Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың


Зертханалық жұмыс №5 Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау



жүктеу 416 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі416 Kb.
#20824
түріНұсқаулар
1   2   3

Зертханалық жұмыс №5 Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау
Жұмыстың мақсаты - Топырақтың су көтергіштік қабілетін сұрақпен танысу және топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау.

Көрнекті оқу құралдары- гранулометриялық құрамы және структуралылығы әртүрлі 4-5 топырақ үлгілері (саңылауы 1-3мм елеуіштен өткізілсе де болады), биіктігі 50-60см, диаметрі 3см шыны түтіктер, оларды бекітетін штативтер, түтіктер астына қоятын темір қорапша немесе басқа ыдыс, жіп, сүзгі қағаз, дәке, сызғыш, сағат.

Тапсырма – Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Топырақтың су көтергіштігі немесе капиллярлылығы деп оның капилляр (жіңішке қылтүтіктер) арқылы суды төменгі қабаттардан жоғары қабаттарга көтеру қабілетін атайды. Топырақтағы судың капиллярлық қозғалысының әсері үлкен. Осы арқылы су төменгі қабаттардан көтеріліп, өсімдіктер тамырларының сору күшімен сабақтасады. Су физикалық буланып пайдасыз шығындалады және минералданған ыза судан миграцияланып топырақтың беткі қабатында зиянды тұздар жиналады да, сорлану процесі жүреді. Топырақтағы судың капилляр қуыстар арқалы қозғалысы екі көрсеткішпен сипатталады: судың қозғалу жылдамдығы және биікке көтерлуі. Бұл көрсеткіштер капиллярлардың кеңдігіне, осы себепті, топырақтың гранулометриялық құрамына, структурасына байланысты болады. Саз топырақтарда капиллярлар тар (жіңішке) болғандықтан су жәй, бірақ үлкен биіктікке (5м және онан да көп), ал құм топырақтарда капилляр кең болғандықтан су тез және аз биіктікке (0,5-0,7м) көтеріледі. Структуралы топырақтармен салыстырғанда структурасыз топырақтарда су капилляр қуыстар арқылы көп көтеріліп, ауаға пайдасыз буланып кетіп отырады. Тығыздалған, баттасқан топырақтарда бос қопсыған топырақтарға қарағанда судың капиллярлық көтерілуі күшті жүреді. Топырақ капиллярларындағы су орналасу сипатына қарай аспалы және шіреу суларына бөлінеді. Аспалы капилляр су жер бетіне түскен атмосфералық қалдықтардан, суғарудан, кейін пайда болады. Су топырақтың беткі қабатындағы капилляр түтіктерді толтырып, капиллярлық және ылғалдау күштерімен жоғары қарай тартырып, тұрады, масса күшіне бағынбайды, ыза сумен қосылмайды. Топырақ бетінен су капилляр түтіктер арқылы буланғанда капиллярлардағы қалдық су топырақ бетімен ыза су аралығында ілінген сияқты болып қалады.

Капиллярлық шіреу суы төменгі су өткізбейтін немесе жартылай өткізетін қабаттардың үстінде жиналған ыза судың әсерінен болады. Жер бетіне жақын (3-4м) ыза судан капиллярлар арқылы көтерілген су топырақтың беткі қабаттарына дейін жетеді. Сазды жыныстарда шіреу суы 4-5 метрге дейін көтеріледі. Бұл су тараған топырақ қабатын (ыза су бетінен бастап жоғары қарай ылғалданған қабаттарға дейінгі шегін) капиллярлық жиек (кайма) дейді.

Тапсырманы орындау

1) шыны тутіктердің кендеу ұшын сүзгі қағазбен және дәкемен жауып, жіппен байлау. Судың шыны түтіктердегі топырақ бойымен көтерілуін дұрыс бақылау үшін жіп байлауынан жоғары тұрған қағазды, дәкені қайшымен қиып тастау;

2) әртүтікті бір түрлі топырақпен салған сайын жұмсақ затқа ұрып тығыздай отырып толтыру және оларды штативтерге бекіту;

3) темір қорапшаға немесе түтіктердің астына қойылған ыдысқа түтіктердің ұшы бататындай етіп су құю. Тәжірибенің басталу уақытын белгілеу;

4) судың түтіктердегі топырақ бойымен көтерілуін (ыдыс ішіндегі судың бетінен) белгіленген уақыттарда (1.5.6 кестені қара) өлшеп отыру;

5) тәжірибенің нәтижесін 1.5.6 кестеге түсіру


1.5.6 кесте – Топырақтың су көтергіштігі


Топырақтың әртүрлілік тері

Төм-гі минуттарда судың көтерілу биіктігі, см

24 сағ

5

10

15

20

20

30

40

50

60-120

Саз































Сазды































Құмайт































Құм































Таза (жуылған) кұм

































Бақылау сұрақтары

1 Топырақтың су көтергіштігі дегеніміз не?

2 Топырақтағы судың капилляр қуыстар арқалы қозғалысы неше көрсеткішпен сипатталады?

3 Топырақ капиллярларындағы су орналасу сипатына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Әдебиет

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру тсхнологиясы.- Алматы, 2005- 505 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 37 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 77 б.


Зертханалық жұмыс №6 Н. А. Качинский әдісі бойынша топырақтың су өткізгіштік қабілетін анықтау

Жұмыстың мақсаты - Топырақтың су өткізгіштік қабілетін сұрақпен танысу және Н. А. Качинский әдісі бойынша топырақтың су өткізгіштік қабілетін анықтау.

Көрнекті оқу құралдары- саңылауы 2мм елеуіштен өткізілген гранулометриялық құрамы және структурасы әртүрлі 4-5 топырақ үлгілері, биіктігі 25-30см, диаметрі 3-4см шыны түтіктер, стакандар, түтіктерді бекітетін штативтер, дәке, картон, сағат.

Тапсырма – Топырақтың су өткізгіштік қабілетін анықтау

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Топырақтың су өткізгіштігі деп оның суды сіңіріп, жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа өткізу қабілетін атайды. Бұл процесс топырақтың суды сіңіруінен және сумен қанықпаған қабаттарға сүзіп (фильтрациялап) өткізуінен тұрады. Суды өткізу жылдамдығына қарай топырақтар мына топтарға бөленеді:

1) суды өткізгіштігі жақсы топырақтар – алғашқы біріші сағатта суды өткізу қалындығы 15см және онан да көп;

суды өткізгіштігі орташа топырақтар – 15-5см аралығанда;

3) суды өткізгіштігі нашар топырақтар – 5 см-ден кем.

Топырақтың су өткізгіштігі оның гранулометриялық құрамына, структурасына, ылғалдылықтың дәрежесіне, қарашіріктік заттардың мөлшеріне байланысты болады. Құм және құмайт топырақтар сазды және саз топырақтардан гөрі суды өткізгіш келеді. Структуралы топырақтар структурасыз топырақтарға қарағанда суды жақсы өткізеді. Топырақтар ылғалмен қаныққан сайын суды өткізгіштігін бірте-бірте кемітеді.



Тапсырманы орындау

1) 4-5 шыны түтіктер алып, түбін дәкемен, жіппен байлау және түтіктердің әрқайсысына бір түрлі топырақтан биіктігін 20см етіп, 2-3см сайын жұмсақ затқа, дәптерге, кітапқа аздап ұра отырып тығыздап топырақ салу;

2) топырақты судың ойып кетуінен сақтау үшін түтіктер ішіндегі топырақтың бетіне тесіктері бар картон дөңгелектерін салу және түттіктерді штативтерге бекітіп, астына стакандар қою;

3) уақытты белгілеп түтіктер ішіне биіктігі 5см етіп су құю және осы биіктікті сақтап тұру үшін су құюды қайталап отыру;

4) түтіктегі 20см топырақ қабатынан түгелдей (мұнымен қоса алғашқы бірінші сағатта судың әртүрлі топырақтар қабатынан) өту жылдамдығын белгілеу. Бұл сол топырақтың су өткізгіштік көрсеткіші (коэффициенті) болады (жұмыс басындағы су өткізгіштігі жөнінде 3 топ топырақтарды қара);

5) уақыт жетсе сүзілу коэффициентін анықтау. Мұнда түтіктің төменгі ұшынан бірінші тамшының шығуы сүзілудің басталуы деп есептеледі;

6) әрбір 10 минут сайын бір түрлі топырақтаң сүзілген судың (фильтраттың) мөлшерін анықтау. Анықтауды алдыңғы 10 минутте сүзілген судың стакандағы мөлшері соңғы сүзілген судың мөлшерімен бірдей болғанға (тұрақтанғанға) дейін жүргізеді, жұмыс кезінде қолданылған судың температурасын да белгілеп қояды;

Топырақтардың су өткізгіштігі (құм, құмайт, сазды, саз әрқайсысына – кестені жеке толтыру керек)




Уақыт

Топырақтың су өткізгіштік көрсеткіші

Алғашқы 1 сағатта су өткен топырақ қалыңдағы, мм

10 мин сайын сүзуде соңғы сүзілген су мөлшері

Кt (орташа 1 сағатта мм/мин)

түтікке алғашқы су құю

бірінші тамшының шығуы

судың топырақ бойымен жүруі





















7) мына формула арқылы сүзілу коэффициентін есептейді




Кt=

Q  10

S  T


, (22)

мұндағы Кt – жұмыс кезіндегі температурада сүзілу коэффициенті, мм/мин;

Q – белгілі уақыт аралығында (10 мин) өткен судың мөл- шері, см3;

S – түтіктің кесіндісінің ауданы, см2;

T – уақыт, минут;

10 – текше сантиметрді мм су қабатына ауыстыру коэффициенті.

Есептеу 100С температураға мына формула бойынша жүргізіледі


К10=

____Кt___

0.7  0.03 t0



, (23)

мұндағы К10 – 10 0С температурада сүзілу коэффициенті;

Кt – тәжірибе кезіндегі температурада сүзілу коэффициенттер;

0,7 және 0,03 эмпирикалық коэффициенттер;

t0 – су өткізгіштікті анықтауға қолданылған судың температурасы.

Табылған нәтижелерді 17-кесте жазу.

Шыққан қорытындыларды ордината (тік) осіне К10 шамасын, абсцисса осіне Е уақытты салып, график сызу.

Бақылау сұрақтары

1 Топырақтың су өткізгіштігі дегеніміз не?

2 Суды өткізу жылдамдығына қарай қандай топырақтарға бөлінеді?

3 Топырақтың су өткізгіштік қабілетін анықтау?


Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005-47 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002-66 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 207 б



Зертханалық жұмыс №7 Әр түрлі агрофоннан кейін топырақтың арам шөптер тұқымдарымен ластануын анықтау

Жұмыстың мақсаты - Әр түрлі агрофоннан кейін топырақтың арам шөптер тұқымдарымен ластануын анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары: Саңылауы 3мм елеуіштен өткізілген гранулометриялық құрамы әртүрлі 3-4 топырақ үлгілері, ұзындығы 25-30см, диаметрі 3-4см бір ұшы аздап кеңейтілген шыны түтіктер, биіктігі 30-40см ванна, техникалық таразылар (гирлерімен), сүзгі қағаз, дәке, сүлгі, жіп (шпагат), қайшылар, күрек.

Тапсырма – Әр түрлі агрофоннан кейін топырақтың арам шөптер тұқымдарымен ластануын анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Егістегі арам шөптердің түрлерін және жалпы санын білмей тұрып оларды жою үшін агротехникалық және басқа шараларды тиімді түрде асыру мүмкін емес. Сондықтан танаптардағы арам шөптерді есепке алу керек.

Вегетация кезінде арам шөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, сандық, таразылық-өлшемдік әдістері бар.

Солардың ішінде шаруашылық жағдайында жүргізілуі ең оңайы, әрі кең тараған түрі академик А. И. Мальцев ұсынған көзбен мөлшерлеу әдісі. Бұл әдіс бойынша танаптардағы арам шөптер деңгейі 4 балдық жүйемен бағаланады.

Танапты қиқаш бағытта жүріп өткенде арам шөптер бірен-саран болса, онда бұл 1 бал, ал олар танаптағы барлық өсімдіктердіңтөрттен бірінен артық болмаса – 2 балл болып есептеледі. Арам шөптер көп, бірақ мәдени өсімдіктердің санына жақын болғанда 3 бал, егер олар мәдени өсімдіктерден басым болса, онда 4 баллға тең болады.

Осы жүргізілген есептің деректері бойынша танаптың арам шөптермен ластану картасы жасалынады. Осы картаны пайдаланып арам шөптерді жою үшін агротехникалық, химиялық биологиялық, интегриялық шаралар белгіленіп, олар іс жүзіне асырылады.

Ал арам шөптерді есепке алудың таразылық-өлшемдік және басқа тәсілдері ғылыми-зерттеу мекемелерінде кеңінен қолданылады.
Бақылау сұрақтары

1 Жалпы арам шөптер дегеніміз не?

2 Арам шөптер тұқымдарымен ластануын қалай анықтауға болады?

3 Арам шөптерді биологиялық және интегриялық әдістермен қалай жояды?



Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 30 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 57 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 177 б.


Зертханалық жұмыс №8 Ауыспалы егістің нобайларын құрастыру принциптері

Жұмыстың мақсаты - Ауыспалы егістің нобайларын құрастыру принциптері анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары: Карта, ауыспалы егістің жүйесі, шаруашылық кітап.

Тапсырма – Ауыспалы егістің нобайларын анықтау

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Танапқа бір дақылды жыл сайын себе берсе, оның өнімі төмендей беретінін адамдар ерте заманна-ақ білген. Көне заманда өмір сүрген Рим оқымыстыларының бізге жеткен жазба еңбектерінде астық дақылдары мен бұршақ дақылдары жылсайын орыгдарын алмастырып егу керек екенін, ал орындарын ауыспай бір жерге еге берсе бұлардың өнімі кемитіні айтылады. Табиғат жөніндегі ғылым дамыған сайын оқымыстылар бұл процестің себептері жөніндегі өз болжауларын айта бастады. Мысалы швейцар ботанигі Декандоль мынадай пікір айтқан. Өсімдіктер топырақтан сумен қоректік заттар сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар өзіне зиянды заттарды тамыры арқылы өсіп тұрған жерге бөліп шығарады. Келесі жылы сол жерге қайта себілген кезде ол өзі бөліп шығарғанзиянды заттарынан зардап шегеді, оның өнімі төмендейді.

Ауыспалы егістің қажеттілігін, ауыстырмай егілгенде өнім кеуіне мынадай жағдайлардың себеп болатынын ғылымдәлелдеп отыр.

Бірінші себеп, химиялық тұрғыдан - өсмідіктердің қоректенуіне қатысты себептер. Әр түрлі дақылдар өсу барысында топырақтан қоректік заттарды бойына әр түрлі мөлшерде сіңіреді, бидай, арпа сияқты мақсатты дақылдар азот пен фосфорды көбірек, калийді азырақ сіңіреді, ал қант қызылшасы, күнбағыс картоп сияқты дақылдар керсінше азот пен фосфорға қарағанда калийді көбірек сіңіреді.

Екінші физикалық тұрғыдағы себеп – топырақтың физикалқы қасиетіне байланысты себептер. Танапқа мақсатық, әсіресе топырақты жиі өңдеп тұруды қажет ететін қызылша, мақта, картоп сияқты отамалы дақылдарды жылма-жыл еге берсек, топырақтың құрылымдық түйіршіктерінің көбісі трактор дөңгелегінің, жер өңдейтін құралдардың әсерінен жойылып, топырақтың физикалық қасиеті нашарлайды екен.

Биологиялық себептер. Дақылдарды қоршаған әртүрлі тірі организимдерге байланысты себептер. Танапқа бір дақылды еге берген жағдайда бұл дақылдың зиянкестері көбейеді, ауруға шалдығуы жиілейді және арам шөптер де жылдан жылға көбейе түседі.

Арам шөптерде ауыспалы егіссіз жылдам көбейтіп кетеді. Мысалы жаздық дақылдар үнемі қайталап егілген жерде жаздық арам шөптерге жақсы жағдай туып, олардың саны өсе береді. Ал сол жерге күздік бидай, әсіресе күздік қара бидай егілсе, жаздық арам шөптерге күр азаяды, себебі күздік дақылдар сентябрь айында егіледі, олар қысқа дейін тамырланып түптеніп кетеді де, көктемде ерте көктеп жаздық арам шөптерден бұрын жетіліп, оларды өздерінің көлеңкесінде қалдырады. Көлеңкеде қалған арам шөптер жөнді өсіпжетіледі алмай, көбінесе өліп қалады.

Бақылау сұрақтары

1 Көне заманда өмір сүрген Рим оқымыстыларының бізге жеткен жазба еңбектерінде не айтылған?

2 Декандоль мынадай пікірін көрсет?

3 Ауыспалы егістің нобайларын анықтау?




Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ.Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 87 б.

2 Мұқашева Ж.Н. Жалпы жер тану:Оқу құралы.-Алматы:Ғаза• ун-тi, 2002- 55 б.

3 Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақүлов, Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш.Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 66 б.


Зертханалық жұмыс №9 Алғы егістерге қысқаша сипаттама

Жұмыстың мақсаты - Алғы егістерге қысқаша сипаттаманы анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары - Карта, ауыспалы егістің жүйесі, схема, шаруашылық кітап, макет.

Тапсырма – Алғы егістерге қысқаша сипаттаманы анықтау

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Алғы дақыл деп өткен жылы танапта болған ауылшаруашылық дақылын немесе парды айтамыз. Себілген дақыл түріне байланысты, топырақтың құнарлылығы азды-көпті згеріп отырады. Осы себепті дақылдардың өнімінің мөлшері мен сапасына алғы дақыл күшті әсер етеді.

Таза пар. Таза пар дегеніміз арам шөптерді құрту, топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды молайту үшін қалдырылған ешқандай дақыл себілмеген, жаз бойы әртүрлі құралдармен өңделіп тұратын бос танап.

Тза пар қара және ерте пар болып екіге бөлінеді. Праға қалдырған танапты күзден бастап жыртып, өңдей бастасақ, оңдай пар қара пар деп аталады.

Парға қалдырылған жер көктемнен бастап өңделе бастаса, ондай парды ерте пар деп атайды. Оған көбіне жаздық бидай егіледі.

Отамалы дақылдар. Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, мақта және басқалар) егілген танаптарда жаз бойы арам шөптермен күрес жүргізіледі. Оларға көбіне тыңайтқыштар беріледі. Сол себептен отамалы дақылдар астық тәріздес өсімдіктер үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі.

Көп жылдық шөптер. Көп жылдық шөптер топрақтағы органикалық заттарды көбейтеді, топырақтың физикалық қасиетін жақсартады. Көп жылдық шөптер барлық дақылдарға дерлік жақсы, өте жақсы алғы дақыл болып саналады. Жоңышқа топырақты органикалық заттармен, азотпен байытады, арам шөптер мен ауру тудыратын микроптардың санын азайтады.

Дәнді мақсаты дақылдар. Мсасқты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады. Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін, көптеген отамалы дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішіндегі нашары-тары. Тары бастапқы кезде өте жай өседі де, өсіп дамуы жайында арам шөптерден кейін қалып қояды. Тарыдан кейін танаптарда арам шөптер көп болады.

Жаздық дақылдардың онша айтарылқтай алғы дақыл болып есептелмейтін тағы бір себебі бар. Олар топрақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едәуір мөлшерде пайдаланады.
Бақылау сұрақтары

1 Алғы дақыл дегеніміз не?

2 Таза пар нені айтамыз?

3 Алғы егістерге қысқаша сипаттаманы анықтау?


Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005-567 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 102 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 72 б.



Зертханалық жұмыс №10 Орманды-далалық аймақ, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыру

Жұмыстың мақсаты - Орманды-далалық аймақ, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыруын анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары - Карта, ауыспалы егістің жүйесі, шаруашылық кітап.

Тапсырма – Орманды-далалық аймақ, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыруын анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Орман дала аймағы үшін
Егістік дәнді-парлы 6 танапты Егістік дәнді-парлы- отамалы

ауыспалы егіс 6 танапты ауыспалы егіс

1. Таза пар 1. Таза пар

2. Жаздық бидай 2. Бидай

3. Жаздық бидай 3. Бидай

4. Сұлы 4. Сүрлемдік жүгері

5. Жаздық бидай 5. Бидай

6. Арпа 6. Арап

Егістік дәнді-парлы 5 танапты Егістік дәнді-парлы

ауыспалы егіс 4 танапты ауыспалы егіс

1. Таза пар 1. Таза пар

2. Бидай 2. Бидай

3. Бидай 3. Бидай

4. Бидай 4. Арпа

5. Арпа



Бақылау сұрақтары

1 Орманды-далалық аймақ, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыруын анықтау?

2 Орман дала аймағы не жатады?

3 Ал егістік дәнді-парлы неше танаптан тұрады?


Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 377 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 236 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 507 б.


Зертханалық жұмыс №11 Шөлейт аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыру

Жұмыстың мақсаты - Шөлейт аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыруын анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары - Карта, ауыспалы егістің жүйесі, шаруашылық кітап.

Тапсырма – Шөлейт аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыруын анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Шөлейт аймағы үшін
Егістік дәнді-парлы 4 танапты Егістік дәнді-парлы ауыспалы егіс 4 танапты ауыспалы егіс

1. Таза пар 1. Таза пар

2. Бидай 2. Бидай

3. Бидай 3. Бидай

4. Арпа 4. Сұлы

Арнаулы топырақ қорғайтын 10 жылда ротациядан

өтетін 5 танапты ауыспалы егіс
1 танап 3 жастағы көп жылдық шөп + пар

2 танап 4 жастағы көп жылдық шөп + жаздық бидай

3 танап 5 жастағы көп жылдық шөп + жаздық бидай

4 танап жаздық бидай + 1 жастағы көп жылдық шөп

5 танап жаздық бидай + 2 жастағы көп жылдық шөп.

Бұл ауыспалы егіс топырағы жеңіл, құмдауыт болып келген жерленген қолданылады. Бидай, көп жылдық шөп, пар бұл ауыспалы егісте 50 не 100метр болатын жолақтарда орналасады.

Қазақстанның орталығында және батысында орналасқан облыстарда қолдануға болатны ауыспалы егістер.
Егістікті дәнді-парлы Егістікті дәнді-парлы

4 танапты 5танапты

1. Таза пар 1.Таза пар

2. Жаздық бидай 2. Жаздық бидай

3. Жаздық бидай 3. Жаздық бидай

4. Жаздық бидай 4. Арпа

5. Жаздық бидай



Егістікті дәнді-парлы Егістікті дәнді-парлы

3 танапты 4 танапты

1. Таза пар 1.Таза пар

2. Жаздық бидай 2. Күздік бидай, не қара бидай

3. Арпа 3. Тары

4. Арпа

Кейбір тары өсіруге маманданған шаруашылықтар үшін
Егістікті дәнді-парлы 3 танапты

1. Таза пар

2. Тары

3. Арпа


Қазақстанының шығысында орналасқан шаруашылықтар қолдануға болатын ауыспалы егістер.
Егістікті дәнді-нарлы Егістікті дәнді-парлы отамалы

6 танапты 9 танапты

1. Екпе пар (бұршақ) 1. Екпе пар (бұршақ)

2. Жаздық бидай 2. Күздік бидай

3. Жаздық бидай 3. Жаздық бидай

4. Жүгері 4. Отамалы дақыл

5. Жаздық бидай 5. Жаздық бидай

6. Арпа 6. Арпа (сұлы)

7. Күнбағыс

8. Жаздық бидай

9. Арпа



Егістікті дәнді-парлы 5 танапты

1. Таза пар (екпе пар)

2. Күздік бидай

3. Күздік бидай

4. Арпа

5. Көп жылдық шөп (шықпа танап)


Егістікті дәнді-парлы отамалы 5 танапты

1. Таза пар (екпе пар)

2. Күздік бидай

3. Арпа


4. Отамалы дақыл

5. Күздік бидай



Құрғақ (ылғалы жеткіліксіз тәлімі) жерлерде

қолданылатын ауыспалы егістер.
Егістікті дәнді-парлы Егістікті дәнді-парлы

5 танапты 4 танапты

1. Таза пар (екпе пар) 1. Таза пар (екпе пар)

2. Күздік бидай 2. Күздік бидай

3. Күздік бидай 3. Күздік бидай

4. Арпа 4. Арпа

5. Көп жылдық шөп (шықпа танап)


Егістікті дәнді-парлы 3 танапты

1. Таза пар (екпе пар)

2. Күздік бидай

3. Күздік бидай



Бақылау сұрақтары

1 Шөлейт аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыруын анықтау?

2 Шөлейт аймағы не жатады?

3 Құрғақ (ылғалы жеткіліксіз тәлімі) жерлерде

қолданылатын ауыспалы егістеріне не қолдануға болады?

Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005-307 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 63 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 405 б.


Зертханалық жұмыс №12 Суармалы егіншілік аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын құрастыру

Жұмыстың мақсаты - Суармалы егіншілік аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары - Карта, ауыспалы егістің жүйесі, шаруашылық кітап.

Тапсырма – Суармалы егіншілік аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Суармалы жерлерде қызылша,мақта, күріш, астық және темекі ауыспалы егістері қолданылады.

Бұл ауыспалы егістердің ерекшелігі – барлығында дерлік міндетті түрде жоңышқа егіліп, үш жылдай ұсталады. Жоңышқа арқылы танаптардың құпарлылығы көтеріледі, арам шөптер құртылады. Келесі егілетін дақылдардың ауру-сырқаумен күресі жеңілдейді. Жоңышқа 2-3 жыл бойы өте сіңімді, протеин мол, барлық мал сүйсіне жейтін пішен береді.

Қызылша ауыспалы егістері. Танаптарда қызылшаны ауруға шалдықтыратын індеттер, зиянкестер аз болса, 7,8 пе 9 танапты ауыспалы егістер қолданылады.



Егістікті дәнді-шөпті отамалы Егістікті дәнді-парлы

7 танапты 4 танапты

1. Арпа+жоңышқа 1. Арпа+жоңышқа

2. Жоңышқа 2 жаста 2. Жоңышқа 2 жаст

3. Жоңышқа 3 жаста 3. Жоңышқа 3 жаста

4. Қант қызылшасы 4. Күздік бидай

5. Қант қызылшасы 5. Қант қызылшасы

6. Күздік бидай 6. Қант қызылшасы

7. Қант қызылшасы 7. Жүгері

8. Қант қызылша
Егерде танаптарға қызылша көбірек егіліп, дақылдың ауруға шалдығуы жиіліп кетсе, онда бұл араға арнайы топырақ сауықтырушы ауыспалы егістер қолданылады. (Бұл ауыспалы егістерді қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институтының ғалымдары ұсынған).
Егістікті дәнді-отамалы 3 танапты

1. Сұлы+жер тегістеу 40 тонна га көң

2. Қант қызылшасы+күздік қара бидай

3. Күздік қара бидай+сүрлемдік жүгері


Егістікті дәнді-отамалы 4 танапты

1. Қара бидай+сүрлемдік жүгері

2. Сұлы+жер тегістеу 40 тонна га көң

3. Қант қызылшасы+күздік бидай

4. Күздік бидай+бұршақ (сұлы қосындысы сидереатқа жыртылады)+қара бидай.
Күріш ауыспалы егістері. Бұл ауыспалы егістің ерекшелігі мұның құрамында күріш, көпжылдық шөп, сидератқа арналған дақылдар болуы керек.
Арнаулы, дәнді-шөпті 7 танапты

1. Жоңышқа 1 жаста

2. Жоңышқа 2 жаста

3. Күріш

4. Күріш

5. Сидераттық дақыл

6. Күріш

7. Күріш


Темекі ауыспалы егістері 6,7 не 8 танапты болуы мүмкін. Бұл ауыспалы егістегі темекінің үлесі 28=33%, жоңышқаныкі - 25=33% мақсаты дақылдардың үлесі - 18=28% жүгерінің үлесі - 14% болады.
Арнаулы, дәнді-шөпті 8 танапты

1. Арпа+жоңышқа

2. Жоңышқа

3. Жоңышқа

4. Күздік бидай

5. Темекі

6. Темекі

7. Күздік бидай

8. Темекі не жүгері

Астық ауыспалы егістері. Суармалы жерде астықтың өнімі тәлімі жермен салыстырғанда бірнеше есе көп болады. Сондықтан кейбір жағдайда тек қана астық алу үшін ғана ауыспалы егіс қолданылады. Бұл жағдайда көбіне суармалы жерлерде көп өнім беретін күздік бидай мен жүгері егіледі. Мұндай жағдайда жоңышқа топырақтың құнарлылығын көтеріп қана қоймайды, астықтың сапасын, өнімін жақсартады.



Бақылау сұрақтары

1 Ауыспалы егістер дегеніміз не, олар қалай жіктеледі?

2 Не себепті дақылдар орындарын ауыстырып тұруы керек?

3 Алғы дақылдары дегеніміз не, олардың топырақ құнарлылығына әсері қандай?


Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 37 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 27 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005-227 б.



Зертханалық жұмыс №13 Орманды-далалық аймақтағы ауыспалы егістерге топырақ өңдеу жүйесін жасау

Жұмыстың мақсаты - Орманды-далалық аймақтағы ауыспалы егістерге топырақ өңдеу жүйесін жасауын анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары - Карта, ауыспалы егістің жүйесі, шаруашылық кітап.

Тапсырма – Орманды-далалық аймақтағы ауыспалы егістерге топырақ өңдеу жүйесін жасауын анықтау анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Топырақты, ылғалды сақтау арналған орман алқаптары жаз бойы танаптарды ыстық аңызақтан, құрғақшылықтан, шаңды дауылдан қорғап тұрады. Бұл орман жолақтары желдің өктеп соғатын бағытына көлденең егіліп, желдің екпінін баяулатады, қыста танаптардан қарды ұшырып, алып кетпеуін қамтамасыз етеді.

Ғалымдардың есебіне қарағанда орман орман алқабын отырғызуға кеткен қаржы 7 жылдың ішінде ақталады екен, содан кейін топырақ, ылғал қорғайтын орманның әр гектары шаруашылыққа жылына 450 сом табыс келтіріп тұрады.

Орман жолақтарын тіккендегі мақсат, оны жел өтпейтіндей етіп сығылтып тастауда емес, керсінше бұл жолақтар селдірлеу болып, азды-көпті желді өткізіп тұруы керек.


Орман дала аймағы үшін
Егістік дәнді-парлы 6 танапты Егістік дәнді-парлы- отамалы

ауыспалы егіс 6 танапты ауыспалы егіс

1. Таза пар 1. Таза пар

2. Жаздық бидай 2. Бидай

3. Жаздық бидай 3. Бидай

4. Сұлы 4. Сүрлемдік жүгері

5. Жаздық бидай 5. Бидай

6. Арпа 6. Арап
Егістік дәнді-парлы 5 танапты Егістік дәнді-парлы

ауыспалы егіс 4 танапты ауыспалы егіс

1. Таза пар 1. Таза пар

2. Бидай 2. Бидай

3. Бидай 3. Бидай

4. Бидай 4. Арпа

5. Арпа



Бақылау сұрақтары

1 Орманды-далалық аймақтағы ауыспалы егістерге топырақ өңдеу жүйесін жасауын анықтауға болады?

2 Орман дала аймағы егістік дәнді-парлында қанша танаптар жатады?

3 Егістік дәнді-парлы 6 танаптыны атап көрсет?



Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 227 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 317 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 401 б.


Зертханалық жұмыс №14 Суармалы егіншілік аймағындағы ауыспалы егістерге топырақ өңдеу жүйесін жасау

Жұмыстың мақсаты - Суармалы егіншілік аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын анықтау және үйрену.

Көрнекті оқу құралдары - Карта, ауыспалы егістің жүйесі, шаруашылық кітап.

Тапсырма – Суармалы егіншілік аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Табиғи не қолдан жасалған көлдердің, тоспалардың айналасына да орман алқаптарын отырғызу керек екені айтылған болатын. Ондай орман алқабынсыз жел ұшырған құм мен топырақ көлдерді көміп тастайды да, ол су қоймалары тайыздалып, көл жағаларын шайылып, құлаудан қорғайды.

Су қоймаларын қорғау үшін терек, тал, мен, қайың, қарағаш, акация ағаштары отырғызылады, бұл ағаштар түр-түрімен қатарлап тігіледі. Егер су қоймасы мал суаты ретінде пайдаланатын болса, онда алқаптың әр тұсынан мал кіріп шығатындай етіп 15-20м ашық жер қалдырылады.

Суармалы жерлерде қызылша,мақта, күріш, астық және темекі ауыспалы егістері қолданылады.

Суармалы жерде астықтың өнімі тәлімі жермен салыстырғанда бірнеше есе көп болады. Сондықтан кейбір жағдайда тек қана астық алу үшін ғана ауыспалы егіс қолданылады. Бұл жағдайда көбіне суармалы жерлерде көп өнім беретін күздік бидай мен жүгері егіледі. Мұндай жағдайда жоңышқа топырақтың құнарлылығын көтеріп қана қоймайды, астықтың сапасын, өнімін жақсартады.
Арнаулы, дәнді-шөпті 7 танапты

1. Жоңышқа 1 жаста

2. Жоңышқа 2 жаста

3. Күріш

4. Күріш

5. Сидераттық дақыл

6. Күріш

7. Күріш


Егерде танаптарға қызылша көбірек егіліп, дақылдың ауруға шалдығуы жиіліп кетсе, онда бұл араға арнайы топырақ сауықтырушы ауыспалы егістер қолданылады. (Бұл ауыспалы егістерді қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институтының ғалымдары ұсынған).
Егістікті дәнді-отамалы 3 танапты

1. Сұлы+жер тегістеу 40 тонна га көң

2. Қант қызылшасы+күздік қара бидай

3. Күздік қара бидай+сүрлемдік жүгері


Егістікті дәнді-отамалы 4 танапты

1. Қара бидай+сүрлемдік жүгері

2. Сұлы+жер тегістеу 40 тонна га көң

3. Қант қызылшасы+күздік бидай

4. Күздік бидай+бұршақ (сұлы қосындысы сидереатқа жыртылады)+қара бидай.
Бақылау сұрақтары

1 Суармалы егіншілік аймағы, қысқаша сипаттамасы, оған ауыспалы егістер нобайларын анықтауға болады?

2 Суармалы жерлерде қандай егістерді қолдануға болады?

3 Су қоймаларын қорғау үшін не отырғызылады?


Әдебиеттер

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 27 б.



2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 30 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 55 б.
жүктеу 416 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау