Әмірбек Гүлнұр Әділқызы



жүктеу 1,54 Mb.
бет12/17
Дата31.05.2020
өлшемі1,54 Mb.
#30771
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Фибоначчи сандарының құпиясы

Фибоначчи спиралі.

Математикада спираль сияқты бірегей қасиеттерге ие форма жоқ, себебі спираль құрылымында алтын қима ережесі бар! Спиральдың матемаикалық құрылымын түсіну үшін алтын қима не екендігін қайталайық. 



Алтын қима – бұл сондай кесіндіні тең емес пропорциональды бөлу болып табылады, кесінді ұзындығының үлкен бөлікке қатынасы үлкен бөліктің кіші бөлігіне қатынасына тең болатындай.

 

 

Яғни     (a+b) /a = a / b



 

Қабырғаларының қатынасы осындай болатын тіктөртбұрыштарды алтын тіктөртбұрыштар деп атайды.  Оның ұзын қабырғасының қысқа қабырғасына қатынасы 1,168 : 1 болады. Алтын тіктөртбұрыш көптеген қарапайым емес қасиеттерге ие. Осы тіктөртбұрыштан қабырғасы осы тіктөртбұрыштың кіші қабырғасына тең болатын квадратты қиып алсақ, біз қайта кіші өлшемдегі алтын тіктөртбұрыш аламыз.



 

Бұл процесті шексіз жалғастыруға болады. Квадраттарды бөліп алу арқылы, біз өте кішкентай алтын тіктөртбұрыштар аламыз. Сонымен бірге олар математикада маңызды мағынаға ие болатын логарифмдік спираль бойынша орналасады. Мысалы, спиральды форманы күнбағыс дәндерінің орналасуынан, ананастан, кактустан, роза жапырағынан және т.б. байқауға болады. 




 

Бізді таң қалдыратыны бақалшақтардың спираль құруы болып табылады.



Көптеген бақалшағы бар ұлулардағы бақалшақ спираль пішінде өседі. Алайда, бұл ақылсыз жаратылыстар спираль жайлы түсініктері жоқ екені және өздері спиральды бақалшақ жасайтындай қарапайым математикалық білімдері де жоқ екені айқын. Бірақ, бұл ақылсыз жаратылыс өсудің идеальды формасын және оны спиральды бақалшақ етіп жасауды қалай анықтайды?  Ғылым әлемі примитивті пішін санайтын тірі жаратылыстар олардың бар болуына тиімді спиральды бақалшақ болатынын есептей ала ма?



Осындай, тіпті өмірдің ең примитивті пішінін кездейсоқ кейбір табиғат ағысымен түсіндіру кем дегенде абсурдты болып табылады. Бұл жоба саналы құру екендігі айқын.Спиральдар адамда да бар. Оның көмегімен біз естиміз:

     Сонымен қатар, құлақтың ішкі бөлігінде дыбыстық вибрацияны тасымалдайтын функция атқаратын Cochlea ("ұлу") органы бар.  



Бұл топтастырылған құрылым сұйықпен толтырылған және алтын пропорция қамтитын ұлу формасында құрылған. 

Спиральдар біздің алақанымызда және саусақтарымызда бар:



 

Жануарлар әлемінде де біз спиральдарға қатысты көптеген мысалдар таба аламыз. Спираль пішінде жануарлардың мүйізі мен азуы дамиды, арыстандар аяқ тырнақтары мен попугай тұмсығы логарифмдік пішіндес болып табылады және спиральдың айнала бейім осіне ұқсайды.    



 

 

Бір қызығы, спираль түрде дауыл және циклон бұлттары айналады және оларды ғарыштан анық көруге болады:



 

Мұхиттық және теңіздік толқындарды графикте математикалық түрде 1,1,2,3,5,8,13,21,34 және 55 нүктелерімен көрсетуге болады.



 

Мұндай «тұрмыстық» спиральдарды да бәрі біледі. 



Су ваннадан спираль бойынша кетеді:

Галактика да алтын қима формуласына сәйкес келетін спираль болып табылады:



                                           

 

Сонымен біз алтын тіктөртбұрыш алып оны өте кішкентай тіктөртбұрыштарға Фибоначчи тізбегіндегі дәлдікпен бөлсек және олардың әрқайсысын осындай пропорцияда бөле беру арқылы Фибоначчи спиралын алатынымызды байқадық. Бұл спиральды біз күтпеген жаратылыс пен нысандардан байқадық.   




жүктеу 1,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау