6. Курстық жұмысты рецензиялау
Студентпен орындалған курстық жұмыс рецензиялау үшін кафедраға тапсырылады. Курстық жұмыстың рецензиясы - бұл бақылау формасы мен орындалған жұмыстың бағасы ғана болып табылмайды, сонымен қатар бұл макроэкономика курсын тереңнен меңгеруде студентке көмек көрсету формасы.
Онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, курстық жүмыс тақырыбының маманды даярлау бейініне, қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, мәселені шешу және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетілуі тиіс.
Егер курстық жұмыстың жетекшісі жұмысқа қатысты қандай да бір ескертулер білдірсе, студент қорғауға шықпас бұрын кемшіліктер мен ескертулерді жоюы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |