Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті
Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде
5В090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша өткізілетін
республикалық студенттік пәндік олимпиадасының
ЕРЕЖЕСІ
Қызылорда, 2018 ж.
5В090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша
Х республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ЕРЕЖЕСІ
І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша республикалық
студенттік пәндік олимпиада (әрі қарай - Олимпиада) - бұл болашақ
мамандардың жарысы, яғни жоғарғы мектепте оқып жатқан пәндері бойынша
алған білімдері мен дағдыларын шығармашылық іскерлікте қолданулары,
сонымен қатар болашақ мамандарды кәсіби дайындау.
Осы Ереже Олимпиаданың мәртебесін, мақсаттары мен мәндеттерін, сол
сияқты өткізілу тәртібін анықтайды.
1.2 Студенттердің республикалық пәндік олимпиадасы мамандарды
даярлау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін
дамыту, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын
дамытуға және студенттермен оқу және оқудан тыс жұмысты жетілдіруге
бағытталған.
Олимпиаданың міндеттері: студенттердің оқу-танымдық және ғылыми-
зерттеу қызметтерін, зияткерлік және кәсіптік дамуын ынталандыру, кәсіби-
тұлғалық әлеуетін ашуға ықпал ету, әлеуметтік жұмысқа қызығушылықты
арттыру.
1.3 Осы Ереже ҚР «Білім туралы» Заңына, ҚР БжҒМ ЖОО студенттері
арасында Республикалық пәндік олимпиадаларды жоғары оқу орындарында
ұйымдастыру мен өткізу бойынша Нұсқауларына сәйкес әзірленді.
1.4 Олимпиаданың бірінші кезеңі (университетішілік) республиканың
жоғары оқу орындарында өткізіледі. Екінші кезеңі Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді.
1.5 Олимпиаданың II кезеңі бірнеше кезеңдерден тұрады, сонымен бірге
типтік оқу жоспарының пәндері бойынша тестілеуден тұрады. Пәндер тізімі
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының ОӘК-мен келісіледі.
1.6 Теориялық және практикалық тапсырмалардың мазмұны мен
күрделілігі «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының типтік оқу жоспарының
пәндеріне сәйкес болады.
1.7 Олимпиаданың II кезеңіне қатысушылары «Әлеуметтік жұмыс»
мамандығы бойынша білім алатын, олардың ведомстволық қатыстылығына
қарамастан, республиканың ЖОО студенттері болып табылады.
Олимпиадаға қатысу үшін университетішілік айналымда жүлдегер
болған студенттер (3 адам) жіберіледі. Олимпиадаға келген қатысушылар
мен оларды алып жүруші оқытушылар тіркеуден өтуі тиіс.
1.8 Олимпиадаға қатысу үшін белгіленген нысандағы өтінімді басталуы
бір айға дейінгі мерзімде беру қажет.
1.9 Олимиаданы дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық
мәселелері Қорқыт Ата атындағы ҚМУ басшылығының құзырында болып
табылады.
2. ОЛИМПИАДАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2.1. Олимпиаданың II кезеңі 2018 жылдың 19-20 сәуірінде Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ базасында өткізіледі.
2.2. Олимпиаданы өткізу үшін сарапшылар тобы, қазылар алқасы,
мандаттық
және
аппеляциялық
комиссияларды
қалыптастыратын
Ұйымдастыру комитеті тағайындалады.
2.3. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:
- 5В090500 - «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Олимпиаданың
II кезеңін өткізу жайлы Ережені әзірлейді;
- олимпиаданы өткізудің нақты мерзімін белгілеп, оның бағдарламасын
әзірлейді. Қатысушыларға ақпаратты олимпиаданың басталуынан бір ай
бұрынғы мерзімнен кешіктірмей жеткізеді;
- Олимпиадалық тапсырмаларды бекітеді;
-аталған
шараның
қатысушыларын
күтіп
алу,
орналастыру,
тамақтандыру мен жолға шығуын ұйымдастырады;
- Олимпиаданың өткізілуін ұйымдастырады, байқаулық тапсырмаларды
өткізу
мен
қатысушыларды
марапаттау
тәртібі
жөніндегі
ұйымдастырушылық мәселелерді шешеді;
- жеңімпаздарды марапаттауды ұйымдастырады және өткізеді.
2.4. Сарапшылар тобы байқаулық тапсырмалар мазмұнын әзірлейді. Ол
Олимпиада өткізіліп отырған білім мекемесінің тәжірибелі оқытушылар
құрамынан жасақталады.
2.5. Қазылар алқасы қатысушылардың өнер көрсетуі мен олардың
берілген тапрсырмаларды орындау нәтижелерін таңдалған немесе әзірлеген
бағалау әдістемесі мен белгілеріне сәйкес жеңімпаздарды анықтайды.
Қазылар алқасының құрамына ЖОО жоғары білікті оқытушылары,
әлеуметтік қызмет ұйымдары мен мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың
жетекші мамандары, Олимпиадаға шақыртылған әлеуметтік қызметкерлер
даярланатын басқа ЖОО оқытушылары енеді.
2.6. Мандаттық комиссия Олимпиада қатысушыларының өкілеттіктерін
тексереді, жұмыстардың шифрын анықтауды жүргізеді, Олимпиаданың
шарттары мен өткізілу тәртібінің Олимпиаданың осы Ережеге сәйкестігін
тексереді. Мандаттық комиссия құрамына ЖОО оқытушылары енеді.
Мандаттық комиссия мүшелері әділ қазылар құрамына енбейді.
2.7. Апелляциялық комиссия Олимпиада қатысушыларының талап-
тілектерін қарастырады. Аппеляцияны қарау кезінде комиссияның
аппеляцияға ұсынылған сұрақ бойынша бағаны жоғарылатумен қатар (немесе
сол күйінде қалдыру), алғашқы тексеруде байқалмаған қателіктер анықталған
жағдайда, төмендету құқығы бар. Аппеляциялық комиссияның шешімі соңғы
болып табылады және де әділқазылар аталған шешімді командалық және
жеке сынақтық байқауда орындарды ақтық бөлу кезінде баллдың жалпы
сомасын анықтауда ескереді. Аппеляциялық комиссия мүшелері әділқазылар
және мандаттық комиссия құрамына енбейді.
2.8. Әділқазылар мен аппеляциялық комиссияның барлық шешімдері
хаттамаланады және ұйымдастыру комитетінің төрағасымен қол қойылады.
2.9. Аппеляциялық және мандаттық комиссиялардың жұмыс тәртібі
аталған комиссиялардың мүшелерімен бірінші мәжілісте анықталады.
3. ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
3.1. Олимпиада бірнеше кезеңдерден тұрады.
3.2. I кезең – «Мамандық әнұраны» байқауы. Үй тапсырмасы ретінде
орындалады. Командалар мамандықтың ерекшеліктері, оның әлеуметтік
маңыздылығы, әлеуметтік саладағы тәжірибелік қызметке бағытталуын
ашатын, алдын-ала дайындалған тапсырманы ұсынады. Тапсырманы
орындау өзіне әлеуметтік жұмыстың мамандық ретіндегі мазмұнын
бейнелейтін бейнероликті (1-2 мин) қосады. Ұзақтығы – 15 минутқа дейін.
Бағалау белгілері. Өнер көрсетудің мазмұндылығы, айқындылығы мен
мәнерлілігі; жаңашылдығы; бейнероликтің мазмұндылығы мен ақпараттық
толықтылығы, оның қысқалығы, уақыт тәртібінің сақталуы. Байқау бағасы -
20 балл.
II кезең – әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік
жобалар байқауы.
Жобаны әзірлеу үй тапсырмасы ретінде орындалады.
Команда қатысушылары өздерінің зерттеу жұмыстараның нәтижелерін
ұсынады. Кезең жобаның өзектілігі, тақырыптың ашылу толықтылығы,
нақтылығы, ресурстық және кадрлық мүмкіндіктері, шығармашылық
тәсілдемені бейнелейтін әлеуметтік жобаларды қорғау түрінде өткізіледі.
Жобаны қорғау уақыты - 15 минутқа дейін.
Талаптары: көлемі 12 бетке дейін (Формат А4) компьютермен терілген
мәтін (қаріп - Times New Roman 14; арақашықтық - 1,5; жиегі - 2,0) және
электрондық түрде ұйымдастыру комитетіне қорғау алдында ұсынылады.
Бағалау белгілері. Тақырыптың өзектілігі; идеяның жаңашылдығы;
ғылымилығы;
жобаның
тәжірибелік
маңыздылығы;
инновациялық
тәсілдеменің берілуі; көрнекілігі; уақыт талабының сақталуы. Тапсырманы
орындау 0-ден 30 баллға дейін бағаланады.
III кезең - тестілеу.
Әрбір қатысушы мамандықтың «Жалпы және әлеуметтік психология»,
«Әлеуметтік жұмыс теориясы» пәндері бойынша сұрақтардан тұратын
тестілеуден өтеді.
Бағалау белгілері. Қатысушының әрбір дұрыс жауабы бір балмен
бағаланады. Командалық нәтиже орташа балмен анықталады.
4. ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ
4.1. Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша республикалық пәндік
олимпиаданың II кезеңін қорытындылауды әділқазылар жүргізеді. Ол
қазылар жұмысына тізімдік құрамының 2/3 бөлігінен кем емес құрамы
қатысқан жағдайда шешім қабылдауға құқылы. Шешім ашық дауыс беру
арқылы қабылданады. Шешім қатысып отырған әділ қазылар мүшелерінің
3/4 дауысын алған жағдайда қабылданған болып есептеледі.
4.2. Олимпиада жеңімпаздары командалық және жеке сынақта
анықталады.
4.3. Командалық сынақта 1,2,3 орындар беріледі. Теңдей баллдар орын
алған жағдайда, 2 - екінші орын және 3 - үшінші орын берілуі мүмкін.
Жүлделі орындар (1,2,3 орындар) алған ЖОО командалары Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ-нің тиісті дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен
марапатталады.
4.4. Жеке сынақтағы Олимпиада жеңімпаздары ретінде тестілік
тапсырмаларды орындау нәтижесінде максималды балл санын иеленген
студенттер есептеледі.
4.5. Жеке сынақ бойынша 1,2,3 орындар алған жеңімпаз-студенттер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің I, II, III
дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеке сынақтағы жүлделер саны: 1
- бірінші орын, 2 - екінші орын, 3 - үшінші орын берілуі мүмкін.
5. ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛУЫ
Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін ұйымдастыру мен
өткізу шығындары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қаржысы есебінен жүзеге
асырылады. Олимпиаданы өткізу шығындарының сметасы ұйымдастыру
комитетімен әзірленіп, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорымен бекітіледі.
Олимпиадаға қатысушы-студенттер мен оларды алып жүруші
оқытушылардың іс-сапарлық шығындарын төлеу іс-сапарға жіберуші ЖОО
есебінен жүргізіледі.
6. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУ
УАҚЫТЫ МЕН ОРНЫ
6.1. Республикалық пән олимпиадасын өткізу мен жеңімпаздарын
анықтау мен марапаттау 2018 жылдың 20 сәуірінде өткізіледі. Пән
олимпиадасының нәтижесі ҚМУ сайтында (www.korkyt.kz) және басқа да
БАҚ-та жарияланады.
6.2. Республикалық пән олимпиадасы 120014, Қызылорда қаласы,
Жахаев көшесі, 75 үй, ҚМУ Студенттер сарайы базасында өтеді.
Тел. 8(7242) 27-44-09 (133), 27-28-61 (133), 27-67-88, 8 702 210 94 68
Дузельбаева Гульшат Берикбаевна, e-mail: Sr_olimpiada_kgu@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |