31
ЕСТЕ САҚТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ
Есте сақтау құрылғысының негізгі сипаттамасы, олардың классификациясы,
қазіргі кездегі ЭЕМ-нің есте сақтау құрылғысының иерархиялық құрылымы, әртүрлі
типті басқару құрылғыларының Үлкен Интегралдық Схемаларында (БИС) есте сақтау
құрылғысын құрылу қарастырылады.
ЭЕМ-нің
жады деп ақпаратты сақтауға және беруге арналған құрылғылар
жиынтығын айтады.
Осы жиынтыққа кіретін бөлек құрылғылар қандай да бір типтегі есте сақтау
құрылғылары деп аталады.
Қандай да бір жады құрылғысын құру принципі туралы айтылғанда (мысалы,
жартылайөткізгіштік есте сақтау құрылғысы, қатты магнитті дисктегі есте сақтау
құрылғысы және т.с.с.) әдетте "есте сақтау құрылғысы" термині қолданылады, ал
"жады" термині - жад құрылғысы арқылы орындалатын логикалық функцияға немесе
ЭЕМ құрылғылар құрамындағы орналасуын орынна ерекше көңіл аудару кезінде
(мысалы,
оперативтік жады, сыртқы жады және т.с.с.) қолданылады. Бұл
айырмашылық
маңызды болмаған жағдайда сұрақтардағы айырмашылығы негізгі мағынасы жоқ
терминдерді "жады" және "есте сақтау құрылғысы" терминдерін синоним ретінді
қолданамыз.
Кейбір бағалау бойынша компьютер өнімділігі әртүрлі класстарда 40-50% оның
құрамына кіретін
әртүрлі типті есте сақтау
құрылғысының
сипаттамасымен
анықталады.
Есте сақтау құрылғысын сипаттайтын негізгі параметрлерге көлем және
жылдамдық жатады.
Жады көлемі бұл – онда сақталатын деректердің максимал саны.
Қазірі
кезде көбінесе барлық
есте сақтау құрылғыларында минималды
адрестелетін элемент ретінде 1 байт қолданылады (1байт = 8 екілік разряд (бит)). Сол
себептен жады көлемі әдетте байтпен, килобайтпен (1Кбайт=2
10
байт), мегабайтпен
(1Мбайт = 2
20
байт), гигабайтпен (1Гбайт = 2
30
байт) және т. с. с. анықталады.
Есте сақтау құрылғысына бір айналым жасалу кезінде деректердің
сөз деп
аталатын қандай да бір бірлігін оқу немесе жазу жүргізіледі. Бұл өз кезегінде
жадыны
әртүрлі
ұйымдастыруды анықтайды. Мысалы, 1 мегабайт сыйымдылықты жады 1
байт бойынша 1М сөз ретінде, немесе әрқайсысы 2 байт бойынша 512К сөз ретінде,
немесе 4 байт бойынша 256К сөз т.с.с. ретінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Сонымен қатар әрбір ЭЕМ-де өзінің
машиналық сөзі түсінігі қолданылады. Ол
компьютердің архитектурасын, соның ішінде компьютерді программалау кезінде
анықталатын, және жады сөзінің өлшемінен тәуелсіз берілген ЭЕМ-ді құрау барысында
қолданылады. Мысалы, IBM PC архитектуралы компьютер 2 байт ұзындықты
машиналық сөзге ие.
Жады жылдамдығы айналым операциясының ұзақтығымен анықталады, яғни
жадыдан керекті ақпаратты іздеуге кеткен және оны оқуға кеткен уақыт бойынша
анықталады, немесе жадыда берілген ақпаратты сақтауға орын іздеуге және оны жазуға
кеткен уақытпен анықталады:
T
айналым
= max(t
оқу. айналым
, t
жазу. айналым
)
мұндағы t
оқу. айналым
– ақпаратты оқу кезіндегі ЕҚ-ның жылдамдығы; t
жазу. айналым
–
ақпаратты жазу кезіндегі ЕҚ-ның жылдамдығы.
Есте сақтау құрылғысының классификациясы
Есте сақтау құрылғысын бірнеше параметр бойынша классификациялауға
болады.
5.1
суретте айналым типі және ЕҚ-ның ұяшығына рұқсатты ұйымдастыру
бойынша классификациялау көрсетілген.