7-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде ұйымдастыру
1. Әлеуметтiк әрiптестiкті республикалық деңгейде Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрi - республикалық комиссия) қамтамасыз етедi.
2. Республикалық комиссия әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн үйлестiруді тиістi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен қамтамасыз ету жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |