Интернеттің шығуы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access).[11]
1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.[12]
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық трафигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды. Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.[13]
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.[12]
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.[14]
Қазіргі кезде Интернет желісіне тек қана компьютерлік желілерден бөлек, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.[15]
«Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.
2-тапсырма. Мәтінді оқып,тапсырмаларды орында
Сүйіспеншілік - жаны ашу, аяушылық
Саудагер айналаны бақылап тұрған. Осы сәтте дүкенге шашы желп –желп еткен сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Тастары жалт-жұлт еткен алқаларды көргенде көздері жайнай түсті. Сәлден соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған алқаны нұсқады.
- Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: - Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан бірнеше тиындарды сылдырлатып үстелдің үстіне қойды. - Бұл жете ме? – деп сұрады. Бүлдіршін ұсынған ақша алқаның қорабына да жетпейтін еді. - Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Ол анамыз қайтыс болғалы бізді бағып келеді және өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні еді. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі дір етіп, елжірей түсті.
Алқаны жылтыр қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.
- Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр,жоғалтып алма, - деп алқаны ұсынды. Қуаныштан жүрегі лүп-лүп еткен бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Күн кешкіріп қалғанда дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. - Бұл алқа осы жерден сатып алынды ма?- деп асыл бұйымды үстелге қойды да, бағасын сұрады
- Мен кез-келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.
- Мына алқа таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп бойжеткен шыр-пыр болды. Саудагер қызға жалт қарады да, моншақты қайта ұсынды.
- Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...
Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.
Достарыңызбен бөлісу: |