65
Курстың сипаттамасы: Бұл курс сақтандыру
секторы және оны реттеуді, келісім-шарттар
жүйесін, сақтық тқлемдер мен залалды
анықтау тәртібін, сақтық жарнаны төлеу
немесе орнын толтыру жүйесін меңгеруге
мүмкіндік береді. Курс нәтижесі бойынша
студенттер сақтандыру статистикасының негізгі
параметрлерін
есептеу,
сақтандыру
компаниялары мен сақтандыру саласының
қаржы-шаруашылық
қызметтеріне
талдау
жасау дағдысын игеру қажет.
Пререквизиттері: Қаржы
***
Код: FIN4310, FIN4210
ECTS: 5
Курстың аталуы: Инвестициялық менеджмент
Курстың
сипаттамасы:
Бұл
курс
инвестицияларды басқару жөнінде толық
мағлұмат береді: САРМ, АРТ және т.б.секілді
факторлы
модельдерде
портфель
диверсификациясының және инвестициялық
мақсатқа сәйкес инвестициялық портфельдер
мәні. Курс туынды құралдар түсінігін құруға,
инвестордың тәуекел деңгейін қанағаттандыру
үшін акциялар мен портфель тәуекелдерінің
модификациясын талдауға көмектеседі.
Пререквизиттері:
Корпоративтік
қаржы,
Менеджмент,
Бағалы
қағаздар
және
деривативтер
***
Код: FIN4311 ECTS: 5
Курстың аталуы: Қаржыдағыкейстер
Курстың сипаттамасы: Курс корпоративтік
қаржы тақырыптары бойынша да кейстік
тапсырмаларды меңгеру түрінде тәжірибелік
мысалдарды
студенттерге
ұсынуға
бағытталған.Бұл курстың аяқталуы кейстік
тапсырмаларды
талқылау
мен
талдауға
мүмкіндік береді және кейстерге арналған
презентация дайындауға мүмкіндік береді.
Пререквизиттері: Қаржылық менеджмент
Код: FIN4312, FIN4212 ECTS: 5
Курстың
аталуы:
Қаржылық
тәуекел-
менеджмент
Курс сипаттамасы: Бұл курс қаржылық
тәуекелдерді басқару, тәуекелдерді бағалау
мен
оларды
минимизациялау
әдістерін
игерудің
іргетасты
білімін
дамытудан
құралады. Оқытудан күтілетін нәтижелер:
бизнестің
потенциалды
тәуекелдерін
бірегейлеу
қабілеттілігі,
потенциалды
тәуекелге
ықпал
ететін
факторларды
бірегейлеу, ұйымның бизнес-операцияларына
әсер ететін тәуекелдерді бағалау.
Пререквизиттері: Қаржылық менеджмент
***
Код: FIN4313
ECTS: 5
Курстың аталуы: Қаржылық талдау
Курстың сипаттамасы: Бұл курс компанияның
қаржылық есептілік ақпараттарын жинау және
талқылауға
қажетті
дағдыны
дамытуға
бағытталған. Курс тиімді басқарушылық шешім
қабылдау
мақсатында
компанияның
қаржылық көрсеткіштерін талдауда нақты
талдамалық құралдар мен әдістерді қолдану
дағдысын алуға мүмкіндік береді.
Пререквизиттері: Корпоративтік
қаржы/Қаржылық менеджмент
***
Код: FIN4314
ECTS: 5
Курстың аталуы: Қаржылық моделдеу
Курстың сипаттамасы: Курстың мақсаты
Microsoft Excel көмегімен қаржылық моделді
құру қағидалары мен тәжірибесін меңгеру
болып табылады. Студенттер симуляциялық
және оптимизациялық секілді басқа да
болжамдық моделдерді дайындай білетін
болады. Пәнді жемісті игеру үшін Excel
бағдарламасындағы құзіреттің ілгерлемелі
деңгейі міндетті талап болып табылады.
Пререквизиттері:Ақпараттық
және
коммуникациялық технологиялар, Қаржылық
менеджмент
***
Код: FIN2215 – FIN4321
ECTS: 5
Курстың аталуы: Қаржыдағы арнайы курс
Курстың сипаттамасы: Бұл курс оқытушының
ғылыми мүддесі мен студенттердің жан-жақты
мүдделерімен
байланысты
түрлі
тақырыптарды қамтиды және басқа ЖОО-нан
курс сынақтары ретінде қарастырғанда да
негіз бола алады.
Пререквизиттері: Қаржы
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР
Код: GED 1101
ECTS: 5
Курстын аталуы: Философия
66
Курс сипаттамасы:Қазіргі заманғы маманды
дайындау жүйесіндегі философияның орны
оның зерттеу нысаны адам және оның
табиғатпен,
қоғаммен
қарым-қатынасы
болуымен анықталады. Философия болашақ
мамандарда философиялық-дүниетанымдық,
әдіснамалық мәдениетті, адади және өмірлік
ұстанымдар
қалыптастырады;
студенттің
теориялық және жалпы дүниетанымдық
дайындығының негізін құрайды.
Философияны оқытудың маңызы: студенттерді
әлемдік философиялық ойдың, оның ішінде,
қазақ философиясының тарихи тәжірибесіне
тарту, заманауи философиялық мәдениет
сипаты туралы түсінік беру, гуманитарлық ілім
саласында
өзіндік
аналитикалық
ойлау
дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.
Пререквизиттер: қажет емес
***
Код: GED 1102, GED 1106
ECTS: 10
Курстын аталуы: Қазақ тілі 1-2
Курс сипаттамасы: Бұл курс сөздік қорды
кеңейтуге, күрделі грамматикалық және
синтаксистік құрылымдарды игеруге, оқу,
ғылыми және кәсіби қызметте қазақ тілін
пайдаланудың коммуникативтік дағдыларын
жетілдіруге
бағытталған.
Басты
назар
академиялық мәтіндер, мысалы, эссе, тезис
және
т.б.
құру
машықтарын
дамытуға
аударылады. Бұл курс оқытылатын тілде
сөйлеуге,
жазуға,
сөйлеуді
қабылдауға,
түсінуге, өзгертуге үйретеді.
Пререквизиттер: Қазақ тілі -1
***
Код: GED 1102, GED 1106ECTS: 10
Курстын аталуы: Орыс тілі 1-2
Курстын
сипаттамасы:Курс
болашақ
мамандарда ғылыми саланың нақты сөйлеу
жағдаяттарындағы шынайы коммуникативтік
міндеттерді тілдік құралдармен шешу сияқты
қатысымдық
құзыреттер
қалыптастыруға
көмектеседі. Ұсынылатын курс студенттердің
ғылыми
стиль
негіздерін
практикалық
тұрғыдан мепңгеру, сондай-ақ тезис, аңдатпа,
реферат, пікір, түйіндеме сияқты оқу-ғылыми
мәтіндерінің
басты
жанрларын
жазу
машықтарын қалыптастыра отырып, мәтінге
құрылымдық-семантикалық
талдау
жасау
дағдыларын дамытады.
Пререквизиттер: Орыс тілі -1
***
Код: GED 1104
, ECTS: 5
Курстын аталуы: Ақпараттық-коммуникативтік
технологиялар
Курстын
сипаттамасы:
«Ақпараттық-
коммуникативтік технологиялар» пәні кәсіби
салада
ақпараттық-коммуникативтік
технологиялармен жұмыстың практикалық
дағдыларын
дамытуға
және
нығайтуға
мүмкіндік
береді,
қазіргі
заманғы
компьютерлік техникамен, бағдарламалық
өнімдермен, ақпараттық желілермен жұмыс
жасау машықтарын жетілдіреді.
Пререквизиттер:қажет емес
***
Код: GED 1105 ECTS: 5
Курстын аталуы: Қазіргі Қазақстан тарихы
Курстын сипаттамасы: Қазіргі Қазақстан
тарихы
–
Қазақстан
тарихының
басты
кезеңдері туралы пән, студенттердің назарын
Қазақстанда
тәуелсіз
мемлекеттіліктің
қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, ұлт
жалғастығы мәселелеріне аударады. Пәннің
міндеттері: студенттер санасына тарихтың
іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу, тарихи
танымның ғылыми әдістеріне үйрету, ғылыми
дүниетаным
мен
азаматтық
ұстаным
қалыптастыру.
Пререквизиттер: қажет емес
***
Код: GED 1103
ECTS: 10
Курстын аталуы: Шетел тілі (ағылшын А2В1)
Курстын сипаттамасы: Бұл курс шынайы
өмірлік жағдаяттарда шетел тілінде тиімді
қатысым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым
дағдыларынан
басқа
курс
аясында
грамматикалық
құрылымдарды
үйренуге,
сөздік қорды молайтуға, қолданбалы тілдік
оралымдар саласындағы білімдерін кеңейтуге
назар аударылады. Бұған қоса курс мазмұны
студенттерді IELTS емтиханы форматы мен
әдістемесімен таныстырады.
Пререквизиттер: қажет емес
***
Код: GED 1107
ECTS: 10