Экономика және менеджмент кафедрасы 050506 «Экономика» мамандығы бойынша қашықтықтан оқу бөлімінің студенттеріне арналған



жүктеу 229,51 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі229,51 Kb.
#4975
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ


050506 «Экономика» мамандығы бойынша

қашықтықтан оқу бөлімінің студенттеріне арналған

өндірістік практиканың
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

ҚАРАҒАНДЫ – 2012

Практика бағдарламасы кафедрасының оқу - әдістемелік семинарының мәжілісінде мақұлданған және басып шығаруға ұсынылған.

Хаттама №___ «____» _______________ 2012ж.

Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы К.Қ.Ибитановамен жасалған.

Кіріспе

Өндірістік практикадан өту кезінде студенттер жұмыс орындарында келешек мамандығы бойынша барлық қызметтік міндеттердің орындалуы жайында тәжірибе алуы тиіс. Практикалық қызметте ең негізгі элемент кәсіпорын қызметін жоспарлау мен талдаудың қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдерін меңгеру.



Өндірістік практиканың мақсаты оқытылатын мамандық бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі мен кілтті компетенцияларды тіркеу болып келеді.

Өндірістік практиканы өту барысында студенттер жұмыс орнында болашақ мамандықтық барлық машықтарына ие болуы керек. Практикалық қызметтің маңызды элементтері кәсіпорын қызметін жоспарлау және талдаудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін игеру болып келеді.

Практиканы өту барысында дипломдық жұмысқа қажетті барлық керек мәліметтерді жинау. Оның ғылыми - теориялық деңгейі таңдалған тақырып пен зерттеу тақырыбына бастапқы деректердің сәйкестігіне елеулі түрде тәуелді.

І. ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ


Өндірістік практиканың мақсаты болып университетте алған білімді одан әрі тереңдету және бекіту, экономикалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қажетті практикалық дағдыларға ие болу саналады. Практика барысында студент мыналарды білуі тиіс:

  1. Кәсіпорынның құрлымы мен оны ұйымдастырумен, сапаның ерекшелігінен, кәсіпорынның өндірістік және басқару бөлімшесінің негізгі функцияларымен танысу.

  2. Кәсіпорындағы және оның негізгі бөлімшесіндегі экономикалық жұмысты ұйымдастыруды үйрену, қолданылатын статистика мен есептің формаларымен, олардың жағдайының тәртібімен танысу.

  3. Кәсіпорынның ішкі (шағын) бөлімінде немесе бөлімшесінде белгілі бір жұмыс орнын атқару арқылы, экономика және жоспарлау бөлімінде (жоспарлау немесе қаржы бөлімі) тікелей жұмыс істеу.

  4. Статистикалық есептілік, аналитикалық көрсеткіштер есебін жасауға қатысу, экономикалық ақпараттарды өңдеу.

  5. Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің мәселелері бойынша кеңестерге, экономикалық жұмысты ұйымдастыруға, кәсіпорын мен оның бөлімшелері қызметін экономикалық талдауға және жоспарлауға (болжамдауға) қатысу.

  6. Дипломдық, курстық жұмысты, ғылыми бағдарламаны, практика жөніндегі есепті дайындау үшін материалдарды іріктеу және жүйеге келтіру. Практикада бекітуге жататын оқу материалы, келесі түрге бөлінеді:

- кәсіпорынмен және оның құрылымдық бөлімдерімен танысу;

- негізгі экономикалық көрсеткіштермен, техникалық процеспен танысу және оларды басқаруды ұйымдастыру мен танысу;

- экономикалық жұмысты ұйымдастыруды зерттеп үйрену.
II. ПРАКТИКА ОРНЫ МЕН ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ


  1. Өндірістік практика басталмастан 2-3 күн бұрын конференция өткізіледі.

  2. Конференцияда оқу жоспарында анықталған практика мерзімі мен бағдарлама мазмұны, міндеттерімен таныстырады.

  3. Өндірістік практиканы студенттер экономиканың түрлі салалары бойынша түрлі меншік нысанындағы ұйымдарда, кәсіпорындарда өтеді.

  4. Сырттай-қашықтықтан оқыту технологиясы мамандығы бойынша жұмыс істейтін студенттер өндірістік практикадан өтіп, кафедраға есептің жинақталған нысанын ұсынады.


III. ПРАКТИКАНЫ БАСҚАРУ МЕН БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ
Студенттің өндірістік практикасын ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік басқаруды экономика және менеджмент кафедрасы ұсынған практика базасын жақсы білетін тәжірибелі оқытушылар жүзеге асырады.

Кәсіпорында студенттің практикасын ұйымдастыру үшін жауапкершілік басты мамандар мен жетекшілерге жүктеледі.


3.1 Университеттен бекітілген практика жетекшісінің міндеті



  1. Әрбір кәсіпорында практика жетекшісімен біріге отырып, студенттің практика өтуінің күнтізбелік жоспарын ұйымдастыруға;

  2. Практика бағдарламасына сәйкес істелінген жұмыс жөніндегі күнделік-есеп жүргізу бойынша сұрақтарға студенттерге кеңес беруге;

  3. Кәсіпорын басшысы арқылы практикантқа қажетті жағдай тудыру бойынша шаралар қолдану;

  4. Студенттің жұмыс сапасын тексеру мен күнтізбелік жоспардың орындалуын бақылауға;

  5. Есепті тексеруді жүзеге асыру;

  6. Практикадан өту жөніндегі күнделік-есепті тексеруді жүзеге асыру;

  7. Кафедраға практикадан өту жөнінде жазбалық пікір ұсынуға;

Сенбі күндері студент-практикант оқытушы-жетекшімен кездесе алады:

  • Өткен аптаның тапсырмасын студентпен орындалуын тексеру;

  • Практиканы өту жөніндегі есептегі студентпен орындалған жұмысқа кеңес беру.


3.2 Кәсіпорыннан бекітілген практика жетекшісінің міндеті



  1. Әрбір студентті жұмыс орнымен қамтамасыз етуге және білікті басшылықты жүзеге асыруға;

  2. Студент-практикантқа қажетті түсініктер бере отырып, тапсырылған жұмыстың уақытылы және сапалы орындалуын талап етуге;

  3. Бекітілген бағдарламаға сәйкес студенттің күнтізбелік жоспарын басқаруға;

  4. Практикант студентке практика туралы сын-пікір беру, есебін тексеру, қол қою арқылы растау (1 қосымша).


3.3 Студент – практиканттың міндеті


  1. Өндірістік практика орнына белгіленген мерзім мен уақытта келуге;

  2. Кәсіпорында (ұйымда) өндірістік практика өту барысында ішкі тәртіп ережелері мен еңбек заңдылықтарының талаптарына бағынуға, өндірістік жиналыстарға қатысуға және кәсіпорын ұжымының қоғамдық өміріне белсенді қатысу-араласуға;

  3. Бағдарламаға сәйкес кәсіпорындағы практика жетекшісінің тапсырмасын орындауға;

  4. Бекітілген нысанда күнделік бастап, практика өту жөніндегі есептерді (мәліметтер) енгізіп отыруға;

  5. Экономикалық көрсеткіштерді жоспарлау мен талдауға, экономикалық жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша ережелік және нормативтік материалдарды меңгеруге;

  6. Практика бағдарламасын орындау жөнінде кәсіпорындағы (ұйымдағы) практика жетекшісінің қолы қойылған бекітілген нысандағы күнделік-есепті университеттің практика жетекшісіне тапсыруға.


ІV. ПРАКТИКА ҰЗАҚТЫҒЫ МЕН КӨЛЕМІ



  1. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқитын студенттердің өндірістік практикасының көлемі ҚР ГОСО сәйкес анықталады.

  2. Практиканың басталу және аяқталу мерзімі университет ректоры бұйрығымен бекітіледі.


ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1 тақырып. Кәсіпорынның қызметімен танысу
Практика кәсіпорын қызметінің негізгі бағытымен, өндірісімен, технологиясымен танысудан басталады. Кәсіпорын тағайындаған практика жетекшісі студенттермен таныстыру нұсқауларын бере отырып, шаруашылық субъектісінің бөлімдері, цехтары және өзге бөлімшелері бойынша экскурсия ұйымдастырады. Осыдан кейін практикант, кәсіпорын және оның қызметін реттейтін Жарғысы мен өзге нормативтік құжаттармен танысады.

Шаруашылық субъектісінің құрылу тәртібімен танысады (субъектінің құқықтық мәртебесін бекітетін құжаттардың көшірмелерін тіркейді). Оның меншік нысанын сипаттайды.


2 тақырып. Шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның)

экономикалық жұмысын ұйымдастыру
Кәсіпорынның құрылымын зерттеп үйрену, оны құруға қандай факторлар әсерін тигізгенін көрсету.

Шаруашылық субъектісінің, оның негізгі бөлімшесінің экономикалық жұмысын ұйымдастырумен танысу.

Практика базасының материалдары бойынша субъектінің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткішін зерттеп үйрену.

Қолданылатын статистика және есеп формаларымен, оларды жасау тәртібімен танысу, сол деректер негізінде белгілі бір кезең үшін (ай, тоқсан) статистикалық есеп құру.

Экономист еңбегінің мазмұнын, сипаты мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның еңбек заты, құралы мен оның көлемін зерттеп үйрену. Экономистің жедел, қағаз басты және шығармашылық жұмысын көрсету.

Ұйымның экономикалық қызметінің (жоспарлау– экономикалық бөлімінің, бухгалтерияның, қаржы бөлімінің, маркетинг бөлімінің және зерттелетін субъектідегі өзге бөлімдердің) міндеттері мен функцияларын қарастыру.

Шаруашылық субъектісін басқару құрылымын қарастыру (шаруашылық субъектісінің ұйымдық құрылымын құрыңдар, функционалдық бөлімшелер туралы ереженің, лауазымдық міндеттер бойынша нұсқаулардың көшірмелерін тіркеу).
3 тақырып. Шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның)

экономикалық ресурстары
Экономикалық ресурстың жалпы сипаттамасын (материалдық, қаржылық, еңбек, ақпараттық) зерттеп үйрену.

Ресурстар туралы деректер негізінде келесі көрсеткіштерді есептеп шығару:

а) негізгі қор бойынша анықтау:


  • оларды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерін: қорқайтымдылығын, қорсыйымдылығын, қоррентабельділігін, қорқарулануын;

  • қозғалыс көрсеткіштерін: негізгі қорды жаңалау коэффициентін, шығу коэффициентін, негізгі қордың өсу коэффициентін, жарамдылық коэффициентін, тозу коэффициентін;

б) айналым қоры бойынша:

  • күндер санымен және бір реттік айналым қорының айналымдылығын анықтау;

в) еңбек ресурсы бойынша еңбек өнімділігі көрсеткішін есептеу.
4 тақырып. Шаруашылық субъектісінің (кәсіпорынның)

жұмыскерлеріне жалақы төлеу
Шаруашылық субъектісі кадрларын зерттеп үйрену (практика базасының аталған материалдарында жұмысқа жалдауды, кадрларды іріктеуді, кадрлар құрылымын көрсету және кадрлар қозғалысы процесін сипаттайтын көрсеткіштер: кадрлардың ағымдылығын, кадрды жұмысқа қабылдау коэффициентін есептеп шығару.

Жұмыскердің әр түрлі сипатына (бөлімшелер мысалында) лауазымдық кесімді ақылар белгілеу тәртібін зерттеп үйрену, оларды белгілеу әдістемесін көрсету, тиісті материалдарды тіркеу.

Практика базасы материалдары бойынша шаруашылық субъектісі жұмыскерлеріне сыйлық беру және еңбек ақы төлеу туралы ережені зерттеп үйрену (белгілі бір кезең ішінде жұмыскердің әртүрлі сипаттарына жалақының есептелуін көрсету, есептеуді тіркеу) тіркеу және есептесуге түсіндірме беру.

Нақты материалдар негізінде мотивациялық процестің қолданылатын үлгісін көрсетіңдер, оған сипаттама беріңдер.



5 тақырып. Шаруашылық субъектісінің (кәсіпорынның) шығыны
Шаруашылық субъектінің шығынын зерттеп үйрену, оларды, зерттеліп отырған объектінің (практика базасы) материалдары бойынша көрсету, тұтастай және баптар бойынша шығыстар (шығындар) есебінің материалдарын тіркеу. Шығынға әсер ететін факторлардың ықпалын (көлемінің, құрылымының, бағасының, сапасының және т.б. өзгеруі) есептеп шығару.

Тауарға, өнімге немесе қызметке баға белгілеу тәртібімен танысу (тауардың, өнімнің немесе қызметтің калькуляциялау есебін тіркеңдер).


6 тақырып. Шаруашылық субъектісі (кәсіпорын) қызметін жоспарлау
Шаруашылық субъектісі жоспарының әр түрін жасау әдістемесін зерттеп үйрену. Бұл үшін шаруашылық субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тәртібімен және әдістемесімен танысу. Кәсіпорынның бизнес – жоспарын зерттеп үйрену және бизнес – жоспар бөлімдері бойынша тиісті талдау жасай отырып, аталған құжаттың көшірмесін тіркеу, шаруашылық субъектісін жоспарлауды жетілдіру бойынша өз ұсынысын беру.

Соңғы 2-3 жылдағы шаруашылық субъектісінің жалпы қорытындысына талдау жасау. Өзіндік есептерін беру, қорытынды жазу.

Шаруашылық субъектісінің қаржылық жоспарын жасау әдістемесімен танысу, қаржылық қызмет нәтижелеріне баға беру. Субъектінің рентабельдік көрсеткіштерінің нәтижесін тіркеу.
7 тақырып. Кәсіпорын менеджменті
Шаруашылық субъектісін басқарудың ерекшеліктерін көрсету. Субъект деңгейінде менеджмент теориясы мен практикасы бойынша өзіндік қорытындылар жасау.

Диплом алдындағы практика бағдарламасының мазмұны.

Студент ұйымды басқаруды жүзеге асыруын үйренуі тиіс. Кәсіпорындағы басқару позициясы тұрғысынан менеджментке сипаттама беру.

Басқару шешімін қабылдаудағы, ұйым бағыттарын айқындаудағы менеджер рөлін көрсету, кәсіпорын саясатын қалыптастырудағы ақпаратқа билік етудегі менеджердің рөлі.


ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІ


  1. Диплом алдындағы практика нәтижесін студент жазбаша күнделік-есеп формасында жинақтайды.

  2. Күнделік-есеп ұйымда жазылуы тиіс және мазмұны бойынша практика талаптарына сәйкес келуі тиіс.

  3. Күнделік-есеп: негізгі және қосымша екі бөліктен тұрады. Есептің негізгі бөлімінің көлемі 30-35 парақ қолжазба мәтіннен тұрады. Есептің қосымша бөлімі нақты ұйымның деректері, бастапқы құжаттары, регистрлер есептері, түгендеу актілері (студентті қатыстыра отырып жүргізілген), есептің негізгі бөлімінің мазмұнын безендіретін өзге материалдар негізінде толтырылған қосымшаны білдіреді.

  4. Күнделік-есептің беттері мен оған тіркелген қосымшалар нөмерленуі тиіс. Күнделік-есептің, келтірілген үлгі бойынша безендірілетін бірінші беті бар

  5. Күнделік-есепке есептің мазмұны және студенттің практикадан өту сапасы бойынша ұйымнан бекітілген практика жетекшісінің берген мінездемесі тігіледі. Мінездеменің үлгісі 1 қосымшада көрсетілген.


ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ


  1. Практика нәтижелерін бағалау және қорытындылау үшін студент экономика және менеджмент кафедрасына қосымша мен күнделік-есеп тапсырады.

  2. Экономика және менеджмент кафедрасы күнделік-есепті оқытушыға рецензияға береді. Оқытушы жақсы пікір берген жағдайда практика туралы күнделік-есеп қорғауға шығарылады.

  3. Практика туралы есепті қабылдау үшін кафедра меңгерушісі: практика өтетін сабақтан курс жүргізетін оқытушыны, университеттен тағайындалған жетекшіні, мүмкіндігі болса кәсіпорыннан тағайындалған жетекшіні құрамына енгізе отырып, комиссия құрады.

  4. Өткен практика нәтижелері студент білімін бағалау жүйесіне сай бағаланады.

  5. Әрбір студент практика туралы есепті комиссия мәжілісінде қорғайды. Практика туралы материалдар мен қорғау нәтижелері негізінде, комиссия студенттің қатысуымен кәсіптік практикаға төрт баллдық жүйеде баға береді.

  6. Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау негізінде қанағаттанарлықсыз бағаға ие болған студент, қайтадан практикаға жіберіледі немесе университеттен шығарылады.

  7. Есепті қорғау қорытындысы бойынша баға ведомосқа және студенттің транскриптіне жазылады.



________________________________________ практика өту туралы
ЕСЕБІ
студента ______________________________________________________

(аты-жөні, тегі)


Практиканы өту орны ______________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

(ұйымның , кәсіпорынның атауы)


Практика басталуы ________________________________
Практика аяқталуы _____________________________
Есеп практика жетекшісімен қарастырылды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

(аты-жөні, тегі, атағы, лауазымы)

Есеп қорғалды ________________________

(баға)


Комиссия _____________________________

(қолы)


_____________________________

(қолы)


_____________________________
(қолы)

«_____»_________________201__ж.


ПРАКТИКА БАЗАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕРІ

Практиканың мерзімі «_____» _______________________ 20___ жылдан

«_____» ________________________ 20___ жылға дейін

Кәсіпорыннан (кәсіпорын атынан) практиа жетекшісі (аты-жөні, тегі, лауазымы, білімі, еңбек өтілі) ________________________________________________________________________________________________________________________________________


Университеттен (университет атынан) практика жетекшісі (аты-жөні, тегі, лауазымы, қолы) ____________________________________________________________________



КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР





Тақырыптың атауы, жұмыстың мазмұны

Практика орны

(бөлімі, бөлімшесі, қызметі)

Жоспар бойынша орындау мерзімдері

Ескерту

1

2

3

4

5
















































































































Кәсіпорыннан (кәсіпорын атынан) практика жетекшісі ________________________________________________________________________________________________________________________________________

(аты, жөні, тегі)
_________________________________________

(қолы)
М.О. «____» _________________________ 201__ж.
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

__________________________________________ кафедрасы

________________________________________ практика өту туралы

КҮНДЕЛІГІ

_________ курсы ___________ тобы


_______________________________ оқу түрі
__________________________________ мамандығының студенті/магистранты

(студенттің/магистранттың аты-жөні, тегі)


Практиканың өту орны ________________________________________________

(үйымның, кәсіпорынның атауы)
Практика басталуы ________________________________
Практика аяқталуы _______________________________

ҚАРАҒАНДЫ – 201_ж.
Күнделіктің мазмұны


Күні, айы, жылы

Жұмыстың мазмұны

Ескерту


1

2

3
































































Кәсіпорыннан (кәсіпорын атынан) практика жетекшісі __________________________________________________________________________________________________________________________________________



(аты, жөні, тегі)
_________________________________________

(қолы)
М.О. «____» _________________________ 201__ж.
МІНЕЗДЕМЕ
Студентке

_______________курстың,__________тобының, мамандығы


(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кәсіпорын атынан практика жетекшісі ___________________________

(аты-жөні, тегі)


__________________________________

М.О. (қолы)

«____» _________________________ 201_г.

Құрметті әріптес!


Біздің студенттер мен түлектер үшін Сіз басқаратын ұйымның үлестік салымын біз жоғары бағалаймыз. Осыған байланысты ЖОО жетекшілігіне, біздің студенттердің дайындығының сапасы жөнінде Сіздің сараптамалық ойыңызды білу маңызды. Төмендегі сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз (Сіз таңдаған жауапқа белгі қойыңыз). Сіздің жауаптарыңыз бен ұсыныстарыңыз біздің келешектегі жұмыста ескеріледі.
1. Ұйымның атауы ________________________________________

Аты-жөні___________________________________________________________

Лауазымы____________________________________________________

Тел.______________________

E-mail____________________


  1. Сіздің ұйымда Қызметкерлер саны қандай?___________

  2. Қазіргі жағдайда білікті персоналмен қамтылу деңгейі қандай?

  1. өте жақсы

  2. жақсы

  3. қанағаттанарлық

  4. жаман

  1. Сіздің ұйымыңыз кәсіби жұмыскерді жұмысқа қабылдауда төмендегі әдістердің қайсысын қолданады?

  1. Тікелей қабылдау

  2. Газеттегі жарнама

  3. ұйымның жеке веб-сайты

  4. жұмысқа орналастыру агенттілік арқылы

  5. әріптестерім арқылы

  6. басқа_______________________

  1. Сіздің ұйымыңызда болашақтағы 5 жыл ішінде қандай даму серпіні болжанады?

  1. Жұмыс/қызмет көлемінің айтарлықтай өсуі

  2. Жұмыс/қызметтің сәл ғана өсуі

  3. өзгеріссіз

  4. жұмыс/қызмет көлемінің төмендеуі

  1. Біздің ЖОО-да түлектерді жұмысқа орналастыру бағдарламасына Сіздің қатысу дәрежеңізді қалай бағалайсыз?

1) өте жақсы

2) жақсы

3) қанағаттанарлық

4) Сіздің қатысуыңызға байланысты

6. Біздің ЖОО-ның түлектері Сіздің ұйымыңызда қандай бағыттар бойынша жұмыстар атқарады?



1) экономикалық

2) құқықтық

3) білім беру

4) техникалық

5) агрономдық

6) басқа__________________________________________________

7. Біздің ЖОО-ның кадрларды дайындау сапасын бағалаңыз:



1) өте жақсы

2) жақсы

3) орташа

4) төмен

8) Біздің ЖОО-ның кадрларды дайындау сапасын басқа ЖОО-ның түлектерімен салыстырғанда қандай екенін бағалаңыз:



1) ҚЭУ түлектері кәсіби жақсы дайындалған

2) бірдей мамандар

3) ҚЭУ түлектері басқалардан нашар дайындалған

9) Төмендегі кәсіби маңызды машықтар мен компетенцияларды бағалаңыз (шкала бойынша: 5-өте жақсы, 4-жақсы, 3-қанағаттанарлық, 2-жаман, 1-өте жаман):





Машықтар

Баға

Компьютерлік машықтар




Қазіргі технологиялар (қызмет бағыты бойынша)




Проблеманы алдын-ала көрушілік




Коммуникабельділік




Кәсіби және этикалық жауапкершілік




Кәсіби жетілдірілу әрекеті




Салалық ерекшелікті білу




Шет тілдерін білу



10. Егер Біздің ЖОО-да кадрларды дайындау сапасына қатысты ескертулер мен толықтырулар, ұсыныстар болса, жазып жіберуіңізді өтінеміз: _____________________________________________


Қолы__________________ «___» _____________201__жыл

Сауалнамада қатысқаныңызға рахмет!

СҰРАУ ЖҮРГІЗУ ПАРАҒЫ
Студенттің аты-жөні _________________________________________________

___________________________________________________________________

Мамандығы ________________________________________________________



№ п/п




Бағасы



Негізгі мамандығы бойынша теориялық дайындық деңгейі, оның маманның біліктілік мінездемесіне сәйкестігі






Практикалық дайындық деңгейі, алған білімін жұмыс орнында тәжірибеде қолдана білуі






Ұйымдастырушылық даярлық деңгейі, ұжымдағы адамдармен қарым-қатынас және өзара байланыс дағдылары






Компьютерді меңгеруі (ақпараттар жинау, өңдеу, сақтауы)






Жалпы мәдени, гуманитарлық даярлық, ой өрісінің кеңдігі, эрудициясы






Әріптік жүйе бойынша баға

Әріптік бағалаудың сандық эквиваленті

Игерілген білімнің пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

А


4,0

3,67


95-100

90-94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

жақсы

С+

С

С-



Д+

Д


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

қанағаттанарлық

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Компетенцияны жетілдіру бойынша Сіздің ұсыныстарыңыз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Практика базасының жетекшісі

____________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)


_____________________________

(қолы)




жүктеу 229,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау