Күтілетін нәтижесі: студент патенттік құқығының құрылу және даму тарихын, ҚР патенттанудың қазіргі жағдайы туралы, шет елдегі патенттану туралы білу қажет.
Оқытушының аты-жөні: Карагаева М.Б.
Пәннің атауы «Кәсіпкерлік құқық»
Пререквизиттер: Әлеуметтану, Саясаттану, Құқық негізі
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономика
Мақсаты: Кәсіпкерлік құқық туралы оқыту.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік құқықтың пәні мен әдістері, мазмұны мен түсініктері. Кәсіпкерліктің нормативті және құқықтық негізі. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері, олардың жіктелуі және құқықтық статусы. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Бәсекенің құқықтық кепілдіктері. Кәсіпкерлермен тауар айналымында қолданылатын негізгі келісімдер. Кәсіпкерлік қызметте құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
Күтілетін нәтижесі: Кәсіпкерлік құқығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқытушының аты-жөні: Боранбаева А.Е.
3 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Кәсіпкерлік»
Пререквизиттер: Экономикалық теория негіздері
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономика
Мақсаты: Студенттердің осы пән бойынша теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, сол арқылы заңгер-маман ретінде біліктілік, дағдларын, істей білу қабілетін қолдана білуге оқыту және заңдарды талқылауға үйрету
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік. Жалпы ережелері. Кәсіпкерлікті оқу пәні ретінде. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі және кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі. Заңды тұлғаның түсінігі мен белгілері. Дара кәсіпкерлік. Заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі. Мемлекеттік кәсіпкерліктің нысандары. Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық ұйымдастырушылық нысаны және оның түсінігі. Бәсекелік құқықтың негіздері. Кәсіпкерлердің мүліктік құқығы. Кәсіпкерлік құқықтағы өкілеттіктің түсінігі. Кәсіпкерліктегі міндеттемелік құқықтық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік құқықтық реттеу. Мемлекеттік реттеудің негіздері. Кәсіпкерлік қызметті мемлекет тарапынан қорғау және қолдау. Тұтынушылардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау.
Күтілетін нәтижесі: Кәсіпкерлікті оқуда дағдылық және өзіндік жұмысы негізінде жұмыс жасай отыра теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру керек.
Оқытушының аты-жөні: Мухамбетова З.С.
Пәннің атауы «Кәсіпкерлік қызметінің негізі»
Пререквизиттер: Экономиялық теорияның негіздері, Құқық негізі
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономика
Мақсаты: Студенттердің осы пән бойынша теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуге үйрету, сол арқылы кәсіпкерлікті басқару біліктілік, дағдларын, істей білу қабілетін қолдана білуге оқыту.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Іскерлік орта және іскерлік қасиеттер. Кәсіпкерлік қызметтің жағдайлары мен факторлары. Кәсіпкерлік капитал және оны қалыптастыру тәсілдері. Кәсіпкерлік шешім және кәсіпкерлік құрылым. Ұйымдастыру-құқықтық формалар және кәсіпкерлік шарт.
Күтілетін нәтижесі: студенттердің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру жолдарын үйрету арқылы өзіндік кәсіпкерлік қызметке дайындау.
Оқытушының аты-жөні: Смагулова К.С.
4 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Процестер мен аппараттар»
Пререквизиттер: Физика 1,2, Математика 1,2
Постреквизиттер: Азық-түлік салаларының технологиясы
Мақсаты: маңызды практикалық есептеулер мен тамақ өндірісінің аппараттарын жобалауда жалпы инженерлік пәндерден алған білім қорын қолданып қарастырылатын процестер әртүрлі қырынан зерттеліп, олардың түрлі өндіріс салалары үшін ортақ сипат алатынын түсіндіру. Бұл процестер жаңа процестер мен аппарттарды есептеудің жалпы үлгісін жасауға қажетті ғылыми негізінде қарастырылады.
Тамақ өнімдерін жаңа физикалық әдіспен өңдеуге, процестер мен апараттарды оптимизациялау мәселелеріне және олардың тиімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Пәннің мазмұны. Пәннің негізгі жағдайлары мен ғылыми негіздері. Процестер мен аппараттарды модельдеу. Гидравлика негіздері. Гидравликалық машиналар. Гидромеханикалық процестер. Өнімді, ыдысты, инвентарь және жабдықтарды санитарлы өңдеу. Механикалық процестер. Материалдарды қысыммен өңдеу. Жылу процестері. Жылуалмасқыш аппараттарда жылуды регенерациалау. Арнайы жылу процестері. Массаалмасу процестері. Кептіру. Процестің жалпы сипаттамалары. Тамақ өнімдерін электрофизикалық әдіспен өңдеу.
Күтілетін нәтижесі: Студент курста қарастырылған процестер жаңа процестер мен аппарттарды есептеудің жалпы үлгісін жасауға қажетті ғылыми негізінде қарастырылатынын өз практикасында дұрыс қолдана біліп жаңа аппартқа сай процесті ұйымдастыра білу керек. Бұндай қорытындылау маман ретінде студенттің инженерлік-техникалық ой-өрісін едәуір кеңейтіп және ол өзін арнайы курстарды оқуға дайындай алады және өзіндік техникалық ойлау машығын қалыптастырады. Бұл жағдайда процестер мен аппараттарды зерттеудің қазіргі әдістерін меңгеру, физикалық және математикалық модельдеу және стационарлы емес және қайтымсыз технологиялық процестерді кинетикалық әдіспен есептеуді өз практикасында тұжырымдау
Оқытушының аты-жөні: Далибаева Л.Ж.
Пәннің атауы Технологиялық процестерді автоматтандыру
Пререквизиттер: физика, математика
Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)
Мақсаты: автоматтандырылған жабдықтарды дұрыс қолдану, технологиялық процестерді автоматтандыру тұрғыдан талдау бойынша студенттерге білім беру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Автоматика жүйелері туралы жалпы мағлұмат. Реттегіштер және реттеу объектілері. Сызықтық автоматтық жүйелердің негізгі теориялары. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері. Автоматтандырудың техникалық құралдары.
Күтілетін нәтижесі: автоматтандыру аясында студенттердің білімін қалыптастыру.
Оқытушының аты-жөні: Аяжанов С.С.
5 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Санитария және гигиена»
Пререквизиттер: химия, экология және тұрақты дамуы, азық-түлік өнімдерінің тауартануы.
Постреквизиттер: азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау.
Мақсаты: адам ағзасына және қоғамдық денсаулыққа әр түрлі жағдайлар мен факторлардың әсері туралы студенттерге теориялық білім беру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Санитарлық-тамақ микробиологиясының міндеттері мен әдістері. Санитарлық микробиологияны зерттеу. Өнімдердің микробиалдық көбеюшілігі дәрежесіне өндіріс технологиялары мен консервілеу тәсілдерінің тигізетін әсері.
Патогенді микроорганизмдер. Инфекция және иммунитет. Патогендік микроорганизмдердің көздері. Сыртқа ортада патогенді микрорганизмдердің өмірсүргіштігі. Тамақ өнімдерінің санитарлық бактеорологиясы. Тамақ өнімдерінің санитарлық вирусологиясы. Тамақтан улану. Тамақтан уланудың алдын-алу. Гельминтозды аурулар. Дезинфекция. Дезинсекция. Дератизация. Тамақ өнеркәсібінің құрылғысы мен мазмұнына және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын санитарлық талаптар.
Күтілетін нәтижесі: бакалавр тағам салаларының кәсіпорындарында санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормаларды; қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында қолданыстағы санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормаларды және азық-түлік тауарлардың сертификаттау сызбанұсқаларын білу керек.
Оқытушының аты-жөні: Далибаева Л.Ж.
Пәннің атауы «Қызмет көрсету технологиясы және сервис»
Пререквизиттер: Азық-түлік өнімдері технологиясының негізі
Постреквизиттер: Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру, Азық-түлік өнімдер салалар технологиясы
Мақсаты: :«Қызмет көрсету технологиясы және сервис» пәнін оқытуда тұтынушылар немесе келушілерге қызмет көрсету формасы мен әдісін, асханалық жуылатын ыдыс-аяқтар мен олардың сервистік жұмыстарын ұйымдастыру, асханалық ыдыс-аяқтар, аспаптар, асханалық киімдердің түрлерін анықтау және олардың характеристикасы, тұтынушыларға қызмет етуге сауда орындарын дайындау, тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қызмет көрсетудің негізгі элементтерін білу, тамақты тарату ретін оқып үйрету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Қызмет көрсету түрлері мен әдістері. Асхана ыдыстары, аспаптарының түрлері мен сипаттамасы. Әртүрлі тағамдарды беру ережесі. Үстөл үстін әрлендіру түрлері. Келушілерге қызмет көрсету кезеңдері. Банкеттерге қызмет көрсету. Әр түрлі маманданған және әр түрлі категориялардағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Күтілетін нәтижесі: студент қоғамдық тамақтану кәсіпорында қызмет көрсетуді ұйымдастыруды білу.
Оқытушының аты-жөні: Исабаева Г.М.
6 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Мейрамхана ісі техникасының негіздері»
Пререквизиттер: Физика, Химия, Теориялық механика, Электротехника негіздері
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономика
Мақсаты: Азық-түлік өнімдерінің ерекшеліктері мен қасиетін өзгеруін ескере отырып, тоңазытып өңдеудің әсері мен өнімнің сақталуынатехнологиялық процестердің оңтайлы жағдайын анықтап, зерттеуді үйрету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. жабдықтардың жіктелуі. Машиналардың бөлшектері . Электр қондырғылар. Азық-түлік қнімдерінің механикалық өңдеуге арналған жабдықтары. Көкөністерді өңдеуге арналған машиналар. Етті және балықты өңдеуге арналған машиналар мен иеханизмдер. Ұнды өңдеу, қамыр және иіс майларды даярлауға арналған машиналар мен механизмдер. Жуушы жабдықтар. Салмақ өлшеу жаБПығы. Көтергіш көлік жаБПық. Бақылау-кассалық машиналар. Теплотехниканың негіздері. Азық-түлік өнімдерінің жылумен өңдеуге арналған жабдықтар. Пісіретін жабдықтар. Қуыратын-наубайхана жабдықтар. Пісіретін-қуыратын жабдықтар. Су қайнататын жабдықтар. Тағамды таратуға арналған жабдықтар. Тоңазытқыш техниканың негіздері. тоңазытқыш машиналары. Сауда технологиялық тоңазытқыш жабдықтар.
Күтілетін нәтижесі: Пайдалану, және мантаждың ерекшеліктерінің зерттеуінің есепке алуы бар қатынастарының әр түрлі формаларындағы мәліметін және тоңазытқыш жаБПық жуушы жылулық, механикасын ұсынуды білу.
Оқытушының аты-жөні: Малдыбаева М.Н.
Пәннің атауы«Фирманы басқару»
Пререквизиттер: Экономиялық теорияның негіздері
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономика
Мақсаты: Жалпы теориялық және практикалық тәжірибеде сонымен қатар фирма басқарудың әдістері мен тәсілдерін микро және макро деңгейде игеру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Нысана басқаруды ұйымы ретінде. Ұйымдағы менеджер рөлі. кәсіпорындағы өндіріс ұйымы. Фирма басқаруды жоспарлау. Өндіріс басқару ұйымы. Кәсіпорындағы басқару ұйымы. Кәсіпорын персоналдарын басқару. Инновациялық үрдістерді меңгеру.Қаржыландыру және басқару жобасы. Фирманың шаруашылық қызметін талдау Фирма басқаруда логистиялық жүйелер. Фирманың қаржылық жағынан басқару.
Күтілетін нәтижесі: Фирма басқару ұсынымдарын және ол ұйымдағы менеджер рөлін болашақта өз тәжірибесінде пайдалану.
Оқытушының аты-жөні: Кенешова Г.А.
7 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы«Азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары»
Пререквизиттер: Теориялық және қолданбалы механика, Инженерлік графика
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау
Мақсаты: тамақ өнеркәсібінің және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық жабдықтарын пайдалануға байланысты студенттерді өндірістік-техникалык, жобалық және зерттеу қызметтеріне дайындау; технологиялық жабдықтарға байланысты инженерлік есептерді шешу үшін жалпы техникалық, жалпы ғылыми пәндерден тиянақты дайындық нәтижелерін пайдалануды үйрету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Тамақ өнімдерінің машиналық технологияларын ұйымдастыру. Ауыл шаруашылық шикізаттарын компоненттерге іріктеу арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттары құрамаларынан жинақтау арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттарын құрамалап өңдеу арқылы тамақ өнімдерін өндіруге арналған технологиялық тізбектер. Ауыл шаруашылық шикізаттарын жууға арналған жабдықтар. Сусымалы ауыл шаруашылық шикізаттарын тазалау және іріктеу жабдықтары. Дара ауыл шаруашылық шикізаттарын сорттау, тексеру, іріктеу жабдықтары. Өсімдік және жануар өнімдерінің сыртқы қабаттарын тазалау, аршу жабдықтары. Тағамдық ортаны майдалау жабдықтары. Майдаланған тағамдық ортаны сорттау және байыту жабдықтары Сұйық тектес және біртекті емес тағамдық ортаны бөлу жабдықтары Тағамдық ортаны араластыру жабдықтары. Тағамдық ортаны пішіндеу жабдықтары. Тамақ өнімдері мен бұйымдарын мөлшерлеу және дара өнімдерді орамалау жабдықтары. Сусымалы және дара өнімдерді, сұйық және паста тәріздес өнімдерді өлшемдеу машиналары.
Күтілетін нәтижесі: Машиналар мен аппараттардың негізгі жұмыс атқару теорияларын және олардың негізгі технологиялық параметрлерін есептеу әдістемелерін оқып үйрену; тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтандыру жабдықтарының негізгі типтерінің принципті схемаларын білу және оларды жіктей алу.
Оқытушының аты-жөні: Малдыбаева М.Н.
Пәннің атауы «Менеджмент»
Пререквизиттер: экономикалық теорияның негіздері
Постреквизиттер: дипломндық жұмыс (жоба)
Мақсаты: басқару туралы білім кешенін қалыптастыру, басқару ісінің әр түрін жүзеге асырудың нақты тәжірибесін шығару, басқару жүйесін талдау және оларды жобалау
Курстың қысқаша сипаттамасы: Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері. Басқаруды ұйымдастыру. Менеджментті информациямен қамтамасыз ету. Менеджменттегі коммуникациялар. Менеджменттегі басқару шешімдері. Рыноктық экономикадағы басқару жүйесінің әдістері. Жоспарлау және ұйымдастыру менеджмент функциялары ретінде. Менеджменттегі мотивация. Менеджмент жүйесіндегі бақылау. Адам қызметін басқару және топты басқару. Жетекшілік, билік және лидерлік. Қайшылықтарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару. Фирманың кадрлық саясаты. Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті. Менеджменттің тиімділігі. Өнімділікті басқарудағы кешендік тәсіл.
Күтілетін нәтижесі: басқарудың теориялық тұжырымдаларын, қағидаларын, ережелердің, әдістердің және құралдарын зерттеу, білу.
Оқытушының аты-жөні: Зулхарнай А.Н.
8 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Азық-түлік өнімдері салаларының технологиясы»
Пререквизиттер: Химия, Биохимия
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау
Мақсаты: Өнімдердің сапасын сақтауға және олардың сақталу мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін жағдайларды талдау негізінде теориялық және тәжірибелік курсын игepiп, белгілі жағдайда тиімді пайдалана білудің қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Малды қабылдау және бағалау. Еттің қасиеті, құрамы және тағамдық құндылығы. Мал, құс және қояндарды өңдеу. Малды жансыздандыру және ұшаларға бөлу. Тағамдық субөнімдерін өңдеу. Шұжық және тұзды өнімдерінің, жартылай өнім және дайын бұйымдарының өндірісі. Тағамдық жануар майларының өндірісі. Қанды өңдеу. Желатин және желім өндірісі. Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы. Сүт өндірісі. Сүтті жылулық өңдеу. Ауызсу пастерленген сүттің технологиясы. Сүтқышқылды өнімдерінің технологиясы. Қаймақ түрлері мен олардың технологиясы. Сүт консервілерінің технологиясы. Құрғақ сүт өнімдерінің технологиясы. Сүт консервілерінің технологиясы. Консерві және тағамдық концентраттар технологиясы. Жеміс-көкеніс консервілеудің биохимиялық әдістері. Ет консервілері. Сүттен дайындалған консервілер. Жеміс-көкеністерді кептірудің жалпы технологиясы. Жартылай өнімдерді өндірудегі және шикізаттарды мехникалық өңдеудегі технологиялық процесстері. Тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесстері. Көкеніс мен саңырауқұлақ және жармалар, бұршақ тұқымдастар мен макороннан дайындалатын тағамдар мен гарнирлер. Балықтан және теңіз өнімдерін дайындалатын тағамдар. Ет және ет өнімдерінен дайындалатын тағамдар. Құс, жабайы құс, қоян етінен дайындалатын тағамдар. Жұмыртқадан және сүзбеден дайындалатын тағамдар. Салқын тағамдар және басытқылар. Тәтті тағамдар. Сусындар. Ұннан дайындалған өнімдер. Ұнды кондитер және аспаздық өнімдер. Мектептік және спортсмендердің тамақтануы. Диеталық тамақтану. Тез мұздатылатын өнімдер.
Күтілетін нәтижесі: Түсетін шикізаттың сапасын, дәстүрлі жартылай өнімдердің жоғары дәрежедегі дайындығын анықтауда; өнімді дайындау және жіберу технологиялық процестерінің шарттарын сақтай отырып, кең ассортиментте және жоғары сапалы жартылай өнімдерді, тағамдарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды дайындауды үйренуді; тағамдарды және аспаздық бұйымдарды және сусындарды берілген шикізатпен өнімдерден дайындауды білу керек.
Оқытушының аты-жөні: Исабаева Г.М.
Пәннің атауы «Өндірісті ұйымдастыру»
Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономика
Мақсаты: «Өндірісті ұйымдастыру» курсы халық шаруашылығының қызмет етуінің макроэкономикалық негіздерін қарастыратын, экономикалық цикл пәндерінің құрамды бір бөлігі. Ол экономикалық мамандық студенттері зерделеуге арналған. Әлеуметтік және экономикалық қатынастардың өзара байланыс және өзара әсер ету тетіктері экономикалық жүйенің элементі ретіндегі қоғам нормасы және жеке нормалардың ролі туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Өндірісті ұйымдастырудың жүйелі концепциясы. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын ұйымдастыру. Өндірістік үрдіс және уақыт бойынша оны ұйымдастыру.Өндірісті ұйымдастырудың типтері мен әдістері. Ағындық өндірісті ұйымдастыру негіздері. Өндірістік бағдарламаны кәсіпорынның өндірістік куатымен негіздеу. Жаңа өнімді шығаруға өндірісті даярлауды ұйымдастыру. Өндірістің оперативті-өндірістік жоспарлауын ұйымдастыру. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. Өндірістік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттері. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның көлік шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорынның қойма шаруашылығын ұйымдастыру. Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыру
Күтілетін нәтижелер: Өндірісті ұйымдастыру әдістемесі және мәні мен оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны мен рөлін игеру, шаруашылық объектісі ретінде танысу. Өндірісті ұйымдастыруның қалыптастыру және олардың түрлерін зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолдану. Өндірісті ұйымдастыру кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу. Өндірісті ұйымдастыруның зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруның даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.
Оқытушының аты-жөні: Байбосынов С.Б.
9 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы«Азық-түлік тауарлар тауартануы»
Пререквизиттер: Тіршілік қауіпсіздігінің негізі, химия
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау.
Мақсаты: Студенттерге азық-түлік тауарларды тасымалдау кезеңдеріндегі және есептеу барысында тұтыну тауарларын өндіру үшін теориялық және практикалық алған білімдерін қолданып пайдалана білуге дағдылар беру. Тұтыну тауарларды өндіру үшін қолданылатын қазіргі кезгі жүйемелеу негізін келтіру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Тауартанудың теориялық негіз. Азық-түлік өнімдерінің сапасын анықтаудың әдіс-тәсілдері. Астық- ұн тауарлары. Нан-тоқаш, кепкен нан және қалаш өнімдері. Балғын және қайта өңделген көкеністер. Балғын және қайта өңделген жемістер. Дәмдік тауарлар Татымдықтар, дәмдеуіштер. Қантты өнімдер. Тағамдық майлар. Сүт және сүт қышқылды өнімдер. Ет және ет тауарлары. Балық және балық тауарлар. Жұмыртқа және жұмыртқа тауарлары. Алкоголды, шала алкоголды және алкогосыз ішімдіктер мен сусындар.
Күтілетін нәтижесі: Өнеркәсіптің барлық салаларында соның ішінде тамақ, өнеркәсібінің салаларында азық-түлік шикізаттары мен өнімдерін шығару кезінде студент теориялық білімін қолданылу кезінде, ғылым мен техниканың даму барысында азық-түлік шикізаттарын ұтымды пайдалануда, алынған өнімнің құрамы мен сапасы жағынан стандартқа сай болуын студент өзінің жұмысының нәтижелерін қолданып ғылыми түрде дәлелдей білу.
Оқытушының аты-жөні: Жар Ж.Ж.
Пәннің атауы Шикізат, материалдар мен тұтыну тауарлардың тауартануы
Пререквизиттер: Химия, Физика, Тіршілік қауіпсіздігінің негізі
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау
Мақсаты: «Шикізат, материалдар мен тұтыну тауарлардың тауартануы» пәні азық-түліктік тауарлардың құрамын, қасиетін, жасалу реті мен тәртібін, оларды өндіру мен өңдеуді, негізгі қойылатын талаптар және тауарлардың қолданылуын, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым саласы.
Курстың қысқаша сипаттамасы Жеміс – көкөніс тауарлардың тауартануы. Бидай-ұн тауарлары. Балық пен балық тауарлары. Ет пен ет өнімдері. Сүт. сүт өнімдері. Тәтті тағамдар. Дәмдік тауарлар (шай, кофе, дәмдеуіштер. Алкогольдық және алкогольсіз сусындар. Металдар. Түсті металдар және олардың қорытпалары. Шыны өнімдері. Керамикалық өнімдері. Қағаз. Картон. Технологиялық жабдықтар. Химиялық материалдар.
Күтілетін нәтижесі: Азық-түліктік тауарлардың құрамын, қасиетін, өндіру ретін және ассортиментінің тауартану сипаттамасын өзіндік жұмыстарда қолдана білу.
Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
10 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Азық-түлік өнімдерінің реологиясы»
Пререквизиттер: Физика 1, Физика 2, Химия
Постреквизиттер: Азық – түлік өнімдері салаларының технологиясы
Мақсаты: Реологияның теориялық негіздері, реологиялық сипаттамаларды анықтау тәсілдері және құралдары, технологиялық процесстерді реттеу, өнімдердің сапасын өндірудің барлық сатысында бақылау және автоматты түрде басқару туралы білімдері өндірісті дамытуына байланысты өнім сапасын көтеруге әсер етеді. Оқыту процесінде реологияның теориялық және жаттығу мәселелері қарастырылады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Реологияның негізгі түсініктемелері және анықтамалары, тағамдардың реологиялық теңдеулері. Ньютондық емес материалдардың әр түрлі каналдардағы ағымы. Тағамдық материалдардың физика-механикалық касиеттерін анықтау әдістері және құралдар. Жылжу өлшегіштер, созу-сығу құралдар, адгезиометрлер. Вибровискозиметрлер, технологиялық, үздіксіз істейтін құралдар. Тұтқырлық қасиеттер. Тиксотропия. Материалдардың тұтқырлық қасиеттінің артық қысымға тәуелділігі.
Күтілетін нәтижесі: Реологиялық қасиеттерді сипаттайтын беріктілік, компрессионыдық, адгезиялық, фрикциондық, қаттылық, морттық, когезиялық, жабысқақтық қаситеттерді анықтау әдістерін және пайдалану облыстарын қолдана отырып баяндама, рефераттар түрінде ақпарат жасай білу.
Оқытушының аты-жөні: Карагаева М.Б.
Пәннің атауы «Эстетика және стандарт»
Пререквизиттер: Стандарттау, Квалиметрия, Сертификаттау
Постреквизиттер: Экономика және өндірісті басқару
Мақсаты: адамзатты қоршаған кез келген затты күнделікті өмірде қолдану барысында, оның пайдалылығы, ыңғайлылығымен қатар көз қуантар әдемі болуы да қажет. Сондықтан әр адамға қажеттілік пен әдемілік қатар қажет. Әр затта негізінде техникалық және эстетикалық бастамасы қатар жүреді.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Эстетика негіздері. Стандарт және эстетика. Эстетика категориялары. Тауарлар сапасының эстетикалық көрсеткіштері. Өнер түрлері. Қолданбалы безендіруші өнері. Қазақстанның қолданбалы безендіруші өнері. Әлемдік мәдениеттің көркемдік стильдері. Техникалық эстетика және дизайн. Көркемдік құрастыру. Жобалау сатылары. Тауарлар композициясы. Тауарлардың эстетикалық қасиеттері. Тауарлардың эргономикалық қасиеттері. Тауарлардың эстетикалық қасиеттерін бағалау.
Күтілетін нәтижесі: Тауарлардың эстетикалық құндылығын бағалаудағы эстетикалық категориялар, өнердің түрлері, заттарды көркемдік құрастыру жүйесі.
Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
11 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Тауар және қызмет көрсетудің сапасын сараптауы»
Пререквизиттер: аналитикалық химия, биохимия
Постреквизиттер: азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау.
Мақсаты: тауар сапасын анықтау үшін сараптау әдістері мен ережелерін оқыту
Курстың қысқаша сипаттамасы: Сараптаманың теориялық негіздері. Азық-түлік тауарларының сараптамасы. Азық-түлік емес тауарлардың сараптамасы. Тауарларды идентификациялау және фальсификациялау. Сыртқы экономикалық іс-әрекет тауарларын сараптау.
Күтілетін нәтижесі: студент қазіргі таңдағы тауар және қызмет көрсетуді сараптау түрлерін білу керек.
Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
Пәннің атауы «Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі»
Пререквизиттер: математика, физика, химия
Постреквизиттер: азық-түлік өнімдері және шикізаттың сапасын бақылау және бағалау.
Мақсаты: сынау мен бақылауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу әдістерінің негізгі ережелері туралы, әртүрлі салалар үшін бұйымдарға зерттеп, анықтап және бақылап сынау жүргізудің ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық мәселелерін шешу кезінде білімді пайдалану үшін сынау нәтижелерін өңдеу туралы білімді калыптастыру
Курстың қысқаша сипаттамасы: : Сынау мен бақылаудың міндеттері және түрлері. Сынау технологиялық процесс ретінде. Сынауды дайындау және жургізу. Сынау бірлігін камтамасыз етудің жалпы ережелері және оларға қойылатын талаптар. Сынауды сертификаттау және сынау сапасының жүйелері. Механикалық әсерлерге сынау. Механикалық әсерлерге сынау. Механикалық әсерлерге сынау. Климаттык әсерлерге сынау. Климаттык әсерлерге сынау. Сынауды техникалық қамтамасыз ету. Сенімділікке сынау. Сынауды автоматтандыру. Сынау нәтижелерін өндеу және талдау. Климаттык әсерлерге сынау.
Күтілетін нәтижесі: Алдағы өмірде өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жоғарылатып, жеке тұлғалық және өзiндiк жұмысқа дағдылану, сертификаттау және сынаулардың сапа жүйелерi төңiрегiдегi кәсiби бiлiмдерiн тұрақты жаңарту қажеттiлiгін түсiніп білу.
Оқытушының аты-жөні: Далибаева Л.Ж.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
Пән циклы
|
Пән коды
|
Пәннің аталуы
|
Кред саны
|
Семестр
|
4 курс
|
|
|
1 таңдау бойынша курс
|
|
|
БП
|
KTKO
4220
|
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының өндірісін ұйымдастыру
|
3
|
7
|
|
OМ 4220
|
Өндірістік менеджмент
|
3
|
7
|
|
|
2 таңдау бойынша курс
|
|
|
БП
|
SKZh 4221
|
Салалар кәсіпорындарын жобалау
|
2
|
7
|
|
MKUI 4221
|
Мейрамхана және қонақ үй бизнесі
|
2
|
7
|
|
|
3 таңдау бойынша курс
|
|
|
ПП
|
EUPP 4306
|
Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономикасы
|
3
|
7
|
|
Меn 4306
|
Менеджмент
|
3
|
7
|
|
|
4 таңдау бойынша курс
|
|
|
ПП
|
KOKS
4307
|
Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау
|
3
|
7
|
|
HSt 4307
|
Халықаралық стандарттау
|
3
|
7
|
|
|
5 таңдау бойынша курс
|
|
|
ПП
|
SМZh 4309
|
Сапа менеджментінің жүйесі
|
3
|
7
|
|
KEc 4309
|
Кәсіпорын экономикасы
|
3
|
7
|
|
|
6 таңдау бойынша курс
|
|
|
ПП
|
UShTE
4310
|
Ұлттық және шетелдік тағамдар технологиясының ерекшелігі
|
2
|
7
|
|
EBTT 4310
|
Емдік тағам технологиясы
|
2
|
7
|
|
|
7 таңдау бойынша курс
|
|
|
ДВО
|
КМСН 4311
|
Кәсіби мансапты жоспарлау
|
2
|
7
|
1 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының өндірісін ұйымдастыру»
Пререквизиттер: Азық-түлік өнімдері технологиясының негіздері, Азық-түлік өнімдері өндірісінің жабдықтары, процестер мен аппараттар
Постреквизиттер: Дипломдық жұмыс (жоба)
Мақсаты: студенттердің қоғамдық тамақ кәсіпорындары ұйымы туралы ұғымды толық игеру және дара кәсіпорын ұстауының; техника - экономикалық негіздеу тәртібін терең меңгеру; қоғамдық тамақ кәсіпорындары салаларының принциптерін дамыту; мерекелік шараларды ұйымдастыру ережелерін үйрену.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Тамақ кәсіпорны салалары мен оны ұйымдастыру ерекшеліктері. Қоғамдық тамақ кәсіпорының түрлері мен жұмыстарын ұйымдастыру. Қосалқы қызметтердің, цехтердің және қызмет көрсету шаруашылықтарын ұйымдастыру. Меню – жоспарды құрастыру. Ет цехінің жұмысын ұйымдастыру. Балық цехінің жұмысын ұйымдастыру. Негізгі өндіріс цехтердің жұмысын ұйымдастыру. Кондитерлі цехтің жұмысын ұйымдастыру. Қосалқы өндірістік орындардың жұмысын ұйымдастыру. Дайын өнімдердің бракеражасын ұйымдастыру. Үлестіргіштің жұмысын ұйымдастыру. Тамақ кәсіпорындарын жобалаудың негізі. Мейрамханада тұтынушыларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Зал қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру. Банкеттер мен қабылдаулардың қызметі.
Күтілетін нәтижесі: азықты және заттық - техникалық жабдықтау ұйымын; мейрамханада тұтынушыларға қызмет ету ұйымы
Оқытушының аты-жөні: Жар Ж.Ж.
Пәннің атауы «Өндірістік менеджмент»
Пререквизиттер: экономикалық теорияның негізі, құқық негізі.
Постреквизиттер: Азық-түлік өнімдері өндірісін басқару және экономика
Мақсаты: қазіргі күрделі экономикалық жағдайларда азық-түлік шығаратын кәсіпорындарында өндірісті басқару жөнінде оқыту.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Ұйымды басқару жүйесіндегі өндірістік менеджмент. Кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру негіздері. Өндірістік жүйе: мақсаттары, элементтері, жұмыс істеу маңызы. Өндірісті жоспарлаудың стратегиясы мен тактикасы. Кәсіпорындардың өндірістік инфрақұрылымдары мен оның өндірістік қорларын (запастарын) басқаруды ұйымдастыру. Өнімдердің сапасын және өткізуін басқаруды ұйымдастыру. Өндірістік қызмет процесін жедел басқару. Өндірістік қызметтегі қаржылық менеджмент. Қаржыішілік кәсіпорын.
Күтілетін нәтижесі: студенттердің өндірістік кәсіпорынның басқару процесі туралы түсініктерін қалыптастыру
Оқытушының аты-жөні: Ибитанова К.К.
2 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Салалар кәсіпорындарын жобалау»
Пререквизиттер: азық-түлік өнімдері технологиясының негіздері, азық-түлік өнімдер өндірісінің жабдықтары.
Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)
Мақсаты: қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын жобалау кезеңдерімен ұйымдастырылуын, нормативті және анықтамалық әдебиетпен қолдануды меңгеру қажет.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалаудың жалпы ережесі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын орналастырудың принциптері. Технологиялық есептері. Тағам кәсіпорындарын жобалауды ұйымдастыру, жобалардың түрлері, мазмұны, құрамы. Жобалау кезеңдері. Жобалау ережелері мен құрылыс нормалары. Жобалауды автоматтандыру жүйесі. Жобалау талаптарын ескере отырып, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жіктелуі. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының бөлмелерінің құрамы. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары желісінің орналасуының және дамуының перспективті жоспарлары.
Күтілетін нәтижесі: қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын жобалау туралы жүйелі білім беру.
Оқытушының аты-жөні: Медеубаев Н.А.
Пәннің атауы «Қонақ үй және мейрамхана бизнесі»
Пререквизиттер: Қызмет көрсету және сервис технологиясы Мейрамхана ісіндегі техникасының негіздері
Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)
Мақсаты: Студенттерге қонақ үй кәсібі жайлы жалпы мағлұмат беру. Туристік индустрия дамуындағы қонақ үй және мейрамхана қызметтерінің әлемдік дамуындағы ықпалы.
Курстың қысқаша сипаттамасы: кіріспе. Қонақжайлық индустрия. Мемлекеттік жүйедегі қонақүйдің жіктелуі. Қонақүй кәсібіндегі халықаралық стандарттар. қонақжайлық саласындағы қызмет көрсету стандарты. Қонақүй кәсібіндегі кадрларды қалыптарстыру. Қонақүй табысын басқару. Ақпараттық жүйе технологиясы. Менеджменттік ақпарат жүйесі.
Күтілетін нәтижесі: Мейрамхана және қонақүй кәсібін ұйымдастырутеориясын білу, Мейрамхана кәсіпорындарының дамуы және ондағы түскен табыстарды басқара білу.
Оқытушының аты-жөні: Аешева Н.Т.
3 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Азық-түлік өнімдерін өндіруін басқару және экономикасы»
Пререквизиттер: Кәсіпорын экономикасы. Экономика негізі
Постреквизиттер: Фирма басқару.
Мақсаты: азық-түлік өнімдері өндірісінің және қоғамдық тамақтандыру сервисінің дамуы түрлі жағадайларда жұмыс істейтіндер үнемі өсіп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын – экономиканың негізгі звеносы. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы және кәсіпкерлік. Кәсіпорынның өндірістік және ұйымдық құрылымы. Кәсіпорынның жарғылық капиталы мен мүлкін басқару. Негізгі капиталды басқару және оның өндірістегі рөлі. Кәсіпорынның айналым капиталын басқару. Кәсіпорынның қызметкерлерін басқару. Еңбек ақын басқару. Кәсіпорынның стратегиялық даму бағыттарын басқару. Басқару кәсіпорын қызметін жоспарлаудын негізі. Өнім және қызмет сапасын басқару. Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару және жаңа өндірісті дайындау. Кәсіпорынның инвестициясын басқару. Өнім шығындарын мен өнімнің өзіндік құнын басқару. Кәсіпорынның баға саясатын басқару. Кәсіпорын пайдасын және рентабельдігін басқару. Кәсіпорынның қаржылық жағадйын басқару. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау.
Күтілетін нәтижесі: Мейрамхана және қонақүй кәсібін ұйымдастырутеориясын білу, Мейрамхана кәсіпорындарының дамуы және ондағы түскен табыстарды басқара білу.
Оқытушының аты-жөні: Байбосынов С.Б.
Пәннің атауы «Менеджмент»
Пререквизиттер: экономикалық теорияның негіздері
Постреквизиттер: дипломндық жұмыс (жоба)
Мақсаты: басқару туралы білім кешенін қалыптастыру, басқару ісінің әр түрін жүзеге асырудың нақты тәжірибесін шығару, басқару жүйесін талдау және оларды жобалау
Курстың қысқаша сипаттамасы: Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері. Басқаруды ұйымдастыру. Менеджментті информациямен қамтамасыз ету. Менеджменттегі коммуникациялар. Менеджменттегі басқару шешімдері. Рыноктық экономикадағы басқару жүйесінің әдістері. Жоспарлау және ұйымдастыру менеджмент функциялары ретінде. Менеджменттегі мотивация. Менеджмент жүйесіндегі бақылау. Адам қызметін басқару және топты басқару. Жетекшілік, билік және лидерлік. Қайшылықтарды, күйзелістерді және өзгерістерді басқару. Фирманың кадрлық саясаты. Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті. Менеджменттің тиімділігі. Өнімділікті басқарудағы кешендік тәсіл.
Күтілетін нәтижесі: басқарудың теориялық тұжырымдаларын, қағидаларын, ережелердің, әдістердің және құралдарын зерттеу, білу.
Оқытушының аты-жөні: Зулхарнай А.Н.
4 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың сапасын бақылау және бағалау»
Пререквизиттер: «Органикалық химия», «Аналитикалық химия», «Салалардың жалпы технологиясы», «Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары».
Постреквизиттер: Экономика және өндірісті басқару
Мақсаты: кәсіби қызметте жүзеге асыруға қажетті теориялық және практикалық білімді, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, студенттерді шикізаттың сапасын, сонымен қатар НТҚ талаптарына, рецептураға және өндірістік технология режиміне сәйкестігімен таныстыру және үйрету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кіріспе. Тексеру әдістері. Құрғақ заттарды және ылғалдылықты анықтау. Ақуызды анықтау. Къельдаль әдісі. Майларды анықтау. Көмірсулар мен спиртті анықтау. Күлді, минералдық қоспаларды және хлоридтерді анықтау. Қышқылдылықты анықтау. С дәруменнің құрамын анықтау. Бірінші, екінші тағамдардың және сусындардың сапасын анықтау. Қамыр бұйымдарының сапасын анықтау. Тағамның химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын анықтау. Азоттық заттарды анықтау. Тағамдық өнімдердегі бөгде заттарды: консерванттарды, улы химикаттарды, ауыр металдарды анықтау. Шикізат, дайын өнім сапасын бағалау, дегустация жүргізу ережесі. Дайындалатын сүтке бақылау. Пастерленген және стерилденген сүт өндірісіне. Кілегей және қаймақ өндірісіне бақылау. Сүзбе және сүзбе өнімдері өндірісіне бақылау. Мәйекті сырлар өндірісіне бақылау. Балмұздақ және сары май өндірісіне бақылау. Қоюландырылған сүт консервілері өндірісіне бақылау. Консервілер сапасын анықтау. Ет және жартылай өнімдер сапасын зерттеу. Шұжық және сүрленген өнімдер сапасы мен өндіріске бақылау. Тағамдық майларды зерттеу. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін зерттеу.
Күтілетін нәтижесі: Технологиялық процестерге өзгеріс енгізу жағдайларын, өнім өткізу-сату (реализация) жағдайларын шешу мен іске асыру мүмкіндігін білу.
Оқытушының аты-жөні: Ерубаева Д.Ш.
Пәннің атауы: Халықаралық стандарттау
Пререквизиттер: Стандарттау, Метрология, Сертификаттау
Постреквизиттер: Сапа менеджментінің жүйесі
Мақсаты: Халықаралық деңгейде стандарттау бойынша іскерлікті ұйымдастырудың ретін оқып үйрену,өндірістің және өнім сапасын меңгеру, іскерлікті бағдарлау және ақпараттармен қамтамасыз ету және ұлттық стандарттар мен өнімдер сертификациясын үндестіру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Стандарттау саласындағы халықаралық қарым-қатынас. Стандарттау саласындағы халықаралық ұйымдар. ИСО комитеттерінің іс- шараларын ұйымдастыру. Стандарттау халықаралық электротехникалық комиссияның аясында. Халықаралық стандарттың жасалу реті. Ұлттық дәрежеде халықаралық стандарттарды қолдану реті. Тауарларды штрихкодтау. «Кодекс Алиментариус». ГАТТ/ДСҰ көлеміндегі стандарттау. МАГАТЭ саласындағы стандарттау. Стандарттау бойынша еуропалық комитеттің (СЕН) іс -шаралары.Электротехникада стандарттау бойынша Еуропалық комитеттің қызметі (СЕНЭЛЕК). Халықаралық стандарттың іс-шаралар ұйымы. Халықаралық стандартты жасаудың реті. Стандарттаудың аймақтық ұйымы.
Күтілетін нәтижесі: Халықаралық стандарттау бойынша білімді үнемі жаңарту керектігін түсіну, өз бетінше жұмыс жасауды игере білу және ары қарай жетілуге деген сұраныс.
Оқытушының аты-жөні: Джазыкбаева Б.К.
5 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Сапа менеджментінің жүйесі»
Пререквизиттер: экономиялық теорияның негіздері, құқық негіздері
Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)
Мақсаты: Студенттерге клесі пәндердің құрылысты - кисынды схемаларын толық игере алатындай білім беру; жоғарға математика, информатика, өнім сапасымен басқару, пән аралық байланысты: квалиметрия, сапамен басқару.
Курстың қысқаша сипаттамасы: СМЖ- нің мақсаттары мен міндеттері. Менжмент сапасының эволюциялық формасы. ТQМ- ның концепциясы және үлгілері. Сапа менеджмент жүйесінің ISO 9001:2000 бойынша негізгі жағдайы. СМЖ – енгізуде, өңдеуде сабақ жасау реті. Сапа облысында ұйым саясаты. Сапамен басшылық. Сапамен басшылық ету элементтерінің мазмұны. СМЖ құжаттамасы. Процестік және жүйелік қарастыру. CALS,APIS –технологияларын сапа жүйелерімен ақпараттық қамтамасыз ету. Сапа жүйесінің сертификациясы. Сапамен қамтамасыз етуі. Сапа жүйесіндегі сыртқы және ішкі тексеру. Интеграцияланған менеджмент ұйым жүйесіндегі сапа жүйесінің әдістері мен рөлі. Сапамен қамтамасыз етуі. Сапа жүйесінің сертификациясы. Сапа жүйесіндегі сыртқы және ішкі тексеру
Күтілетін нәтижесі: қызметті бағдарламалау және хабармен қамтамасыз ету жұмыстарында құзеретті болу.
Оқытушының аты-жөні: Закирова Н.А.
Пәннің атауы «Кәсіпорынның экономикасы»
Пререквизиттер: экономикалық теорияның негізі, құқық негізі.
Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)
Мақсаты: шаруашылықтың нарықтық типі жағдайында кәсіпорындар функционирлеу экономикалық механизмі негізінде студенттердің экономикалық ойлау қабілетін дамыту.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәспорын – шаруашылық жүргізу объектісі ретінде, соның ішінде шетел фирмаларының сипаттамасы мен түрлері. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі. Негізгі және айналым капиталы. Шикізат, материалдық және еңбек ресурстары. Еңбекке ақы төлеу. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты. Өндіріс шығындары және өнімдерді өткізу. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі, өнімдердің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы. Пайда және рентабелділік, кәсіпорын қаржысы.
Күтілетін нәтижесі: студенттер құрылған құқықтық, экономикалық, қаржылық және административті ортада кәсіпорындар функционирлеу экономикалық механизмі негізінде жаңа білімдер алады.
Оқытушының аты-жөні: Доскалиева Б.Б.
6 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Ұлттық және шетелдік тағамдар технологиясының ерекшелігі»
Пререквизиттер: Азық - түлік өнімдері технологиясының негіздері
Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)
Мақсаты: тағам дайындау теориялық және тәжірибелік негіздеріне, гострономиялық дәстүрдің қалыптасуына, әр халықтың ұлттық аспазшылық ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарды игеру
Курстың қысқаша сипаттамасы: Халық мәдениетінің дамуындағы ұлттық және шетелдік дәстүрлі тағамдардың ролі.Қазақ ұлттық тағамдары. Жақын ел халықтарының ұлттық тағамдары. Еуропа халықтарының тағамдық ерекшеліктері мен аспазшылықтары. Англия елінің аспазшылығы. Неміс ұлттық тағамдары. Француздардың ұлттық тағамдары. Итальяндық ұлттық тағамдар. Болгар халқының ұлтттық тағамдары. Грек елінің ұлттық тағамдары Азия халықтарының ұлттық тағамдар ерекшеліктері. Үнді елінің ұлттық тағамдары. Қытай халқының тағамдары. Жапон елінің тағамдары. Шығыс елдік тағамдар ерешеліктері. Түрік тағамдары. Америка контингентнің тағамдық ерекшеліктері. Америка халқының тағамдарыМексика елінің тағамдары.
Күтілетін нәтижесі: Ұлттық және шетелдік тағамдар ерекшелігі бойынша білімді үнемі жаңарту керектігін түсіну, өз бетінше жұмыс жасауды игере білу және ары қарай жетілуге деген сұраныста болу.
Оқытушының аты-жөні: Исабаева Г.М.
Пәннің атауы «Емдік тағам технологиясы»
Пререквизиттер: азық-түлік өнімдері технологиясының негіздері
Постреквизиттер: дипломдық жұмыс (жоба)
Мақсаты: ем болатын тағамдарын әзірлеу ерекшеліктерін оқыту
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Ем болатын тағамның мәңі. Диета түрлері. Ем-профилактикалық тағам және диеталық өнімдердің қауіпсіздігіне талаптар. Ем болатын тағамның өнімдерін таңдап алу. Тағамның рецептурасы, әзірлеу технологиясы. Рационалды және адекватты тағамның негізі. Ем болатын тағамның инновациялық технологиясы.
Күтілетін нәтижесі: студент диеталық тағамның негізін, ем болатын тағамның қазіргі таңдағы технологияларын білу қажет.
Оқытушының аты-жөні: Исабаева Г.М.
7 таңдау бойынша курс
Пәннің атауы «Кәсіби мансапты жоспарлау»
Пререквизиттер: құқық негіздері, кәсіпкерлік қызметінің негіздері
Постреквизиттер: дипломдық жұмыс
Мақсаты: практикалық мақсаттарды қою алғыр тиімді және табысты маманның дайындығының арқасында ұйымның жұмысының тиімділігінің көтермелеуін қамтамасыз ету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: «Кәсіби мансапты жоспарлау» пәніне кіріспе. Заманауи әлемдегі іскерлік мансап. Мансапты жоспарлау кезендері. Мақсаттарды қою. Мансапты қалыптастырудағы өзіндік қасиеттері. Жұмыс іздеу: кезендері, тәсілдері. Резюме, жолдама хат.
Күтілетін нәтижесі: практикада іскерлік мансаптың алгоритмын құрастыру ептілігі; басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін негізгі принциптер мен құралдарды қолдана білу.
Оқытушының аты-жөні: Зулхарнай А.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |