«Әкім сағаты» бағдарламасында облыс әкіміне тұРҒындардан келіп түскен сауалдардың орындалуын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспары



жүктеу 337 Kb.
бет2/5
Дата01.01.2020
өлшемі337 Kb.
#25719
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5



Менің немерем, Әлішер Ахаев, білім-инновация лицейінің 11-сынып оқушысы жақында Мәскеу қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар байқауында математика пәні бойынша І орынға ие болды. Бірақ халықаралық байқаулардан орын алған оқушыларға ЖОО-на грант бөлінбейтіндігінен хабардармыз. Бірақ облыс әкімінің қолдауымен қаншама оқушыларға гранттар бөлінуде. Менің немерем де ЖОО-на грантқа ілінсе деп едім. Қандай көмек бере аласыз?

Гүлнар Ниязбекова

Мкр.Шұғыла 49/26




2014 жылдан бастап Қызылорда облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясының университеттері арасында жасалған Меморандумға сәйкес мектеп түлектері аймақ экономикасының сұранысына сай мамандықтар бойынша білім алуда. Қазіргі уақытта РФ үш университетінде 452 студент федеральды бюджет есебінен білім алуда. Бұдан бөлек, биылғы жылы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» бастамасымен өзара келісімге сәйкес Ресейдің 31 жоғары оқу орнына емтихан тапсыру жұмыстары ұйымдастырылуда. 14-19 маусым аралығында 10 жоғары оқу орнына қабылдау емтихандары жүргізіледі.

Сонымен қатар, республикадан қосымша беріліп отырған 20 мың гранттың басым көпшілігі техникалық мамандықтарға бөлінеді. Осы мамандықтар бойынша грант жеңіп алуға мүмкіндік жоғары.

Өңірде 2013 жылдан бастап халықтың осал топтарынан шыққан студенттерге облыс әкімінің гранты тағайындалып келеді. Облыс әкімінің гранты - бұл жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ұлттық бірыңғай тест қорытындысымен 50 балдан жоғары жинаған мемлекеттік грант иеленбей қалған, әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан мектеп бітірушілерге беріледі.




Қала ішіндегі, Саяхат мөлтек ауданында үй, пәтерлерді тонау көбейіп кетті. Сіздің тапсырмаңызбен бұл мәселені арнайы бақылауды күшейтсе екен?

Әділхан Төлеков 87058728937

Мкр.Саяхат 9/3




2018 жылдың 30 мамырында өткізілген «Әкім сағаты» бағдарламасында Қызылорда қаласы, Саяхат мөлтек ауданы, 9/3 тұрғыны Төленов Әділханның «Саяхат мөлтек ауданында тонау қылмыстары көбейіп тұр, әшкерелеуге көмектесуді сұраған» сауалы бойынша ОІІД Жергілікті полиция қызметімен тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде, 30.10.2016 жылы азамат Ә.Төленовтің жеке үйіне белігісіз біреулер ұрлыққа түсіп, 400 000 (төрт жүз мың) теңгенің заттарын ұрлап кеткендігі, аталған ұрлық қылмысы бойынша Қызылорда ҚІІБ-мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (СДБТТ-16431006824) қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу әрекеттері бойынша қандай да бір мәліметтер анықталған жағдайда қосымша хабарланады.




Саяхат м/а көшелерге алғаш реконструкция жүргенде асфальт төселген жоқ.Саяхат м/а балабақша бар. Жарық жоқ. Асфальт қашан төселіп, жарық қашан жүреді?

Төлеков Әділхан – саяхат м/а тұрғыны

Саяхат тұрғын ауданы бойынша «Қалалық құрылыс бөлімі» тарапынан барлық көшелеріне тас жол құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптама қорытындысы әзірленген. Тас жол құрылысы жүргізілгеннен кейін, асфальт төсеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, жарық бағаналарын орнатуға алдағы уаықтта, жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады.





Тұрғын үйге кезекке тұрғаныма бірнеше жыл болды. Әлі кезек жылжымай тұр. Бұл мәселені реттеп, кезекгімізді жылжытсаңыз.

Шайзадаева Забира

Арал ауданы




Шайзадаева Жадыра Сіз мүгедектігіңізге байланысты 2014 жылғы 27 қазанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй алу үшін құжаттарын тапсырып, қазіргі таңда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында № 165-ші кезекте тұрсыз.

2014 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, Арал қаласынан 40 коммуналдық бір пәтерлі тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Осы құжаттар негізінде республикалық, облыстық бюджеттен қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінімдер тапсырылғанымен, қолдау таппады.

Осыған сәйкес, 2015 жылдан бері қаржы мәселесінің шешілмеуіне байланысты, коммуналдық тұрғын үй салу жұмыстары жүргізілмеуінен тұрғын үй кезектілігі жылжымай отыр. Сондай-ақ, тұрғын үй кезектілігі «Е-әкімдік» базасы бойынша жүзеге асырылатындықтан, кезектілікке өзгерістер енгізу мүмкін емес.

Алдағы уақытта, тұрғын үй құрылысы жалғасын тауып мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлер салынып жатса, міндетті түрде кезектілік ретін сақтай отырып, тұрғын үйге мұқтаж адамдарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес үлестіріліп беріледі.





Аралдағы апатты үйде пәтерде тұрдым. Көп балалы анамын. Көп зардап шектім. Үйдің кезегінде тұрмын.Салынып жатқан үйден қалып қояйын деп тұрмын. Сізден сұрайын дегенім, осы үйден мен пәтер ала аламын ба?

Мақышбаева Гүлнарай- Арал қаласы


Мақышбаева Гүлнарай Сіз көп балалы ана ретінде 2014 жылғы 16 шілдеде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй алу үшін құжаттарын тапсырып, қазіргі таңда халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында № 143-ші кезекте тұрсыз.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Арал қаласындағы Т. Жароков көшесі № 2 мекен-жайда орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің адам тұрмайтын 2-ші қабатының жабындысы құлап, оқыс оқиға орын алу себебінен, барлық тұрғындар уақытша басқа баспанаға көшірілді. Сол уақытта Мақышбаева Гүлнарай оқыс оқиға орын алған үйден пәтер жалдап отырған.

Бүгінгі күні, Арал қаласынан Т. Жароков көшесі № 2 мекен-жайда орналасқан үйдегі 19 және жалғыз баспанасы «апаттық» деп танылған Аралтұз көшесі № 36 үйдің 8 пәтер иелеріне, барлығы 27 коммуналдық тұрғын үйлер салынуда. Аталған тұрғын үйлер аудан меншігіне өткеннен кейін тұрғын үйге мұқтаж адамдарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 67 бабына сәйкес, меншік иелеріне беріледі. Дегенмен, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді есепке алу және жалға беру жөніндегі аудандық тұрғын үй комиссиясының отырысында, сол кезде жалдамалы пәтерде отырған азаматтардыңда жағдайы ескерілетін болады.




Бұрын Қармақшы ауданында сүт зауыты, сварка зауыты болды. Ал қазір екеуі де жоқ. Алдағы уақытта мұндай зауыттар Қармақшыда салына ма?

Қанатбаев Аппаз-Қармақшы ауданы тұрғыны

2017 жылы Қармақшы ауданы бойынша ет және сүт өңдеу бағытында 15 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылды. Кооператив мүшелері МІҚ малын көбейтуге мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 600,0 млн теңге несие алды. Сонымен қатар, мемлекеттің қаржылай қолдауымен, төрт кооператив модульді сүт қабылдау пункттерін алды. Алдағы уақытта бұл кооперативтер сүт қабылдау және сүтті өңдеумен айналысатын болады. Қазіргі уақытта, осы бағытта жұмыстар жасалуда.

Өзіңізге белгілі, өнеркәсіп, өңдеу, қызмет көрсету салаларындағы қызметтерді толықтай бизнес өкілдері іске асырады. Сұраныс көлеміне сәйкес, зауыттардың орнын шағын цехтар мен шеберханалар басқан. Дәнекерлеу жұмыстарына деген сұранысты осы шағын кәсіпорындар қанағаттандырып келеді. Соңғы жылдардың өзінде, ауданда түрлі гранттық бағдарламалар шеңберінде дәнекерлеу жұмыстары бойынша 7 шағын жоба қаржыландырылды.

Биыл, Ақтөбе ауылында «Жылына 1500 тн құс етін өңдейтін» құс зауытының құрылысы басталды. Жобаны аяқтау 2019 жылға жоспарланған.

Қорыта айтқанда, аудан нарығындағы сұраныстың деңгейіне сәйкес, үлкен көлемді сүт және дәнекерлеу зауытын салу қажеттілігі жоқ.





Қармақшы ауданына газ қашан тартылады?

Әбілдина Жаңагүл-Қармақшы ауданы

Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан газ құбыры - бұрыпының құрылысы 2018 жылдың мамыр айында мердігер мекеме «ТрансАзияКонстракшн» ЖШС тарапынан жүргізіліп, толық аяқталды (Жоба құны-1,5 млрд. теңге).

Енді Жосалы кентішілік жүргізілетін газ құбырларының құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 100,0 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурс рәсімдері жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 3,79 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджетте алдағы 2019-2020 жылдарға толық қаржылары қаралған.




Қармақшыға газ қашан келеді? Таза ауыз су тартыла ма?

Акишева Меңлік- Қармақшы ауданы

Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан газ құбыры – бұрыпының құрылысы 2018 жылдың мамыр айында мердігер мекеме «ТрансАзияКонстракшн» ЖШС тарапынан жүргізіліп, толық аяқталды (Жоба құны-1,5 млрд. теңге).

Енді Жосалы кентішілік жүргізілетін газ құбырларының құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 100,0 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурс рәсімдері жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 3,79 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджетте алдағы 2019-2020 жылдарға толық қаржылары қаралған.

Таза ауыз мәселесіне байланысты аудан халқының 99,5 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында «Қармақшы ауданы Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы» 4 кезек объектісіне 2014-2015 жылдар аралығында 400780,0 мың теңге бөлінген. Бұл қаржыға Жосалы кентіндегі «Мөлтек», «Жастар» шағын аудандарын ауыз сумен қамту жұмыстары мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС-і арқылы жүргізілді. Жалпы ауыз су желілерінің ұзындығы-29,505 шақырымды құрайды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған мердігер мекеменің құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жіберген ақауларын қалпына келтіру бағытында тиісті шаралар қабылдануда. Ақауларды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған кейін «Мөлтек», «Жастар» шағын аудандары ауыз сумен толығымен қамтамасыз етілетін болады.





Мен екінші топ мүгедегімін. 2006 жылы үй алу кезегіне тұрған едім. Кезегімізді күтіп шаршадық. Қандай көмегіңіз бар?

Жолдасова Сұлушаш-қала тұрғыны 87775101962

Қызыңыз азаматша Жолдасбаева Гульнур 2-топ мүгедегі ретінде тұрғын үй кезегіне 2006 жылдың 17 ақпанында жазған арызы бойынша тұрған. Қазіргі таңда 207 кезегі бойынша Заңға сәйкес тұрғын үй алатын болады.



Мен 2007 жылы Президент саябағы жанынан анамның, әкемнің атынан жер алдым.Ұзақ уақыт бойы ол жерге ешқандай құрылыс жүргізбегендіктен бос тұрды. Әкем І топ мүгедегі. 2015 жылы жерімізге құрылыс жүргізуді бастайық десек, жер басқа біреуге беріліпті және үй тұрғызып бастапты. 4 рет сотқа қатыстым, бірақ нәтиже болмады. Қазір атымда жер де, үй де жоқ. Осы мәселенің шешімін табуға көмектессеңіз деген тілегім бар.

Эльмира Кеншінбаева

Базарбаев көшесі


№ 29 үй тұрғыны

ҚР Жер кодексінің 167 бабына сәйкес жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады. Жеке меншіктегі жер учаскелеріне байланысты даулар (жанжалдар) тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен қаралуы мүмкін деп көрсетілген.

Осы ретте, азамат(ша) сот органдарына аталған мәселеге байланысты талап арызбен жүгінуге болады.





Мен М.Жұмабаев көшесінің тұрғынымын. Жақында қорамызды кене басып кетті. СЭС-тен көмек сұрасақ, ақылы түрде дейді. Бірақ оған төлейтін менің қалтам көтермейді. Бұл неліктен ақысыз түрде қарастырылмаған? Осыған көмек беруіңізді сұраймын.

Оңталап Төлепбергенов

М.Жұмабаев көшесі 75 үй, 87713399654




Оңталап Төлепберген Сіздің сауалыңыз бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлері Қызылорда қаласы М.Жұмабаев көшесі, 75 үй мекен-жайы бойынша энтомологиялық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде кенелердің бар-жоғын, сандық көрсеткіштерін анықтау және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына тексеру жүргізілді.

Энтомологиялық зерттеу нәтижесінде Сіздің мал ұстамайтындығы анықталған. Аулаңыздағы мал қорасы, бұзылған тауық қорасы, 2 ит кенеге тексеріліп, 1 иттің үстінен 6 дана кене алынған.

Көршіңіз М.Жұмабаев көшесі № 69 үйдің тұрғыны Нұрмаханов Мұраттың ауласы, бұзылған мал қорасының орны кенеге тексеріліп, ауласына төгілген көңнің арасынан 4 дана кене анықталған.

Екінші жағыңыздағы көршіңіз М.Жұмабаев көшесі № 71-ші үйдің тұрғыны Сейтенов Алмасбектің ауласы, мал қорасы, 6 уақ малы (4 ешкі, 2 қой) кенеге қаралып, кене анықталмаған.

Барлығы кенеге қаралған 3 үйден жиналған 10 дана кене «Ұлттық сараптама орталығының» аса қауіпті жұқпалы аурулар бакзертханасына зерттеуге жолданған. Зерттеу жұмысы жалғасуда. Зерттеу жұмысының нәтижесімен қосымша хабарлама беріледі.

Облыстық жұмылдыру басқармасымен Сіздің Қызылорда қаласы М.Жұмабаев көшесі №75-ші үй мекен-жайыңыз бойынша аулаңызға, мал қораңызғы «Интегра Сервис» ЖШС мекемесімен жоспардан тыс кенеге қарсы дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.





Алдымен аймақ басшысы ретінде өзіңізге ҰОС ардагерлеріне жасап жатқан көмектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Қояр сауалым, осыдан 2 жыл бұрын газ есептегішті мамандар алдыртып тастаған болатын. Кейін жеңілдікпен салып береміз депп уәде беріп кеткен еді. Бірақ әлі де газ есептегішімізді салдырып берген жоқ. Бұл мәселе шешімін табар ма екен?

Сейітхан Шілдебаев ҰОС ардагері Қоғалы көшесі, 4/4



«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Сіздің сұранысыңыз бойынша ақысыз негізде газ есептегіш құралын орнатып беретінін хабарлайды.




2005 жылы қызым, Бақыткүл Бақытжанова жер комитетіне арыз берген еді. 2009 жылы Сейфуллин көшесінен 21 шақырым жер берілді. 2010 жылы налогқа тіркелген, содан бері салығы төленуде. 2012 жылы Тасбөгет кентінің әкімі төленетін салқ сомасын көбейтті. Мен ІІ топ мүгедегімін. Толық бітпеген үйді біткен деп, салығын көбейтіп жіберген. Бұл мәселеге қатысты қандай көмек бере аласыз?

Өмірзақ Бақытжанов

Қызылорда көшесі, №17Аүй тұрғыны




Қызыңыз Бакытжанова Бахыткуль Умирзаковнаның (ЖСН 731205400045) атында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, С.Сейфулин көшесі № 280 учаскесі орналасқан, (кадастр № 10-156-045-1384) Тасбөгет кенті әкімінің 27.01.2009ж. №389 және 05.06.2009ж. №447 шешімі негізінде 800,0 шаршы метр жер телімі тіркелген.

Осы жер телімі бойынша, Хабарламаны Қалыптастыру Модулі (МФУ) бағдарламасында 2014-2015 жылдар аралығында Салық кодексінің 382-бабына сәйкес, үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкасы бойынша есептелген жер салығы 160 теңгені құрап, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан қате есептеліп келген. Осыған байланысты, Салық кодексінің 46-бабы 1-тармағы 1-тармақшасын басшылыққа алып, салық қызметі органдары салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы және аталған баптың 2-тармағына сәйкес, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайтындығы көрсетілген.

ҚР Салық кодекісінің 381 бабына сәйкес, 2012-2016 жылдар арлығыны ХҚМ бағдарламасы бойынша жер телімі 10,42 теңгемен есептеліп, аталған жеке тұлғаға қайта есептеу жүргізіліп қосымша салық есептелінді.

Одан бөлек, Қызылорда қалалық мәслихаты сессиясында өткізілген отырысында жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы 11.11.2011 жылы № 49/3 санды хаты бойынша ҚР Салық Кодексінің


14-бабына сәйкес, салық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындалуы салық төлеушіге міндеттелген.

Осыған сәйкес, жоғарыдағы аталған жеке тұлғаға 2012-2016ж. аралығында есептелген жер салығы бойынша (2012 жылға - 8333 тенге, 2013 жылға - 8333 теңге, 2014 жылға - 8333 тенге, 2015 жылға - 8333 тенге, 2016 жылға - 8333 тенге) жер салығы есептеліп есепке енгізілгенін хабарлайды.





Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында қаламыздағы 206 жеке балабақшаға өткен жылдың қараша-желтоқсан айларындағы жалақысы берілмеген. Бұл мәселе қалай шешімін табар екен?

Естөре Құлтаев

Желтоқсан 66




«Қызылорда қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 191 жеке меншік балабақшалар алдында 2018 жылдың 1 қаңтарына 558188,2 мың теңге кредиторлық берешек қалыптасты. Оның ішінде қараша айы үшін 200408,2 мың теңге, желтоқсан айы үшін 357780,0 мың теңге.

Аталған мәселе бойынша қала әкімдігі тарапынан облыс әкімдігіне 558,2 мың теңге кредиторлық берешекті өтеу үшін облыстық резервтен қаржы бөлу жөнінде хат жолданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.





Ж.Маханбетов ауылына биыл газ берілмей ме екен? Жолға қашан жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен?

Кенже Шермахан 87771787799

Ж.Маханбетов ауылы, Жөнбаев көшесі, нөмірсіз.




1. Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс жарияланып, «Верус Инжиниринг» ЖШС жобалық- сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

2. Елді мекеннің жол мәселесі бойынша елді мекендегі жалпы ұзындығы 15,8 км құрайтын 24 көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 231 млн. 786 мың теңгеге өтінім жолданып, нәтижесінде 10 көшені орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 39 млн. 256 мың теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар 1 маусым күні өткен облыстық бюджет комиссия отырысында ауылдық округке кіре беріс 2 көшенің орташа жол жөндеу жұмыстарына 48 млн. 105 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары жариялануда.

Инфрақұрылымдық желілер жүргізу жоспарлы түрде бюджет қаржатының бөлінуіне орай кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.





Мен Арай мөлтек ауданындағы дачада тұрамын. Мұнда ешқандай жағдай жасалмаған. Бұл маңға қашан мөлтек аудан статусы беріледі?

Тілеубек Әділбаев 87782261420

Мкр.Арай, участок Ардагер нөмірсіз




Арай мөлтек ауданына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу үшін қаражат сұрау мақсатында бюджеттік өтінім әірленіп, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жолданды.



Мен Белкөл кентінің тұрғынымын, бізде қалаға баратын жол нашар, кентте мектеп жоқ, балалар темір жолдан жаяу қатынайды. Автобус қажет. Шығыс жақта асфальт заводы бар, оның түтінінен көз аша алмаймыз. Бұл мәселенің шешімін табуға ықпал етсеңіз...

Жұлдызай Әлиакбарова Белкөл кенті, 11 үй, 2 көше


Сіздің сауалыңызға сәйкес Қызылорда Белкөл кенті, К. Әбдіқадыров көшесінің Байқадам каналынан шығысқа дейінгі бөлігі бюджет қаражаты есебінен 39 480 000 теңгеге 2017 жылы қыркүйек айында (1,8 шақырым) орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. К. Әбдіқадыров көшесінің Байқадам каналынан С. Бейбарыс көшесіне дейінгі бөлігі (1,9 шақырым) ҚР Азаматтық Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы 242-бабының 3 бөлігіне сәйкес меншік иесі анықталуда. Алдағы уақытта меншік иесі анықталғаннан кейін, тиісті жергілікті атқарушы органның теңгеріме 1,9 шақырым жол беріліп, жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Осы уақытқа дейін 2015 жылы қоғамдық көліктер жүргізілетін болатын, алайда жолдың нашарлығына байланысты қоғамдық көліктер жүргізуге мүмкіндік болмай отыр.

Белкөл кентінен К. Әбдіқадыров көшесіне өтетін темір жол өткелінің ЖСҚ дайындау үшін бюджет қаражаты есебінен 5,8 млн теңге қаржы бөлінді.

Кенттен мектеп салу мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, мектеп салу қажеттілігі жөнінде ұсыныс әзірленуде.

Темір жолдан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің жоба сметалық құжаттамасын дайындауға қаржы қарастырылуда.

Алдағы уақытта қалаішілік қоғамдық көлікке деген халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаламызға 150 дана автобустар әкелу жоспарлануда, қазіргі таңда 10 автобус алынап №2 бағытта қатынап жатыр. Осыған сәйкес, қалған 140 автобустарға қажетті сомма бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатын болады.





Мен жалғызбасты анамын, пәтер жалдап тұрамын. 2 балам бар, жұмыссызбын. 1 балам мүгедек, соған бас-көз болып қарап отыру үшін жұмысқа шыға алмай отырмын. Мүгедек балама пенсия аламын. Ол ештеңеге жетпейді. 2011 жылдан бері үйге кезекке тұрғанмын. Маған қолдан келгенше көмек бере аласыз ба? Үй ала аламын ба кезексіз?

Гүлшат Оразақова 87714797683

Жібек жолы 2А/14




Гүлшат.Оразақова Сіздің «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы» (мүгедек бала тәрбиелеуші ретінде) санатына тіркелген 2011 жылы 7 ақпандағы арызыңызға сәйкес кезек ретіңіз - 3536.

Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес кезегіңіз келген уақытта үй алу мүмкіншілігіңіз бар.

Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына 1 ай сайын жаңаланып, орналастырылады.




Мен жалғызбасты анамын, 6 балам бар. 2007 жылдан бері үйде кезекте тұрмын. Бірақ үй кезегі әлі жылжитын емес. Бұл мәселенің шешімін табуға көмектессеңіз.

Әйгерім Сәрсенбаева 87057264181

Мкр.Арай, Сырдария көшесі 66




Әйгерім Сәрсенбаева Сіздің тұрғын үй алу кезегіне «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына» (толық емес отбасы ретінде) тіркелген 2007 жылы 6 қарашадағы арызыңыз бойынша кезегіңіз -1616.

Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес кезегіңіз келген уақытта үй алу мүмкіншілігіңіз бар.

Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына 1 ай сайын жаңаланып, орналастырылады.




Мен 2-топ мүгедегімін. Қызылжарма ауылының тұрғынымын. Ауылымызда асфальт жоқ, жол жаман. Жаңбыр жауғанда балшықта жүру қиын. Бұл мәселе қашан қолға алынар екен?


жүктеу 337 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау