21. Этникалық топтар мен олардың өзара тіршілік етуі.
Қазіргі кезде "этникалық топ" ұғымы қоғамдық ғылымдарда екі негізгі мәнге ие.
Біріншісі, этникалық топқа барлық осы этносты құрайтын адамдар тобын жатқызу.
Екіншісі, этиникалық топ пен ұлтты қарсы қою. Соңғысында ұлт пен этникалық топ арасындағы айырмашылық бірнеше факторлармен байланыстырылады:
Біріншіден, ұлттық дербестікке немесе ұлттық мемлекеттілікке үмтылатын ұлттың саяси бағдарламасына негізделген ұлтшылдыққа ие. Ал, этникалық топтың ондай бағдарламасы жоқ;
Екіншіден, ұлтшылдық ұлтқа өз мүдделерін жалпыұлттық деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы этникалық белгілер этникалық топқа әлеуметтік мәдени ұйысу береді, бірақ олардың кейде өзге топтардың немесе өз этникалық тобының мүдделеріне қайшы келетін өз мүдделерін көрсетуіне тыйым сала алмайды;
Үшіншіден, ұлт жағдайында этникалық топтың этникалық шекарасы саяси шекарамен, ақыр соңында ұлттық мемлекеттің географиялық шекарасы белгіленеді;
Төртіншіден, ұлттық этникалықты жасау осы ұлттың ұлтшылдығымен, ұлттық мемлекеттің институттарымен бақыланады;
Бесіншіден, ұлттың этникалығы этникалық құрамдас бөліктері арқылы да, азаматтық арқылы да анықталуы мүмкін.
Ұлт этностың жоғарғы типі – ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші сал – дәстүрлері мен діңі бар адамдардың әлеуметтік бірлестігі. Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ аумағы, ортақ эконмикасы, сол ұлт өкілдерінің біріктіретін мемлекеті болады. Ұлттың қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талап тұрғысынан қарастырғанда «ұлт және этнос » ұғымдары біріне – бірі өте жақын, екіншісі біріншісінің туып, қалыптасуына негіз болады. Этностан айырмашылығы ұлттар этностық белгілерде қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық және саяси - әлеуметтік ой - пікірде «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік қалыптаспаған. Жер шарында 2.мыңнан асатам ұлттармен этностар бар. Олар 5.мыңнан астам диалектілерде сөйлейді 330 – ға жуық этностың 1.мил және одан коп өкілдері бар. Ал қалған 1700 – ден астамы 1.мил-ға жетпейтің адамы бар аз саңды этностар қатарына жатады. Осыншама көп саңды ұлттар мен этностар әлемде 200- ден астам мемлекеттерге біріккен. Соңдықтан әлемдегі мемлекеттердің 90 % - ы көп ұлтты немесе көп этносты мемлекет болып табылады. Көптеген көп миллионды халқы бар этностардың жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. Ұлттық өмір мен ұлтаралық қатынастардың өте күрделі екндігін осы деректерден - ақ көруге болады. Олардың арасында жерге, қазба байлықтарына, билікке, тілге байланысты этностық қайшылықтар тоқтаусыз жүріп жатады. Мысалы Таяу Шығыстағы еврилер мен арабтардың жер үшін таласы, Испаниядағы, Ресейдегі, Солтүстік Ирландиядағы т.б. елдердегі этно қайшылықтар ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғасуда. 19 – 20 ғасырларда азсанды этностық топтар аса жылдам ассиммляциялана бастады.Мысалы 1939 ж өткен халық санағында Кеңес Одағында 193 этнос, ал 1959 ж 135 ұлт пен ұлыс ресми тіркелген. Немесе 20 жыл ішінде 60 – қа жуық саны аз этностық топтар жойылып, ассимиляцияланып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |