Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
«Педагогикалық менеджмент» пәні бойынша
5В010300 – Педагогика және психология мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер
20__ж. «___»____________
|
Қ ұрастырушы: ___________п.ғ.к., доцент Б.Х.Галиева
Психология және педагогика кафедрасы
«Педагогикалық менеджмент» пәні бойынша
5В010300 – Педагогика және психология
мамандығының студенттеріне арналған
әдістемелік ұсыныстар
Кафедраның отырысында ұсынылды
20__ ж. «___»______________, №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі__________ Е.И.Бурдина 20__ж. «____» ________
Гуманитарлы-педагогикалық факультеттің ОӘК мақұлданды
20__ ж. «___»______________, №____ хаттама
ОӘК төрайымы _________ Е.Н.Жуманкулова 20__ж. «____» ________
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ ж. «___»______________ №____ хаттама
Пәннің мақсаты – теориялық және педагогикалық тәжірибе негізінде мектеп менеджерінің қызметінің жүйесі моделін болашақ мамандарға баяндау.
Пәннің міндеті – менеджменттің негізінде мектепті басқарудың принциптерін түсіндіру;
менеджментті жалпы білім беретін орта мектептің тәжірибесіне ендірудің әдістемесінің жүзеге асыруылының жолдарын көрсету.
Пәннің мақсаты мен міндеттері орындалу үшін төмендегідей жұмыс түрлері іске асырылуы тиіс.
Дәріске қалай дайындалу керек?
Дәріс алдында онда баяндалатын материал туралы түсінік алу үшін осы дәрістің жоспарымен немесе тезистерімен танысқан жөн. Бұл теориялық материалды едәуір терең меңгеруге және дәріс барысында неғұрлым жемісті жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, нақты тақырып төңірегінде қолданылатын терминдер мен персоналияларды (анықтамалардағы, сөздіктердегі, антологиялардағы белгілі бір тұлға туралы биографиялық мәліметтерді қамтитын мақалаларды) алдын ала зерделеген және көшіріп жазып алған дұрыс. Ұсынылған әдебиеттер тізімінен қажеттісін дербес іріктеп алып немесе оқытушының ұсынысы мен кеңесіне жүгініп, кітаптың (оқулықтың, оқу құралының, анықтаманың) тақырыпқа сай тарауын алдын ала қарап шыққан да абзал. Студент сабаққа неғұрлым жақсы дайын болса, соғұрлым дәріс қызықты және тиімді өтеді.
Дәрістің сұрақ-жауап түрінде өткені өте ұтымды. Егер сіздер оқитын курстың мазмұнымен алдын ала таныссаңыздар, сабақтың нәтижелі болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, мұндай дайындық пәнді тереңірек түсініп, одан пайда алуға көмектеседі.
Сіздер дәрісті дайындап өткізуге, сабақта қысқаша баяндамалар жасауға, дәріскер ұсынған ақпаратты қосымша қызықты материалмен толықтыруға да белсенді қатыса аласыздар.
Пән тақырыптарының мазмұны
1-тақырып. Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы.
Менеджменттің қалыптасып дамуының тарихы. Менеджмент жайлы ғалымдардың еңбектеріне шолу. Психологиялық-педагогикалық менеджмент жайлы түсінік. Менеджерлік қызметтің мәні мен мазмұны.
2-тақырып. Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері.
Мектеп менеджері іс-әрекетінің жүйелік-функционалдық моделі. Құзырлылық түрлері: ықпалдастық, эмоционалдық, перцептивтік, тұжырымдамалық, жүріс-тұрыстық. Мектеп менеджерінің тәжірибелік іс-әрекетіндегі құзырлылық түрлерінің дербес және біркелкі емес көрінісі. Н.В.Кузьмина ( гностикалық, жобалық, құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік), Ю.А.Конаржевский (педагогикалық талдау, жоспарлау, мектепішілік бақылау, ұйымдастыру, реттеу), В.А.Якунин (идеяларды құрау, болжау хабарламасын жинау, шешім қабылдау, орындалуын тексеру, коммуникация, нәтижені бақылау және бағалау, түзету) бойынша мектеп менеджерінің атқаратын қызметтері. Менеджерліктің тиімділігін анықтауды әр тұрғыдан қарау.
3-тақырып. Менеджменттің негізінде мектепті басқару принциптері.
Менеджмент адамдардың ынтымақтастығы ретінде. Менеджмент ортақ мақсатқа жетудегі адамдардың күш-жігерін дұрыс бағыттау. Менеджмент адамдармен қарым-қатынастың тәсілі. Менеджменттегі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы.
Менеджменттегі ақпараттың берілуі. Менеджменттегі әлеуметтік әділеттілік. Мұғалімге жеке тұрғыдан қарау принципі. Түлғалық ынталандыру принципі. Кәсіптік деңгейді дамыту принципі. Келісім негізінде ұжымдық шешім қабылдау принципі. Мұғалімдердің мектепті басқаруға қатынасу принципі және мақсатты үйлесімділік принципі.
4-тақырып. Педагогикалық тәжірибеде мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау.
Мектепті басқару диагностикасының негізгі ерекшеліктері. Басқаруды талдау. Басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі. Басқарудын гумандылығы. Басқарудың демократиялылығы. Ұжымды үздіксіз қолдап отыру. Диагностикалық әдістер : оқушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бақылау, интервью алу, әңгіме өткізу.
5-тақырып. Басқарудың тәжірибелік негіздері.
Басқару іс-әрекет ретінде. Басқару - бір жүйенің екінші жүйеге әсері. Басқару - субъекттердің өзара әсері. Білім беру мекемелерін басқарудың мәні.
Білім беруді басқару жөніндегі ғылымды дамыту. Басқару деңгейлері. Басқару жұмысы (жоспарлау, ұйымдастыру, себеп-түрткі жүйесі, бақылау, стратегия, стратегиялық басқару, шешім қабылдау, басқару) әдістері. Басқару субъектінің басқару іс-әрекетінің барлық түрлерін жүзеге асыруға даярлығы - талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және т.б.
6-тақырып. Мектептегі білім беру процесін басқарудың технологиясын құрастырудың негіздері.
Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстамдар тұрғысынан білім беру процесін басқарудың логикасы. Басқару тұрғылары: функционалдық, жүйелік, жағдаяттылық, оңтайландыру және зерттеушілік. Білім беру процесіне бағдарлана отырып мектеп басқаруға қараудың түрғылары: адамиорталықтандырылған тұрғыдан қарау (Р.Х.Шакуров, Т.И.Шамова, Н.В.Немова), мотивациялық тұрғыдан қарау (В.С.Лазарев, Л.М.Перминова, И.К.Шалаев). Олардың негізгі ережелері.
7-тақырып. Мектептің тәжірибелік іс-әрекетіне менеджментті ендірудің тиімділігі.
Білім беру менеджментінің педагогика ғылымындағы қазіргі деңгейі. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Білім беруді басқару мекемелерінің менеджерлік қызметі (мектепалды тәрбиеден бастап қарттық шаққа дейінгі білім алудың ерекшеліктері). Менеджерлер іс-әрекеті тиімділігінің критерийлері: тұлғалық, жағдаяттық, ықпалдастық (интегративтік), көпдеңгейлілік, кешенділік.
Семинарға қалай дайындалу керек?
Әрбір семинар сабағына дайындалыңыз.
Жүйелі әрі жоспарлы дайындық емтиханға қажетті мәліметті жинауға мүмкіндік береді.
Семинарға дайындықты сабақтың жоспарымен және қажетті негізгі және қосымша әдебиеттермен танысудан бастаңыз. Дайындалу үшін дәістің конспектісін, оқулықты және арнайы таңдап алған әдебиетті пайдалану керек. Қойылған сұрақтарға қай әдеби көзден жауап табуға болатынын белгілеңіз. Содан соң оны мұқият оқып, қажетті мағлұматты көшіріп жазып алыңыз.
Сұрақтарыңызды дайындап қойыңыз.
Күрделі және қарама-қайшы мәселелерді оқытушыдан сұрап түсінуге болады, сондықтан оларға зер салып, сұрақтарыңызды тұжырымдаңыз.
Курстас, топтас жолдастарыңызбен бірге дайындалғанның пайдасы зор.
Дәріс немесе монографияның тілімен сөйлеуге әуес болмаңыз.
Бастысы: ғылыми-ұғымдық аппаратты біліп, дұрыс қолдану және бейнелі мысалдар келтіре отырып, материалды еркін баяндай алу.
Ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі негізгі әдеби көздерді зерделеумен шектелмеңіз.
Қосымша әдебиеттерді колдана отырып, сіздер ой-өрісіңізді кеңейте аласыздар, зерттеп-зерделеп отырған мәселені жан-жақты және тереңірек түсініп, оған деген әртүрлі көзқарастарен танысасыздар.
Семинар сабақтардың мазмұны
1. Басқару жөніндегі ғылымды дамыту. Мекемені басқару.
Менеджменттің қалыптасып даму тарихы. Менеджмент мәселесі бойынша ғылыми әдебиет көздеріне тарихи шолу. Менеджмент ұғымы. Білім берудегі менеджменттің мәні.
Басқару деңгейлері. Басқару жұмысы. Жоспарлау.
Басқару іс-әрекет ретінде. Басқару бір жүйенің екінші жүйеге ықпал етуі ретінде. Басқару субъектілердің өзара әрекеттесуі іспетті. Білім беру мекемелерін басқарудың мәні. Басқару деңгейлері. Мектепті басқарудағы жоспарлау.
Ұйымдастыру. Мектептегі басқару.
Мектепті басқарудың қызметтері. Мектептің тұрақты қызмет етуін қамтуды басқару, мектеп пен инновациялық үдерістерді дамытуды басқару, мектепішілік басқарудың өздігінен дамуын басқару қызметтері. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі мониторинг. мектептегі білім беру үдерісін басқаруға қоғамдық ұйымдардың қатысуы.
Бақылау. Стратегия. Стратегиялық басқару.
Қазіргі мектепті басқарудағы бақылау. Мектептің даму стратегиясы түсінігі. Ұйымды стратегиялық басқару механизмі. Стратегиялық басқарудың құраушылары.
Ұйымдастыру - басқару жүйесі.
Басқару іс-әрекеті жүйе ретінде (жоспарлау, ұйымдастыру, себеп-түрткілер жүйесі, бақылау, стратегия, стратегиялық басқару, шешім қабылдау, басқару әдістері). Басқару субъектісінің басқару қызметінің барлық түрлерін (талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және т.б.) іске асыруға даярлығы.
Басқару шешімін қабылдау технологиясы.
Шешімді қабылдау үдерісі түсінігі. Мәселелер мен шешімдерді жіктеу. Басқару шешімін қабылдау технологиясы. Басқару шешімін қабылдауға келу тұрғылары. Шешім қабылдау үдерісіндегі басшының рөлі. Шешімді қабылдау технологиясының әмбебаптығы мәселесі.
Басқару әдістері.
Қазіргі мектепті басқару үдерісі. Педагогикалық менеджмент қызметтерінің мәні мен мазмұны. Қазіргі мектепті басқару әдістері. Басқарудың әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтанушылық, педагогикалық әдістері.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалу қажет 1. Өздік жұмыс тиянақтылық пен шығармашылықты талап етеді. 2. Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 3. Өздік жұмыс тек арнайы сабақ кезінде ғана жүргізілмейді, әрбір сабақ студенттің дайын болуын талап етеді, сондықтан оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарында көзделген барлық тақырыптарды студент қосымша өздігінен зерделеу керек.. 4. Өздік жұмыс ұйымдастыру формалары әр түрлі: жеке білім алушымен, топпен жұмыс, барлық білім алушылармен болады. Өздік жұмыстардың негізгі түрлері: оқулықпен жұмыс, жаттығулар, практикалық жұмыстар, тексеру, бақылау жұмыстары, сын жұмыстары, шығармашылық жұмыстар, рефераттар мен баяндамалар жасау, тәжірибе жасау, тест жұмысын орындау болып табылады. Өздік жұмыс студенттердің білім сапасын көтеруге, қызығушылығын арттыруға, жан-жақтылыққа ұмтылуына, ізденіске жол ашады
Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі
Қазіргі жағдайда менеджментті дамытудың қажеттігі. Менеджменттің міндеттері.
Менеджер - білім беру процесін ұйымдастырушы. Маркетинг негіздері.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық, этностық-мәдениеттік әдістері.
Тұлғаға сенім. Қатынасушылар бірлігінің ерекше белгілері.
Менеджердің жаңа педагогикалық ойлауы.
Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы. Қазіргі кездегі мектепті басқарудың әдіснамалық негіздері, заңдылықтары және принциптері.
Мектепішілік менеджменттің әдіснамалық негізі.
Проблемалық-функционалдық басқару. Мектептегі білім беру сапасының мониторингі және оны шешудің жолдары.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Ақылбекова А. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының мазмұны мен негізгі бағыттары. - Алматы, 2006.
Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы. - Алматы, 2005.
Дидактические проблемы в управленческой деятельности директора школы. - М.: Сентябрь, 2005.
Как управлять педагогическим коллективом развивающейся школы: (практическое пособие для директора школы). - М.: Сентябрь, 2004.
Оценка качества образовательной деятельности школ и создание программ их развития. - М.: Сентябрь, 2004.
Қосымша:
Мектеп басшыларына арналған көмекші құрал. – Алматы, 2003.
Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой. - Алматы, 2001.
Баймолдаев Т.М. Менеджмент - басқару тәсілі. - Алматы, 2001.
Зубов Н. Как руководить педагогами: Пособие для руководителей образовательных учреждений. - М.: АРКТИ, 2003.
Лукпанов Г. Внедрение науки как основа развития современной школы. - Алматы, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |