қатар басыңыз.
Көшіру үшін Ctrl+Ins пернелерін қатар басыңыз.
Курсорды фрагментті қоятын нүктеге апарыңыз.
Shift+Ins пернелерін қатар басыңыз – фрагмент алмасу буферінен мәтінге қойылады.
4-тәсіл:
Мәтін фрагментін белгілеңіз.
Жылжыту үшін: Түзету (Правка-Edit), Қию (Вырезать-Сut) командаларын орындаңыз немесе «Стандартты» саймандар тақтасында қайшы кескінделген батырманы шертіңіз.
Көшіру үшін: Түзету (Правка-Edit), Көшіру (Копировать-Copy) командаларын орындаңыз немесе «Стандартты» саймандар тақтасында қос құжат бейнеленген батырманы шертіңіз.
№7 Зертханалық жұмыс
Келесі мәтінді қаріппен безендіріп (Кегль-14 бөлік) және абзацқа түр беріп теріңіз.
Есептеу техникасымен жұмыс істейтін адамдарды әдетте категорияларға бөледі, әрине, ол тек шартты түрде екені рас:
ДК құрылғыларының мамандары (электроншылар);
Кәсіптік программистер;
Қолданушы програмистер;
Қолданушылар. Кәсіптік программистер –құрушы программистер және жүйелік программистер болып екіге бөлінеді.
Кәсіптік програмистер-дайын программалармен жұмыс істейді: өндіріске енгізеді, көрсетілген параметрлері бойынша керек түзетулер жасайды және қолдануға арналғанқарапайым программалар жазады. Қолданушылар компьютерді кәсіптік қызметінде аспап ретінде қолданылатын адамдар.
7.2 Әр сөйлемді жаңа жолдан бастаңыз.
7.3 1,2,3,4 санауларын әрқайсысын жаңа абзацтан бастаңыз
7.4 Мәтін соңына келесі сөйлемді қосыңыз.
7.5 «Маманданған қолданушылар-компьютерлік қолдану жөніндегі мамандар, суретшілер және режиссерлер, жазушылар мен журналистер, компьютерсіз қызметі тиімсіз болатын, яғни компьютерсіз жұмыс істей алмайтын мамандар болып табылады».
7.6 3 санауынан соң «4) маманданған қолданушылар» мәтінін қойыңыз, ал 4 санауын 5-ке ауыстырыңыз.
7.7 Мәтін басына қосыңыз «Компьютер-тамаша зат, онымен байланысқан көптеген қолданушылар өздері байқамай жақсы маманданы қолданушылар тіпті программистер тобына ауысып кетеді».
№8 Зертханалық жұмыс
8.1 Келесі мәтінді теріңіз.
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар, шамшан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!
Қайталанған бөліктерін белгілеңіз;
8.2 Мәтінді қаріппен безендіріп (Кегль-12 бөлік), абзацқа түр беріп, қайталанған бөліктерін қайта термей, көшіріңіз;
Абзацтарды кері ретпен орналастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |