Еске салу жарнамасының мақсаты имиджді растау, сұранысты қолдау
хабардар ету.
Тақырып 5. Жарнаманың даму кезеңдері мен түрлері
1.
Жарнамалық əрекеттердің əлеуметтік салалары
2.
Жарнаманың пайда болуы мен даму тарихы
3.
Жарнаманың Батыс Еуропа мен АҚШ-та дамуы
4.
Жарнаманың атқаратын қызметтері, түрлері
Жарнамалық іс-əрекет түрлері:
Жарнамалық
əрекеттердің əлеуметтік
салалары
Жарнама пəні
Экономика
Өндіріс, сауда, қаржы, жұмыс күшін ұсыну,
жұмыс іздеу
Тұрмыстық қызметтер
Жөндеу, тігу, дайындау демалу
Интеллектуалдық
қызметтер
Білім беру, медицина, кітаптар, пресса, туризм,
бал ашу
Дін
Діни плакаттар, ритуалды акцияларға шақыру
Саясат
Сайлау
кандидаттарына
үгіттеу,
митинг,
демонстрация лозунгтары
Юриспруденция
Жоғалу туралы мəлімет, бұзақыларды іздеу, сот
процестеріне шақыру
Жанұялық жəне тұлға
аралық қатынастар
Неке хабарландырулар, танысуға, бірге саяхатқа
шығуға шақыру
Қайырымдылық
Қайырымдылық акциялары туралы хабарлау,
жанашырлыққа шақыру
Жарнаманың қарапайым нысандары біздің эрамызға дейін пайда болды.
Біздің уақытымызға жеткен бірінші жарнамалық хабарландыру болып құл
сату туралы жазылған египеттік папирус табылады. Онда келесідей сөздер
жазылған: «ол екі құлағымен жақсы естиді, екі көзімен көреді. Оның тамақты
шектеулі ішетініне, шыншылдығына, адалдығына кепілдеме бере аламын».
Папирус Британ музейінде сақталған. Біздің заманымызға жеткен жазбаша
тарих ескерткіштері Ежелгі Римде гладиаторлық шайқастар, құл саудасы, үй
жануарлары туралы хабарландырулар жарларда жазылғанын куəландырады.
Əлемнің ежелгі мемлекеттерінде ақпарат пен жарнама таратудың
маңызды құралы болып глашатайлар табылады.
Ең алғашқы баспада басылған жарнама 1472 жылы шықты.
Еуропада баспалық жарнаманың негізін салушы болып дəрігер Теофраста
Реностно табылады. Ол 1630 жылы Парижде «Француздық газетте»
жарнамалық хабарландырулар басып шығаратын анықтама кеңсесін ашты.
Бұл газетте жарияланған алғашқы жарнамалық хабарландыру болып 12
ұрланған жылқының қай жерде екенін көрсеткен адамға сыйақы беру туралы
хабарландыру табылады. Кейінірек газет көтерме, бөлшек сауда
мазмұнындағы хабарландырулармен толыға бастады.
Ең алғашқы жарнамалық агенттік 1890 жылы құрылған «Айер и сын» деп
аталған филадельфиялық жарнамалық агенттік.
Жарнамалық агенттіктердің қызметін күшті жеке жарнама бөлімдері бар
фирмалар да пайдаланады. Агенттіктерде жарнамалық қызметтерді
фирманың штаттағы қызметкерлеріне қарағанда неғұрлым жақсы жəне
тиімдірек орындайтын шығармашылық жəне техникалық мамандар жұмыс
істейді.
Неғұрлым көп қолданылатын жарнама құралы болып газеттер табылады,
барлық жарнама шығындарының 26%-ын құрайды. Екінші орында теледидар
– 22%, пошта бойынша жарнама шығындары 20%-ды құрайды,
радиожарнама-6,6% .
Жарнаманың атқаратын қызметтері:
1.
коммуникациялық
2.
экономикалық
3.
ақпараттық
4.
бақылау
5.
реттеу
6.
сұранысты басқару
Жарнамаларды жіктеу кезінде бірнеше критерийлер қолданылады:
1.
Жарнаманы коммуникация инициаторы, оның демеушісі (спонсоры)
бойынша жіктеу:
-
өндірушілер жəне сауда делдалдары атынан берілетін жарнама
-
жеке тұлға атынан берілетін жарнама (сату, сатып алу туралы, т.б.)
-
Үкімет атынан берілетін жарнама (салық төлеу, жол қозғалысы,
мемлекеттік бағдарламалар туралы)
-
əлеуметтік жарнама (қоршаған ортаны қорғау, кедейшілікпен күресу,
тұтынушылардың құқықтарын қорғау)
-
саяси жарнама
2.
Мақсатты аудиторияның типіне байланысты:
-
бизнес сферасына бағытталған (өндірушіден тұтынушыларға арналған)
-
жеке тұтыну үшін жарнама
3.
Нақты сегментке бағытталу бойынша:
-
селективті (таңдаулы), нарықтың нақты бір сегментіне бағытталған
-
жалпы жарнама
4.
Жарнаманың қамтитын территориясының көлеміне байланысты:
-
локальная (нақты бір сату орнына)
-
аймақтық жарнама (мемлекеттің белгілі бір бөліктеріне арналған)
-
жалпыұлттық жарнама
-
халықаралық жарнама (бірнеше мемлекет)
-
глобалды (əлемдік)
5.
Тарату құралдары бойынша
-
газет, журнал
-
печатная (полиграфиялық)
-
теле-, радиожарнама
-
сыртқы жарнама, т.б.
6.
Ықпал ету əдісі бойынша
-
зрительная (сөре, ашық (яркий) түстер), баспалық жарнама
-
слуховая (радио жарнама жəне телефон арқылы)
-
зрительно-обонятельная (ароматталған листовка)
-
зрительно-слуховая (теле-, кино-, видеожарнама)
Тікелей маркетингтің негізгі нысандары:
-
жеке (персоналды) сату
-
директ мейл маркетинг
-
каталог маркетинг
-
телефон маркетинг
-
Internet маркетинг
Тақырып 6. Жарнамалық қызмет субъектілері
1.
Жарнамалық процесс субъектілері
2.
Жарнамалық агенттіктер жəне олардың атқаратын қызметтері
3.
Жарнамалық агенттіктердің түрлері
Жарнама процесін жүзеге асыруға келесі субъектілер қатысады:
1.
Жарнама беруші – жарнаманы өндіру, орналастыру жəне тарату үшін
жарнамалық ақпарат көзі болып табылатын заңды жəне жеке тұлға. Жарнама
берушілер жасалынған тапсырысқа сəйкес жарнаманы төлейтін кез келген
сауда немесе өндірістік фирма, банк, инвестициялық компания, жеке кəсіпкер
болуы мүмкін.
Жарнама берушінің негізгі функциялары:
- жарнама объектісін анықтау;
- таңдалынған объектіні жарнамалау ерекшеліктерін анықтау;
- жарнамаға жұмсалатын шығынды жоспарлау;
- берілген материалдарды жарнама агенттігіне беруге дайындау жəне беру;
- екінші жақпен – жарнама агенттігімен келісім-шарт дайындау;
- жарнамалық материалдарды жасау кезінде жарнаманы орындаушыға
көмектесу;
- сценарийлерді, мəтінді, эскиздерді бекіту;
- орындалған жұмысқа ақы төлеу.
2. Жарнама өндіруші – жарнамалық ақпаратты дайын тарату формасына
айналдыруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
3. Жарнама таратушы – мүліктерді қолдана отрып, соның ішінде радио,
телеқұралдарды жəне т.б. жарнамалық ақпаратты орналастыруды жəне
таратуды жүзеге асыратын заңды жəне жеке тұлға.
4. Жарнаманы тұтынушы
Достарыңызбен бөлісу: |