Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет91/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   192

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      429-бап. АИТВ инфекциясын жұқтырғандармен, ЖИТС-пен, соз
 
                ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен
 
                қатынаста болып жүрген адамдардың, сондай-ақ
 
                дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi немесе
 
                психотроптық заттарды тұтынушы адамдардың
 
                медициналық тексерілуден және емделуден жалтаруы
 
      1. Денсаулық сақтау мекемесiнiң жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де АИТВ 
инфекциясын жұқтырғандармен, ЖИТС-пен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен 
қатынаста болып жүрген адамдардың медициналық тексерілуден және емделуден одан әрі 
жалтаруы –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған не 
дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды пайдаланып 
жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық тексерілуден және 
емделуден жалтаруы 

 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      430-бап. Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен
 
                ауыратын адамдардың емделуден жалтаруы
 
      1. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын, айналадағылар үшін 
қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесiнiң 
жазбаша жасаған ескертуiнен кейiн де олармен қатынаста болған және профилактикалық 
емдеудi қажет ететiн адамдардың дәрiлік заттарды қабылдаудан бас тартуы және емделуден 
өзге де жалтаруы –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың тiзбесiн Қазақстан 
Республикасының Үкiметi айқындайтын, айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен 
ауыратын кәмелетке толмаған балаларын емдетуден жалтаруы 

 
      жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      431-бап. Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен
 
                ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн және өздерiмен
 
                қатынаста болған адамдарды жасыруы
 
      Айналадағылар үшін қауiп төндiретiн аурулармен ауыратын адамдардың жұқтыру көзiн 
және осы ауруларды басқа адамдарға жұқтыру қаупiн туғызатын өздерiмен қатынаста болған 
адамдарды жасыруы –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      432-бап. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға
 
                рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу
 
                жалған мәлiметтер мен ақпарат беру
 
      1. Медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу 
кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер мен ақпарат, оның iшiнде құжаттарды бұрмалау жолымен 
беру, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он 
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол 
іс-әрекет –
 


      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 
отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      433-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті
 
                органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы
 
      1. Денсаулық сақтау субъектілерінің инфекциялық аурулар, улану, айналадағылар үшін 
қауiп төндіретін, психиканың және мiнез-құлықтың бұзылу (аурулар) жағдайлары туралы – 
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, төтенше жағдайлардың медициналық-
санитариялық салдарларының туындау қатерi және (немесе) туындауы туралы - төтенше 
жағдайлар жөнiндегi органдарға, жаңа алған жарақаттар, жаралар, криминалдық түсіктер 
бойынша келіп көрінген адамдар туралы, айналадағылар үшін қауiп төндіретін аурулардың 
жағдайлары туралы iшкi iстер органдарына хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы –
 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық  есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол 
әрекет (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – сертификаттан айыра отырып, он айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерінде, лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
   25-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТIПКЕ ЖӘНЕ ИМАНДЫЛЫҚҚА ҚОЛ СҰҒАТЫН 
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      434-бап. Ұсақ бұзақылық
 
        1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға 
қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, 
скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау 
және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке 
тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер 

 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi 
мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне 
сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      434-1-бап. Жеке тұлғалардың спорттық және
 
                  спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық
 
                  іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы
 
      1. Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық 
іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын:
 
      1) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар 
өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық 
бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке 
және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіру;
 
      2) спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар 
өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық 
алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін 
плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалану 
түрінде бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау