«Экономика жəне басқару факультеті»



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет28/41
Дата24.12.2017
өлшемі1,38 Mb.
#5624
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41

        Ұйымның  қорлану  көздері  меншікті  капитал  жəне  тартылған  капитал  деп  екіге  бөледі.  Мұндағы 

тартылған капитал дегеніміз- кəсіпорынның міндеттемелері, яғни, кредитордың бережақ борыштары болып 

табылады.  Ұйымның  барлық  активтері  инвесторлар  мен  кредиторлардың  меншігі  екендігін  аңғаруға 

болады.Сондықтан бұл бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің əрдайым тең болатындығы сөзсіз: 

Актив=Меншікті капитал + Міндеттеме 

        Бұл  теңдеу  келесідей  түсіндіріледі:  кəсіпорынның  активіне  салынған  əрбір  теңге  кредиторлармен 

немесе меншік иелерімен жасалады жəне салынған əрбір теңге активтің кейбір түрлеріне салынады. 

Бұл теңдікті кейбір шетелдерде келесі түрде көрсетеді: 

Актив -Міндеттеме = Меншікті капитал 

        Əдетте,  кəсіпорынның  бухгалтерлік  балансы  есеп  беру  уақытына  қарай  негізделіп,  айдың,  тоқсанның, 

жылдың  басына  жасалады.  ҚР-ң  Қаржы  Министрлігінің  3.03.1994  жылғы  №10-4  /1143  хатына  сəйкес 

кəсіпорындар  мен  ұйымдар  меншік  нысандары  мен  қызметінің  түрлеріне  қарамастан  тоқсан  сайын  есепті 

кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасауға міндетті. 

        Сонымен,  бухгалтерлік  баланс-  бухгалтерлік  есептің  орталық  формасы  болып  табылады.  Баланста 

объектілер  екі  рет  көрсетіледі  жəне  екі  көзқарас  тұрғысынан  қарастырылады.  ҚР  –  ң  заңнамасына  сəйкес 

заңды тұлға болып  табылатын ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруінің құрылуының методикалық негіздері, 

мазмұны,  құрамы  БЕС  –  мен  реттеледі:  ҚР  Қаржы  Министрлігінің  бухгалтерлік  есеп  жəне  аудит 

методология  Департаментінің  21  мамыр  1997  жылғы  №  7  Бұйрығымен  бекітілген  2  «Бухгалтерлік  баланс 

жəне қаржылық есеп берудегі өзгертулер» жəне « Есеп беруді құрастыру бойынша методикалық бағыттар». 

        ҚР  –  да  қызмет  ететін  бухгалтерлік  есеп  жəне  есеп  берулер  ХҚЕС  –  ң  негізіне  алынған  принциптер 

бойынша құрыла  бастады.Егер бухгалтерлік есепті қазіргі таңда « халықаралық бизнес тілі» деп атаса, онда 

принциптер де, есеп беруді құрастыру формаларының ережелері де қазіргі талаптарға сай болуы тиіс. Бірақ 

та  айта  кететін  жайт,  еліміздегі  көптеген  ұйымдардың  бухгалтерлік  есеп  методологиясы  əлемдік  тəжірибе 

талаптарына бөлшектеп ғана  сəйкес келеді. 

        Кəсіпорынның  есеп  берулері  қаржылық  есепті  процедуралардың  логикалық  жалғасы  болып  табылады 

жəне есептік кезеңге кəсіпорынның қаржылық жəне мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін 

құрайды. Барлық нақты ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті, анық болуы тиіс. Баланста заңды тұлғаның 

аты, орналасқан жері, есептік мерзім мен есептік кезең көрсетіледі. Сондай – ақ, кəсіпорын қызмет түрінің 

қысқаша сипаттамасы, оның  заңды формасы, жəне барлық есеп беруде көрсетілген өлшем бірлігі болады. 

        Баланс  Қазақстан  Республикасының  валютасында  құрылады;  өлшем  бірлігі  -  мың  теңге.  Бухгалтерлік 

баланс Бас кітапта көрсетілген шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады. 

        Бухгалтерлік  баланс  спецификалық  методологиясымен  айырықша  көзделген  мақсаттар  мен  берілген 

мəліметтерді  пайдалану  сипатымен  ерекшеленеді.  Бухгалтерлік  баланста  ешбір  қателер  мен  түзетулер 

жіберілмеуі  тиіс.  Бухгалтерлік  есеп  берулер  (  баланс  )  міндетті  аудиттік  тексерістен  өтіп,  тəуелсіз 

аудиторлармен  оның  дұрыстығы  дəлелденуі  керек.  Бухгалтерлік  баланс  –  кəсіпорындағы,  ұйымдағы  есеп 

процесінің  қорытынды  кезеңі  болып  табылады.  Онда  кəсіпорынның  жыл  аяғындағы  қаржылық  жəне 

мүліктік  жағдайы,  есептік  кезеңге  шаруашылық  қызметінің  нəтижелері  бейнеленеді,  баланстағы 

ақпараттарды  түсіну  үшін  бухгалтерлік  баланстың  құрылымын  ғана  емес,  сондай  –  ақ  ондағы  негізгі 

логикалық жəне бөлек көрсеткіштер арасындағы спецификалық байланыстарды білу қажет. 

        Балансты оқымас бұрын, оның оқуға дайын екендігіне көз жеткізу қажет. Ол үшін алдын- ала тексеріс 

жүргізеді:  қол  қойылуы, салық органының белгілеуі бойынша мерзімінің сақталуы, өлшем бірлігінің талап 

етілген  мөлшерінің  сақталуы,  арифметикалық  есептеулердің  дұрыстығы,  (баланс  валютасы,  аралық 

жиындар,тікелей  жəне  жанама  бағалау  қатынастары)  сонымен  қатар,  есеп  беру  формасын  толтырудың 

тəртібі туралы бағыттардың сақталуы. Бұл дипломдық жұмыста бухгалтерлік балансты құрастыру  тəртібіне 

келесідей сипаттама беріп өтіледі: 

1 бөлім. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі. 

Материалдық  емес  активтер-  бұл  бап  бойынша  ұзақ  мерзімді  кезең  бойы  шаруашылық  қызметте 

қолданылатын 

жəне 

табысты 


келтіретін 

материалдық 

емес 

объектілерде 



кəсіпорын 

салатын 


салымдар,құрылтайшылардан  алынған  жарғылық  капиталға  салынған  салымдар  шотындағы,қайтарымсыз 

алынған    материалдық  емес  активтердің  бастапқы  құны  көрсетіледі.  Бұл  орайда  түсіндірме  жазуларда 

амортизация  есептеудің  əдісі,  есептеу  мерзімі,  сондай-ақ  есепті  кезеңдегі  гудвилл  патенттердің,  тауар 

таңбаларының  жəне  басқалардың  есептен  шығарылуы  көрсетіледі.  Негізгі  құралдар-  бұл  материалдық 

салада,  сондай-  ақ,  өндірістен  тыс  салада  мерзімі  1  жылдан  аспайтын  материалдық  активтер.  Мұнда 

мынадай баптар ашылуы тиіс: 

а) жер; 

ə) үйлер мен ғимараттар; 

б) машиналар мен жабдықтар; 

в) жіктемесіне сəйкес негізгі құралдардың басқа түрлері; 

г) жинақталған тозу; 

д) аяқталмаған күрделі құрылыс; 

Бұған  қоса  түсіндірме  жазуларда  ұзақ  мерзімге  жалға  алынған  негізгі  құралдар  мен  төлемі  кейінгі 

қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі. 




жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау