274-бап. Қаржылық бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) салық салу объектілері болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды және мәліметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қасақана ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекет –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 274-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
275-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының бір жүз елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық салу объектiлерiн жасыру деп салық төлеушінің Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да түсініледі.
276-бап. Есепке алу құжаттамаларының болмауы және
салықтық есепке алуды жүргізуді бұзу
1. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есепке алу құжаттамасын жасау және сақтау жөніндегі талаптардың сақталмауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Есепке алу құжаттамасында тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетін қызметтердi) есепке алу және өткізу жөнiндегi операциялардың көрсетiлмеуi –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетін қызметтер) құнының – үш, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Салық төлеушіде есепке алу құжаттамасының болмауы деп бухгалтерлік құжаттаманың және (немесе) салықтық нысандардың, салықтық есепке алу саясатының, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың болмауы түсініледі.
277-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған
(есептелген) сомаларын төлеуден жалтару
Мемлекеттік кіріс органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің қолданылуы кезеңінде берешек болған кезде, салық төлеушiнiң үшiншi тұлғалармен өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруы арқылы жасалған, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған (есептелген) сомаларын төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген есеп айырысулар сомасының – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
278-бап. Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету
1. Салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің сомаларын декларацияда, есеп-қисапта, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште кемітіп көрсету, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
жеке тұлғаларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған сомасының – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң есеп-қисапта ағымдағы төлемдер сомаларын кемітіп көрсетуi, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық кезеңi үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық кезеңi iшiнде есептелген аванстық төлемдер сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асыру, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
ic жүзiндегi салықтың асып кеткен сомасының қырық пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескертпелер.
1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады.
Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген сома – осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасы есепке алына отырып айқындалады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын кемітіп көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа жататын болса, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын кемітіп көрсеткені үшін жеке әкімшілік жауаптылыққа жатпайды.
3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есеп-қисаптарын ұсынбаған жағдайда да тұлға әкімшілік жауаптылыққа жатады. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.
4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 335-бабының 3-тармағына және (немесе) 338-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету есепке алынбайды.
Ескерту. 278-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
279-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және
(немесе) аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы
1. Салық агентінің бюджетке ұстап қалуға және (немесе) аударуға жататын салықтардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстамауы –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалмаған сомасының – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұстап қалынған (ұстап қалынуға тиіс) сомалары бойынша, мемлекеттік кіріс органына қосымша салық есептілігін ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура танылады.
281-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін
қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай
өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген
түрлерін өндіруді және олардың айналымын
мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
1. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін декларациялау қағидаларын бұзу, сол сияқты биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, ілеспе жүкқұжаттарын, сондай-ақ мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларацияларды ұсынбау не уақтылы ұсынбау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
1) темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынудан бас тарту немесе анық емес ақпаратты беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
2) темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін жабдықта өндіру;
3) лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмау түрінде жасалған бұзушылық -
тиісті қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналымы шарттарын:
1) этилдендiрiлген бензиннің және (немесе) қанықпаған мұнай өнiмдерiнің айналымы, сондай-ақ оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың одан әрі өңдемей сақтауы;
2) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы;
3) өндірушілер мен мұнай берушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі;
4) бақылайтын есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда темекі бұйымдарының айналымы (экспорттан басқа);
6) мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден тыс орындарда өткізу;
7) құрамында металл қосындылары бар (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) мұнай өнімдерін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың айналымға салуы;
РҚАО-ның ескертпесі!
8) тармақша 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 05.07.2014 № 235-V Кодексімен.
8) мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз (БЕА) не БЕА-дан айналып өтіп өткізуі және (немесе) жөнелтуі;
9) мұнай базаларының, резервуардың меншік иелерінің мұнай өнімдерін өткізу және (немесе) кейіннен өткізу мақсатында сақтау үшін бір уақытта екі және одан да көп жеке (немесе) заңды тұлғаларға жалға беруі;
10) мұнай өндірушілерден және берушілерден мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізбейтіндерге немесе түпкілікті емес тұтынушыларға мұнай өнімдерін өткізуі түрінде жасалған бұзушылық –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен
алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын
мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру және оның айналымы жөніндегі декларацияларды ұсыну қағидаларын, этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi декларацияларды, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiне iлеспе жүкқұжаттарын ұсынбау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер – жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және олардың орнын ауыстыру шарттарын:
1) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жерлерден тыс орындарда сақтау және өткiзу;
2) аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон қаптамадағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi бар, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы;
3) алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайыздан кем градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы (сыраны құюды қоспағанда) айналымы;
4) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;
5) екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі;
РҚАО-ның ескертпесі!
6) тармақша 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 05.07.2014 № 235-V Кодексімен.
6) есепке алу-бақылау таңбаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқи алатын аспаптарсыз сақтау және өткізу;
7) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз айналымы және олардың орнын ауыстыру түрінде жасалған бұзушылық – құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
1) өндірушінің өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеу;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
РҚАО-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
4) екi және одан да көп лицензиаттың нақ сол бiр стационарлық үй-жайда және нақ сол бір жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық –
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiру және олардың айналымы шарттарын:
1) осындай қызмет бойынша лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметтi жүзеге асыру;
2) тағамдық емес шикiзаттан өндiрiлген этил спиртiнен алкоголь өнiмiн өндiру түрiнде жасалған бұзушылық –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Жыл сайынғы лицензиялық алымды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде төлемеу –
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды лияцензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған мерзім ішінде жоймау –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа), арақтарды және айрықша арақтарды өндіру кезінде өндіріс қуатын пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз көлемін сақтамау -
тиiстi қызмет түрiне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
тиiстi қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Алкоголь өнiмiн денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорт-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда рыноктарының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында сақтау және өткізу –
лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 282-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
283-бап. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда,
алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен
және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен
таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу
1. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, өндірушінің немесе импорттаушының алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Акцизделетін өнімді акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған, акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 283-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
284-бап. Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн
бұзу
1. Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермеу не бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін тауарға немесе көрсетілетін қызметке төленген сомадан артық немесе кем сомаға беру –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Бақылау-кассалық машинаның тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын немесе тауар чектерінің кітабын ауыстыру (қалпына келтіру) үшін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы болған кезде салықтық өтініш беру мерзімдерін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Бақылау-кассалық машинаның бақылау чегінде мынадай деректемелердің біреуін немесе бірнешеуін:
1) салық төлеушінің атауын;
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-кассалық машинаның зауыттық нөмірін;
4) бақылау-кассалық машинаның мемлекеттік кіріс органындағы тіркелу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақытын;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасын және (немесе) сатып алу сомасын;
8) фискальдық белгіні көрсетпеу не компьютерлік жүйелердің бақылау чегінде (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қолданатын компьютерлік жүйелерді қоспағанда) осы бөліктің 1) – 7) тармақшаларында белгіленген бір немесе бірнеше деректемелерді көрсетпеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Бақылау-кассалық машинаны пайдалану кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толтырмау не ауысымдық есеп көрсеткіштерінің тиісті күнге қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының деректеріне сәйкес келмеуі не қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын бақылау-кассалық машинада жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында жазба жүргізбеу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Салықтық тексеру барысында анықталған, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есеп көрсеткіштерінің қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты емес, қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомалары ескеріле отырып, фискальдық есепті алу кезінде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келмеуі –
ескерту жасауға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ауысымдық есепті, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын, тауар чектерін, бақылау-кассалық машинаның тіркеу карточкасын жою немесе қайтару чегін, сондай-ақ жою немесе қайтару операциясы сол бойынша жүргізілген бақылау чегін сақтаудың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Қате енгізілген соманы жою немесе өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшаны қайтару операцияларын, өткізілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге бақылау чегінің түпнұсқасынсыз бақылау-кассалық машинада жүргізу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
16. Осы баптың он бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Мемлекеттік кіріс органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-кассалық машинаның техникалық ақауы жойылғаннан кейін пломба орнату үшін бақылау-кассалық машинаны мемлекеттік кіріс органына ұсыну мерзімін бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
18. Осы баптың он жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
285-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында белгiленген
мiндеттердi орындамауы
1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мiндеттердi:
1) мемлекеттік кіріс органдарының, резидент еместі қоса алғанда, салық төлеушi – заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға хабарламалардың кепілді жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын ашқаны туралы олар ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
2) клиенттердің төлем құжаттарындағы (вексельді және банктің қолма-қол ақша қабылдауы және беруі соның негізінде жүргізілетін төлем құжаттарын қоспағанда) сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоттары бойынша операциялар жүргiзу;
3) салық төлеушiнің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тапсырмасын, салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсiмпұлдар мен айыппұлдар өндіріп алу туралы мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдерін – салық төлеушінің не мемлекеттік кіріс органдарының нұсқауын алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, бірінші кезектегі тәртіппен орындамауы;
4) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында (корреспонденттікті қоспағанда) мемлекеттік кіріс органдарының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде шығыс операцияларын сондай өкім бойынша тоқтата тұрмау;
5) есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есепті, ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ұсынбау;
6) өз клиентінде осы банкте ашылған, мемлекеттік кіріс органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер қойған, банктік шоты болған кезде оған жаңа банктік шот ашу;
7) жұмыс істемейтін салық төлеушіге банк шотын ашу түрінде орындамауы –
банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамаған кезеңі ішінде салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған, бюджетке төленетін салықтар сомаларын аудармауы немесе уақтылы аудармауы -
шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе уақтылы аударылмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасының елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңнамасында белгіленген міндеттерді:
1) мемлекеттік кіріс органдарының салық төлеушi – заңды тұлғаға, резидент еместі қоса алғанда, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке немесе азаматтығы жоқ тұлғаға хабарламалардың кепілдік берілген жеткізілімін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы банк шотын жабу туралы ол ашылғаннан кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде – үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
3) көлік құралына салықты төлеу үшін төлем құжаттарын көлік құралының дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;
4) уәкілетті органның берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірісті мойындауды тоқтату кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаны немесе заңды тұлғаны сыйақы есептеуді тоқтата тұру туралы есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей хабардар етпеуі;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (есебіне жатқызбау) не банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа да ұйымға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қате жіберу;
6) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ақшасының бар-жоғын және банк шоттары бойынша жасалатын операцияларын тексеруге мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамын жібермеу;
7) мемлекеттік кіріс органын қарыз алушы салық төлеушіде міндеттемелерді есептен шығарудан табыс пайда болғаны туралы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушының берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелерiн есептен шығарған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етпеу;
8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбау түрінде орындамауы –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
286-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған
мәлiметтер ұсыну
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген кепілгерліктер, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Құқық бұзушылық жасалған кезде екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома – жеке тұлғаға, жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
287-бап. Кеден одағында тауарларды экспорттау мен
импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді
көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан
Республикасының салық заңнамасында белгіленген
міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың
Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген талаптарды орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жанама салықтарды төлемеу, толық төлемеу не уақтылы төлемеу –
жеке тұлғаларға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырма пайызы, бірақ кемінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – орындалмаған салық міндеттемесі сомасының қырық пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған салық міндеттемесі сомасының елу пайызы, бірақ кемінде екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді ұсынбауы және оларды орындамауы –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік кіріс органдарын мынадай жағдайларда:
1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –
жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке жазылған салықтар сомасының он бес пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабардар етпеуі не уақтылы хабардар етпеуі –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген акцизделетін тауарларды алған күні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай хабарламаны ұсынуға міндетті тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынбауы –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшін, осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың
лауазымды адамдарының заңды талаптарын
орындамау
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы –
сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру –
қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
17-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Достарыңызбен бөлісу: |