109
ларда жəне автоматиканың əлсіз тізбектерінде қолданылады. Олар
электр қозғалтқыштарын іске қосу жəне реверстеу, үш фазалық қозғал-
тқыштардың орам қосылыстарын «жұлдызшадан» «үшбұрышқа» ауы-
стырып-қосу үшін қолданылады. Мұндай аппараттар сақина түрінде
бірдей пакеттерден тұрады жəне өзара жүктемелік қабілетімен ерекше-
ленеді.
Ауыстырып-қосылаты тізбектер саны пакеттік сөндіргіштің схема-
сын жəне құрылымын анықтайды (6.7-сурет).
ПВМ сериялы сөндіргіш (6.8-сурет) пакеттер 1 мен жетек меха-
низмінің орнына жеке байланыстардан тұрады.
Пакет бір полюс сөн-
діргішін түзеді. Әрбір полюстің екі түйіспелі қосылыстары (ажыраула-
ры) болады. Қозғалмайтын түйіспе 2 жезден жасалған сом пластинадан
тұрады. Қозғалмалы түйіспе (пышақ) 3 сөндіргіштің квадрат оқшау-
ланған білігіне отырғызылады жəне онымен бірге айналады. Түйіспе-
лерді басу қозғалмалы түйіспелер 3
сорғышының серпімді қасиет-
терінің есебінен құрылады.
Қозғалмалы түйіспеге фибрлі пластинадан жасалған жақтар 4 (əр-
бір жағынан екі-екіден) бекітілген. Жақ жұптарының арасындағы
қашықтық қозғалмайтын түйіспе қозғалысы жетек механизмінің көме-
гімен жүзеге асырылады. Тұтқыштарды
айналдыру кезінде алдымен
серіппе тартылады, ол одан кейін түйіспені жылжытудың қажетті жыл-
дамдығын қамтамасыз етеді.
Қозғалмалы жəне қозғалмайтын түйіспелерді ажырату кезінде доға
екі ажырауда жанады. Бұл жағдай катод маңындағы электр беріктігі
есебінен айнымалы токтың доғасын сенімді сөндіруді қамтамасыз етеді.
Доға нөл арқылы айнымалы токты бірінші өтуі кезінде сөнеді. Тұрақты
токтың доғасын сөндіру оның фибрлі жақтар
арасындағы кеңістікте
жануының арқасында қамтамасыз етіледі. Фибрден жасалған доғаның
6.7
-сурет. Үш желінің біріне кернеуді қосатын ПК2 ауыстырып-қосқышы-
ның схемасы
110
жанасуы газдың бөлінісін тудырады. Пакеттің ішкі жолағы жеткілікті
бітеу болғандықтан онда қысым көтеріледі, бұл вольт-амперлік сипат-
тамалардың көтерілуіне жəне нəтижесінде доғаның сəтті сөндірілуіне
əкеледі.
Екі полюсті схема кезінде тізбек міндетті түрде екі полюсті сөндір-
гішпен сөндірілуі тиіс.
ПВМ сериялы сөндіргіштің кемшіліктері тозуға төзімділігінің аз
болуы (20 · 103 ауыстырып-қосуға дейін) жəне
жетек механизмінің
сенімсіздігі болып табылады. ПКВ сериялы жұдырықшалы пакет сөн-
діргіші ең жетілген болып табылады (6.9-сурет). Оның білігіне 1 жұды-
рықшалар 3 бекітілген (бір пакетке бір-бірден). Әрбір тізбектің көпірлі
түйіспе 6 жəне қозғалмайтын түйіспе 2 түзетін екі ажырауы болады.
Білікті айналдыру кезінде жұдырықша бұрылады жəне сояуыш 4 оның
тереңдігіне түседі. Бұл ретте тізбек тұйықталады. Түйіспелерді басу бо-
лат серіппемен 5 қамтамасыз етіледі. Тозуға төзімділігін арттыру үшін
металл қыш түйіспелер қолданылады. ПВМ сенімділігі аз жетек орны-
на команда контроллерінің бекіткіш құрылымы бойынша ұқсас жағдай-
ды бекіткіш қолданылады (6.2-суретті қараңыз). ПКВ сериялы сөндір-
6.8-сурет. ПВМ сериялы пакеттік
сөндіргіш:
1
— пакет;
2
— қозғалмайтын түйіспе;
3
— қозғалмалы түйіспе;
4
— жақ
6.9-сурет. ПКВ сериялы пакеттік
жұдырықшалы сөндіргіш:
1
— білік;
2
— қозғалмайтын түйіспе;
3
— жұдырықша;
4
— шток;
5
— серіп-
пе;
6
— көпірлі түйіспе
111
гіштің ең үлкен тоғы — 160 А; электрлік тозуға төзімділігі — (1 -2) ·105
коммутациялық цикл.
Пакеттік сөндіргіштер жəне ауыстырып-қосқыштар ажыратқыштар-
мен салыстырғанда үлкен артықшылықтарға ие.
Олар монтаждау кезінде қолайлы, аз габаритті өлшемдері, жоғары
дірілге жəне соққыға төзімді болады. Доға жалын мен газ шығарын-
дыларынсыз тұйық көлемде сөнеді, түйіспелі жүйе бір уақытта тізбек-
тердің үлкен санын басқаруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: