Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі



жүктеу 4,79 Mb.
бет25/69
Дата21.11.2018
өлшемі4,79 Mb.
#22792
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Ескерту. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаты үшін, егер тұлға кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 207-бабында көзделген әкімшілік жауапқа тартылуы тиіс болған жағдайда, осы тұлға осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 219-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  219-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау

1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -

жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -

жеке тұлғаларға - он бec, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кіруiне заңсыз кедергi келтiру, -

жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -

лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 16-1-тараумен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)



16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

 

219-1-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу

1. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан бес пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан он пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған сәттегі нарықтық баға негізінде айқындалады.

 

219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтынатын жабдықтың жұмыс режимін бұзу

1. Энергетикалық ресурстарды өндіру және беру кезінде, сондай-ақ суды беру кезінде олардың тікелей ысырабына әкелген ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін бұзу, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

219-3-бап 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау

1. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау, -



объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

1. Лауазымды тұлғалар деп осы бапта мемлекеттік қабылдау комиссиясының және (немесе) қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін түсіну қажет.

2. Лауазымды тұлғалар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағатына орта есеппен 50 кВт-тан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен қамтамасыз ету шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапты болмайды.

 

219-4-бап 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



219-4-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы

1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия аудитінен өткеннен кейін бес жылдың ішінде энергетикалық ресурстардың және судың тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

219-5-бап 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



219-5-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі

1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіру



Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын өндіру және сату, -

жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

219-7-бап 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



219-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы

1. Энергетикалық ресурстарды жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау

1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет,-



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - акредиттеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - акредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

219-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу

1. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамада және заттаңбаларда энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасы туралы ақпарат қамтылмаған электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу, -

шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - алты, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - он екі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

219-10-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау

1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның нұсқамаларын орындамау немесе толық көлемде орындамау, -

жеке тұлғаларға - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -



жеке тұлғаларға - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 



2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 17-тараудың тақырыбы өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр және атом энергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 220-бап өзгертілді



220-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану ережелерiн бұзу

1. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу ережелерiн бұзу, қылмыс белгілері болмаған кезде, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, арнаулы ядролық емес материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қосарлы мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге асырудың, тасымалдаудың немесе өзге де айналысудың белгiленген ережелерiн бұзу, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 221-бап өзгертілді



221-бап. Жұмыстарды қауiпсіз жүргiзу жөніндегі ережелердi бұзу

Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдардың және басқа да мемлекеттік қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсіз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 222-бап өзгертілді



222-бап. Ядролық, радиациялық және техникалық қауiпсіздiктiң белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу

1. Ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен айналысу кезінде ядролық, радиациялық және техникалық қауiпсіздiктiң белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу; атом энергиясын пайдалану объектілерін орналастыру, осы объект жобасында көзделген барлық құрылыстарды iске қоспай тұрып атом энергиясын пайдалану объектiсiн iске қосуға қабылдаудың талаптарын сақтамау; атом энергиясын пайдалану жабдықтары мен объектілерін жеткізу, монтаждау, сынақтан өткізу, iске қосудың, сондай-ақ пайдаланудан алудың белгiленген талаптарын бұзу, егер бұл әрекеттер адам өлiмiне немесе қоршаған ортаны радиоактивтiк зақымдауға әкеп соқтырмаса, -



атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен айналысу, егер бұл iс-әрекеттерде


жүктеу 4,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау