Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы



жүктеу 353,85 Kb.
Дата27.02.2018
өлшемі353,85 Kb.
#10843
түріБағдарламасы

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы


«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ» ПӘНІНЕН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

ҚАРАҒАНДЫ – 2010
Курстық жұмысты жазу бойынша әдістемелік ұсыныстар «Экономикалық теория» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде аға оқытушы Б.Қ. Спанова және магистр А.А.Мусатаевамен өңделген

Кафедраның оқу-әдістемелік семинарының отырысында қарастырылып, қабылданды.

29 тамыз 2009 ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі: Жетпісбаева М.Қ.




Кіріспе
Экономикалық теория пәні өзарабайланысты және өзара тәуелді болып табылатын бірнеше тарауларды қамтиды. Экономикалық теория курсын студенттердің оқып-білуіндегі аяқтаушы кезең болып олардың курстық жұмыстарды жазуы табылады.

Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.

Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.

Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болып, экономикалық құбылыстарды талдау мен жалпылауға үйренеді.

Курстық жұмыс орындай отырып, студенттер экономикалық пәндерді оқып-білу барысында баяндамалар, рефераттар мен өзге де дербес жұмыс формаларын дайындау тәжірибесін иеленеді.

Осылайша, оқу процесіндегі курстық жұмыстың мәні мен ролі келесілерден тұрады.

  1. Дербес еңбек ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру.

  2. Пән бойынша алған білімін тереңдету, жүйелеу және жалпылау.

  3. ҚР мен өзге елдердің экономикаға қатысты нақты статистикалық материалдарын жинау және талдау, оларды теориялық алғышарттар тұрғысынан жалпылау.

  4. Алынған білімді кәсіби іс-әрекет саласымен үйлестіре білу ептілігі.

  5. Кешенді тексеру.

Аталмыш әдістемелік ұсыныста курстық жұмысты жазу бойынша ұсыныстар беріледі. Аталмыш нұсқаманы басшылыққа алу студенттерге курс бағдарламасын меңгеруге, сондай-ақ экономикалық теория мәселелері бойынша түрлі мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты кезеңдерінен құралады:

  1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту

  2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау

  3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар

  4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері

  5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу

  6. Курстық жұмысты рецензиялау.

  7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.


1. Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту

Курстық жұмыстың тақырыбы кафедраның әдістемелік семинарының отырысында жаңартылып, бекітіледі. Ол ҚР жүзеге асыратын экономикалық саясат өзектілігін ескеретін экономикалық теорияның барлық негізгі мәселелерін қамтиды (Қосымша 1).

Курстық жұмыстың тақырыбын студент өзі таңдайды.

Курстық жұмыс тақырыбын таңдау барысында студент төменгі критерияларға сүйенуі керек:

Біріншіден, тақырыптың өзектілігі. Тақырыбы өзекті болып табылатын курстық жұмысты орындау;

Екіншіден, таңдалған тақырыптың түрлі қайнар көздерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының қайнар көздерінде сипатталу толықтығы;

Үшіншіден, өзінің зерттеу шекараларын нақты анықтау;

Төртіншіден, ізбасарлық. Мысалы, егер тақырып ақша-несие мәселелері бойынша таңдалған болса, онда осы мәселені қаржылық менеджмент кафедрасы бойынша курстық жұмыста тереңірек қарастыруға болады. Сонымен қатар, курстық жұмыс материалдары курстық жұмысты жазу барысында жақсы теориялық негіз болып табылады;

Бесіншіден, мәселенің өңделу дәрежесі.

Курстық жұмыс тақырыбын бекіту үшін студент кафедрада өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмірі мен атауы көрсетіледі (Қосымша 2).

Бір топтың екі немесе бірнеше студенттеріне бір тақырыптағы курстық жұмысты орындауына рұқсат етілмейді.
2. Ақпарат көздерін іріктеу және талдау

Курстық жұмыстың сәтті жазылуына зерттелетін тақырыпқа қатысты ақпарат көздерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп қарастыру ықпал етеді.

Ақпарат көздерін талқылауға студент курстық жұмыс тақырыбын таңдап, бекіткеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол курстық жұмыс үшін таңдалған сәйкес зерттеу заттарының қазіргі таңдағы жағдайын талдауы тиіс.

Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбына сәйкес студентке, ең алдымен, кафедрамен ұсынылған негізгі әдебиетті талдау қажет, ал содан кейін қосымша әдебиетті студен дербес түрде іріктеп қарастырады.

Мәселелердің тереңнен талқылануы үшін қосымша отандық және шетелдік қайнар көздерді, сондай-ақ нұсқамалар сияқты ведостволық нормативтік құжаттарды пайдалануы қажет. Периодикалық бөлімдегі аталмыш мәселе бойынша жарияланған мақалалар және материалдармен танысу қажет.



Қайнар көздерге сілтеме жасау барысында оларды шынайы қолдану қажет, оларды талдап, нормативтік құжаттардың ережелері және авторлардың пікірлерімен негізді түрде келісіп немесе келіспеу қажет.

Қайнар көздерді мақсатты түрде іріктеу (таңдау) үшін оқытушыдан кеңес алып, содан кейін ғана әдебиеттің ізденісін бастау керек.

Кітапханалық каталогтармен да танысу керек: алфавиттік, жүйелік, пәндік, сондай-ақ түрлі библиографиялық анықтама басылымдары. Сонымен қатар, журналдар мен газеттердегі мақалаларды да қарастырған жөн.

Жалпы ережелер мен талаптарды ескере отырып, әдебиеттің библиографиялық сипаттамасын бірден дұрыс құру да маңызды. Тақырып бойынша таңдалған әдебиетті алфавит әріптері бойынша бөліктерге бөле отырып, осы үшін арнайы басталған дәптерге жазған жөн. Монография, журналды және газеттік мақалалар бойынша библиографияны құруды ағымдық жылы басып шығарылған еңбектерден бастап, біртіндеп ғана алдыңғы жылдары шығарылған әдебиеттерге көшу керек. Осындай тәртіп (7 қосымшада библиографиялық сипаттама мысалдары келтіріледі).
3. Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар

Курстық жұмысты жазар алдында студент тиісті:

  1. Таңдалған тақырыппен танысып, оның қандай болатынын ойша елестетіп көру.

  2. Әдебиетті, периодикалық басылымдарды толық талқылау.

  1. Баяндалатын материалды нақты және логикалық сипаттау.

  1. Курстық жұмыс тақырыбы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытындыдан құралатын жұмыс жоспарына сәйкес ашылуы тиіс.

  2. Жұмысты қазіргі таңдағы материалдарды, кестелер, сызбалар, графиктерді қолданумен жазу.

  3. Орфографиялық және статистикалық қателіктер жібермеу.

  4. Сандық материалды кестелер түрінде рәсімдеу ұсынылады.

  1. Курстық жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде орындалуы тиіс.

  2. Егер жұмыс қорғауға жіберілмесе, онда ескертулерді ескере отырып, жұмысты толықтыру қажет.


Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:

- бет парағы (Қосымша 3);

- жұмыс жоспары (Қосымша 4):

- кіріспе;

- негізгі бөлім (1-3 бөлімдер);

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер тізімі.

Бет парағы

Бет парақ жұмыстың алғашқы парағы болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпарат көзі қызметін атқарады.

Бет парақта келесі мәліметтер келтіріледі:


  • ЖОО, факультет, кафедраның атауы;

  • Курстық жұмыс тақырыбы;

  • Студенттің аты-жөні, тегі, тобының нөмірі;

  • Ғылыми жетекшінің тегі мен инициалдары.

Бет парақты курстық жұмыс парақтарының жалпы нөмірленуіне енгізеді. Бет парақта парақ нөмірі қойылмайды.

Жоспар

Жоспар – студенттің ұсынылған әдебиетті қаншалықты талдап, бастыларын таңдағанының маңызды көрсеткіші. Жақсы ойластырылып, құрылған жоспардан көбінесе жұмыстың құрылымы, мазмұны, бөлімдерінің логикалық байланысы тәуелді болады. Жоспар сапасы жұмыс мазмұны мен оның бағалануына айтарлықтай ықпал етеді.

Студент жұмыс жоспарын ғылыми жетекшімен алдын ала келісу қажет.

Курстық жұмыстың жоспары Кіріспені, барлық тараулардың, параграфтардың реттік нөмірлері мен атауларын, Қорытындыны, Қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалар (егер болса) тізімін қамтиды.

Кіріспе

Кіріспеде автор төмендегі пункттерді міндетті ашуы тиіс:



  1. Таңдалған тақырыптың өзектілігі;

  2. Экономикалық ғылымдағы оның өңделу дәрежесі (авторлар мен олардың басты еңбектері келтіріледі);

  3. Жұмысты жазу барысында шешілетін мақсаттар мен мәселелер;

  4. Курстық жұмыстың пәні мен объектісі;

  5. Оны құру логикасы (бөлімдері (параграфтар) бойынша курстық жұмыстың құрылымы).

Жұмыста мәселеден туындайтын зерттеу мақсаттары мен міндеттері нақты анықталуы тиіс. Зерттеу мақсаты қандай да бір мәселені шешуден тұрады. Аталмыш мақсатқа қол жеткізу үшін нақты мәселелер қойылады.

Тәртіп бойынша, объект – бұл белгілі экономикалық категория немесе жұмыста зерттелетін мәселе. Зерттеу пәні – бұл объектінің белгілі аспектілерінің неғұрлым нақты сипаттамасы. Зерттеу пәні объектке қарағанда неғұрлым тар түсінік болып табылады. Пән объектінің бөлігі, элементі болып табылады. Мысалы, зерттеу объектісі болып ҚР қаржы жүйесі болса, ал пәні болып мемлекеттік бюджет танылады.

Кіріспе көлемі 1,5-2 парақты құрайды.

Негізгі бөлім

Негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны қамтылады. Аталмыш бөлім мәселенің теориялық негіздері сипатталып, нақты материал жалпыланып, талданып, статистикалық материалдар мен графикалық мәліметтер келтірілетін курстық жұмыс тақырыбын сипаттайтын 3-4 сұраққа бөлінуі (параграфтар) тиіс. Курстық жұмысты жазу барысында аталмыш мәселе бойынша әрекет етуші көзқарастарды баяндап қана қоймай, сондай-ақ өзінің көзқарасын да баяндауға тырысу қажет. Курстық жұмыста бекітілген жоспарға сәйкес қарастырылатын мәселелердің байланысы мен логикасы орын алуы тиіс.

Негізгі бөлім материалын баяндау логикасы мынадай боуы мүмкін:

Бірінші бөлімде зерттелетін мәселенің теориялық негіздері қарастырылады, анықтамалар келтіріліп, негізгі түсініктерге талдау жасалады, зерттелетін құбылысты дамытудың негізгі қарқындары қарастырылады. Қолданыланы әдебиет көздері мен келтірілетін авторлар көзқарастарына сілтеме жасау керек. Студент мәселені бағалау мен оның мүмкін болатын шешімдерінде өзінің бағдарын көрсетуі керек.

Екінші бөлімде экономикалық құбылыстар жағдайы ашылып, олардың сипаттамасы келтіріліп, статистикалық мәліметтерге талдау жасалуы тиіс.

Үшінші бөлімде қарастырылып отырған экономикалық құбылысқа ықпал ететін факторларға талдау жасалып, қарастырылып отырған мәселені шешу, жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімі бірлік интервалды компьютерлік версияда 25-30 парақты немесе қолмен жазылса 40-45 парақты құрайды.

Қорытынды

Қорытындыда зерттеу барысында жасалып, енгізілген теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жалпыланады. Олар өңдеулер мазмұны, маңыздылығы, негізгілігі мен тиімділігі туралы толық көрініс беретіндей нақты да қысқа болуы тиіс.

Қорытынды көлемі 2-3 парақты құрайды.

Қолданылған әдибеттер тізімі

Аталмыш тізім курстық жұмыстың соңында «Қорытынды» тарауынан кейін келтіріледі (Қосымша 8).

Аталмыш тізімге курстық жұмысты жазу барысында студентпен шын мәнісінде қолданылған қайнар көздер енгізілуі керек.

Ақпарат көздері тізімде курстық жұмысты жазу барысындағы ілеспелілікпен келтірілуі тиіс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі библиографиялық талаптарға сәйкес рәсімделеді (Қосымша 7).

Қосымшалар

Қосымшаларда негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жұмысты орындаумен байланысты материалдар, қосымша материалдар, көлемді кестелер, суреттер мен графиктер қамтылады. Әр қосымша жаңа парақтан басталып, реті бойынша нөмірленеді.

Курстық жұмыста қабылданған шешімдер, барлық мәліметтердің нақтылығы мен объективтілігі үшін курстық жұмыстың авторы, яғни студент жауапты.
4. Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
Жалпы талаптар

Курстық жұмыс мәтінінің парақтары мен жұмыстағы суреттер мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс.

Курстық жұмыс, бір интервал арқылы А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір бетіне компьютерді және принтерді пайдалана отырып, баспа тәсілімен орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі, кегль 14, Times New Roman. Әртүрлі гарнитуралардағы шрифтерді қолдана отырып, белгілі бір талаптарға, формулаларға назар аудару үшін компьютер мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып, басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі жағы – 20мм.

Әрбір тарауды жаңа беттен бастау көзделеді. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бетіне басуға болады.

Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы арақашықтық бір интервал құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы арақашықтық екі интервал құрауы қажет (Қосымша 5).

Басылған мәтіннің және ПЭВМ-мен басып шығарылған беттің, иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу (безендірілу) сапасы оларды шығарудың анықтық талаптарына жауап беруі тиіс.

Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көрінуі сақталуы қажет. Курстық жұмыста сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер бұлыңғыр болмай, анық болуы қажет.

Парақтардағы мәтіндердің бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық жойылмаған бұрынғы мәтін (график) іздеріне жол берілмейді. Курстық жұмыстың мәтінінде сканирленген графиктерді, сызбаларды, кестелерді және т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді.

Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы «Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған диплом жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.

Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.

Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.

Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоюсыз, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.

Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.



Курстық жұмыстың парақтарын нөмерлеу

Курстық жұмыстың парақтарын, диплом жұмысының бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Беттің нөмірі төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.

Бірінші (титулдық) бет, мазмұны, бірінші (титулдық) беттегі Кіріспе беттер жалпы нөмерлеуге кіреді. Бірінші (титулдық) беттегі, Мазмұндағы беттердің нөмері қойылмайды. «3» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.

Жекелеген парақтарда орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарады).



Тарауларды, параграфтарды және тармақтарды нөмерлеу

Курстық жұмыстың тараулары, шегініс жасап абзацпен жазылған және нүктесіз араб цифрларымен белгіленген, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмері, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.

Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде санау келтірілуі мүмкін.

Әрбір санаудың алдынан дефис қою немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде санаулардың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.

Санауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қойылатын араб цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.

Иллюстрации

Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, компьютерлік басып шығаралыған беттерді, диаграммаларды) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.

Иллюстрациялар компьютермен орындалған болуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасалмауы мүмкін.

Компьютерлік басуды пайдалану арқылы графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды орындауға рұқсат етіледі.

А4 форматынан кіші мөлшердегі фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.

Қосымшалардағы иллюстрацияларды қоспағандағы иллюстрацияларды, жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» болып белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы және түсініктеме деректері (суреттердің астында мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсініктеме деректерден кейін орналастырылады.

Әрбір қосымшаның иллюстрациясы латын алфавитінің үлкен әріптерімен жеке нөмерлермен белгіленеді.

Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «... 2-суретке сәйкес...» деп жазу көзделеді.

Кестелер

Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, кесте сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек (Қосымша 6).

Курстық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.

Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмерін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді.

Көп жолдарды алатын кестені екінші параққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін екінші параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан «Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмерін көрсетеді, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бір бөлігін төменгі горизонталь сызыққа ауыстыру кезінде, шектеуші кестені жүргізбейді.

Бағаналары көп кестені қосымшаға шығарған дұрыс.

Бағаналарының саны көп кестені бөліктерге бөлуге және бір бөлігін өзге бөліктің астына бір беттің шегінде орналастыруға рұқсат етіледі. Егер кестенің жолдары мен бағаналары беттің форматынан шығып кететін болса, онда бірінші жағдайда кестенің әрбір бөлігінде кестенің басы, ал екінші жағдайда – кестенің екі жағы қайталанады. Көлемі үлкен кестені А3 форматы парағында орналастыруға рұқсат етіледі.

Кесте бағанасының әрбір жолында қайталанатын мәтін бір сөзден тұратын болса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға рұқсат етіледі; егер екі және одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталану кезінде оны «ол да» сөзімен алмастырады, ал одан әрі қарай – тырнақшалармен алмастырылады. Тырнақшаларды, қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық белгілердің орнына қоюға жол берілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифр немесе өзге де деректер келтірілмесе, онда оған сызық қойылады.

Кестенің бағаналары мен жолдарының тақырыптарын бір санмен бас әріптермен жазу, бағаналардың тақырыпшаларын – кіші әріптермен жазу керек, егер олар тақырыппен бір сөйлемді құраса, немесе, егер олар дербес мағынаға ие болса, үлкен әріптермен жазылады. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды.

Кестелер сол жағынан, оң жағынан және төменгі жағынан, негізінен, сызықтармен шектеледі. Кестеде, мәтіндегіден кіші шрифт мөлшерін қолдануға рұқсат етіледі. Бағаналардың тақырыптарын, негізінен, кесте жолдарымен параллель жазады. Қажет болған жағдайда бағаналар тақырыптарының перпендикуляр орналастырылуына рұқсат етіледі. Кестенің басы, кестенің қалған бөлігінен сызықтармен бөлініп тұруы тиіс. Кестені ресімдеу мысалы Қосымша 6-да келтірілген.

Ескерту

«Ескерту» сөзін астын сызбай абзацтан үлкен әріптермен басу керек.

Егер, мәтіннің, кестелердің немесе графикалық материалдың мазмұнына түсініктеме немесе анықтамалық деректер қажет болса, жұмыста ескерту келтіріледі.

Ескерту, мәтіндік, графикалық материалдан немесе кестеден кейін (осы ескерту соған жататын) орналастырылады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін тире қойылады және ескерту үлкен әріптермен басылады. Бір ескерту нөмерленбейді. Бірнеше ескертулер, нүкте қоюсыз қатарынан араб цифрларымен нөмерленеді. Кестеге ескерту кестенің соңында, кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың үстінде орналастырылады.



Формулалар мен теңдеулер

Формулалар мен теңдеуді мәтіннен бөлек жолмен бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (–), көбейту (×), бөлу (:) немесе өзге математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.

Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген жалғастығымен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.

Диплом жұмысындағы формулаларды бүкіл диплом жұмысы шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңгелек жақшаларда араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Мысалы:


А=а:б, (1)
Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі. Мысалы – ... формулада (1).

Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір цифр алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб цифрларының бөлек нөмерлерімен нөмерленуі тиіс, мысалы формула (А.1).

Курстық жұмыста математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.

Пайдаланылған және сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі

Дерек көздері туралы мәліметті диплом жұмысының (жобасының) мәтініндегі дерек көзедеріне сілтемелер жасаудың пайда болу тәртібімен орналастыру, нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмерлеу және шегініс жасап абзацтан басу керек (Қосымша 8).

Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сүйену көзделеді.

Стандарттарға және техникалық шарттарға сүйену кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер жасау квадрат жақшаларда келтіріледі. Мысалы, [2,б.17].

Газеттерден ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].



Қосымша

Қосымша аталған курстық жұмыстың жалғасы ретінде одан кейінгі оның парақтарында рәсімделеді.

Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымша курстық жұмыс мәтінінде оларға берілген сілтемелер тәртібінде орналастырылады.

Әрбір қосымшаны жоғарыда, беттің ортасынан «Қосымша» сөзін көрсете отырып жаңа жолдан бастау көзделеді және ол диплом жұмысы жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (А-Қосымша).

Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.

Қосымшаның, курстық жұмыстың қалған бөлігімен ортақ, беттерінің жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай белгіленген нөмерлері болуы тиіс.


5. Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу

Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде немесе жазу машинасында басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен курстық жұмыстың көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 35-40-бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы азат жолдан шегініс 1см құрауы тиіс.

Студент курстық жұмыстың бірінші (титулдық) бетін келтірілген үлгі бойынша рәсімдейді (Қосымша 3).

Курстық жұмыс соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі.



Тексерілген жұмыс қорғауға жіберіледі.
6. Курстық жұмысты рецензиялау

Студентпен орындалған курстық жұмыс рецензиялау үшін кафедраға тапсырылады. Курстық жұмыстың рецензиясы - бұл бақылау формасы мен орындалған жұмыстың бағасы ғана болып табылмайды, сонымен қатар бұл экономикалық теория курсын тереңнен меңгеруде студентке көмек көрсету формасы.

Онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңалығы мен практикалық маңыздылығы, курстық жүмыс тақырыбының маманды даярлау бейініне, қорытындылар мен ұсыныстардың бар болуы, мәселені шешу және зерттеудің аяқталу дәрежесі көрсетілуі тиіс.

Егер курстық жұмыстың жетекшісі жмысқа қатысты қандай да бір ескертулер білдірсе, студент қорғауға шықпас бұрын кемшіліктер мен ескертулерді жоюы тиіс.
7. Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.

Курстық жұмыс талаптарға сәйкес келген жағдайда ғаан қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты қорғау кафедраның 2-3 оқытушысынан құрылған комиссия алдында өтеді. Қорғауға топ студенттері қатыса алады.

Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайындалуы тиіс: баяндама тезистерін дайындау, көрнекі материалдарды дайындау (кестелер, сызбалар, диаграммалар және т.б.); жеке парақта курстық жұмыста баяндалған және белгілі теориялық, тәжірибелік маңыздылыққа ие жекелеген ережелерді сипаттап, рецензиямен танысып, рецензиядағы кемшіліктерге жауаптар дайындау.

Оқытушылар алдында курстық жұмысты қорғау студенттің курстық жұмыстың мақсаты мен мәселелерін қысқаша және нақты сипаттап, оның маңызды ережелерін баяндап, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын аргументтеуден тұрады. Баяндау үшін студентке 5-7 минут уақыт ұсынылады.

Қойылған сұрақтарға студент қысқа да нұсқа жауаптар қайтаруы тиіс.

Курстық жұмысты ғылыми жетекші мен кафедра комиссиясы балды-рейтингтік әріптіс жүйе бойынша бағалайды.

Курстық жұмысты бағалау критериялары болып табылады:



1. Таңдалған тақырып бойынша орындалған жұмыстың сәйкестігі;

2. Келтірілген зерттеу мақсаттары мен мәселелерінің ерекшелігі;

3. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану;

4. Жүргізілген эксперимент көлемі мен өңдеудің статистикалық әдістерін таңдаудың негізділігі;

5. Жұмыс нәтижелерін ілеспелі, сауатты және нақты баяндау ептілігі;

6. Қолданылған ғылыми әдебиеттің жаңа болуы;

7. Алынған нәтижелер мен қорытындылардың шынайылығы;

8. Ғылыми тәжірибелік маңыздылық;

9. Рәсімделу сапасы;

10. Курстық жұмысты қорғау (нақтылық, қысқалылық, логикалылық, кәсіби сөз сөйлеу мәнері, көрнекі материал);

11. Қорғау барысындағы қойылған сұрақтарға берілетін жауаптардың толықтығы.

Қорғалғаннан кейін курстық жұмыс кафедрада сақталады.


Қосымша_1'>Қосымша 1
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ»

пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптары

  1. Экономикалық теория курсының мазмұны мен құрылымы.

  2. Экономикалық теорияның қалыптасу мен даму кезеңдері.

  3. Экономикалық теорияның әдістемесі.

  4. Адам және экономика. Адамның экономикалық іс-әрекеті

  5. Қоғамдық өндірістің құрылымы.

  6. Өндіріс. Өндіріс ресурстары мен факторлары

  7. Әміршіл-әкімшілік экономика, оның анықтаушы белгілер мен модельдер.

  8. Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы.

  9. Нарықтық экономика модельдері.

  10. Аралас экономика: оның мәні, типтері мен нақты мүмкіндіктері.

  11. Меншікті мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру: формалары, әдістері, мәселелері

  12. Нарықтық экономикадағы меншіктің мазмұны мен формалары.

  13. Тауарлы өндірістің мазмұны, пайда болу шарттары мен себептері.

  14. Тауар және оның қасиеттері.

  15. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.

  16. Ақша айналысының типтері.

  17. Нарық: мәні, пайда болу шарттары, қызметтері.

  18. Қазақстанда қазіргі таңдағы нарықтың пайда болу заңдылықтары мен ерекшеліктері

  19. Нарықтық инфрақұрылым және оның ҚР-да қалыптасу мәселелері.

  20. Өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.

  21. Еңбек нарығы: қалыптасу ерекшеліктері мен мәселелері

  22. Капитал нарығының қазіргі таңдағы жағдайы.

  23. Жер нарығы: жағдайы және мәселелері.

  24. Тауарлар мен қызметтер нарығы.

  25. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы мен дамуы.

  26. Тауарлы биржалар: мәні мен даму қарқындары.

  27. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы.

  28. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мәні, формалары мен түрлері

  29. Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы

  30. Шағын бизнес және оның мәселелері.

  31. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік кәсіпорындар.

  32. ҚР-да кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі.

  33. Тұтыну кооперативі: жағдайы мен даму болашағы.

  34. Ұдайы өндірістің мәні мен түрлері. Ұдайы өндірістің модельдері

  35. Сұраныс және сұраныс функциясы. Сұраныс заңы.

  36. Ұсыныс және ұсыныс функциясы. Ұсыныс заңы.

  37. Нарықтық тепе-еңдік пен оның түрлері.

  38. Фирма капиталының айналымы мен қайта айналымы.

  39. Негізгі капиталдың тозуы мен амортизациясы.

  40. Негізгі капитал, фирмалар мен оның айналымы.

  41. Фирманың айналым капиталы және айналыс капиталы.

  42. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі өндіріс шығындары

  43. Пайда мәні мен түрлері. Пайданы бөлу және пайдалану

  44. Экономикалық өсім экономиканың тиімді қызмет етуінің нәтижесі ретінде.

  45. Экономикалық өсім типтері, қарқындары мен сапасы.

  46. ҒТП – экономикалық өсімнің интенсивті типінің материалды негізі ретінде.

  47. Ұлттық есеп-шот жүйесі және ұлттық шоттарды құру қағидалары.

  48. ҰШЖ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері

  49. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.

  50. Тұтыну. Тұтыну функциясы. Тұтынуға деген шекті бейімділік.

  51. Жинақтау. Жинақтау функциясы. Жинақтауға деген шекті бейімділік.

  52. Инвестиция мәні мен түрлері.

  53. Экономикалық цикл факторлары мен теориялары.

  54. Еңбек ресурстарының сандық және сапалық анықталуы

  55. Жұмыссыздықтың себептері, түрлері мен мәні

  56. Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу әдістері.

  57. Инфляция және оның түрлері. Филипс қисығы.

  58. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Инфляцияға қарсы шаралар жүйесі.

  59. Экономика дамуының циклдылығы.

  60. Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы банк жүйесі.

  61. Несие және оның қызметтері.

  62. Қазақстан Республикасының қаржылары мен қаржы жүйесі

  63. Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы.

  64. Мемлекеттік қарыздың қазіргі таңдағы жағдайы мен мәселелері

  65. Мемлекеттің фискалды саясаты (бюджет-салық саясаты).

  66. Салықтардың мәні, қызметтері мен түрлері.

  67. Қазақстанның салық саясаты: мақсатты бағытталуы мен қызмет ету механизмі

  68. Мемлекеттің экономикалық саясаты мен оның құралдары.

  69. Мемлекеттің экономикалық қызметтері.

  70. ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты мен оның құралдары.

  71. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, мәселелері.

  72. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні мен мақсаттары

  73. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні мен формалары

  74. Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі Қазақстан

  75. Экологиялық мәселелердің экономикалық аспектісі

  76. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты


Қосымша 2

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор М.Қ.Жетпісбаеваға

....топ студентінен


_________________

Аты-жөні, тегі



Өтініш
Сізден «Экономикалық теория» пәні бойынша (тақырып нөмірі) «тақырып атауы» тақырыбын таңдауыма рұқсат етуіңізді сұраймын

Күні____________

Қолы ________

Қосымша 3
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Рахимберлина Г.
Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Қарағанды 2010



Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақстанда кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы»

5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Орындаған

ГМУ-11қ топ студенті Рахимберлина Г.


Ғылыми жетекші

оқытушы Кернебаев А.С.


Қарағанды 2010


Қарағанды 2010



Қосымша 4

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ.................................................................................................


4

1 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.......................................................................................

6


1.1 Кәсіпкерлік түсінігі және мәні.......................................................

6

1.2 Қазақстан экономикасындағы жеке кәсіпкерліктің рөлі............




1.3 Жеке кәсіпкерлікті дамытудағы шетелдік тәжірибе.................................................................................................



2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ..............................






2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің жағдайы..................................................................................................




2.2 Қарағанды облысындағы шағын және орта бизнестің жағдайын талдау....................................................................................





3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................




3.1 Дағдарыс жағдайында жеке кәсіпкерлікті қолдау экономикалық тұрақтылықтың кепілі ................................................




3.2 Жеке кәсіпкерлікті дамытудағы инновацияның ролі..................



ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................







ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................





А қосымшасы -




Б қосымшасы -






Қосымша 5
1 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кәсіпкерлік түсінігі және мәні

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

1.2 Қазақстан экономикасындағы жеке кәсіпкерліктің рөлі

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей мәселе екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды [1,б.6].




Қосымша 6

Кесте 1


Салалар бойынша шағын бизнес субъектілерінің ұсыныс құрылымы






































Е с к е р т у - ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері


Қосымша 7


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНІҢ РӘСІМДЕЛУІ

Кітаптар үшін:

  1. Ільясов К.К. Қаржы, Алматы: «Бастау», 1997. 444б.


Журналды мақала үшін:

  1. Бекназарова А.Т. ҚР кәсіпкерлік дамуының қазіргі жағдайы, қарқыны мен преспективалары. //Экономист, 2008, № 5, б.92


Газеталық мақала үшін:

3. Дауранов И., Рудецких А. Бизнес-инкубатор - основной институт поддержки малого бизнеса // Вестник предпринимателя 5 маусым 2006, №60, б. 13-17

Библигрофиялық қайнар көздерді жазу барысында авторлардың тегін жұмыста қолдану ілеспелілігі бойынша орналастыру қажет. .

Қосымша 8
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Чаянов А.В. Основные идеи и формы организации сельскохозяйственной кооперации. - М.: Наука, 2001.551б.

  1. Львов Д.С. Реформы с позиции современной экономики //Научные труды Международного союза экономистов и Вольного общества России. Т.2. М., 1995. 215б.

  2. Ткач А.В. Кооперация в условиях рыночных отношений //Тезисы докладов межрегиональной научно-практической конференции «Развитие форм собственности многоукладной экономики и кооперации а АПК в условиях рынка», Киев, ноябрь 1991, М.: ВНИИЭСХ, 2001, б.3

  3. Калиев Г.А. Аграрная реформа а Казахстане: история, современность, перспективы. – Алматы: «Бастау», 2008. 232 б.

  4. Арынов Е.М. О стратегии экономических реформ в Казахстане: приоритеты и неотложные шаги. – Алматы: КИСИ, 2003.215б.

  5. Сатыбалдин А.А. Теоретические аспекты развития форм собственности и организации производства в сельском хозяйстве //Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. Алматы, 2002, №8, б.35

  6. Дахов И. Возможности возрождения кооперативного сектора экономики. //Экономист, 2008, № 1, б.92


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ


  1. Назарбаев Н.А. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы: Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы, “Егемен Қазақстан”, ақпан 2006жыл

  3. «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 96-i заңына өзгерістермен толықтыруларды ескере отырып, қр 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 150-i заңы

  4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы Анықтамасы

  5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Нәрібаев КН., Жатқанбаев Е. Б. және басқ. - Алматы, 1998.

  6. Экономикалық теория. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Байжумаев Б. Б. ж.б. - Алматы, 2000.

  7. Экономикс. Оқу құралы / Әубәкіров Я. Ә., Қабдиев Д. Қ., Досқалиева В. Қ., Досқалиев С. Д. - Алматы, 1998.

  8. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы // Жанагулов А.Ш., Суиндыков Ж.С., - КЭУК, 2004.

  9. Макроэкономика. Оқулық / Р. Дорнбуш, С. Фишер - Алматы, 1997.

  10. Жатқанбаев Е. Б. Аралас экономика негіздері - Алматы, 1997.

  11. Қазақстан экономикасы. Оқулық / Нұрғалиев Қ. Р. - Алматы, 1999.

  12. «Казахстан-2030». Стратегиясы Н.Ә. Назарбаев., Алматы, 1997.

  13. Ақша, несие, банктер. Оқулық / Ғ. С. Сейтқасымов - Алматы: Экономика, 2001.

  14. Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.

  15. Мадиярова Д. М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2000.

  16. Мамыров Н. Қ. ж.б. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 1998.

  17. Мельников В. Д., Ілиясов К. К. Қаржы. Оқулық - Алматы: Экономика, 1994.

  18. Төлемісов О. Реформалардың экономикалық тиімділігін және мемлекеттік басқару жүйесін бағалау. Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2001.

  19. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2004.

  20. Экономикалық теория. ҚЭУҚ - Қарағанды, 2005.

  21. Экономикалық теория. Оқу-тәжірибелік құрал /Шумеков З.Ш., Сүйіндіков Ж.С., Жанағұлов А.Ш.-ҚЭУҚ-Қарағанды 2005

  22. Макроэкономика. Оқу-тәжірибелік құрал /Бұғыбаева Р.О.,Жанағұлов А.Ш., Жетпісбаева М.Қ., Сүйіндіков Ж.С., Есдаулетова М.А.-Қарағанды 2002.

  23. Экономикалық саясат. Оқу-тәжірибелік құрал /Жанағұлов А.Ш., Сүйіндіков Ж.С.,Байгуренова М.А., Есдәулет М.А., Қуаныштаева А.Е.-Қарағанды 2006

  24. Экономикалық теория. Кесте альбомы. /Сүйіндіков Ж.С., Толпаков Ж.С.-Қарағанды 2001

  25. Нарықтық экономиканың терминалогиялық түсіндірме сөздігі./Сүйіндіков Ж.С.-КЭУ, 2003

  26. Баликоев В.З. Общая экономическая теория-Москва, 2006

  27. Экономикалық теория. Акимбеков С.А./Астана, 2002.

  28. Назарбаев Н.А. Қазақстан халқына жолдауы.,- Астана 2008

  29. Мамыров Н.К., Саханова А.П., Ахметова Ш.С., Брузати.,/ Государство и бизнес., книга 2- «Отношение между правительством и бизнесом», - Алматы 2002 ( кейсы)

  30. Луссе А., Макроэкономика Краткий курс,- М.2002

  31. Сажина М.А., Научные основы экономической политики государства - М.2001

  32. Экономика: Учебник/ Под ред. Архипова А. И., Нестеренко А.Н., Большакова А.К. – М.: «Проспект», 1998

  33. Шеденов У.К., Байжомартов У.С., Теоретическая экономика . Учебник для ВУЗов. Алматы-Актюбинск, 1998

  34. Макконелл Кэмпбэлл Р., Стенли Л. Брю. Экономикс в 2-х т. –М., Республика 1992

  35. Экономическая теория под ред. Сумцовой Н.В., Орловой Л.Г. – М.: ЮНИТИ, 2000

  36. Учебное пособие по экономической теории. – 6 изд., перераб. и доп. – Караганда, КЭУК, 2001

  37. Борисов Е., Волков Ф. «Основы экономической теории» - М., 1997

  38. Маркс К. «Капитал» Т. 2, отдел 3 «Воспроизводство всего общественного капитала», гл. 19. – М., Политиздат

  39. Мостовая Е.Б. Основы экономической теории: Курс лекций. – М.: ИНФРА-М; Новосибирск: НГАЭиУ, 1997. – 496 с

  40. Носова С.С. Экономическая теория: Учебник для вузов.- М.: Гуманитарный издательский центр. ВЛАДОС, 1999.- 520с.

  41. Экономическая теория: Учебное пособие. / Под ред. И.К. Ларионова.- М.: Изд. Дом «Дашков и К°»

  42. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Современный курс Экономической теории А. Даникер 2002

  43. Роббинс Л. Предмет экономической науки.THESIS М., 1993

  44. Бартенев С.А. Экономические теории и школы. – М., Бек, 1996



жүктеу 353,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау