62
Сурет 2. Қорғау кілттері арқылы жадыны қорғау әдісі
Жадымен жұмыс жасаған кезде блок номеріне сәйкес келетін жоғарғы разрядты
адрестерден тұратын жедел жаттау құрылғысы жадыны қорғау кілттерінің ішінен
керекті код іздеу үшін,ОЖ орнатқан, адрес ретінде қолданылады.Салыстыру сұлбасы
регистрде орналасқан бағдарламаны сипаттайтын сөз,яғни бағдарлама кілті мен жады
блогын қорғау кілтін салыстырады.Егер кілттер сәйкес келсе ‘жұмыс істеуге
рұқсат’,кері жағдайда ‘жадыны қорғау бойынша тоқтату’ деген сигнал жіберіледі.
Триггер көрсететін жұмыс істеу режимі ТгРО,және жады қорғау кілттерімен жұмыс
жасаған кезде қорғау режимі (РРО) ЖЖҚ-на қандай операция қолданылып жатқанына
байланысты болады (жазу немесе оқу).
Дербес ЭЕМ-гі жадыны қорғау әдістері
Дербес ЭЕМ жадыны қорғау әдістері бойынша екіге бөлінеді:жадыны қолдану
кезінде қорғау және артықшылықтарды қорғау.
Жадыны қолдану кезінде қорғау әдісі келесі тексерістерді іске асырады
эффектілі адрес арқылы сегмент ұзындығын үлкейту,
сегментке жазу немесе тек оқу үшін рұқсат,
сегменттің функционалдық тағайындалыу.
Біріншісі шекаралық регистрлер әдісіне негізделеді.Осы немесебасқа сегменттің
бастапқы адрестерін ОЖ орнатады.Әр сегментке өзінің ұзындығы белгіленеді.Егер
қандай да бір адрес арқылы істелінетін жұмыс сегментұзындығынан артық
болса,жадыны қорғау бұзылды деген сигнал жасалады.
Сегменттің
функционалдық
тағайындалуын тексеру
кезінде ондағы бар
ақпаратпен істелінетін операциялар анықталады.Сегмент,
бағдарламаның
басы
ретінде,ақпаратты оқу және жазу үшін рұқсат ету керек.Бағдарламасы бар сегмент тек
іске келтіреді.Кез келген жазу немесе оқу үшін сегментке жүгіну қате болып
қабылданады. Бұл кезде жаттау құрылғысындағы кез келген ақпарат функционалды
түрде бағдарлама немесе ақпарат болып бөлінбейді деген ЭЕМ құрылысындағы
Нейман принципінен ауытқушылық байқалады.Ал оның идентификациясы ақпаратты
қолдану кезінде іске асады. Мұндай алға басу мультипрограммалау және ақпаратты
қорғау мәселесіне тереңірек үңілуден шықты.
Артықшылықтары бойынша қорғау бір ақпаратты немесе басқа ақпаратты
қолдану аясына байланысты кішкентай қателіктерді табады.