Электртехникалық материалтану



жүктеу 4,72 Mb.
бет48/59
Дата04.12.2017
өлшемі4,72 Mb.
#3075
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59

5.2 Есептің мазмұны

Есепті зертханалық жұмыс бойынша бекітілген қалыпта орындайды (№1 зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқауына қара).

Қорытындыда келесіні көрсету керек:

а) Uпр = f (W) тәуелділікті салу және оны түсіндіру;

б) сыналатын трансформаторлық майдың келесі пайдалануына жарамды ма және аппараттардың номиналды кернеуі қандай болуы керек;

в) майды сынау кезінде тесіп өтуінің түрін көрсет.



6 Зертханалық жұмыс
Қатты диэлектриктердің ылғалдылық жұтуын анықтау

Жұмыс мақсаты: қатты диэлектриктердің ылғалдылық жұтуын анықтау әдісін меңгеру және оқшауламаның ылғалдылықтан қорғау әдісімен танысу.
6.1 Жұмыстың бағдарламасы

6.1.1 Сынақтан өтетін материалдардың электрлік және физика – механикалық сипаттамаларымен танысу.

6.1.2 Салыстырмалы ылғалдылықта ұзақ уақыт болған электртехникалық материалдар үлгілерінің таразылауын жүргізу.

6.1.3 Ылғалдылық жұтудың коэффициентін анықтау және алынған қорытындылардың сараптамасын жүргізу.


6.2 Жалпы мәліметтер

Оқшауламаны қоршайтын ауа сұдың буын ұстайды. Оқшауламаның (диэлектриктің) бетіне қонған су диэлектриктің меншікті көлемдік және меншікті беттік кедергілерін күрт төмендетеді.

Ылғалдың әсер етуіне орнықтылық бойынша диэлектриктерді үш топқа бөлуге болады:

а) диэлектриктер ылғалдылықты жұтады және оны сулайды;

б) диэлектриктер ылғалдылықты жұтпайды, бірақ суланады;

в) диэлектриктер ылғалдылықты жұтпайды және онымен суланбайды.

Үшінші топтың диэлектриктері басқаларға қарағанда артықшылыққа ие, бірақ та олардың саны аз. Берілген топтардың келесі материалдары белгілі: парафин, церезин, фторопласт-4.

Басқа электроқшаулама материалдар ылғалдылықтың әсерінен өзінің электроқшаулама қасиеттерін нашарлатады. Бұл олардың ылғалдылығының сипаттамасы болып келеді.

Бетке тұнған ылғал – полярлану табиғатынан тәуелді материалдың сулануы. Бетінде белгілері қарама-қарсы иондар ауысатын иондалу полярлануы бар заттар өзінің бетіне ауадағы полярлы су молекулаларын тартады, ал олар өзімен қатар қалындығы бірнеше молекуладан тұратын ылғал оқшауламасымен қосылады (6.1-а сурет).

Өріс жоқ болғанда электронды полярлануға ие диэлектрліктер бейтарап бетке ие және судың молекуласын (6.1 сурет в) тартпайды. Сондықтан, иондық полярлануға ие диэлектрліктер сумен жақсы суланады, дипольды полярлануға ие диэлектриктер азырақ суланады, ал электрондық полярлануға ие (бейтарап диэлектриктер) диэлектриктер суланбайды.



Ылғалдылықтың диэлектрикпен жұтылуы материалдағы кеуектілікпен түсіндіріледі: макро, микро немесе субмикроскопиялық және гигроскопиялық немесе ылғалды жұтудың шамасымен сипатталады.






а) б) в)
а) иондық полярлануға ие диэлектриктер;

б) дипольды полярлануға ие диэлектриктер;

в) электронды полярлануға ие диэлектриктер.


6.1 Сурет – Диэлектриктердің сулану табиғаты
Берілген жұмыста ылғалдылықты жұту салыстырмалы ылғалдылықтың үш мәні бойынша анықталады:

а) бірнеше пайыздық салыстырмалы ылғалдылық кезінде;

б) қоршаған ортаның (бөлменің ішінде) салыстырмалы ылғалдылығы кезінде;

в) үлкен ылғалдылық φі = (95 ... 98) % кезінде.



Диэлектриктің ылғалдылық жұтуы ылғал жұту коэффициентімен сипатталады және келесі формуламен есептелінеді
(6.1)
мұнда Р1 – құрғақ үлгінің массасы, г;

Р2 – ұзақ уақыт ылғалдылық жағдайында болған сол үлгінің массасы, г.

Ылғалдылық жұтудың коэффициенті арқылы диэлектрик сапасының төмендеуін бағалауға болады. Толық гигроскопиялық емес материалдар үшін

G = 0, қатты гигроскопиялық материалдар үшін G 100%-ке дейін және одан да көп болуы мүмкін (мысалы, қатты қағаз үшін).


жүктеу 4,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау