Егер біздің қызметтің тарихының қалыптасуына оралсақ, 949 жылы қалалық аурухананың жанынан жатын орынмен ашылғанын елестету қиын. 1954 жылдан бастап емхана және стационарға арналған 20 жатын орынды барақ белгіленген



жүктеу 44,3 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі44,3 Kb.
#2314

Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасының қырық жылдық мерейтойының қарсаңында артқа үңіліп және атқарылған жұмыстарды қорытындылап, еске түсіріп, қиындықты, ойластырғанымыздың орындалғанына қуанғанымыз, осы қиын-қыстау жұмыс кезеңінде біздің ауруханамыз биік шыңдарға жеткенін белгілегіміз келеді.

Егер біздің қызметтің тарихының қалыптасуына оралсақ, 1949 жылы қалалық аурухананың жанынан 4 жатын орынмен ашылғанын елестету қиын. 1954 жылдан бастап емхана және стационарға арналған 20 жатын орынды 2 барақ белгіленген. Қазіргі уақытта біздің аурухана орналасқан ғимарат 1976 жылы салынған. Сол кезден бастап 150 жатын орынға арналған стационар және рентген зерттеу кабинетімен қамтылған диспансерлік бөлімше жұмыс атқара бастады.

Біздің аурухана да, басқалар сияқты өте қиын қайта өрлеу уақытын басынан өткізді, ол кезде құрал-жабдықтар мен қажетті дәрілік препараттар шектеулі болатын.

Бұл мақалада біз табысымыз және сәтсіздігіміз жайлы емес, керісінше Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасында көп жыл қызмет атқарып және өз мамандықтарына адал болған жандар туралы айтқымыз келеді. Сонымен қатар, жаңа буынға ықыласты қарым-қатынаспен қарап, өз жұмыстарына жандарын салып атқаратын адамдар жайлы сөз қозғағымыз келеді.

Үлкен алғыс білдіре отыра, біз, дәрігерлер, өз ұстаздарымыз, ең алғашқы фтизиатр-мұғалімдер: А.К.Абжанова, Ф.И.Дюсембаева, Э.К.Мухамеджанов, С.А.Бейсембина, Д.К.Бытановалар атап өтеміз. Осы адамдардың сенімділік және күш-жігер беруінің және әрдайым жанымыздан табылуының арқасында фтизиатрия ісіне алғашқы қадамдарымызды жасадық. Түрлері суық және қатал, ал күнделікті өмірде – бейбітшіл, әзілі мен ойыны қатар жүретін жандар. Олар біз сияқты жас дәрігерлер буынына ата-анамыздай қарады. Біздің ауыр және оңай емес мамандығымыздың барлық сырларымен ұзақ және тынымсыз бөлісті.

Уақыттың зымырап өтетіні таңқаларлық... және ауысымға жаңа жас мамандар келуде. Қазір біздің ұжымымызда көптеген жас, жаңа дәрігерлер пайда болды және өз ітеріне лайықты жас ауысым өсіп келе жатқаны қуантады. Оның бірі 2010 жылы денсаулық сақтау жүйесіндегі жас мамандар арасындағы «Жігер» дипломына номинант болды. Дәрігер жұмысының барлық қиындықтарына қарамастан, фтизиатр мамандығына безек қақпайды және сатпайды, ары қарай жұмысын атқарып, өз кәсіби біліктілігін жоғарылатуда.

Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасында 36 медбике жұмыс атқарады. Олардың әрбіреуі жайлы мақтанышпен көп жақсылықтарын айтуға болады. Себебі медбике мамандығы араласу, ақжүректілік, аяушылық, пациентті тыныштандыру қабілеті және жігерлендіру, сонымен қатар ең ауыр жағдайларда сенімділік тудыру сияқты жеке қасиеттерге ие жандар. Кейде олар өз кәсібінің нағыз мамандары ретінде және өзгенің қайғысына алаңдаушылық танытып, біздің пациенттерге көмек көрсететіндердің алғашқылары.

Жеті жылдан бері біздің аурухананың бикелер кеңесін бас медбике – Қ.Г.Мағауина басқарып келеді. Оның басшылығымен семинарлар, практикалық конференциялар өткізіліп, дипломнан кейінгі оқытулар ұйымдастырылады.

Оның жұмыс атқаруы уақытында ауруханаішілік жұқпа жағдайлары тіркелмеді, жұмыскерлер арасында кәсіби науқастанған жағдайлар кездескен жоқ, медбикелер арасында санаттылық көрсеткіші жоғарылады. Қ.Г.Мағауина «2016 жылғы ең үздік медбике» дәрежесіне ие болды.

Терапевтік бөлімшенің медбикелер жұмысын К.Т.Молдахметова басқарады. Ол – өз ұжымына жанын беретін адам, қиын мәселелерді қолына алып әрдайым шешімін таба біледі, міндетін адал атқарады, ынталы, ұжымда жұмыстың жоғары сапада атқарылуын қатал қадағалайды.

Диспансерлік бөлімшенің аға медбикесі – К.Б.Шалтеева – жұмысында қатал, адал, бауырмал, әрдайым кеңесімен көмек қолын созады, өзгенің жан жарасы мен қайғысына бей-жай қарамай көмектесіп жүреді.

Н.И.Вечирко – тек қана дәрігердің көмекшісі емес, оның оң қолы. Өз ісін адал сүйеді, жұмысын ас іскерлікпен және сауатты атқарады.

К.М.Жетписова және А.Ж.Уалиеваны асқан дәлдік, адалдық, жұмыстағы жауапкершілік сияқты қасиеттер ажыратады.

А.Р.Садвокасова және Г.З.Каирбековалар өз істеріне беріліп, пациенттердің шапағатына бөленіп жүрген жандар. Олардың стационарда жедел және дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде және басталып жатқан қауырт жағдайларды уақытылы шешуде жан салмайтын мамандар, жүйкелері мықты, тез реакция және өте жақсы жұмыс қабілеттіліктеріне ие.

Медбикенің мамандығы жоғары физикалық және моральдық төзімділікті талап ететін мамандық және кездейсоқ адамдар біздің ауруханада кідірмейді.

Егер де біздің медбикелердің алғашқы көмекшілері – кіші медициналық жұмыскерлерді айта кетпесек кешірімсіз болар еді. Біздің ауруханада 30 тазалықшы жұмыс атқарады, олардың әрбіреуі туралы мақтау сөздерімен айтуға болады, олар науқастардың күтім тәртібін қатаң сақтайды, тазалықшылардың еренді еңбегінің арқасында жұқпа бойынша бақылау жұмысының жағынан бір де бір тәртіп бұзушылық анықталған жоқ. Пациенттермен араласқанда олар сыпайылық танытып, кез-келген пациенттің тілегіне үн қатады. Солардың ішінде ерекше атап өтетін адамдар: С.Г.Избицкая, К.А.Абишева, Л.Д.Сагдиева, Л.А.Хамачева.

Біздің аурухананың ұжымы үйлесімді, тату, бәрінің мақсаты бір – науқастың жағдайын тезірек, кәсіби түрде жеңілдету және адамның еңбекке қабілеттілігін және табыс кезінде азғырылмауы және сәтсіздіктерде қынжылмауын жеңілдету үшін еңбектенуде. Үлкен көлемдегі санитарлы-ағартушылық және сауықтандыру жұмыстары үшін біздің ұжым бірнеше рет облыстық және аудандық деңгейде Алғыс хаттармен, Мақтау қағаздарымен марапатталды. Алға қойған барлық мақсаттарға және тапсырмаларға жету үшін біздің ұжым осы алғыр адамдардың басшылығымен қол жеткізді: А.Ш.Сүлейменова, Э.Қ.Мұхамеджанов, О.А.Әлкебаев, Б.Т.Бұлдыбаев, С.М.Хажидинов. 2012 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша біздің аурухана Екібастұз қаласының ең үздік медициналық ұйымы атағы берілді.

Міне сегізінші жыл Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасын А.К.Құсаинова басқарады . Ол біздің аурухана тарихындағы алғашқы басшы-әйел, нәзік жандардың күшті екенін сөзбен емес, ісімен жәлелдеген жан. Ол іскерлікпен жоспарлап, ұжымның жұмысын ұйымдастырады және бақылайды, шынайы зиялы ретінде бауырмалдық танытады. Оның қабылдағын ақылды шешімдері мен адамгершілігіне ұжым алғысын білдіреді. Басқару үрдісіне жеке айтарлықтай үлес қосқаны, алғырлықпен қабылданған еңбек жетістіктері, өз ісіне адалдығы және кәсіби біліктілігі үшін, Алмагүл Қабиденқызы 2015 жылғы ең үздік басшы атағына ие болды.

Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасының барлық медициналық жұмыскерлері «Медициналық жұмыскер» жоғары атағын алуға тұрарлық.

Қорытындылай келе біз барлық ұжымның болашаққа үміттене қарағаны үшін, өз мамандығына деген адалдығына, рухының беріктігіне алғыс айтып және барлығын Медицина қызметкерлі күнімен құттықтап, мықты денсаулық, ашық аспан, махаббат, болашаққа деген ақ үміт және шабыт тілейміз. Бақытты болыңыздар және көк аспанның қорғанында болыңыздар!



Екібастұз туберкулезге қарсы ауруханасының ұжымы
жүктеу 44,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау