ЕРІТІНДІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР
9 сынып
Ерітінділерге байланысты типтік есептердің шығарылу әдістемесі қарастырылып, оларды шешудің алгоритмі берілген. Оқушылардың есеп шығару машықтарын берік етіп қалыптастыру мақсатында өз бетімен шығаруға болатын есептер ұсынылған. Сонымен қатар есептердің жауаптары бар. Ерітінді дайындауға арналған есептер:
Массалық үлесі 0,06 немесе 6 % массасы 230 г калий нитратының ерітіндісін дайындауға қажетті су мен калий нитратының массаларын есептеңіздер.
Берілгені:
ω1 (КNО3) =0,06
m (КNО3) = 230 г
Т/к m (КNО3) , m (Н2О)
Шешуі:
1) Массалық үлестері бойынша ерітіндідегі таза заттардың массаларын есептейміз:
m (ер.зат)
ω (ер.зат) = –––––––––––––
m (ерітінді)
m (ер.зат) = ω (ер.зат) •m (ерітінді)
m (КNО3) = 0,06•230 = 13,8 г
2) Ерітінді дайындау үшін қажетті судың массасы:
M (Н2О) = m (ер-ді) – m (КNО3) = 230 -13,8 = 216,2 г
Жауабы: КNО3 - 13,8 г; Н2О - 216,2 г.
Массасы 25 г мыс купоросын (СuSO4•5Н2О) көлемі 200 мл ( р = 1 г/см³) суда ерітті. Алынған ерітіндідегі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Берілгені:
m (СuSO4•5Н2О ) = 25 г
V(H2О) = 200 мл
р (H2О ) = 1 г/см³
Т/к ω (СuSO4)
Шешуі:
1) Мыс купоросы мен мыс сульфатының молярлық массаларын есептейміз:
М (СuSO4•5Н2О) = 63,5 +32+16•4 +18•5= 249,5 г/моль
М (СuSO4) = 63,5 + 32 + 16•4 = 159,5 г/моль
2) Кристаллогидрат құрамындағы сусыз мыс сульфатының массасы:
249,5 г СuSO4•5Н2О ––––––––––– 159,5 г СuSO4
25 г СuSO4•5Н2О ––––––––––– х г СuSO4
159,5•25
х = –––––––––– = 15,98 г
249,5
3) Еріткіштің массасын анықтаймыз:
M (Н2О) = V(Н2О) •p (Н2О) =200 •1 = 200 г
4)Түзілген ерітіндінің массасы:
m (ерітінді) = m (еріткіш) + m(тұз)
m (ерітінді) = 200 +25 = 225 г
5) Мыс сульфатының массалық үлесі:
m (ер.зат)
ω (ер.зат) = ––––––––––––– • 100 %
m (ерітінді)
15,98 г •100 %
ω (СuSO4) = ––––––––––––– = 7,1 %
225
Жауабы: 7,1 %.
Еріген заттың массалық үлесі 50 % , р = 1,3 г/см³, көлемі 250 см³ азот қышқылының ерітіндісіне көлемі 1 л су қосылғанда түзілген ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін (%) есептеңіздер.
Берілгені:
ω1 (НNО3) = 50 %
V(ер-ді) = 250 см³
р (ер-ді) = 1,3 г/см³
V(H2О) =1 л
Т/к ω2 (НNО3)
Шешуі:
1) Массалық үлесі 50 %-қ ерітіндідегі азот қышқылының массасын есептейміз:
100 г ерітіндіде ––––––––––– 50 г НNО3 болса, 250 – 1,3 г ерітіндіде ––––––––––– х г НNО3 бар.
250 - 1,3 • 50
х = –––––––––––– = 162,5 г
100 2) Массалық үлесі 50 %-қ ерітіндінің массасы:
m (ер-ді) = V(ер-ді) • р (ер-ді) = 250 см³•1,3 г/см³ = 325 г
3) Қышқыл мен судан тұратын ерітіндінің массасы:
m (ер-ді) = 1000 +325 = 1325 г
4) Су қосылған ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесі:
m (ер.зат)
ω (ер.зат) = ––––––––––––– • 100 %
m (ерітінді)
162,5г •100 %
ω2 (НNО3) = –––––––––––––– = 12,26 %
1325 г
Жауабы: 12,26 %
Массалық үлесі 20 %-қ массасы 500 г ерітінді дайындау үшін массалық үлестері 10 % және 30 % болатын бірдей тұз ерітінділерінің қандай массасы қажет? Берілгені: ω1 = 10 % ω2 = 30 % ω3 = 20 % m3 = 500 г Т/к m1 , m2 Шешуі: Крест ережесін қолданамыз:
20 %-қ 500 г тұз ерітіндісін дайындау үшін бастапқыда алынған ерітінділердің концентрациясынан 10 бөліктен алу керек. 1 бөлік 500 :(10 + 10) = 25 грамға тең, ал 10 бөлік 25•10 = 250 г бұдан, m1 = 250 г; m2 = 250 г Есепті тексеру
10 %-қ 100 г ерітіндіде ––––––––––– 10 г тұз болса, 10 %-қ 250 г ерітіндіде ––––––––––– х г тұз болады.
250 •10
z = –––––––––– = 25 г
100 30 %-қ 100 г ерітіндіде ––––––––––– 30 г тұз болса, 30 %-қ 250 г ерітіндіде ––––––––––– у г тұз болады.
250 •30
у = –––––––––– = 75 г
100 m ( ерітінді) = 250+250 = 500 г m(тұз) = 25 + 75 = 100 г. Бұдан 3 табамыз : 500 г ерітіндіде ––––––––––– 100 г тұз болса, 100 г ерітіндіде ––––––––––– 3 г тұз болады.
100 •100
3 = –––––––––– = 20 г немесе 20 %
500
Жауабы: m1 = 250 г, m2 = 250 г.
Массалық үлесі 0,3 немесе 30 % -қ 150 г натрий хлоридінің ерітіндісі мен массалық үлесі 0,1 немесе 10 % -қ 250 г натрий хлоридінің ерітіндісін араластырған. Алынған ерітіндідегі натрий хлоридінің массалық үлесі (%) қандай? Берілгені:
m1(NaCІ ) = 150 г
m2(NaCІ ) = 250 г
ω1(NaCІ ) = 30 %
ω2(NaCІ ) = 10 %
Т/к ω3(NaCІ ) Шешуі: 1- әдіс ( пропорция әдісі) 1) Ерітіндінің жалпы массасы:
m3 = m1 + m2 = 150 + 250 = 400 г 2) Бірінші және екінші ерітіндідегі натрий хлоридінің масссасын анықтаймыз:
100 г ерітіндіде ––––––––––– 30 г NaCІ болса, 150 г ерітіндіде ––––––––––– х г NaCІ бар.
30 •150
х = –––––––––– = 45 г
100
100 г ерітіндіде ––––––––––– 10 г NaCІ болса, 250 г ерітіндіде ––––––––––– у г NaCІ бар.
10 •250
у = –––––––––– = 25 г
100
3) Түзілген ерітіндінің құрамындағы натрий хлоридінің массасы:
45 +25 =70 г 4) Түзілген ерітіндінің концентрациясы:
400 г ерітіндіде ––––––––––– 70 г NaCІ болса, 100 г ерітіндіде ––––––––––– z г NaCІ бар.
70 •100
z = –––––––––– = 17,5 г немесе 17,5 %
400
Достарыңызбен бөлісу: |