105
пластмасса корпуста 3 бекітілген. Қозғалмалы түйіспе 4 тегіс 6 жəне
фигуралы 5 бөліктен тұратын арнайы серіппелер соңында табылады.
6.4-суретте көрсетілген күйде серіппе жоғары түйіспедегі 2
қысымды
жасайды. Штокқа 7 басу кезінде серіппелердің деформациясы өтеді
жəне түйіспенің ең шеткі күйіне жіберілуі өте тез жасалады (0,01 -0,02
с ішінде), бұл тізбектің сенімді сөндірілуін қамтамасыз етеді. Шток
жүрісі миллиметрдің оныншы үлесін құрайды. ВКМ-ВЗГ сериялы ми-
кросөндіргіштер 220 В тұрақты кернеу жəне 380 В айнымалы кернеу
кезінде 2,5 А токты сөндіреді.
Егер үлкен жүріс кезінде тізбектегі сенімді ауыстырып-қосу қамта-
масыз ету қажет етілсе, тұтқышты ауыстырып-қосқыштар қолданыла-
ды.
Олардың бірінің схемасы 6.5-суретте көрсетілген. Бақылаушы орган
тұтқыш 2 соңында бекітілген шығыршыққа 1 əсер етеді. Тұтқыштың
екінші ұшында тұтқыш осінің бойында
жылжитын серіппеленген
шығыршық 12 табылады. 6.5-суретте көрсетілген күйде түйіспелер 7
жəне 8 тұйықталған. Бұл механизм күйі ысырмамен 6 сенімді бекітіл-
ген. Шығыршыққа 7 сыртқы əсер ету кезінде тұтқыш
1 сағат тіліне қарсы бұрылады. Бұл ретте шығыршық 12 тарелкені 11
жəне онымен байланысты түйіспелерді 8 жəне 9 бұрады, нəтижесінде
түйіспелер 7 жəне 8 ажыратылады, ал түйіспелер 9 жəне 10 тұйықта-
лады.
Түйіспелердің тұйықталуы жəне ажырауы шығыршық 1 қозғалысы-
ның жылдамдығына байланысты емес үлкен жылдамдықпен өтеді. Бұл
тұрақты токтың 220 В дейін кернеу кезінде 6 А дейін токты
сөндіру мұмкіндігін береді. Сөндір-
гіштің шығыршыққа 1 əсері токтаған-
нан кейін бастапқы күйіне оралуы
серіппемен 5 қамтамасызз етіледі.
Жоғары дəлдікті тізбектердің үл-
кен санын
ауыстырып-қосуды жасау
қажеттілігі болғанда жолдық сөндір-
гіш ретінле реттелмелі команда кон-
троллері қолданылады.
Оның білігін
механизмнің басқарушы білігімен не
тікелей не басқарушы біліктің жəне
жұдырықшалы шайбаны айналдыру
6.5-сурет. Тұтқышты жолдық ауысты-
рып-қосқыш:
1, 12
— аунақшалар;
2
— тұтқыш;
3
— ось;
4, 5
— серіппелер;
6
— ысырма;
7- 10
— түй-
іспелер;
11
— қақпақ
106
жиілігің қажетті арақатынасын қамтамасыз ететін редуктор арқылы қо-
сады.
Қазіргі уақытта өнеркəсіп магнитті датчикті жəне жартылай өткіз-
гіш релені не тұрақты магнитпен басқарылатын герконды қолданатын
түйіспесіз жолдық сөндіргіштерді шығарады.
Электр жетегімен жəне аппараттармен басқару тізбегінде УП типті
əмбебап ауыстырып-қосқыштар кеңінен қолданылады.
Мұндай ауы-
стырып-қосқыш секцияларының құрылғысы 6.6-суретте көрсетілген.
Әрбір секцияның екі түйіспелі қосылыстары (ажырауы) болады. Тізбек
сымының бір ажырауын қолдану жағдайында қозғалмайтын түйіспеге 2
жəне қозғалмалы түйіспемен 4 байланысты қысқышқа 6 қосады. Білікті
8 айналдыру кезінде қозғалмалы түйіспенің 4 түйіспелі тұтқышына 5
əсер ететін жұдырықша 9 бұрылады, нəтижесінде түйіспелердің 2 жəне
4 тұйықталуы өтеді.
Сөндірілетін токтың жəне жеткізу кернеуінің сəйкес мəндері кезінде
екі ажырау қолданылады. Ауыр жағдайларда екі көршілес секцияның
түйіспелері жүйелі қосылады. Бұл ретте жүйелі қосылған төрт ажырау
алынады.
Ауыстырып-қосқыштың номиналды тоғы – 20 А. Бақыланатын тіз-
бектер (секциялар) саны 2-ден 16 дейін өзгеруі мүмкін.
Жоғары сөндіруші қабілетінің, тізбектердің үлкен санының жəне УП
ауыстырып-қосқыштардың коммутациялық жағдайларының арқасында
500 В дейін кернеу кезінде 5 кВт дейін қуатпен
электр қозғалтқышта-
рын іске қосу жəне реверстеу үшін кең қолданылады.
6.6-сурет. Әмбебап ауыстырып-қосқыш секциясы:
1, 4
— қозғалмалы түйіспелер;
2
— қозғалмайтын түйіспе;
3
— тірек;
5
— тұтқыш;
6
— қысқыштар;
7
— негіз;
8
— білік;
9
— жұдырықша