2.2 Тапсырма
Цилиндрлік орауыштың өсіндегі әр түрлі нүктелерінде магнит индукциясын өлшеу және оның өс бойымен өзгеру графигін салу.
Өлшеу нәтижесін есептеулермен тексеру. Бұл кешендік мини блок жиынтығында цилиндрлік орауыштың миниблогы және өстері бірдей сақиналы орауыштардың миниблогы бар. Орауыш параметрлары миниблок этикеткасында көрсетілген.
Магнит индукциясын өлшеу үшін күшейткіші бар Холл датчигі қолданылады. Магнит индукциясын өлшеу үшін «Тесламетр» +15В кернеу беру, ал оның шығысына вольтметрді қосу керек. Нөлді тоқтату сабымен нөлге жақын кернеуге жетіп шет жағынан керекті қашықтыққа орауыш ішіне Холл датчигімензондты еңгізу керек. Күшейткіш шығысындағы вольтметр көрсетімі магнит индукциясына пропорционал.
«Датчик-күшейткіш» жүйенің сезімталдығы миниблок этикеткасында көрсетілген. Егер сезімталдықты дәлдеу немесе өзгерту керек болса, онда миниблоктың қақпағын ашып магнит индукциясы белгілі магнит өрісіне зондты еңгізіп және күшейткіш шығысында нақыштағыш резистормен керекті кернеуді орнату керек. Соңғы операциядан кейін нөлге қалыптасуын тексеру керек.
2.3.1 Зерттелетін орауышты 2.4 суретінде көрсетілген жинақтау панеліне орнатып және амперметр арқылы кернеулер генераторы блогының 0-15 В тұрақты кернеудің реттеуші көзінен қоректену керек.
2.3.2 Жинақтаушы панеліне магнит индукциясын өлшейтін («Тесламетр») миниблокты орнату және тізбектегі КГБ тұрақты кернеуді екі реттелмейтін көзінен +15 В кернеуін қосу (2.4 сурет).
2.3.3 Орауыштың қоректендіру тізбегін ажырату (амперметрден жинақтау панелінің ұясынан және КГБ қосу сымын алып тастау).
2.3.4 Орауыштағы ток нөлге тең болған кезде нөлді орнату сабымен тесламетрдің шығысында вольтметрдің нөлдік көрсетімін дәлірек орнату (әдетте Uшығ<20 мВ алуға болады).
2.3.5 Орауыштың қоректендіру тізбегін тұйықта және көздің кернеу реттеуішімен 0,2 А максималды рауалы тогын орнат. Шамалы ток кезінде магнит өрісі өте нашар болғандықтан магнит индукциясының өлшеу қателігі өседі.
2.3.6 Адымы 5 мм-ге тең Холл датчигімен зондты орауыштың өсі бойымен жылжытып 2.1 кестесіне координаттар мен оларға сәйкес магнит индукцияның мәндерін жаз. х=о координатты орауыш ортасында қабылдаған ыңғайлы. Магнит индукциясының мәнін В[мTл] = 10Uшығ [B] тең. Эксперимент барысында уақыт сайын орауыштың қоректенуін өшіріп және теслометрдің нөлге орнатуын тексеріп отыру керек.
2.3.7 Орауыш өсі бойынша магнит индукциясының өзгеру графигін сал. Алдын-ала ыңғайлы масштабты таңдап, өс бойынша шкаланы салу.
2.3.8 Бір қалыпты цилиндрлік орауыш үшін бірнеше нүктелердегі магнит индукцияны «Теориялық мәліметтер» бөлімінде келтірілген формулалар бойынша есептеу.
2.3.9 Эксперименталды графикке есептелген нүктелерді еңгізу немесе MathCAD бағдарламасын қолданып барлық графиктің есептеуін компьютерде жаса. MathCAD – есептеу мен эксперимент нәтижелері бар бағдарлама 2 тіркемеде келтірілген.
2.1 Кесте
х, мм
|
--25
|
--20
|
--15
|
--10
|
--5
|
0
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
U, B
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
B, мТл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20>
Достарыңызбен бөлісу: |