|
Әлемдік мұхиттардың ластануы
|
Дата | 17.11.2022 | өлшемі | 2,63 Mb. | | #40201 |
| срс-9 биогео.
Әлемдік мұхиттардың ластануы
Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі.
Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).
Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.
Бүгінгі таңда Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу мен қорғау жұмыстары заманауи құрылғылар орнатылған Жер серіктерінің көмегімен қашықтықтан зондтау әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Дүниежүзілік мұхит суларын ластаушы заттарды эколог-ғалымдар мынадай 4 топқа жіктейді:
-материктік қайраңдардан мұнай өндіру мен оны тасымалдау кезінде мұхит суына қосылатын мұнай өнімдері;
-өнеркәсіп орталықтары қолданған және ірі қалалардың коммуналдық қажеті үшін пайдаланылып, өз дәрежесінде толық тазартылудан өтпеген су;
-ауыл шаруашылығында пайдаланылып, әр түрлі химиялық (тыңайтқыштар, пестицидтер мен гербицидтер және т.б.) қалдықтармен ластанған су;
-радиоактивтік қалдықтардың көмілуі және мұхит кемелері пайдаланған лас судың толық тазартылмауы.
Дүниежүзілік мұхиттағы туристік-рекреациялық маңызы жоғары жаға-жайлардың да жағдайы мәз емес. Тек қана Жерорта теңізі жағалауы бойында 20-ға жуық ел орналасқан, онда 130 млн-нан аса халық тұрады. 260 порты бар, онда бір мезгілде 2,5 мың алысқа жүзетін және 5 мың каботаждың (бір елдің кемелері) кеме тоқтай алады. Оның теңіз жолдары арқылы жылына 400 млн т-дан астам мұнай тасымалданады.
Сонымен қатар оның жағалауында жылына 90 млн-ға дейін адамдар дем алып, жаз кезінде теңіз айдыны арқылы 10 мыңнан аса туристік кемелер жүзіп өтеді.
Олар пайдаланған лас сулар мен өр түрлі қалдықтар толық тазартылудан өтпестен теңіз суларына жіберіледі. Аталған көрсеткіштер нәтижесінде Жерорта теңізі - Дүниежүзілік мұхиттағы ең лас аудаңдар қатарына жатады.
Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда.
Қазіргі кездегі ең үлкен проблема -мұхиттың мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы. Мұхиттың мұнаймен ластануының басым бөлігі теңіз транспортының және қала аумақтарынан шайып әкелетін мұнайдың үлесіне тиеді.
Мұхитты мекендеушілер үшін, әсіресе, организмнің ішіне еніп кеткен жағдайда токсикалық әсер ететін, мұнайдың ерігіш компоненттері қауіпті. Мұнайдың төгілуінің ең бір ауыр зардабы -су бетінде жұқа мұнай қабатының пайда болуы. Онда газ алмасу бұзылады, жарықтың суға өтуі нашарлайды, фотосинтез жүрмегендіктен фитопланктон қырылады. Мұнайдың ауыр компоненттері (мазут) су табанына шөгеді, бұл бентостың өлуіне әкеліп соғады.
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған аса маңызды мәселенің бірі— Дүниежүзілік мұхит суларын қорғау және оның табиғат байлықтарын мейлінше тиімді пайдалану. Өйткені мүхит табиғат байлықтары әр елде түрліше игеріледі, мұхит сулары ластанып барады және мұхит айдынының әскери әрекет майданы ретінде қолданылуы күшеюде.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|