Әож 1 01: жоғАРҒы оқу орындарында мәдениеттану пәнін оқытудағы инновациялық Әдіс-тәсілдер



Дата14.02.2020
өлшемі84 Kb.
#29075

ӘОЖ 21:7.01:1
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МӘДЕНИЕТТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Сыдыкова Э.Ж., Баярисов Р.У

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Жоғарғы оқу орындарында инновациялық әдістемелерді пайдаланудың түпкі мақсаты – білім сапасын қазіргі заман талабына, экономикасына орай оңтайластыру болып табылуы тиіс. Қазақстандық кредитік жүйемен оқу, оқыту барысындағы қазіргі кездегі бірқатар туындап отырған мәселелермен Европа елдері, мысалы АҚШ өткен ғасырдың 50-ші жылдары басынан өткізіп қойған екен. Бұл мәселе сол елдің менталитетімен, экономикасымен біте қайнасып отырғанның өзінде солай болып отырса, әрі біздің елдің қаншалықты артта қалғанын көрсетіп отыр. Әрине қиындықтар болуы керек, ол табиғи заңдылық та. Бірақ дәстүрлі оқыту базис ретінде қалдырылмай, әрі қазақ халқының мәдениеті мен менталитеті де негіз болып қалыптасудың орнына Европаға еліктеушілік басымырақ болып бара жатқандай. Нәтижесінде не Европа емеспіз, не қазакеңнің ойынан шыға алмай жатырмыз. Негізгі туындап отырған мәселелердің бірден бір себебі де осында. Қазіргі кредиттік жүйенің бірден бір мақсаты әлемдік стандартқа сай білім беру болса Қазақстандық дипломмен әлемнің түкпір-түкпірінде қызметке тұра ала ма немесе Европаның жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген жас маман қазақ жерінде жұмыс таба ала ма? Ақпарат беттерінде ол мәселе де аз айтылып жүрген жоқ..

Дәл қазіргі таңда барлық мүмкіндіктерді қарастырып, осы орайда Мәдениеттану пәнін оқыту барысында осы мәселені ескеріп осы пәнді оқытудың тиімді де ұтымды әдісін пайдалану қазіргі уақыт талабы. Біз оны өз практикамызда «мәдениеттану формуласы» деп атаймыз (төмендегі талицаға қараңыз). Мәдениеттануды оқып білудің негізгі мақсаты адамзат тарихындағы озық мәдениеттерден сабақ алып, оны өмірлік тәжірибеде пайдалану болса, мәдениеттану пәні бағдарламасында әлемдік мәдениет теориясы, әлемдік мәдениет тарихы және отандық мәдениет тарихын оқыту қамтылған. Дегенмен рухани байлықтың көзі болып табылатын дүниелерді оқып білу де ұрпақтың болашағы үшін қажетті рухани азық. Төмендегі әдістемеде студент мәдениеттану бағдарламасындағы барлық тақырыпты осы қалыпқа (формулаға) салып бірнеше кітаппен жұмыс жасағанда ойын да шашыратып алмай, әрі жиналған бар материалды тиянақты бір жерге шоғырландырып жұмыс жасай алады. Қысқартылған таблица түріндегі конспектіге қарап ойыңды тарқатып айта беруіңе болады, оқытушыға тексеруге тастап кетуге де ыңғайлы. Қажетінше таблицаны кеңейтіп немесе қысқартып орындау мүмкіндігі де бар. Таблица формасындағы бұл идея, әдіс-тәсіл сондай-ақ басқа гуманитарлық-тарихи пәндерді оқып білуде де тиімді, мысалы Қазақстан тарихы, жалпы тарих және т.б.с.с.




Тақырып: «Ежелгі Қосөзен (Месопатамия) мәдениеті»

1

2

Географиялық жағдайы


  • Ежелгі Эдем бау-бақшасы орналасқан жер

  • Батысында Палестина-Сирия,Финикия- Жерорта теңізінің жағалауында

  • Таулы аймағында Хетт мемлекеті

  • Кіші Азияның орталық бөлігіндегі Кавказ жағалаулары (Закавказье)

  • Армян тауларындағы Урарту елі

  • Қазіргі Иран елі Тигр-Ефрат бойы

Даму сатысы

(хронологиясы)


  • Ең алғаш б.з.б.IVғ.-Шуммер-Аккад мәдениетінің қалыптасуы

  • б.з.д.III-II.м.ж. шуммерліктердің құлдырауы

  • б.з.д.II-Iм.ж.Қосөзен мәдениетінің Бабылдықтарға қараған кезі

  • б.з.д.Iм.ж.Ассирия мәдениетіне қараған кезі

  • б.з.д.538ж Персияның құрамына енуі (өз бетінше дамуын тоқтатты)

  • XXVIII-XXIғ.ғ б.з.д. Гаутитіліктердің шабуылынан екінші қайта құрады

  • Жаңа әрі күшті дамыған Эллин мәдениетінің алдында бас иеді

Тарихи саяси – әлеуметтік жағдайы


  • Шығыстан ауа көшкендер осы жерде Сеннаар жазығына тұрақтайды (библ: ІІ.1-9)

  • Г.Гункел (неміс оқымыстысы) келтірген тарихи факт : Мардук патшалығы тұсында көпқабатты құрылыстың осы библиялық сюжетпен тұспа-тұс болғандығын дәлелдейді.

  • Тарихтағы т.б оқиғалар библиялық сюжеттермен тұспалануы хvшғ. оқымыстылардың ерекше назарында десе болады:

  • Бабыл оқиғасы.

  • Новуходоносор, Валтасар пир оқиғасы өтілген

  • Атақты Арарат тауы. Нух патшасының кемесі тоқтаған. (Қазіргі Американ оқымыстылары тарихи факт екенін дәлелдеп отыр) немесе басқаша айтқанда сол кездегі Шуруппак құрылысы

  • Авраамның Харранға, Ханананға жорығы

  • Соломон патшаның сарайы Ирихон, Самария,Бет-цур, Бет-Эл

  • Исаның жүріп өткен жері

Мифологиясы


  • Адам құдайдың құлы(өнер туындыларының бар мазмұны)

  • Шумерліктер өздерін Тигр, Ефрат өзендерінің бастауында дүниеге келдік деп санайды(Персия шығанағы, яғни аспаннан түскен)

  • Көптеген текстер Кавказға сілтем жасайды

  • аспаннан түскен т.б. гипотеза;

Мәдени орталықтар:


  • Ур, Лагаш

  • Урук

  • Эшнупна

  • Иерихон

  • Самария

  • Бет-Цур

  • Бет-Эл

  • Джемжед-Наср

  • Эль-Обейд

  • Дур-Шуруккин

  • Бабыл

Өнер –Ғылым.

Сәулет өнері:


  • Жерді суландыру жүйелері

  • Сарайлар мен қамалдар - құрылыстың осы үш түрі жақсы дамыды

  • Зиккураттар

Стиль (құрылыстағы)


  • Космологиялық

  • Күмбезді система

  • Баспалдақты

Негізгі материалдар

(құрылыстағы):


  • Күйдірілген және күйдірілмеген кірпіш (библ.11.1-9)

  • Ең алғаш әкті, асфальтты пайдаланушылар

  • Керамика

  • Саз балшық

  • Алебастр

  • Жылтыр тас (глазурь)

  • Ағаш (ең қымбат материал ретінде)

Сәулет өнерінің туындылары:
(мәдени материалдық

мұралары)


  • Ассириялық Саргон патшаның (ІІ-ші) Дур-Шаруккендегі сарайы. (қазіргі Хорсабад) б.з.д.vІІІ ғғ.

  • Бабылдағы Зиккурат б.з.д.VІІ-VІғғ.

  • Ниневиядағы Ашшурбанипал кітапхансы (1853ж ашыл. Тигрдың сол жақ жағалауындағы Куюнджи қазба жұмысында табылған)

  • №28 Ева-Иштар-Венера

  • Урук қаласындағы Ақ Сарай мен Қызыл Сарай

  • Комплексті құрылыстар: 1) Ашурнасирпал II-ші сарайы;

2) Саргон II-ші сарайы;

3) Ашурбнипал сарайы



Қолданылған әдіс (техника) түрлері:

  • Арканы қолдану

  • “Шеду” және “ламассу” (мүсінді фигуралармен әшекейлеу)

  • Релъефті техника

Тілі


  • Өзіндік Шуммер-Авкад тілі болды (кейін бұл тіл ұмытылып, бабыл абыздары өзара құпия тіл ретінде пайдаланған.

Өзінен кейінгі өнер-ге ықпалды әсері


  • Клинописьтік жазу, кейінгі грек алфавитінің пайда болуына негіз болды.

  • Вальтасар (Бабылдың соңғы патшасы) Г.Сакс “Даниил комедиясы”(хviғ) шығармасына негіз болды.

  • Кольдерон “Мистический и подлинный Вавилон”(ХVІІғ) шығармасына негіз болды

  • Гетенің драмасына негіз болды.

  • Г.Гейне “Вальтасар” шығармасына негіз болды

  • Дж Байрон “Видение Вальтасара” (өлең-жыр) шығармасына негіз болды

  • Авраам жайлы Рафаэль, Рембранд шығармасына негіз болды.

  • Орыс өнерінде (Успен. Собор во Владимире” хvІ-хvғ) ықпалы болды.

  • Мұсылман мәдениетіне (Құран текстері) де негіз болды.

  • Гесиод “Даниил” б.з.д.VІІІ-VІғ шығармасына негіз болды.

Рухани мәдени мұра-лары немесе басқа әдеби-тарихи деректер:


  • Ж.Э.Ренан “Из жизни Иисуса

  • “Даниилла” кітабы

  • “Сказания о Вавилон-граде”

  • “Гильгамеш туралы жыр”

  • “Этан” поэмасы

  • “Мырза мен құл” әңгімесі (Иов пен Экклезист-библ вар)

  • Арамейлік “Ахикар” повесі (армен, араб, славян, грек т.б.) “Повесть об Акире Премудром”

  • Клинописьтік жазулар

  • Хаммурапии патшалығының заңы: Кіріспе 282 статья және соңғы сөз б.з.д.х vIII ғ

  • Геродот, Диодор, Страбон еңбектерінде

  • Библия – Быт. 2,18; Быт. 2,5 18-25; Быт. 3, 20; Быт. 25,25; Лук. 3, 23-38

  • Құран- 2:50, 62, 76, 102, 134; 4:163; 5:21-26; 7:1-206; 10:Жүніс сүресі; 14: Ибраһим сүресі; 18:83-98; 20; Мұса сүресі

Материалдық мұралары


  • Дөңгелек печать Стеатит. Джемдет-Наср IVм.ж.

  • 2-жартысы. Берлин мемлекеттік музейде сақтаулы (Алдыңғы Азия елдеріне тән ерекшелік)

  • Зиккурат. Ур қаласы. Б.д.д.ХХІV-ХХІІІғ. Комплексті құрылыстың бір бөлігі. Биіктігі-21м, ауданы 60*45м. Абыздардың абсерваториясы.

  • Арфа. Ур. Б.д.д.ХХVІ-ХХVІІІғ. Филоделфиядағы Университет Музейі.

  • Ниневия қаласындағы Саргон патшалығының бас мүсіні.Б.д.д.ХХІІІ-ХХІІғ. Бағдад(Ирак) музейі

  • Гудеа бас мүсіні-Алебастр. Б.д.дХХІІғ

  • Иштар қақпасы.Бабыл б.д.д.VІғ. Берлин Мемлкеттік музейі. (Эмальмен жазылған кірпіштердің бірнеше лабараториялық анализдерден кейін кірпішті жасау құпиясы анықталған.

  • Ашшурбаннипал патшаның атты адамдарымен аңға шығу көрінісі. Ниневия қаласындағы сарайдағы рельефті жазу. Б.д.д.VІІғ. Ең алғаш шығыс өнерінің осындай бейнелі суреті үлкен шеберлікпен орындалған.

Үйге тапсырма:

  • Соңғы археологиялық деректер және газет-журналдар мен интернет материалдарынан жаңа ақпараттарды қарап шығу

Оқырман мұқият назар аударған болса, осы қалыпта орындалған конспектіде тақырып ашылмай қалмайды және артық сөздерге тіпті орын жоқ.. Өйткені қандай стильде жазылған оқулық болмасын ішінен мәдениетті тануға қажет материалды тауып алуға көмектеседі. Бұл инновациялық идея жоғарғы оқу орнындағы 20 жылдық тәжірибенің жемісі. Ал компьютерлік жүйеге байланысты оңтайластырылып, аудиториялық сабақтарда пайдалану үшін жиі өзгеріп жатқан әдіс-тәсілдер өз алдына.

Бірақ, программадағы материалмен танысып шығуға 2 ай жетерлік болғанымен толық меңгеріп шығу мүмкін емес. Уақытты барынша тиімді пайдаландық десек те, соның өзінде гуманитар пәндерді жүргізуде қиындықтар да жоқ емес, мысалға айтсақ кезінде дәстүрлі оқытуда жыл бойы немесе екі жыл бойы оқытылып келген пәндер қазіргі таңда бірінші курс студенттері 10 аптаның ішінде + 1 апта емтиханға берілген уақытпен аяқтайды. Он аптаның ішінде оқып бітіретін мұндай бір кредиттік сабақтар біреу емес. Ал енді кез келген компьютерік курстың ең қарапайым программасының өзін оқып білу 1-2 айдың көлемінде жүретіні белгілі. Менің айтайын дегенім, мәселенің үлкені сағат санын қысқартуда да болып отырған жоқ, сол 1 кредитке беріліп отырған сағат санын 2 айға емес жоқ дегенде жарты жылға немесе бір жылға уақыты созылып қойылса мүмкін студенттердің ой қорытып, дәстүрлі оқыту кезіндегідей дайындыққа уақыт жетіп, біліміңді аудиторияларда ортаға салып айтысып жататын мүмкіндіктер қайта орала ма деген үміт. Ал гуманитар пәндерді оқытудағы тағы негізгі мақсаттың бірі ол кімді де болса ойлана білуге үйрету. Екі ай ішінде бір мәдениеттану пәнінде көрсетілген 100-ге жуық әдебиетті қарап шығу, әрі онымен бірге барлық гуманитар пәндерді қатар оқу бір курс, тіпті бір семестр ішінде меңгеру кімге де болса ауыр.. Кредиттік жүйе тек вундеркиндтерге арналып құрылмаған болар. Осы екі айдың ішінде 1-3 кредит сабақтардың барлығын қосып есептегенде тәрбие жұмысына қатысты іс-шаралар тағы бар, қоғамдық жұмыстармен шұғылдану тағы бар, студеттердің ғылыми-конференциясына қатысу тағы бар. Оның үстіне жоғарғы оқу орнына келіп қабылданған студенттердің барлығы 100 балмен қабылданып жатпағанын тағы айтқанда. Кейде сапалы бір рефераттың өзін жазып шығуға бір ай аз болатыны белгілі. Ендеше 2-3 айдың ішінде студент сапалы білім алып, емтиханды сәтті тапсырып шығуы шындыққа сия ма? Дәл қазіргі кредиттік жүйемен оқытуда секірістер көп, қарапайым логикаға салып қарасақ бірінші сатыдан оныншы сатыға секіргенмен бірдей жәйттәр көп. Тағы бір туындап отырған кемшіліктер - жоғарғы оқу орны ең соңғы техникалық құралдармен толық жабдықталуы керек болса, онымен қоса оқытушылардан университет компьютерлерінде орнатылмаған кейбір программаларда кейбір операцияларды орындау уақыт талабы болып отыр. Ал оған оқытушының уақыт пен қаржы жағынан мүмкіндіктері де шектеулі екені жасырын емес. Университет көлемінде болатын жыл сайынғы инновациялық мультимедиялық жобалар бойынша өткізілетін оқытушылардың конкурсы осы мәселенің куәсі.

Силлабустарды құрастырудағы мәселелер тағы бар. Силлабустарға лекцияның қысқаша текстерін көрсетуді міндеттеудің тіпті қажеті жоқ, уақытыңды зая етеді. Ондай силлабустарды Европа әлдеқашан жарамсыз деп таныған екен. Оның орнына интернеттік әдебиеттерге сілтемелер мен пайданылатын әдебиеттер қорын көрсетуді кеңейтсек, тағы да қарапайым логика, тәулікте 24 сағат болса, оның сегіз сағатында ғана адам тынымсыз еңбек етуге жарамды екенін білсек бұл шара студенттермен қоса әрі оқытушыларға да тиімді.

«Оқу инемен құдық қазғандай» - деген сөзді қазақ халқы ғасырлар бойы жинаған тәжірибесі негізінде қорытып айтқан. Ал қазіргі уақытта оқыту процесі қандай қарқынмен жүріп жатыр? Түбіндегі нәтижеміз қалай болар екен, осыған көп алаңдасақ., жоғарғы оқу орындарындағы реформа да пәндердің ерекшелігіне орай оңтайласу керек, яғни адам логикасын, көзқарасын, дүниетанымын айтысқа салып, пікір-таласып, жанды пікір алмасу, әңгімелесу арқылы түсінуді, айқындауды, бағалауды қажет ететін пәндердің ерекшелігі ескерілуі керек.


Әдебиеттер


  1. «Қазақстан - Заман» газеті. 9 ақпан, 2007жыл. 6 бет.

  2. Жоғарғы оқу орындарының кредиттік жүйеге көшуі туралы. «Альпари» журналы» №1., 2003. 162-163 беттер.

  3. Кредитная система обучения. Под.ред. Б.А.Мырзалиева. Шымкент., 2005.

  4. Основы кредитного обучения. Под.ред.Ж.А.Кулекеева. Алматы., 2004

  5. http: www. Idu. Edu. /tr kredi/

  6. http: / www. gogle. Kz

  7. www. sgma. Kz /terms/


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау