Пәнді оқытудағы мақсат
Пәнді оқытудағы негізгі мақсат болашақ мамандарды Қазақстан Респуб-ликасының ұлттық және жергілікті экологиялық мәселелерді біліп, метроло-гия туралы түсініктермен, атмосфера, су және жер ресурстарының ластану жағдайларын бағалаудың әдістерімен,өлшеу құралдарымен танысып, қорша-ған ортаның қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін мемле-кеттік жүйені меңгерулеріне жағдай туғызу.
Пәнді оқытудағы міндеттер:
- Қоршаған ортаны ластаушы заттарды бақылаудың негізігі әдістері мен құралдарын меңгеру;
- Әрбір әдіс пен құрал үшін қолданылу аясын анықтау;
- Алынған білім мен дағдыларды болашақ мамандықта қолдану;
- Қоршаған ортаны бақылаудың сәйкес құралдары мен әдістерін таңдауды негіздей алу.
- табиғи және техногенді экологиялық төтенше жағдайлардың алдын-алу немесе оның салдарын жою мәселелерін шеше білулері қажет.
Оқыту нәтижесі:
Пәнді оқу нәтижесінде студент:
білуі керек:
қоршаған орта көрсеткішін, сапасын бақылау әдістерін;
қоршаған орта сапасын бақылау құралдарын;
әрбір құралдың қолданылу аясын;
ластаушы заттардан тазалау әдістерін.
істей алуы керек:
әуе, су, топырақ ортасының, азық – түлік өнімдерінің және радиациялық жағдайдың сараптамасын жүргізе білуді;
инструменталды бақылау құралдарымен қоршаған орта сапасын бағалай алуды.
меңгеруі тиіс:
қоршаған табиғи ортаны бақылаудың құралдары мен әдістерін пайдала-нып, қоршаған орта сапасын бақылау бойынша теориялық және практикалық білімді.
дағдыларды игерулері қажет:
экобиоқорғау жабдықтарды пайдалану кезінде олардың тиімділік дәрежесін, оның көрсеткіштерін өлшеу арқылы анықтай білуді;
өндірістік жабдықтары мен өлшеу әдістері, жүйелерінің қоршаған ортаға қауіпсіз режимдерін таңдай білуді;
құзіретті болулары керек:
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған нормативтік – құқықтық сұрақтарды меңгеру бойынша;
қоршаған орта көрсеткіштері мен адамға қолайлы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірістік процестерді жобалау мен сараптау сұрақ-тары бойынша;
қоршаған ортаны қорғау әрекеттерін белгілі сәйкестік дәрежеге жеткізуді мүмкін болдыратын экобиотехникалық құралдар мен тәсілдерді қолдану сұрақтарында;
потенциалды қауіпті өндірістік процестер мен өндірістік технология-лардың экологиялық қауіп деңгейіне баға беру сұрақтарында.
|
|
|
|